Сабақ «Әдемі түлкі»


Аскербекова Жанерке  Талгатовна
Тәрбиеші 
«Балдәурен» балабақшасы КМҚК 

Мақсаты: Түлкі және басқа да жабайы жануарлар туралы білетін мәліметтерін   естеріне түсіру және толықтыру. Балалардың білетін ертегілерін   пысықтау. Дайын пішіндерді пайдаланып  ұқыптылықпен жапсыра білу дағдыларын қалыптастыру. Ұқыптылыққа, мейрімділікке тәрбиелеу. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: Теледидар, жіп

Билингвальді компониент: Түлкі-лиса, әдемі түлкі-красивая лиса

Сөздік жұмыс: түлкі, әдемі

Әлеуметік инклюзия: Шығармашылық кезінде балаларға барынша көмектесу.

Оқу іс-әрекеттің кезеңдері  

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Баланың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдасты-

рушылық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік.

 

Шаттық шеңбері

Армысың, алтын күн!

Армысың , жер ана!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

 

Здраствуй,солнце золотое!

Здраствуй, небо голубое!

Здраствуй  ,здраствуй, ветерок!

Здраствуй ,мой дружок!

 

Good morning, good morning,

Good morning, to you

Good morning, good morning,

We are glad to see you

 

Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар қонаққа келді. Сол кісілермен амандасып қояйық.

-Көңіл күйлерін қандай?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?

-Ал сендер күз туралы тақпақ білесіңдерме?

Хафиза, Алинара, Саяна, Адис, Жанель

-Ал күз мезгілінде жапырақтардың түстері қандай болады?

-(Телефон шырылдайды экраннан аю шығады)

Аю: Ало, ало балалар маған сендердің көмектерің керек мен ормандағы достарыма барамын деп адасып қалдым қоян досымның үйін тауып беріңдерші.

-Балалар, аюға көмектесеміз бе, олай болса орманға немен барамыз, жолымыз ұзақ болады, адасып қалмау үшін, қане, бәріміз бірге мына жіптен ұстап алайық, сонда адаспаймыз.

Міне, біз орманға да келіп жеттік. Орман іші қандай керемет. Балалар, мына жерде аю отыр екен. Саламатсыз ба аюжан. Біз саған көмек беруге келдік.

Қане балалар аю қалай жүреді?

Қалай ырылдайды?

Жарайсыңдар!

Аю: балалар бүгін қоян мені мерекеге шақырған . Ал мен қоянның үйінің түсін білмей  қалдым.

Қане, балалар аюжанға көмектесемізбе?

(Бөлмеде екі түсті үйшік тұрады)

Балалар мына жерде екі түрлі-түсті жол жатыр. Қане солардың түстерін айтайықшы?

Қызыл жолмен жүріп көрейік мына жерде қызыл түсті үйшік тұр екен. Қане тоқылдатып көрейікші.

Тук –тук-тук

(Қоян шығады)

Балалар қоянның қанша құлағы бар?

Қоянның қанша аяғы бар?

Қоян қалай секіреді?

Қоянжан біз сенің үйіңді іздеп жүрміз? Сенің неге көңіл күйің жоқ. Қане қоянның көңіл-күйін көтерейік

Тақпақ

«Ұзын құлақ сұр қоян»

«Ақ қоян» қимылды ойын

Міне , қоянның көңіл күйін көтердік.

Балалар мына жолдың түсі қандай?

Осы жолмен жүрейік.

Балалар мына жерде бір  үйшік тұр екен, қане тоқылдатып көрейік, үйшікте кім тұрады?

Тук –тук-тук

Түлкі: Кім бұл орман ішін мазалап жүрген?

Саламатсыз ба, бұл үйшікте кім тұрады?

Түлкі:   Мен түлкімін, түлкімін,

Тұнып тұрған күлкімін.

Бұлаң, бұлаң құйрғым,

Текке өтпейді бір күнім.

Саламатсыңдар ма, балалар. Менің қонағым болыңдар. Отырып демалып алыңдар.

Билингвальді компониент

-Ал сендер білесіңдер ме түлкіні орысша қалай атайды?

Адемі тулкіні ше?

Дұрыс айтасыңдар

Түлкінің түсі қандай?

Жүні қандай?

Құйрығы қандай?

-Қоянның құлағы ұзын болса, ал түлкінің құлақтары кішкентай.

-Ал менің ормандағы достарымды білесідер ме?

(Суреттерін көрсету)

-Балалар сендер ертегі білесіңдерме?

«Бауырсақ», «Қызыл тілпек», «Шалқан» т.б.

Қай ертегіде түлкі кездеседі?

Естеріңде болса бауырсақ барлық аңнан қашып құтылып, маған түлкіге алданып қалады ғой.

Ал мен ата мен апаның бауырсағын жеп қойғанмын.  Сол ісімен өкініп тұрмын. Сендер маған бауырсақ жасап бересіңдер ме?

Мен оны апа мен атаға апарып беремін, кешірім сұрайын деп едім.

Онда жапсырып дайындайық.

Сендер жапсырыңдар бауырсақты.

-Ендеше мен сендерге жапсыру жолын көрсетемін

-желімді қылқаламға батырып алып қағаз бауырсақтың артына жапсырамыз

Қауіпсіздік ережесі

-Балалар желімді ауызға салмаймыз

-киімімізге жақпаймыз

-ал енді өздерің жасап көріңдер

-Жарайсыңдар балалар рақмет сендерге

Мен бір бауырақты алып ата-ападан кешірім сұрайын.

Жарайсыңдар, балалар көп рахмет. Ақылды екенсіңдер.

-сау болыңдар.

-мына тәттілерді сендерге сыйлаймын.

Қорытындылау

 

Бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

Біз қайда бардық?

Біз кімге көмектестік?

Түлкіге біз не жасап бердік?

Балалар шаттық шеңберін құрып өлең жолдарын айтып, қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсіздер ме

 

 

-тамаша

-күз мезгілі

-суық

Тақпақтарын айтады

-қызыл, сары

 

-Балалар экранға назар аударады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қимылмен көрсетеді

 

 

 

 

 

 

-көмектесеміз

 

 

-қызыл және сары

 

 

Тоқылдатады

 

 

-екі

-екі

Көрсетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-сары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-лиса

-красивая лиса

 

 

-қызғылт сары

-үлпілдек

-иә, білеміз

-ұзын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жасап береміз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-ұнады

-орманға

-аю

-бауырсақ жасап бердік

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Орман аңдар, олар қандай ертегілерде кездесетіні туралы қосымша мәлімет.

 

Түсінеді: Дайын пішіндерді пайдаланып, ұқыптылықпен қалай дұрыс жапсыруға болатыны туралы мағлұмат. Түстерді дұрыс таба білу.

 

Қолданады: Ертегілерді бір –бірінен ажырата алады. Орман аңдарын дұрыс танып атай біледі. Сұрақтарға жауап беріп, түстерді дұрыс атайды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *