«Мысықтың емдік қасиеті»

Бекжанова Сандуғаш Амангелдіқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Зеренді ауданының әкімдігінің «Айдарлы негізгі мектебі» КММ

Кіріспе
Үй мысығы — арғы тегі жабайы мысық тұқымдас жануар болып табылатын үй жануары. Үй мысығының арғы тегі мысық тәрізділер отрядына жататын ливиялық жабайы мысық екен. Оны солтүстік африкалық дала мысығы деп немесе жай дала мысығы деп те атайды. Дала мысығы Таяу Шығыс жерінде осыдан 130 мың жылдай бұрын пайда болған.

Дала мысығын, яғни, жабайы мысықтарды қолға үйретіп, үй жануарларына айналдыру осыдан  9500  жылдай бұрын (кейбір деректерде 10-12 мың жыл) сол кездің адамзат өркениетінің дамыған ошағы болған Таяу Шығыс аймағынан бастау алады.  Археологиялық зерттеулер нақты әрі көп нәтижеге жете қоймаған. 2001 жылы ғана Кипр аралынан табылған, 9500 жылдай бұрынғы уақытта иесімен бірге жерленген мысықтың қаңқасы нақтырақ дерек болады. Ал үй мысықтарының отаны Кипр аралы аймағы екендігін Калифорния Университетінің зерттеушілері анықтаған. Мысықтың орташа жасы 10-12 жас, , көбінесе 20-25 жыл.  Соңғы деректер бойынша, мысықты қолға үйрету мұнан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептелген, өлгенде бальзамдалып, саркафагтарда жерленген.Ал енді, жалпы мысық тәрізділердің 4 туысы, 36 түрі бар. Қазақ жерінде 3 туысының (мысық, барыс, қабылан) 8 түрі мекендейді. Мысық туысына 6 түр жататын болса, бұлардың дене бітімі ықшам, алдыңғы аяқтары 5 саусақты, артқы аяқтары 4 саусақты, тырнақтары жиырлатын болып келеді. Дене тұрқы 40-105 сантиметрдей, салмағы 2,5-24 келідей. Құйрығы көпшілік түрінде ұзын, түгі тықыр, қалың әрі жұмсақ, көпшілігі теңбіл де жолақ. Олар тек қана етпенен қоректеніп, ұсақ түрлері жыл сайын 5-6 (тек үй мысығы мұнан жиі), ірілері 2-4 ұрпақ (жылда емес) әкеледі. Мысық туысының 3 түрі (қарақал, сабаншы, шағыл мысығы) бар. Бір түр тармағы қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысық тәрізділер бағалы терісі үшін ауланады.

Мұның сыртында мысықтарды түр түсіне, мінез қылығына, көз жанарының түсіне, басқа да белгілеріне қарап ажыратып, атайды. Әлемнің бірқатар елдерінде мысық құмарлар клубтары жұмыс істеп әртүрлі көрмелер ұйымдастырылады.   Мысықты бағып, күту 7-8 айында жыныстық жағынан жетілетін мысық балаларда оны бөлменің оңаша, таза, жұмсақ төсеніші бар жерінде: себетте, жәшікте ұстаған жөн.

Бір мысық 1-ден 7-ге дейін балалап, балалары көзін 7-10 күн толғанда барып ашады, есейгенше енесінің сүтімен қоректенеді.    Ересек мысықтарды тәулігіне 1-2 рет тамақтандырса, осы тамақтың мөлшері 150-200 грамм болуға тиіс. Үй мысығының негізгі тамағы: ет (мүмкіндігінше шикілей), балық (буға пісіріп, не жеңіл  қуырып), сүт. Ет тағамдарының ішінде мысыққа пайдалысы: ішекқарын, бауыр, жүрек. Мысықты нанға, сорпаға, ботқаға, шикі көкөніске, жеміске жастай үйретсе, оңай болады. Мысықтың балалары енесінің сүтімен қоректеніп жүргенінде 20 күннен кейін оған сиырдың сүтін жылытып беруге рұхсат етіледі. Мысыққа етті тамақты ірімшікпен де ауыстырып береді. Көкөністерді берерде ет турағыштан өткізеді. Қазір дүкендерде мысықтарға арнап жасалған тағам түрлері бар. Мысықты тамақтандырарда мамандардың ақыл-кеңесін тыңдаған орынды.     Мысық  балалары жұқпалы аурулармен  жиі ауырады. Мысықтар ауырғанда, көздері жасаурайды, ыстығы көтеріледі, лоқсып құсады, тышқақтайды. Оның ауыр түрлері мысықтың өліп қалуына әкеліп соқтырады. Мысықтан адамға жұғатын қауіпті аурулар: құтыру, қотыр жара, қышыма. Сол себепті жыл сайын құтыруға қарсы мысыққа вакцина еккізіп тұрады. Мысықты дұрыс асырамай, далаға өз бетінше қоя беру оның түрлі ауруларды жұқтыруына, оның адам ағзасына берілуіне жол ашады.

Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысық тәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысық тәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда.

Тәрибенi әдейi түзетiп, өзiне бағындырып алғанын сезiп қояды. Мысық еттi көбiрек берсе екен деп, кей кездерде шам жанғанда әдейi көңiл аудармай жатып алады. Ал иттер болса шам жана салысымен тамаққа жүгiредi. Қу мысық тәжiрибенiң мәнiсiн түсiнiп қойып, тәжiрибе жүргiзушiлердi өзiнiң еркiне бағындырып алған. Шам жанған кезде мысық өзiне ұнамаса еш нәрсе болмағандай жата берген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

2.1 Мысықтың бітімі

 

Алдыңғы аяқ (қол) қанқасы — қаңқа, — аяқ, — көкірек) — жануарлардың алдыңғы аяқтарының (адамда қолдың) сүйектерінен тұрады. Алдыңғы аяқ (қол) қаңқасы өз кезегінде екі бөлімнен: иық белдеуінің қаңқасы мен еркін қозғалатын бөлім қаңқасынан құралған. Алдыңғы аяқ (қол) иық белдеуінің қаңқасын):  құстарда  жауырын , бұғана  және  құстұмсықша  сүйек адамда, маймылдар мен мысық тұқымдас жыртқыш аңдарда — жауырын мен бүғана; үй жануарларында (түяқты жануарлар мен иттерде) — тек жауырын құрайды. Алдыңғы аяқ (қолдың) еркін қозғалатын бөлімінің қаңқасы — өз кезегінде үш бөліктен: жоғарғы (проксимальды) бөліктен, ортаңғы бөліктен және төменгі (дистальды) бөліктен тұрады. Проксимальды бөліктің қаңқасын — тоқпан жілік ,ортаңғы бөліктің қаңқасын — білек сүйектері, дистальды бөліктің қаңқасын — алдыңғы аяқ (қол) басының сүйектері құрайды. Білек сүйектеріне ,кәрі жілік  және шынтақ сүйегі  жатады. Алдыңғы аяқ (қол) дистальды бөлігінің қаңқасын — алдыңғы аяқ (қол) басының қаңқасы деп атайды. Ол өз кезегінде үш қатар орналасқан бөліктерден: жоғарғы қатардағы — негізгі бөліктен, ортаңғы қатардағы — аралық бөліктен, төменгі қатардағы — соңғы бөліктен құралған. Негізгі бөліктің қаңқасын — тізе (білезік) сүйектері ,аралық бөліктің қаңқасын — алдыңғы жіліншік (алақан) сүйектері ,соңғы бөліктің қаңқасын – бақай (саусақ) сүйектері құрайды. Адам мен жануарларда саусақ (бақай) сүйектері үш бунақтан (фалангадан): жоғарғы бунақтан — тұяқты жануарларда тұсамыс сүйектен ортаңғы бунақтан — топай сүйектен төменгі бунақтан — тұяқ сүйектен  құрайды.

 

 

 

 

 

 

1-көздің ошағы

2-жақ сүйегі

3-бас сүйегі

4- бел омыртқа

5- мойын омыртқа

6- жауырын

7- бел омыртқа, сегіз көз

8-қабырға

9- 10-  омыртқа

11- құйрық сүйегі

12-құйрық омыртқа

13-жанбас сүйек

14- асық жілік

15-табан сүйек

16- 17- тырнақ сүйек

18- шынтақ сүйек

19- білек сүйек

20-кеуде сүйек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Фелинотерапия

 

Қазіргі үлкен жылдамдық пен жоғарғы ритм ғасырында біз өзімізді кейде бос сезінеміз, дұрыс өмір сүру үшін күшіміздің жоқтығын, әлсіздікті сезінеміз. Күнделікті жұмыстағы стресс пен көп ой еңбегі біздің жүйкемізді тоздырып, «ескі»ауруларымызды қоздырып, көптеген «жаңа»  аурулар туғызады.Мықты денсаулық пен дұрыс өмір сүру үшін осының бәрінен қалай құтылуға болады? Жауап өте оңай: сізге фелинотерапия көмектеседі(мысықтерапиясы).

Жануарлардың көмегімен емделу (аниматерапия)ХХ ғасырдың 50 – жылдары жақсы жолға қойылды. Жануарлардың емдік қасиетін, соның ішінде мысықтың емдік қасиетін пайдалану тек қана жүйке жүйесі ауруларына ғана емес басқа да көптеген күрделі ауруларға да пайдалана бастады.Бұл емнің ешқандай кері әсері жоқ. Мысықпен емдеу тәсілі «фелинотерапия» (Латынның  felis – мысық) деп аталады.Ал мысықтың жүніне деген аллергия ше? – деп сұрауыңыз мүмкін. Бұл жағдайда қысқа жүнді, мамық жүнді, тықыр жүнді мысық түрлері бар. Мысық терапиясының жүйкені тынышталдырып, энергияны реттеп, денсаулығыңа жақсы әсер беретіндігі соншалық мысалы, АҚШ – та дәрігерлердің 48% – ы өз ауруларына фелинотерапияны пайдаланып көруді ұсынады. Англияда «шипагер» мысықтар дәріханада дәрігердің рецептінсіз сатылады. Мысық адамның биоөрісіне жақсы әсер етеді. Адамға жақындау арқылы мысық өзінің емдік қасиетін береді. Бұл «мамық шипагер» иесінің алдына отырып немесе кеудесіне жатып аяқтарымен «мысық массажын» жасағанын тек рефлексотерапевтің 1 инесімен салыстыруға болады. Ғалымдар әсіресе қара түсті мысықтың емдік қасиетінің жоғары екенін айтады, себебі қара түс жаман энергияны өзіне жақсы сіңіреді. Қара мысық адам бойындағы жаман энергияны өзіне жұтып, иесінің биоөрісіне жақсы әсер етеді.

Сонымен мысық қалай емдейді? Және ол мысықтың өзіне қатты ұнайды. Мысық бізді жақсы емдеу үшін оған жақсы қарым- қатынас жасаса жеткілікті. Мысалы сипалап жақсы көру, тамағын дұрыстау, жақсы сөздер айту т.б. сонда ол сізге өзінің дәрігерлік жұмысын жақсы атқарады. Мысық адамның ішкі суық тиген ағзаларын, сынған сүйекті, соғылған жерлерін жақсы сезеді сол жерге жатып «грелка» қызметін атқарады. Мысықты сипалап отырған адам жүрек инфарктіне ұрынбайды және қан қысымын реттеуге септігі тиеді. Мысық арқасын қолмен сипағанда одан дельта толқын бөлінеді, бұл сол күнгі көңіл күйге жақсы әсер ететіндігі ғылыми дәлелденіп отыр. Мысық асыраған адам  10 -15 жыл ұзақ өмір сүретіндігін ағылшын ғалымдары дәлелдеп отыр. Иесінің ұйқысыздығына және салмақ қоспай салауатты өмір сүруіне «мамық шипагердің» әсері көп. Мысық өз денесін тілімен жалап массаж жасайды, осы кезде ол жағымды пырыл шығарады. Міне осы пырыл 4 – 16 Гц. жиілікпен шығады – осы пырыл мысықтың ең бірінші -090адамға қолданатын құралы. Солтүстік Каролинадағы ғылыми зерттеу институты осы жиіліктегі тербелісте адам ағзасындағы бүлінген жасушалар қалпына келетіндігін дәлелдеген. Егер мысықтар өз денесін жарақаттап алса,ең бірінші пырылдауды бастайды. Мысықтың пырылы адамды әлдилеп отырғандай әсер етеді де, оның ағзасы тынышталады, рахат әсерге бөленеді. Мысықтың өз иесінің ауыратын жерлерін табу қабілеті бар екендігі ұлттық медицинаға бұрыннан белгілі. Олар сол жерлерге жатып пырылдағаннан кейін ауырсыну қайтады. Басқа жануарларға қарағанда мысықтар стрессті жағдайлардан, әлсіздіктен, бас және бұлшық ет ауырсынуларынан құтылуға көмектеседі, сонымен қатар артериялық қысымды төмендете алады, тамыр соғуын қалыптастырады, ревматикалық немесе жара ауру ұстамаларының күшін азайтады. Мамық жүнді мысықтар невралгиямен, ұйқысыздықпен немесе остеохондрозбен күресуге көмектеседі. Тегіс жүнді мысықтар бүйрек

Мысық пырылының адам ағзасына қалай әсер ететінін ғалымдар әлі зерттеп аша алмай отыр, бірақ ол адам  иммунитетінің  көтерілуіне, жараның тез жазылуына және сүйектің құрамын жақсартуға көмектесетіні дәлелденген.

 

2.3 Мысықтың тілегі- денсаулық

 

Статистикаға сүйенсек, мысықты жақсы көретіндер өз қатарластарынан он жылдай ұзақ өмір сүреді екен. Ғалымдар мысықтың көптеген ауруды жеңілдетуге сеп болатынын, тіпті жазылып кетуіне әсері барын айтады. Мысалы, ағылшын ғалымдары  үйде мысық ұстау арқылы миокард инфарктінің қайталап соғуын алты пайызға дейін төмендетуге болатынын айтқан. Науқас қожайынының жанынан тәулік бойы кетпей, ас-суға қараудан да бас тартып, тіпті оның ауруын өзіне қабылдап, шейіт болып кеткен мысықтар да болған.

Мысықты тізеңізге қойып немесе құшақтап, сипап отыру арқылы бойыңыздың біраз сергіп қалғанын байқайсыз. Желкеңіз құрысса, оны 3-5 минутқа мойын орағыш ретінде ұстай тұрыңыз.

Түн ұйқыңыз бұзылса, мысықты жастыққа жатқызып, маңдайыңызды түйістіріп жата қойсаңыз, қалай ұйықтап кеткеніңізді де байқамай қаласыз. Мысықтың тырнақ ізі де ем, кәдімгі инемен емдеудің бір түрі.

Жалпы, мысық деген мақұлықтың жүрек қысылғанда, іш құрылысы ауырғанда, буын сырқырағанда, қатты шаршағанда, тұмауратқанда, басқа да көп жағдайда пайдасы көп. Ол ауырған жеріңізді өзі тауып, жақындай түседі.

Ұрғашы мысық іш құрылысы мен жүйкені «емдесе», еркек мысық остеохондроз, радикулит және артроздың «маманы». Парсы, ангор, бирмандық, рэгдол, сібірлік атауға ие мысықтар – жүйке ауруының «білгірлері». Сиам, ориенталь, сфинкс  бауыр, бүйрек, асқазанды «емдейді». Жүрегінде кілтипаны барларға британдық, экзотикалық қысқа талшықты мысықтарды серік еткен жақсы. Мысық жалғыздығыңды білдірмейді, шаршағаныңды басады, қан қысымын қалыпқа түсіреді. Оның биоөрісі жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді, тамыр және бас ауруларын жазады, жараның жазылуын тездетеді.Мысық – қожайынының ауырып тұрған жерін дөп басып білетін тамаша энергиялық-ақпараттық құрал. Адам ағзасындағы ауыратын дене бөлігінде энергиялық әлеует өзгереді, ал бұл өзгерісті мысық қатты сезеді.Ұзақ уақыт бойы мысық жанында болып, мамық майда жүнінен сипап қойып, оның мияулағанын есту – иммундық жүйеңізді күшейтеді. Сондай-ақ, денсаулығыңыз жақсарып, ұзақ өмір сүруге де ықпал етеді. Ал ендi мысықтың емдiк қасиетi өз алдына. Бiр жерiңiз ауыра қалса, мысықтың дәл сол жерге барып жатуы бекер емес. Мысықтың емдiк қасиетiн бұрынғы емшiлер де жақсы бiлген. Қазiр де медицинада “анималтерапия” атты сала бар. Мысық иесiнiң ауыратын жерiн әртүрлi жолмен емдейдi. Бiр мысықтар дененiң сол бөлгiн ақырын тырналап массаж жасаса, бiреулерi жай ғана сол жерге жатып‑ақ әсер ете алатын көрiнедi. Қысқасы, мысық – иесiнiң ауырған мүшесiн дөп басып бiлетiн энергетикалық‑ақпараттық құрал. Себебi адамның ауыратын дене бөлiгiнiң энергетикасы өзгередi, осы өзгерiстi мысық қатты сезедi екен. Осылайша, мысықтың биоөрiсi жүрек жұмысын қалыпқа келтiредi, қан тамыр мен бас ауруын жазады. Әрi анималтерапевтердiң айтуынша, мысықтың пыр‑пыр еткен даусының өзi адамды емдей алады. Оның мияулаған даусы 20-50 герцке дейiн жететiн дыбыс толқындары. Осы шамадағы дыбыс диапазоны адам жарақатының тезiрек жазылуына, сынған сүйектiң тез бiтiп кетуiне септiгiн тигiзедi. Мысықтың осы мияулағаны ағзаның иммундық жүйесiн күшейтедi, тiптi өмiрдi ұзартады. Мысықтың мамық терiсiн бiрнеше минут сипаған адамның инфаркт, инсульт алу қаупi азаяды. Себебi жануарды сипаған кезде сау­сақ терiсi арқылы миға белгi берiледi. Ит немесе мысықты сипалау – әлсiз тоқ арқылы электростатикалық әсер ету деген сөз. Осының өзi физиотерапия емей не? Батыс дәрiгерлерi мысықты есiрткi мен iшiмдiктен емдеу үшiн медицинада қолдана бастаған. Ал ағылшындар мысықтар қандай ауруды емдей алатынын оның түр‑түсi мен терiсiне қарап ажыратады. Мәселен, ағылшындарға сенсек, ақ түстi мысық бүкiл ауруларды жаза алады екен. Сондықтан Ұлыбританиядағы кейбiр дәрiханаларда ақ мысықты дәрi‑дәрмек тәрiздi сатады. Берлиннiң геронтология институты ғалымдарының мысық иелерiне жасаған зерттеуi тiптi таңғалдырады. Үйiнде мысық асырайтын 3000 адам­ға бес жыл бойы зерттеу жүр­гiзген немiс ғалымдары өмiр бойы мысық асыраған адам үйiнде мысық ұстамайтын адамға қарағанда 10,3 жыл артық өмiр сүретiнiн анықтаған. Мысық асырайтын адамдардың қан қысымының көрсеткiштерi де анағұрлым жақсы болып шыққан. Адамзат мысықты бағзы заманнан берi сиқырлы жануар деп есептеген. Ежелгi мысырлықтар мысық жануарын қатты қастерлеп, оны бұл дүние мен о дүниенi жалғастырушы деп қадiр тұтқан. Расында да, мысықтың көзiне бiр рет үңiлген адам ондағы терең тұңғиық­ты байқай алады. Бағзы заманның сиқыршылары мысықтың көзiн басқа әлемнiң көрiнiсi, өзге дүниеге апарар жол деп сенген.

 

 

 

2.4«Мысыққа байланысты наным сенім ырымдар»

 

Мысық ит тәрізді өз иесіне адал серік бола алмайды. Өйткені мысықтың  бастағы жаратылысы мүлде бөлек, ол басқа мақсат үшін жаратылған. Бұрындары адам мысықты тышқан аулау үшін асырады. Алайда, шын мәнінде, мысықтың Жер бетіндегі негізгі қызметі тышқан аулау да емес. Оның негізгі миссиясы – өзі тұратын үйді аластау, ондағы тыныштық пен үйлесімділікті сақтау. Кейде мысық өзінің сиқырлы қызметін қажет ететін үйді өзі іздеп тауып алады деген сөз бар. Ондай жағдайда үй иесі мысықты қумай, оны паналатып, «сиқырын» іске асыруға мүмкіндік беру керек екен.Адам мен мысық екеуі 6 мың жыл бұрын танысқан екен. Бүгінде кейбір тарихшылар 9 мың жыл бұрынғы кішкентай мысықтардың сүйегі мен адам қаңқасы табылды деген деректерді жиі айтып жүр.Мысыққа байланысты наным мен ырымдар бүгінгі күнге дейін біздің өмірімізден көрініс тап-қан. Мысалы, мысырлықтар мысық жануарын қастерлеп, оны бұл дүние мен о дүниені жалғастырушы деп қадір тұтқан.               Мысықтың нендей қасиеттеріне бола қастерлеп, ай ханшайымы Бастетке балап, оған арнайы сарай салдырғанын кім білсін. Мысырлықтар фараондарының соңғы сапарында құрмет көрсеті-летіндей, киелі жануарларын да бальзамдап, арнайы саркофагтарға салып, құрметпен ана дүниеге шығарып салған екен. Ал жапондықтар мысықты өздерінше қастерлейді. Күн шығыстықтар да мысықтардың құрметіне Манеки-Неко храмын салдырған. Мәселен тасбақа түстес мысықтың мүсіні ақша шақырады деген ниетпен баспанасының көрнекі жеріне қояды. Күншығыс елінде қайтыс болған бабаларының жаны мысықтарға ауады деген сенім бүгінгі күнге дейін сақталған. Орыс халқы жаңа үйге қоныстанбас бұрын үйіне әуелі мысықты кіргізген. Мысық үйді жаман күштерден тазартады, олар адам көзіне көріне бермейтін тылсым дүниені көріп, сол дүниемен байланыс орнататынына сенген. Ғылыми тілмен айтқанда мысық үйдегі теріс энергиясы көп жерді арнайы таңдап алып, жағымсыз қуатты әлсірететін көрінеді. Бұл қасиеттердің барлығы да мысық болмысының құпиялығын арттыра түсіретіні рас. Осы уақытқа дейін мысық тышқан аулау үшін жаратылған деп ойлап келгеніміз даусыз. Алайда өзі мекендеген баспананы жамандықтан тазартып, ондағы тыныштық пен берекені сақтау негізгі міндеті екеніне ғалымдар бізді иландыруда.  Мұндай наным‑сенiмдер тектен‑текке шықпаған. Мысық адам көзiне көрiнбес тылсым дүниенi көре алады. Тiптi онымен байланыс орнатады. Кейбiр халықтардың ескi аңыздарында мысық үйдегi тылсым күштермен, үй иесiмен сөйлеседi деп жазылған. Мысық үйдегi терiс энергиясы көп жердi әдейi таңдап алып жатады. Бұл да мысықтың сиқырлығымен байланысты. Мысықтар бiз өмiр сүретiн әлем мен жұлдызды әлемнiң шекарасын жалғастырушы ғана емес, олар адамды өзге әлемнен енетiн тылсым күштерден қорғай алады. Мысық ит тәрiздi өз иесiне адал серiк бола алмайды. Өйткенi мысықтың о бастағы жаратылысы мүлде бөлек, ол басқа мақсат үшiн жаратылған.. “Қара мысық алдыңды кесiп жүгiрiп өтсе, жолың болмайды” деген ырым бар. Алайда бұл қара мысықтың кесiрi тиедi деген сөз емес. Қайта керiсiнше, мысық жолды кесiп кету арқылы сiзге белгiлi бiр қауiп‑қатер төнгенiн сездiртедi, сөйтiп, терiс нәрседен арашалап қалғысы келедi. Сондық­тан қара мысықты ұнатпайтын адамдарға құлаққағыс: қара түстi мысықтың өзге түстi мысықтарға қарағанда тылсымға қарсы қорғаныш қабiлетi әлдеқайда мықты, әрi ол терiс энергияның түгiн қалдырмай жұтып алатын көрiнедi. Кейбiр экстрасенстердiң үйлерiнде қара мысықты ұстайтыны да сол. Ол көз тию мен бәле‑жаладан қорғап, үйдi аластап бередi. Қажет десеңiз, мысықтар өз иесiн өлiм аузынан алып қала алады. Мәселен, Леонид Брежневтiң қара мысығы бас хатшының өмiрiн екi мәрте сақтап қалған дейдi бiлгiштер. 1969 жылы Үндiстанға iссапармен барған Л.Брежнев Далай‑Ламамен кездескен. Далай‑Лама Брежневке ерекше қабiлетi бар сиқырлы қара мысықты сыйға тартыпты. Бiр күнi әлгi қара мысық иесiн жұмысқа жiбергiсi келмей, оны айналшықтап жүгiре берген көрiнедi. Жануардың әйтеуiр бiр жамандықты сезгенiн түсiнген бас хатшы қызметтiк көлiгiндегi әдеттегi орнына емес, басқа орынға отырыпты. Сөйтiп, автокөлiк апатқа ұшырап, Брежневтiң орнына отырғандар ауыр жарақат алған. Ал бас хатшының өзi дiн аман қалыпты. Келесi жолы мысық тағы да Брежневтi шыр айналып, жамандықты сездiрген. Сол күнi бас хатшы жұмысқа бармауды жөн көрдi. Сөйтсе, оның автокөлiгi жүк көлiгiмен соқтығысып, жүргiзушi апаттан көз жұмыпты. Ал 1982 жылдың көктемiнде Брежневтiң мысығы өлген. Екi айдан кейiн бас хатшының өзi де көз жұмды.

 

2.5.Фелинолог мамандығы жайлы айтсақ…

 

Болашақ ветеринарлар мысықтар жаратылысының да қыр-сырын білуі міндет. Соңғы жылдары мысық түрлерінің көбеюі мал дәрігерлеріне қосымша міндет жүктеп отыр. Жануарлардың дәрігері ендігі кезекте тек мысықты емдеп қана қоймай, оның шығу тарихын және оны қалай күтуге дейін білуі шарт. Америка, еуропада сәнге айналған мысық түрлерінің елімізге келуі мамандардан фелинология ілімін меңгеруді талап етіп отыр дейді Асыл тұқымды сәнқой мысықтардың түлеріне қарай стандарт бекітілген екен. Белгіленген талаптарға сай келмейтін болса ол текті мысық деп мойындалмайды. Шекара асып келген мына мысықтың иесі Экатерина Исакова өзінің үй жануарының тұқымына “Донской свинц” деген болжам жасап отыр. Бірақ, елімізде арнайы маман жоқ болғандықтан оның нақты тегін анықтай алмай отырған жайы бар.

Қазақстанда қысқа, ұзын, бұйра жүнді тұқымы асыл мысықтардың 20-ға жуық түрі бар. Аса көп күтімді қажет ететін жануарларды ұстау екінің бірінің қалтасы көтере бермейді екен. Тамақтың өзін талғап жейтін мысықтарға ерекше көңіл бөлу қажет дейді “Мысықтар әлемі” Алматы қалалық фелинологтар орталығының президенті Галина Николенко. Мамандар бекітілген талапқа сай мысықтың қай түрге жататынын анықтауы тиіс. Бірақ, бізде оқулықтар мен мәліметтердің жетіспеушілігі салдарынан арнайы маман даярлауда қиындық туғызып тұр.

 

2.6. Мысықтардың  тұқымына (порода)қарай емдеу тәсілдері:

 

Ғалымдардың көп жылдық зерттеу нәтижесінде,  мысықтар тұқымына қарай әр түрлі ауруды емдеу шипагерлігі әр алуан екендігін байқаған.

Ұзын жүнді мысықтар (персид түрі, ангор түрі, сібірлік мысық, рэгдолл, бирмандық т.б,) – невропатологияда, ұйқысыздықта, шаршау мен әлсіздікте.

Жүні ұзын емес, бірақ өте қалық мысықтар – бел омыртқа және буын ауруларына емші.

Тықыр жүнді мысықтар(экзотикалық, британдық, шотландық, орыс көк көзді мысықтарт.б.) – жүрек қан тамыры ауруларына емші.

Түгі өте тықыр немесе түксіз мысықтар (сиамдық, ориентальдық, т.б.) – бүйрек пен бауыр,асқазан ауруларына,іш қатуда т.б.)

Тұқымы қымбат тұқымдастарға жатпайтын жәй аула мысықтары да өз иесінің көңіл күйіне, алған дене жарақатын емдеуге көмектеседі.

жазған.

Мысықтардың  өз иесін емдеу сеансы 15 – 20 минуттан 3 сағатқа дейін (мысықтың темпераментіне байланысты) созылады. Өз иесінің ауруын емдеп болған мысық, емнен кейін өзін өте жақсы сезінеді. Мысықтардың тырнағы дәрігер инесіне қарағанда жақсы емдейді, өйткені мысық тырнаған жер тез және тыртықсыз жазылады.Тек оған сену керек. Мысықпен көп ойнап өскен баланың иммунитеті өте жоғары болатыны дәлелденген.

Мысықтар қоныс аударған өз иелерін жаңа қоныстан өте

оңай іздеп табады. Осыдан бірнеше жыл бұрын әлемнің барлық журналистері шуылдап жазған, Сэр Томас  атты мысық 427 күнде Квебектен   континенттің екінші шеті – Калгариға көшіп барған өз иесін тауып барған.

Жер бетінде тек қана мысықтардың сексенге жуық түрлері тіршілік етеді. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Ман аралының шолақ құйрық мысығы, сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары. Мұның сыртында мысықтар түр-түсі, мінез-дағдысы, көз жанарының түсі және басқа да белгілері бойынша ажыратылып, аталады. Көптеген елдерде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істейді. Мұнда мысықтар тегі, түр-түсі бойынша арнайы кітаптарға тіркеліп, олардың көрмесі ұйымдастырылып отырады.

 

2.7.         Мысықтар туралы ғалымдар не дейді?

 

Ғалымдардың пайымдауынша, кейбір жерлердің адамға жағымды және жағымсыз әсер ететін қасиеттері болады екен. Мұндай жерлерді ажырату үшін ата-бабаларымыздың  салтдәстүр­ле­ріне үңілген жөн. Қариялардың айту­ын­ша, ондай орынды мысық жақсы көреді екен, ал ит ешқашан жаман жер­ге жатпайтын көрінеді. Өйткені мысықтың бойында жаман энергияны сезетін «ан­тенна» бар. Ол мұндай жағымсыз энергияларды әдейі іздеп, бойына жинайды. Мысық көмірқышқыл газын жұ­тып,­ оттегі шығаратын кәдімгі ағаш тә­різ­­ді. Ал егер өсіп тұрған қисық ағаш көр­сеңіз, ондай жердің де жақсы орын бол­мағаны. Соны білетін диқаншылар шығынға ұшырамас үшін ондай жерге егін екпеген. Қорегін аулағанда дыбысын , сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді де аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады.

Міне осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы керіледі, сөйтіп құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады. Қорегін осылай аулау — мысық тұқымдас аңдарға тән. Сүтқоректілердің денесі берік созылғыш терімен қапталады. Теріде түтік тәрізді тер бездері мен көпіршік тәрізді май бездері орналасады . Тер безінен тер бөлініп шығады да, денені қызып кетуден сақтап, салқындатады, ал май безінен бөлінген май теріде орналасқан түкті майлап, оған су жұқпауға мүмкіндік жасайды.

Тер бездерінің өзгерген түрі сүт безіне айналады да, сүтқоректілер баласын сүтпен қоректендіреді. Мысық денесінен итте болатын қолайсыз иіс сезілмейді, ол қашан да таза жүреді. Өйткені мысықтың терісінен май бөлінбейді, сондықтан да мысық суға түспеуге және жаңбырдың астында қалмауға тырысады. Тер бездері тек табандарында ғана болатындықтан, мысықтың денесінен тер иісі де сезілмейді. Флорида штатында осыдан 13 жыл бұрын жоғалып кеткен мысық үйіне қайта оралды.

Қожайындарының айтуынша, 1995 жылы күздің жаймашуақ бір күнінде ауладағы кере-уетте пырылдап ұйықтап жатқан мысық ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. Сүйіктілерінен аяқасты айырылып қалған отбасы оны іздеп үйсіз-күйсіз жануарларды паналататын жерлерді, қаланың көшелерін сан мәрте шарлап шыққан. Алайда, қара мысық табылмады.

Арада 13 жыл өтіп, қожайындары әбден күдер үзген шақта қаладағы мал дәрігерлерінің бірі Джордждың табылғанын айтып сүйінші сұрайды. Мысық саябақтардың бірінде қаңғырып жүрген жерінен ұсталыпты. Мойнына тағылған микрочиптен оның мекен-жайын білген ветеринар Джорджды үйіне әкеп салды. 13 жылда Джордж әбден арып-ашып жүдеген. Бірақ көңіл-күйі, тамаққа деген тәбеті бұрынғыдан да жақсарған. Қожайындары оны қайта жоғалтып алудан қорқып, аулаға шығармай қойғаны болмаса, Джордждың күтімі жаман емес көрінеді.

Америкалық ғалымдар күйзеліс арқылы инсульт алудың алдын алу жөнінде мынандай ақыл-кеңес береді: «Кофе ішуді азайтыңыз, көбірек күліңіз. Мысық асыраңыз».

Халық болжамшылары мысыққа байланысты ауа – райын болжаған:

Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа-райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрысып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Мысық керіліп ұйқыға берілсе онда ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Зерттеушілердің болжамы бойынша, жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ең қызығы, ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген. Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысықтәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысықтәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда кездеспейді Бірқатар халық емшілерінің баяндауынша, мысық иесінің қай жері ауырса, сол жерге барып жататын көрінеді және де мысықтардың кейбірі иесінің ауырған жерін ақырын тырналап емдесе, екіншілері олай массаж жасамай-ақ, сол жерде жатқан күйі оған бойындағы қуатымен әсер етіп, шипасын сипайды екен. Сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің. Тек біздің бір білетініміз, бұрындары халық емшілерінің мысық бойындағы шипагерлік қасиетті жақсы біліп, оны іс-тәжірибеде пайдаланғаны. Қазіргі медицинада «анималтерапияның» бар екені, бұл саланың жылдан-жылға дамып келе жатқаны мысықтың емдік қасиетіне басты дәлелдердің бірі. Бұл жөніндегі ой-пікірлерге назар аударсақ, «мысық иесінің ауырған жерін дәл табатын энергетикалық – ақпараттық құрал іспеттес. Өйткені, адамның ауырған жерінің энергетикасы өзгереді де, осы өзгерісті мысық бірден сезеді».

Тағы бір таңғаларлық ой-пікір: «мысықтың биоөрісі жүректің жұмысын қалпына келтіреді, қан қысым реттейді, бас ауруын жазады, ол үшін мысыққа жақын болып, оны бір мезет сипап қою қажет». Ол адам бойындағы теріс қуаттарды да сүзіп алады. Аниматерапевтердің дәлелдеуінше, мысықтың пыр-пыр еткен үнінің өзі адамдарға шипалы. Мысықтың мияулаған дауысы – 20-25 герцке дейін жететін дыбыс толқындары болғандықтан, бұл мөлшердегі дыбыс диапазоны адам жарақатының тез жазылып кетуіне, сынған сүйектің тез бітуіне өте жақсы әсер етеді. Ол тіпті, ағзаның иммунитеттік жүйесін күшейтіп, адам өмірін ұзартатын болып шықты. Сондай-ақ, мысықтың мамық терісін бірнеше минут сипасаң, инфаркт, инсульт алу қаупі азаятын көрінеді. Себебі, мысықты сипау – әлсіз ток арқылы электростатистикалық әсер ету деген сөз. Бұл нағыз физиотерапия!

Ғылым мен медицинада мысықты пайдаланудағы жаңа бағыт-батыс дәрігерлерінің оларды есірткі мен ішімдіктен адамдарды емдеуде тәжірибе құралына айналдыруы, ағылшындардың мысықтардың қандай ауруды емдей алатынына зерттеу жүргізіп, оны түр-түсі мен терісіне қарай ажыратуды анықтағаны. Ағылшын зерттеушілерінің ой-пікірі бойынша, ақ түсті мысық бүкіл ауруларды жаза алады. Сол себепті Ұлыбританиядағы кейбір дәріханалар ақ мысықты дәрі-дәрмек ретінде сатуға көшіп отыр. Ал, енді Берлиндегі геронтология институтының ғалымдары мысық иелеріне мынандай зерттеу жүргізген: үйінде мысық асырайтын 3 мың адамды бес жыл бақылауға алады, өмір бойы мысық асыраған адам үйінде мысық ұстамайтын адамға қарағанда 10,3 жыл артық өмір сүретіні анықталады. Және де осы бақылауда мысық асырайтын адамдардың қан қысымының көрсеткіштері де жақсы болып шығады…

Қазақстанда қысқа, ұзын, бұйра жүнді тұқымы асыл мысықтардың 20-ға жуық түрі бар. Аса көп күтімді қажет ететін жануарларды ұстау екінің бірінің қалтасы көтере бермейді екен. Тамақтың өзін талғап жейтін мысықтарға ерекше көңіл бөлу қажет дейді “Мысықтар әлемі” Алматы қалалық фелинологтар орталығының президенті Галина Николенко. Мамандар бекітілген талапқа сай мысықтың қай түрге жататынын анықтауы тиіс. Бірақ, бізде оқулықтар мен мәліметтердің жетіспеушілігі салдарынан арнайы маман даярлауда қиындық туғызып тұр.Қазір медицинада жаңалық көп.Алайда табиғаттың өзі емші емес пе?! –дей отыра сөзімнің соңында мысықтар біздің өмір сүріп отырған әлемімізді жұлдызды әлеммен жалғастырып, адамдарды тылсым күштерден қорғай алатын қасиетке ие екенін айтқымыз келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Қ Қайым, Р Сәтімбеков Биология  7-сынып Алматы Атамұра 287 бет 296 б

2. Дрофа «Кітап баспасы» Алматы  2004ж 262 бет

3. Балаларға арналған танымдық энциклопедия жануарлар 18-19 бет

4. Марго Админ.Фелинотерапия. 562 бет

5. Игорь  Коркин.Проза фелинотерапии.          147 бет

6. Альманах кошачих тайн. Все о кошках. 176 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Айдарлы негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Мысықтың емдік қасиеті»

 

 

 

 

 

 

 

Бағыты: Жаратылыстану

 

 

 

 

Орындаушы: Қабдраш Аяулым

Олжабай Аружан

3-сынып оқушылары

Айдарлы негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:Бекжанова Сандуғаш Амангелдіқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Айдарлы негізгі мектебі

 

 

 
П І К І Р

 

«Мысықтың емдік қасиеті» – тақырыбында жазған ғылыми жоба қазіргі таңда күнделікті өмірде қолдана бермейтін тың тақырыпқа жазылған жұмыстардың бірі.

Ол бұл ғылыми жобада мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде зерттеген.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған.  Мысықтар жайлы таңқаларлықтай оқиғаларды жақсы іріктеген.Жұмысын қазіргі таңда жануарлармен емдеу әдісін Қазақстанда дұрыс жолға қою керектігі, мысықтарды қорғауға алу керектігі жайлы түйінді оймен қорытындылаған.

 

 

Пікір беруші:бастауыш сынып мұғалімі  Бекжанова С.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Аннотация

Зерттеу жұмысында орындаушы  оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген. Ол бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысықтерапиясы туралы толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. Қазіргі медицинада болып жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсете білген.

 

 

 

 

Annotation

 

The results of the research were achieved by means of student’s own organizational skills. There were given good descriptions of the curing effect of cats, and the secret of their help to people’s health. The present work highlights animal therapy and cats therapy. It can be seen that the research gives full information of scientific works concerning cat types, and the effect depending on those species. The contemporary news of the modern medicine are also stated very successfully.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Зерттеу жұмысының мақсаты:  Мысық жануарының пайда болуы,оның емдік қасиетінің анықталуы,  өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын ашу   және өмірде пайдалана білуге үйрету,осы жануарды аялап, қамқорлыққа алу болып табылады.

 

Зерттеу жұмысының міндеттері: Мысықтың ерекшелігін талдау;

Мысықтың  емдік қасиетін ашу.

 

Зерттеудің болжамы:  Қазір медицинада жаңалық көп.Алайда табиғаттың өзі емші емес пе?! –дей отыра мысықтар біздің өмір сүріп отырған әлемімізді жұлдызды әлеммен жалғастырып, адамдарды тылсым күштерден қорғай алатын қасиетке ие екенін айтқымыз келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Мазмұны

І.  Кіріспе …………………………………………………………………………………………………3

2.  Негізгі бөлім…………………………………………………………………………………………..5

2.1 Мысықтың бітімі…………………………………………………………………………………..5

2.2 Фелинотерапия………………………………………………………………………………………7

2.3 Мысықтың тілегі – денсаулық……………………………………………………………….8

2.4  Мысыққа байланысты наным сенім ырымдар………………………………………10

2.5  Фелинолог мамандығы жайлы  айтсақ…………………………………………………11

2.6  Мысықтар тұқымына қарай емдеу тәсілдері………………………………….12

2.7 Мысықтар туралы ғалымдар не дейді?………………………………………………….12

Қорытынды …………………………………………………………………………………………….15

Пайдаланылған әдебиет…………………………………………………………………………….17

Қосымша

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.