«Жас дарындар» байқауының сценарийі
Құрманғожина Жұмажан Валиханқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Зеренді ауданының әкімдігінің «Айдарлы негізгі мектебі» КММ
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне баға беру, әр оқушының дарындылығын байқау. Мәнерлеп оқуға баулу, эстетикалық талғамдарын нығайту, көркем әдебиетті сүюге, қоршаған ортаны, табиғатты аялауға үйрету. Ұқыпты болуға, өздерін мәдениетті ұстауға баулу.
Жүргізуші: Өнердің түрі көп. Соның ішіндегі ең құдіреттісі ол – сөз өнері.
Балалар, бұл жол басы даналыққа, Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па? Сәт сапар! Ойынға қатысушы сайыскерлер!
Жүргізуші:
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» – деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымыздың басты екі бөлімнен тұрады, таныстырып өтейік.
Бірінші бөлім: «Білімдіден шыққан сөз» мәнерлеп оқу сайысы.
Екінші бөлім: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» жас дарындар сайысы.Өздерінің шығармашылығымен таныстырады.
1- жүргізуші Енді осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, інкәр сезімдерінен өлең өрнектеген жас ақындарымыздардың дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Мектеп директоры Балтабаев Самарбек Қабдрашұлы.
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Балтабаева Айнагүл Кабеновна 3. Психолог: Тулебаева Бибігүл Бүркітқызы
Жүргізуші Әділқазылардың міндеттері:
– қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және бес ұпайлық жүйемен
бағалайды;
– жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орынға бөледі;
– қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және
қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
Жүргізуші: Жарыстар өтсін алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімі мықты әрбір жан – дей келе сахна төріне бүгінгі «Жас дарындар» байқауының қатысушыларын қошемет пен қарсы алайық.(ортаға қатысушылар шығады)
Жүргізуші: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-дей келе бірінші кезең «Білімдіден шыққан сөз» атты сайысымызды бастаймыз.
Ортаға:
1. 5 – сынып оқушысы Қабдраш Аяулым 2. 6 – сынып оқушысы Көшенов Олжас 3. 5 – сынып оқушысы Уахит Мүмтахина 4. 6-сынып оқушысы Нүриден Мадияр
5. 5 – сынып оқушысы Ескожина Зарина 6. 6-сынып оқушысы Болат Алтынбек 7. 5 – сынып оқушысы Абирова Жасмин 8. 5-сынып оқушысы Бекенова Малика
Жүгзізуші: Осымен бірінші кезең «Білімдіден шыққан сөз» атты бөліміміз өз мәресіне жетті. Сіздердің алдарыңызда 5-сынып оқушысы Серікбай Нұртілеуді қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауыртқан таулардан сені іздедім, – деп бүгінгі жас ұрпақ өз сағынышы, жүректегі ыстық ықыласын жыр шашу етіп шашады. Екінші кезең «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты жас дарындар сайысын бастаймыз.
Ортаға:
1. 5 – сынып оқушысы Қабдраш Аяулым 2. 6 – сынып оқушысы Көшенов Олжас 3. 5 – сынып оқушысы Уахит Мүмтахина 4. 6-сынып оқушысы Нүриден Мадияр
5. 5 – сынып оқушысы Ескожина Зарина 6. 6-сынып оқушысы Болат Алтынбек 7. 5 – сынып оқушысы Абирова Жасмин 8. 5-сынып оқушысы Бекенова Малика
Жүргізуші: Сонымен бүгінгі байқауымыздың екінші бөлімі де өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы қорытындысын шығарғанша алдарыңызда 7 сынып оқушысы Жасұлан Ақботаны қарсы алыңыздар.
6 сынып оқушысы Болат Алтынбектің орындауындағы әнді қол соғып қарсы алыңыздар.
Жүргізуші
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», – деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.
Жүргізуші
Бүгінгі байқаудың қорытындысы мен марапаттау үшін құттықтау сөз мектебіміздің директоры Балтабаев Самарбек Қабдрашұлына беріледі.
Жүргізуші: Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, әлі де биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз. Барлықтарыңның өз үлестеріңді қосып жауапкершілік пен қатысқандарыңа көп рақмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар.