Шығарма «Менің Президентім»


«Атбасар ауданың білім бөлімінің Борисовка орта мектебі» ММ

Маданов Канат 3 сынып оқушысы

Жетекші: Қазақ тілі қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі

Буряк Карлыгаш Маратовна

Еліміз Тәуелсіздік  алғаннан бері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында тұңғыш елбасы болды. Елбасымыздың арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылды.Елбасының бастауымен менің елім  әлемге танылды. Елімнің елдігін көрсетіп, елдігін танытқан да осы елбасым.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті.Ол-талантты тұлға өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат.Оның еліне жеріне деген махаббатын естімеу, көрмеу мүмкін емес.Біз оны елбасымызды әрбір ісінен,сөйлеген сөзінен, халыққа жолдаған жолдауынан білеміз.Қазақстанды тәуелсіз елдер қатарына  қосып, қажырлылық пен жұмыс жасау арқылы еліміз  ең үздік елу мемлекеттің қатарына кірді.Қазақ халқының атын әлемге танытқан алаш баласының абыройын асқақтатқан тұлға-Елбасы.Ол – менің Президентім!Мемлекет басқару – бұл өте қиын іс мәртебелі міндет.Біздің Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш- жігерін жұмсайды.Қазақстаның әр облыс орталықтарына,қала,аудандарына барып халықпен кездеседі.Елбасымыз жастарға көп көніл бөледі, олардың тілектерін тыңдап, жастар  мәселелерін шешеді.Елбасымыздың игі істерінің бірі- мемлекетіміздің Тәуелсіздігі.Тәуелсіздіктің арқасындаелімізкөркейіп, Астанамыз гүлденуде.Біздің елде тұратын жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір – бірімен тату – тәтті тұрады.

Елбасымыз шыдамдылықпен,еңбекқорлықтың арқасында әлемге танылды. Ең үздік саясаткер ретінде бүкіл әлем халықтарына әйгілі тұлға. Елбасымыз біз үшін жастар болашағы үшін  жарқын болашақ есігін айқара ашты. Білім алып,елімізді басқа да үлкен мемлекеттерге таныту мақсатында «Болашақ» бағдарламасын жасады. Қазақ жастары білім алсын деген сеніммен,өзінің атында  мектеп және жоғары оқу орындарын да ашты.

Біз ең бай мемлекетпіз, халқымыз ең бақытты халық.Даламыз егісті,Ордамыз қеңесті! Елімнің елдігін көрсетіп, ерлігін танытқан да елбасым. Елбасының үздік еңбегі осы нұрлы күнге жеткізді.

Табандылықпен жасалған істің, әрқашанда жүзеге асатынын біле отыра, біз де елбасымызбен бірге болашақты құру мақсатында жүргізіліп жатқан барлық шараларға өз үлесімізді қосамыз.Мен де елбасымның еңбегін бағалай келе өз алғысымды білдіремін.

Ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздіктің 23 жылдығын да тойлауда. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды.Тәуелсіздік ата- бабаларымыз аңсаған арман! Сол арман елбасымыздың жігерлі еңбегі арқасында орындалды. Осы 23 жылда Қазақстан әлем сахынасында мақтанарлықтай беделге ие. Мемлекетіміз осындай аз уақыт ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің аяғына нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету экономикамыздың жедел қарқынымен дамуы- қазіргі таңдағы стратегиялық бағыттар елбасымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтежиесі.

Біздің елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев-дана адам.Біз өз болашағымызға сенімдіміз, біз өзіміздің Елбасымызға сенім артамыз!
Әлемдегі танымал зияткер адамдардың барлығы, біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаткерлік қызметіне ең жоғарғы баға береді.Оның куәсі ретінде Татарстан мемлекеті біздің елбасымызға «ел ағасы» деген атақ беруін атап өтуге болады.Біздің елбасымыз өз елінде бейбітшілікті сақтап қоймай, әлемдік саяси мәселелерді шешуге де, белсене ат салысатын тұлға. Барлық әлемге бейбіт өмір сүріңдер деп ұран салған да біздің елбасымыз.
Қазақстанның жаңғыруының, дамуының басты бағыты ретінді елбасымыздың  өзінің «Нұрлы Жол- болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауынан білуге болады.  Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстанның  жаңа экономикалық саясатын дамытып, әлемде ең дамыған отыз елдің қатарына қосу деп білеміз. Біздің елбасымыз Қазақстан халықтарының мүдесі үшін қызымет етеді. Біздің ел басымыз әр сөзінде жастарды экономикалық жағынан дамыған, тәуелсіз және қуатты Қазақстанды салуға белсенді үлес қосуға шақырады.

«Нұрлы Жол» тұрақтылыққа, тыныштыққа, көркейуге бастайтын жол деп білемін.Еліміздің өркендеуіне халқымыздың жақсы өмір сүруіне, өз ғұмырын арнаған елбасымыз биылғы жылы  өзінің жолдауын «Нұрлы жол» деген атпен жолдады. Биылғы жылдың басты ерекшелігі жылдағы дәстүр бойынша жолдауды жаңа 2015 жылдың  қаңтар айында емес, 2014 жылдың қараша айында бүкіл депутаттарды кезектен тыс жинап,өзінің халыққа жолдауын жариялады. Жолдауда айтылған елбасымыздың алға қойған мақсаттарын бүкіл қазақ халқы тыңдап, қолдады.

Біздің елбасымыздың қазақ халқы үшін істеген ерең еңбектерін саусақпен санауға келмейді. Биыл елімізде ұлы жеңістің жетпіс жылдығы, Тәуелсіздіктің 23 жылдығы дүркіретіп аталып өтілмекші.Бұл аталған мерекелер біз үшін , яғни қазақ халқы үшін алатын орны зор.Елбасымыздың халқына деген қамқорлығының арқасында, қазақ халқы тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатыр.

Ұлы жеңіс мерекесіне орай бүкіл ауыл, аудан аймақтарында ескеткіштер жаңартылып жатыр. Одан бөлек қазақ халқының жеңіс тұғырынан көрінуге мол үлес қосқан ардагерлерімізді ұлықтап, мерекеге орай іс шаралар қарқын алып жатыр.Осының барлығына ел басқарып,ерекше көңіл бөліп отыру да елбасымның еңбегі деп білемін.

2010 жылғы  өткен ОБСЕ саммиті арқылы бүкіл ел қазақ халқының аз уақыт ішінде көптеген белестерді бағындырып және бұдан да биік асулардан көрінетініне көзін  жеткізді. Ал 2013 жылы қазақ халқы үшін ерекше жыл болды. Елу мемлекет арасында оза шауып 2017 жылғы кең көлемді түрде өтетін халықаралық «ЭКСПО 2017» көрмесі біздің қазақ жерінде өтетін болды. Бұл көрменің қазақ жерінде өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Еліміздің астанасы Астанада құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.Мұндай үлкен жобалар арқасында бүкіл Азия елі Қазақстанның керемет табиғатына, халқының қонақ жайлылығына, елбасының кеңпейілдігіне, тынымсыз еңбегіне  куә болады.

Қазақ халқының осындай биіктерден көрінуі, халықты бірлікке, еңбекқорлыққа, татулыққа шақырып отырған елбасымыздың алға қойған мақсаттарының арқасы. Мен осындай елде туып, өсіп  жатқаныма ризамын. Елбасым еңбектерін ерекше бағалап,құрметтеймін. Елбасымның еренді, қажырлы еңбектерінен үлгі аламын.

Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев атам– менің Президентім! Мен сияқты Қазақстан жастарының болашағына алаңдап, барлық мүмкіндікті жасап отырған елбасымды «менің атам» деп аузымды толтырып мақтан етемін. Менің елбасым Н. Ә. Назарбаев біздің тұңғыш президентіміз, тарихта аты қалатын ел ағасы, аты әлемге танылған  тұлға деп білемін.

 

Азаттықты ата- бабам армандаған, аңсаған

Болдық міне, тәуелсіз ел, туын биік ұстаған

Сол арманға жеткізген, тұнғыш патшам, Нұр ағам!

Өз еліне тыныштық пен бейбіт өмір сыйлаған.

 

Қазақ елін бар әлемге танытқан

Көп ұлтты Отаным бар, Қазақстан!

Егеменді, тәуелсіз ел, туын көкке жеткізген

Ел билеген, елбасымыз, аман болсын әрқашан!

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *