Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру


Тлеубергенова Светлана Сайлауовна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қарағанды қаласы №101 мектеп-лицейі

Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.
Питер Клайн.

Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай,олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын,сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін,жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп,қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр. Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыспен айналысуы уақытымыздың өзекті мәселесі.

Елбасының  жолдауындағы алтыншы міндеті де  осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік  алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.

Орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға   деп   өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз. Ғылымның  жедел түрде дамуы,  техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты терең ойлау қабілеттіліктерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. Білім берудің басты мақсатының бірі –  құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі – мәдениетттанымдық құзырет . Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өз халқының  мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.

Қазіргі заманғы дәуір оқушыдан тек оқу үдерісі барысында жекелеген пәндер бойынша алынған білімді ғана емес, бәрінен бұрын шығармашылық зерттеу қызметі барысында алынған тұтас білім мен шынайы өмір тәжірибесі  негізінде тұжырымдалған тұтастай дүниені сезіну мен дүниетанымды көптеп талап етеді.

Б.С.Гершунский қазіргі заманғы білім берудің дағдысының мәнін талдай келе, білім беру саласының тиімді жұмыс істеуі  жалпы түрде екі біріккен міндетті шешумен байланысты:

– осы саламен қамтылған әрбір тұлғаны, оның жеке дүниеге көзқарасы мен ментальдығын қалыптастыру, осы құндылықтарды білім беру (педагогикалық) мақсатын қою, мазмұны мен білім беру (оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту) үдерісі жүйесіне тікелей немесе жанамалып қосу жолымен оны қоршаған социум мен адамзат өркениетінің мәдени құндылықтарына тарту.

«Зерттеу» түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында» «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі», – деп түсіндіріледі.

Ғылыми зерттеу- ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көздеген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ізденіп ашады.

Эмпиристикалық зерттеу тікелей нысанға бағытталған және бақылаулар мен тәжірибе мәліметтеріне сүйенеді. Теориялық зерттеу ғылымның ұғымдық аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты. Оның маңызды байланыстары мен заңдылықтарындағы шынайы нақтылықты жан – жақты тануға бағытталған. Зерттеудің бұл екі түрі де тығыз өзара байланыста және ғылыми танымның тұтас құрылымында бірін – бірі шамалайды. Эмпиристикалық зерттеу, бақылаулар мен тәжірибенің жаңа мәліметтерін анықтай отырып, теориялық дамуды ынталандырады, олардың алдына жаңа міндеттер қояды. Теориялық зерттеулер, ғылымының теориялық мазмұнын дамыта және нақтылай отырып фактілерді түсіндіру мен алдын болжаудың жаңа перспективларын ашады, эмпиристикалыққа бағдар береді және бағыттайды.

Ғылым дамуының эмпиристикалық сатысында (мысалы, тәжірибелік жаратылыстану ХVІІ, XVІІІ, ішінара ХІХ ғ.) ғылыми білімді қалыптастыру мен дамытудың негізгі құралы эмпиристикалық зерттеу және оның нәтижелерін логикалық өңдеп қорытындылау. Алайда осы сатының өзінде танымның эмпиристикалық материалдарын ретке келтіру мен жіктеу  негізі, ғылыми абстракциялардың жетілдірілуі мен дамуы жүзеге асырылады. Ғылымның ұғымдық аппаратын одан әрі қарай дамыту мазмұны эмпиристикалық мәліметтерді жалпы қорытындылау мен салыстыру шеңберінен шығатын логикалық формалардың (мысалы, типология, алғашқы түсіндірме сызбалар, үлгілер және т.б.) пайда болуына әкеледі.

Зерттеудің жобалау мен ұйымдастырудан айырмасы, нысанға қатынасы бойынша өте, «сыпайы» қызмет түрі екенін ескереміз, оның басты мақсаты –

«бар нәрсені» ақиқатты анықтау, мүмкіндігінше оның ішкі өміріне араласпай нысанды бақылау.

Әрекет түрі ретінде зерттеу көзі – адам табиғатына тән танымға ұмтылыс. «Ғылым қоршаған дүниені зерттеу сезімінен  туады». (Голицын Г.С.). А. Энгельгард «үздіксіз ізденіс инстинкты, белгісізді кішірейту инстинкты әрбір адамның санасына салынған» деп атап көрсетті. Зерттеу әрекет түрі ретінде, жануарларда рефлекстенбеген түрінде де пайда болады. Сонымен, П.Тейлер де Шарден көптеген жануарлар «қоршаған ортаға деген қызығушылықты, оны ләззат ала зерттеумен» білдіреді деп көрсетеді.

Сыртқы әсермен болмаған, саналы емес зерттеу адамға тән, ол ақиқатты игерудің қуатты құралы бола отырып, оның қабілеті мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан онымен әрқашан қатар жүреді.  Бірақ спародикалық, түйсіктелмеген болып қалады. Тек ғылымның пайда болуымен және ғылым арқылы зерттеу мәдениеттің құбылысы болады, өз тарихын, әдістемесін институтын алады. Ғылымның пайда болуымен, қызметінің негізгі түрі зерттеу болып табылатын адамдардың жеке әлеуметтік тобы – ғалымдар бөлініп шығады.

·        Зерттеудің жетекші құндылығы – ақиқатқа жылжу  үдерісінің құндылығы болып табылады.  Сондықтан , зерттеу – әлемнің мейлінше шынайы бейнесін құруға ұмтылатын ғалымды дамытудың басты құралы. Орыс және әлемдік ғылымның классигі В.И.Вернадский: «Ғылым әдебиет пен өнерге қарағанда үлкен, бірегей, ешнәрсемен салыстыруға болмайтын адамзаттың күрделі әлеуметтік туындысы, ол бүкіләлемдік сипат алып тұр . Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің формаларымен әлсіз байланыста. Бұл әлеуметтік жалпы адами білім, өйткені оның негізінде барлығы үшін тең міндетті ғылыми фактілер мен жалпы қорытындысы жатыр».

·        Алынған білім есебінен осындай себептер келтірілген және онда өмірлік өзін – өзі іске асырудағы жоғары басымдылықтарын көрсетіп жеке шығармашылық, белсенді түрлендіргіш, жасампаз қызметі есебінен адами қауымдастықтың «ментальды кеңістігін», «рухани өрісін» қалыптастырып, үздіксіз байытқан.

ХХI ғасырдың басында-ақ зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдылары тек ғалымдарға емес, ол барша адамға сөзсiз қажеттiгi айқындалды. Оқытуды зерттеушiлiк бағытта ұйымдастыру, оның теориялық идеясы мен практикасын бiрiктiру бүгiнгi психологтар мен педагогтардың мiндеттерiне жүктелгендiгiн байқауға болады. Психология және педагогика ғылымдары адам өмiрiндегi зерттеу тәртiбiнiң ролiн,  жалпы бiлiм беру үдерiсiндегi зерттеулiк әдiспен оқытудың бағытын қайта қарастырып, бағалауда.

Қазiргi бiлiм беру практикасында баланы зерттеу жолымен оқыту –  қоршаған әлемдi тануға мүмкiндiк беретiн ең тиiмдi әдiстердiң бiрi .

Балалық зерттеулер, iзденiс қажеттiлiгi оның биологиясына тән қасиет екендiгi ешкiмге таңсық емес. Зерттеу балаға тән, қалыпты жағдай. Қайсыда бiр денi сау бала зерттеушi болып туылады. Көз алдыңызға жаңадан ойыншық алған сәбидi елестетiңiзшi! Бала бұл ойыншықты жан-жақты қарайды, уқалайды, умаждайды, жапырады,  тiстейдi, сәл ересектеуi – бөлшектерге бөлiп тастайды. Кез келген кезде, белгiсiз обьектiнi немесе құбылысты байқаған бала, ересектерге “Бұл не?”,”Нелiктен?”, “Неге?”  секiлдi сұрақтарын жаудыртады.    Өкiнiшке орай,  көптеген жағдайда жауап беруге өресi жетпеген ересектер, тынышсыз “ негештермен” жұмыс жасауға зерiгедi. Баланың қажымай-талмай жаңа әсерлерге ұмтылуы, әуестiлiгi, белгелi бiр затты тәжiрибелеуге, бақылауға ынталылығы, өмiрден өздiгiнен жаңа мәлiметтер iздеуi – мұның барлығы баланың беталысының маңызды ерекшелiктерi десек қате болмас..Бiлмегендi бiлуге деген құштарлық, үнемi зерттеу белсендiлiгi бала бойына туа бiткен қасиет. Баланың нақ осындай танымдық ынтасынан зерттеулiк бағыты қалыптасады және зерттеп оқу қажеттiлiгi туындайды. Баланың бiлуге құштарлығын қолдау және дамыту бiлiм берудегi маңызды мәселелелердiң бiрi, ал оның шешу жолдары – оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Зерттеулiк оқыту әдiстемесi оқушының танымдық әрекеттегi субьектiлiқ позициясын ұстануына мүмкiндiк бередi. Бұл есiн, түйсiгiн iске қосу емес, ойлану механизмiн қалыптастыру. Яғни саналы ойлау арқылы танымдық-психикалық процесiн дамытады. Зерттеулiк оқыту оқушының эмпирикалық және теориялық танымының бiрiктiрiлуiмен меңгерiледi. Кез- келген зерттеуде проблеманы анықтау, конструктивтi сұрақтар қою, бақылау жүргiзу, мәтiндермен жұмыс жасау арқылы ақпараттар жинақтау,  оны саралау, талдау және тұжырым жасау әрекеттерi кiрiктiрiледi. Бұл зерттеулiк оқытудың жан-жақтылығын, әмбебап болмысын дәлелдейдi. Сол себептен зерттеу бiлiктерi мен дағдыларын меңгерген қазiргi мектеп түлегiнiң, келешекте

әр түрлi әлеуметтiк – саяси жағдаяттарда икемдiлiкпен бейiмделетiндiгiне, өз көзқарасын өңдей алатындығына көз жеткiзуге болады.

Зерттеулiк оқыту барысында оқушылар теориялардың пайда болуы жөнiнде көптеген мәлiметтер жинақтайды. Н.И.Павлов “Үй кiрпiштен құралатын болса, ғылым деректерден құралады”, демекшi әр кiрпiштен немесе тастан құралған үйiндi үй деп саналмайды, дәл солай кез келген деректердiң жиынтығы  да  ғылыми бiлiм бола алмайды .    Сондықтан “ғылым” деген сөздiң мағынасы ежелден “ұйымдастырылған бiлiм ” деп түсiндiрiлген. Жас жеткiншек байқау жүргiзу немесе тәжiрибелеу нәтижесiнде алынған деректерi,  болжамдары, топтастыру схемалары, тiптi айқындалған заңдары – ғылым материалдары екендiгiн жете түсiну керек. Бұларды ғылым ретiнде ұйымдастыратын-теория. Ендеше мектеп қабырғасында зерттеумен айналысқан бала жаңа ақпараттар жинақтау арқылы ғылымға алғашқы қадамын жасайды.

Бүгінгі күні мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қол жетiмдi түрi – оқушылардың ғылыми қоғамы болып отыр. Оқушылардың ғылыми қоғамы (ОҒҚ) жас ерекшелiктерi әр түрлi, жоғары интеллектуалды, шығармашыл  оқушылардан құралады. ОҒҚ-ның  атқаратын негiзгi қызметi –  оқушылардың ғылыми iзденушiлiкке қызығушылығын кеңейтуге, зерттеулiк оқыту бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыруға, әдебиеттермен жұмыс жасауды үйретуге және т.б. бағытталады. ОҒҚ-на  мұғалiм жетекшiлiк етеді. Жетекшi мұғалiм оқыту сабақтарын ұйымдастырады, оқушылардың қызығушылығын ескере отырып ұжымдық жобалардың тақырыптарын жоспарлайды, қорытындылау жиналыстарын дайындайды,  жас зерттеушiлердiң жұмыстарына мониторинг жүргiзедi. Осындаай іс-әркеттердің нәтижесінде дарынды балаларды анықтауға және    ғылымға жетелеу арқылы  шығармашылық қабiлеттерiн  дамытуға мүмкіндік туылады.  Дегенмен, мұндай әрекеттер мектеп оқушыларының 10 % ғана құрайды, ал қалғаны  ізденістен тыс, пассивті оқу жағдайында білім алады.

Баланың ойлау тәсiлдерiн үйрету және зерттеушiлiк мәдениетiн қалыптастыру үшін  зерттеулiк оқытуды бастауыш мектептен бастау керек.  Себебi, бастауыш мектеп баланың санасы  қарқынды дамитын маңызды, қайталанбас кезең. Бастауыш мектепте бала белгiлi бiр бiлiм алып қана қоймай, ол жалпы даму,  сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнiнде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективтi түрде бақылау, ойын дұрыс жеткiзу, салыстыра бiлу, сөйлеу мәдениетiне үйренедi. Зерттеушілік оқытуда  дәстүрлi сабақтан дербес арнайы  тренингтер, ойындар  ұйымдастырылады. Бұл оқушыларға  зерттеу біліктері мен дағдыларын меңгертудің тиімді жолы болып табылады.

Әдебиеттік оқу сабақтары материалдары негізінде оқушыларға ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптарын ұсынбас бұрын мұғалім мынадай қарапайым бағдарламалық тақырыптарды жүйелі жүргізіп отыруы тиіс.

·        Мәтін жөнінде түсінік, түрлері. Көркем, ғылыми, ресми мәтіндерінің ерекшеліктерін аңғарту. Сипаттау талқылау пайымдау мәтіндерінің құрылымын ұқтыру.

·        Сыныптан тыс оқуды жүзеге асыру. Берлігі бір шығарманы оқушының өз бетімен тауып оқуына мәжбүр болатындай жағдай жасау.

·        Ғылыми танымдық шығармалардың (мақала, естелік) жазылу ерекшелігін аңғарту.

·        Іс қағаздары үлгілерін (хат, күнделік, мақала) жазуды үйрету.

 

Білім – ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы – мектеп, «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр.Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын – ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту.

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық құрметті әріптестер!

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Тұрғанбаева.Б.А., Шабденов.Б.Ш.  Шығармашылық баспалдақтары.  Алматы,2013

2.     Өтеғұлова.Г.Қ. Инновациялық технологиялардың тиімділігі Бастауыш сынып әдістемесі 2011ж.  №5  35-36 бет

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *