Сабақ «Қысқы орман»

Такибаева Галия Раисовна 
Тәрбиеші 
«Балдәурен» балабақшасы КМҚК 

Мақсаты : Балаларды қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту , сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп , табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір – біріне қамқор болуға , ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Аққаланың дене бөліктерін,әр түрлі көлемдегі домалақтардан біріктіру арқылы ермексазбен қалай мүсіндеу керектігін үйрету. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Жапсырудың әдіс – тәсілдерін меңгерту, көркемдік эстетикалық талғамдарын дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу , дене шынықтыруға деген қығығушылығын  арттыру.

Көрнекіліктер :Слайд,іздер, орман көрінісі,сабынды су көпіргіштері, қорап, аңдардың суреттері.

Құрал жабдықтар : Ермексаз, тақтайша ,сүрткіш, желім қылқалам, дайын қолғап үлгісі, түрлі- түсті қағаздар қиындысы

Алдын ала  жүргізілетін жұмыстар : серуенде қысқы табиғатты байқау.

Билингвальды компонент: марғау- котенок, қыс- зима, қар – снег,    аппақ-белый.

 

О.Қ.К Тәрбиешінің іс – әрекеті Баланың іс -әрекеті
М.Қ  Балаларды шаттық шеңберіне  тұрғызып, бір біріне ыстық тілектер айтуын ұйымдастырады.

Армысын- алтын күн

Армысын – жер ана

Армысын көк аспан

Армысын жан досым

 

Здравствуй солнце золотое

Здравствуй небо голубое

Здравствуй ,здравствуй ветерок

Здравствуй мой дружок.

 

 

Goog morning Good morning

Good morning to you

Good morning good morning

How to see you

 

Балалар , бүгін бізге қонаққа жүні үлпілдеген марғау келді . Марғау – мысықтың баласы .Марғаудың басынан өткізген қызықты бір оқиғаны айтып берейін. Мұқият қарап мыны слайдқа назар аударыңдар.

Бір күні марғау таңертең көзін ашып, керіліп, ұйқысынан оянды. Күндегі әдетінше далаға серуенге шықпақшы болады. Ол есіктен шыға бергенде аяғы аппақ, жұмсақ , суық нәрсеге тиеді. Ол қатты қорқып, таңғалып , үйге кіріп төсектің астына тығылып қалады .

–         Балалар ,марғау неден қорқып тығылып қалды ?

–         Қыста не жауады ?

–         Ал қазір жылдың қай мезгілі?

–         Қыста боран соққанда, «у,у,у,у,у» деген дыбыс шығарады.

–         Балалар, қане бәріміз көрсетейікші боран қалай ұйытқып соғады?

Балалар , марғау қарға үйреніп, қорықпас үшін, оны өзімізбен бірге қысқы орманға серуенге алып шығайық.

-Кәне, олай болса қысқы орманда жаурап қалмас үшін.

Бас киімді киеміз.

Мойынорағышты тағамыз.

Сырт киімімізді киеміз.

Етігімізді киеміз.

Қолғабымызды киеміз.

Біз серуенге дайынбыз.

-Жарайсыңдар, балалар!

Серуенге немен баруға болады ?

Ал, бүгін біз ,серуенге жаяу барамыз.

( Жаяу әні қойылады С. Ибрагимовтің)

–         Міне, балалар біз қысқы орманға да келіп жеттік. Балалар, орман іші қандай керемет. Айналаның бәрі аппақ. Қане ,бәріміз орман ауасымен тыныстайық, мұрнымызбен терең дем алайық.

(Тыныс алу жаттығуын жасайды  ұлпақарларды үрілеу)

Балалар ,сендер білесіңде ме орманда қандай аңдар мекендейді?

-Дұрыс айтасыңдар.

Ал, қыста қандай орман аңы ұйықтайды?

Мына жерде орман аңдарының іздері жатыр, қане  сол іздермен жүріп көрейік.

Балалар, енді кішкене отырып дем алайық орманның тамаша таза ауасымен тыныстайық.

(Шырша түбіне көжек  жылап отырады)

Балалар, кім  жылап отырған?

-Көжек сен неге жылап отырсың ?

-Мен  ойнап жүріп анамнан адасып қалдым.

-Кәне ,балалар көжектің көңілін көтерейік .

Ұзын құлақ сұр қоян.

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің

Келе  жатқан  томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Көжек : Рахмет , балалар. Менің көңілім көтеріліп қалды. Балалар, менің себетімде  Сабынды су көпіршіктері бар сонымен ойын ойнасақ қайтеді.

Қ/ойын «Көпіршіктер»

Көжек : Балалар, менің көңілім көтеріліп, қуанып қалдым.Ал мен кеттім өзімнің анамды тауып алайын.

Билингвальды компонет : марғау- кошка, снег- қар,қыс –зима,аппақ – белый, қоян –заяц.

 

Балалар,  көжек өзінің анасын тапқан болар. Марғау саған қысқы орман ұнады ма?

(Балалардың көңілін қорапқа аудару)

Балалар мына жерде бір қорап ты көріп тұрмын, міне қызық бұл не қорап болды екен. Қане, мен жақындап көрейін.  Тапсырма бар екен орман аңдарының құйрығын қайтарыңдар деген тапсырма бар екен.

Дидактикалық ойын тапсырма

Міне, тапсырманы орындадық.

-Ал енді мына қорапша ашылып қалар, не бар екен мұнда (қораптан мұнайып аққала шығады)

Аққала : Саламатсыңдар ма балалар ! Балалар, рахмет сендерге мені мына қораптан босаттыңдар . Мен осы орманда жасалған аққала едім, мені боран айдап осы қораптың ішіне айдап салып қойды. Мен орманда жүргім келеді, тапсырманы орындағандарың үшін рахмет.

Балалар, қане аққаланың көңілін көтеріп оған тақпағымызды айтып берейік.

Бір топ бала далада

Қардан соқты аққала

Мұрны сәбіз үп-үшкір

Көзі көмір қап- қара.

Аққала : Балалар , менің ойнайтын достарым жоқ және қолымда қолғабым жыртылып қалды.

Аққала,балалар саған ,жаңа қолғап пен аққала достарыңды жасап береді.

1- орталықта  балалар ермексаз бөліктерінен  аққалаларды жасайды.

2 -орталықта балалар дайын қолғапқа  түрлі- түсті қағаздар қиындыларын жапсырып әшекейлейді.

Аққала : Мен өте қуаныштымын рахмет сендерге балалар.

Ал менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Қимылды ойын «Мұздатамын»

Шарты : Аққаланың нұсқауымен дене мүшелерін (аяқ , қол, бет,мұрын,) суықтан сақтау. Ептілікті, шапшаңдыққа баулу.

Балалар, біздің балалабақшаға қайтатын уақытымыз келді, сау бол аққала.

Балалар біз бүгін қайда бардық?

Кімдерді көрдік ?

Көңіл күйлерін қандай ?

Аққалаға біз не жасап бердік ?

Ал , бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар, сол үшін көңіл көтеретін смайликтерді бергім келіп тұр.

Ал келген қонақтарға, сау болыңыздар дейміз.

Балалар қимылмен үш тілде өлең жолдарын айттады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқият тыңдап, марғаудың іс қимылын тамашалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарды көріп тығылып қалды.

Қар жауады.

Қыс мезгілі.

У,у,у,у деп қайталайды.

 

 

 

 

Марғау қуанып балалармен серуенге шығады.

 

 

 

Қысқы орманға киініп, серуенге аттанады.

 

 

 

Дайынбыз.

 

Автобуспен, шанамен шаңғымен, поездбен,ұшақпен.

 

Қуанады.

Таңғалу сәті.

 

 

 

 

Тыныс алу жаттығуларын жасайды, ұлпақарларды үрілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Таңғалып, аяушылық танытады.

 

 

 

 

Көжекке тақпақтар айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қуанады.

 

 

 

Ойнайды

 

 

 

Сөздерді қайталайды екі тілде.

 

 

 

 

 

Қорапқа назар аударады.

 

 

 

 

 

 

Ойынға қатысып, орман аңдарының кұйрықтарын өздеріне қайтарады.

 

Аққаламен амандасады.

 

 

 

 

 

 

Тақпақты айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ермексаз бөліктерінен аққалалар құрастырып мүсіндейді.

Дайын қолғапқа түрлі –түсті қағаздардың қиындыларын жапсырып әшекейлейді.

 

 

Ойынға қатысып, қуаныш сезімдерін білдіреді.

 

 

 

 

 

Қысқы орманға.

Көжекті, аққаланы.

Тамаша.

Қолғап пен аққала достарын.

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Қысқы орманға шыққанда саяхатқа шыққанда не көргендерін бейнелеп беруді білу керек.Өз жұмысын таныстырып әңгімелеуді біледі.

Түсінеді: Тапсырманы дұрыс орындай білуді. Аққаланың түр- түсін, жасалу жолдарын түсіну, жапсыру әдіс-тәсілдерін білу,

Қолданады : Мүсіндеу ,жапсыруды дұрыс қолдана біледі. Берілген тапсырмаларды орындап , ойынға белсене қатысты. Сұрақтарға тыңғылықты жауап беруді біледі.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.