Шығарма: “Қиын күндер”


Жолдыбекова Айнұр Ермекбаевна
Қазақ тілі пәні мұғалімі, дефектолог
8 “А” сынып оқушысы Камалова Қарлығаш
Қарағанды облысы білім басқармасының «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №3 арнайы мектеп-интернаты» КММ

Қиын күндер.

Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына биыл 72 жыл толды. Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, соғыстың салған жарасы ел есінде әлі де сақтаулы.

Кең байтақ жерімізді қорғауда жандарын аямай, соңғы демдері таусылғанша күрескен аталарымыздың ерлігі мәңгі өшпейді.

Туған жерімде осындай ерлік көрсеткен батырларымыздың бірі атамның әкесі екен. Атамның мейрам күні толғана айтқан оқиғасы қатты әсер қалдырды:

– 1941 жылдың 16 қарашасында немістердің танк дивизиясы Дубосекова арқылы Москваға өтпек болғанда біздің 1075-ші атқыштар полкымен араларында аса ауыр шайқас орын алған. Төрт сағатқа созылған ұрыс кезінде немістер он алты танкісімен 800 солдатынан айырылса да, Дубосекованы қолдарына түсірген. Ал біздің әскер мыңға тарта сарбазын жоғалтып, жүздеген жаралысын арқалап, шегініс жасауға мәжбүр болған еді.

Бірақ та осы төрт сағат, қосымша күштердің келіп жетуіне жеткілікті болып, ертеңіне-ақ  дұшпан әскерлерін алған шептерінен 200 км-ге дейін қуып шығудың сәті түскен екен. Сол күнгі шайқастың басты ауыртпалығы 2-ші батальонның 4-ші ротасына түсіп, оның құрамындағы 140 адамның 30-ы ғана аман қалған еді.

Осы жетістіктерін ерлікке балаған СССР Қорғаныс Министрлігі тірі қалған жауынгерлердің бәрін алғыспен қоса, “Қызыл жұлдыз” орденіне ұсынған екен.

Бұл туралы “Красная звезда” газетінің 28 қараша күнгі санында Кривицкийдің “28 батырдың аманаты” деген очеркі жарияланыпты.

Мен әкелеріміздің Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігіне осылай тағзым еттім. Кеудемді мақтаныш кернеді. Тәуелсіз елімізде тыныштық болып, көк туымыз аспанымызда желбірей берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *