Әдістемелік әзірлеме «ХХ ғ. 20-30 жж. қоғамдық саяси жағдай»

Сулейменова Жайдары Турагуловна

Қарағанды қаласының  медицина колледжінің оқытушысы

Сабақтың түрі: дәріс

Сабақтың уақыты: 90 минут

Сабақтың мақсаты:
Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына талдау жасау, саяси қысым жағдайындағы республиканың сол кезеңдегі даму қорытындыларын шығару;
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Студенттерге тоталитарлық режим мен социализмнің сталиндік үлгісінің мәні мен сипатын түсіндіру, коммунистік партия билеген тұста Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау;
Тәрбиелік: Студенттерге халқының өткенін ұмытпауға, әділетсіздікке төзбеуге, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету;
Дамытушылық: Қоғамдағы құбылыстарды салыстыра отырып, айырмашылықтарды ажыратып білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландырып, ғылыми шығармашылық жұмыстарға жағдай туғызу;

Студент білу керек:

– Жеке басқа табынушылықтың шегіне жетуін

– зардаптары

– Сталиндік репрессия құрбандары

– Қазақстандағы ГУЛАГ түрмелері

Студент жасай білу керек:

-Хронологиялық кесте жасай білу керек.

-Карталар мен сызбаларды оқи білу керек.

-Тарихи оқиғаларға байланысты жеке көзқарастарын білдіре білу керек.

-Ғылыми терминдерді қолдана білу керек.

Пәнаралық байланыс:

«Мәдениеттану» «ХХ ғ. мәдениетіндегі адамның алатын орыны. Элитарлы және жаппай мәдениеттегі мәселелер»

Пәнішілік байланыс:

«Қазақстандағы ГУЛАГ»

Көрнекілігі:

Қазақстанның саяси картасы, тірек-сызбалар, ұлт зиялыларының суреттері, үлестірмелі топтамалар, презентациялар.

Студенттерге арналған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

«Қазақстан тарихы» Ч. Мусин А., 2008 ж.

Қосымша әдебиет:

«Қазақстан тарихы» 5 томдық кітап. «Қазақстан тарихы» 10,11 сынып оқулықтары.

Оқытушыларға арналған әдебиет:

Негізгі әдебиет:

«Қазақстан тарихы» Ч. Мусин А., 2008 ж. «Қазақстан тарихы» 5 томдық кітап.

Қосымша әдебиет:

«Қазақстан тарихы» журналы. «Қазақстан тарихы» Артықбаев Ж.

Дәрістің жоспары:

  1. Сталинизмнің орнығуы. Жазалау шараларының күшеюі.
    2. Қазақстандағы тоталитаризмнің көріністері.
    3. Қазақстан – лагерлер өлкесі.
    4. Зұлматты жылдар сұмдықтары.

 Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім-3 мин.

Психологиялық дайындық:
– студенттермен қалыпты психологиялық климат орнату;
– студенттерді үш ғылыми орталыққа бөлу, орталық жетекшілерін тағайындау,
ғылыми орталықтарға ат қою;
1. «Өлкетану» ғылыми орталығы;
2. «Тарих» ғылыми орталығы;
3. «Ақиқат» ғылыми орталығы;

Жаңа сабақты баяндау: Қазір біздің тарихымыздағы Сталиннің рөлі туралы айтыс тартыстар ұлғаюда. Оның тарихи тұлғасы қарама – қайшылықта айтылады. Тарихи  шындық позициясынан қарасақ, Сталиннің социализм жеңісін қамтамасыз етудегі, оны қорғаудағы үлесі шексіз, десе де осы жолда ірі саяси қателіктерге жол берді, оның өзі мен маңайындағылардың қателіктерінің арқасында халқымыз жапа шекті. Кей кездері бұл сорақылықты  Сталин білмеген деседі . Ал біз білетін құжаттар басқаша айтады, партия мен халық алдындағы Сталин мен оның маңайындағылардың жаппай қуғын – сүргін ұйымдастыруы мен заңсыздыққа жол беруі – кешірілмейді.Бұл барлық  кезеңдегі ұрпақ үшін тарихи сабақ. Осы негізде жаңа тақырыпты баяндау барысында студенттерге төмендегідей кестеге тақырыптағы басты ұғымдар, даталар, атаулар мен сандық мәліметтерді түсіріп отыруды тапсырдым.
«Ой түйін» кестесі: (15 мин.)

Басты ұғымдар Даталар  Атаулар, есімдер  Сандық мәліметтер 
       
       
       

 

Оқытушының кіріспе сөзі: Жоспардың бірінші мәселесін тірек-сызба арқылы түсіндірдім.
1-тірек-сызба (20 мин.)
«Ғылыми зерттеулерге жол ашық»
Әр ғылыми орталық алдын ала берілген тапсырмалар бойынша өз зерттеулерін талдап, қорытындылайды.
Шарты: -тақырыптың айқындылығы, нақтылығы ескеріледі;
-сөз байлығы, тіл шеберлігі ескеріледі;
-тірек-сызбалар арқылы қорғау;

1«Өлкетану» ғылыми орталығының зерттеуі
Тапсырмасы: Қазақстандағы тоталитаризмнің көрінісіне сипаттама беру
2«Тарих» ғылыми орталығының зерттеуі.
Тапсырмасы:
Қазақстандағы 1930жылдардың бас кезеңіндегі лагерлер жүйесіне сипаттама беру.
3 «Ақиқат» ғылыми орталығының зерттеуі.
Тапсырмасы: 1937-1938 ж. ж. сталиндік қуғын-сүргіннің ақиқат зардаптарына сипаттама беру. (М. Тәтімов дерегі бойынша)

                 30- жылдары Қазақстанда саяси билік ауысып, биліктің әкімшіл – әміршіл әдісі орнады. Ол Ф.И.Голощекин есімімен тығыз байланысты. Қазөлкелік партия ұйымының бірінші хатшылық қызметті ол – 1925-1933 жылдары атқарды. «Кіші Қазан »идеясының авторы. Билікке келген бірінші күнінен ауылдық экономикалық жағдайын түбірінен өзгертуге тырысты. «Азамат соғысына дейін жетсек те , ауылдағы байларды құрту – біздің басты мақсатымыз», деп іске кірісті.

Голощекиннің саяси портреті былайша жасалады:

–        көшпелі қазақ өмірі – жай ғана әдет, оны аз ғана уақытта өзгерте салу;

–        көшпелі өмірден отырықшылыққа көшу шығынсыз іске аспайды;

–        қоғамның анағұрлым жоғары сатысына өткенде мал басының азаюы – қоғамдық заңдылық;

–        Қазақстанда басқа алтернативтердің жоқтығы;

–        таптық күрестен қашып құтылуға болмайды, онда репрессияның болуы да сөзсіз;

–        өз істерінің кез – келген сәтсіз жақтарына коммунистер мен ұлттық зиялыларды кіналап отырды.

Тоталитарлық режим – «халық жауларымен», «зиянкестермен» күресте азаптау мекемелер жүйесін маңызды тірек етті. Бұрынғы Кеңес Одағында лагерлер жүйесі, арнайы жер аударушыларды қоныстандыратын поселкелер көбейді. Онда сотталғандар каналд       ар қазды, зауыттар салды, орман жұмыстарына тартылды, негізінен қол еңбектері пайдалынылды.

Тақтаға кесте ілінеді: (5 мин)

«1930-1941 жж. НКВД лагерлерінде жапа шеккендердің сандық динамикасы»

Жылдары 1 қаңтардағы саны

(адам басы)

Бір жылдағы

орта есеппен

(адам басы)

1930 179000 190000
1931 212000 245000
1932 268700 271000
1933 334300 456000
1934 510307 620000
1935 725483 794000
1936 839406 836000
1937 820881 994000
1938 996367 1331000
1939 1317195 1340000
1940 1344408 1400000
1941 1500524 1560000

I топ: «КарЛАГ»

II топ: «АЛЖИР»

III топ: «Степлаг»

(Осы тақырыптар бойынша студенттерге алдын-ала материалдар дайындау тапсырылып қойылады. Сол бойынша мәліметтер келтіреді). (17 мин)

Кестені толтырыңыздар: (өз пікірлеріңіз бойынша) (20 мин)

Репрессияға тек қана И.Сталин және Ф.Голощекин кінәлі Толығымен қосыламын Негізінен

қосыламын

Сенімсізбін Көпшілігімен келіспеймін Мүлдем келіспеймін

Тақырыпты бекіту: (5 мин.)

Уақыт өтуде. Барлығы өзгерді, адамдар басқаша өмір сүруде. Бірақ тарихтың сталиндік парақтарын Қазақстан тарихынан жұлып тастауға болмайды. Ол тоталитарлық жүйенің арқасында іске асты, миллиондаған адамның тағдырына әсер етпей қойған жоқ. Өткеннен қорқуға болмайды, тарихты бәрі білуі тиіс. Өйткені ол бүгінгіні қорытып, болашақты болжайды.

Үй тапсырмасы: «Біз не көрмедік? деген тақырыпқа эссе жазу»  (2 мин.)

Бағалау: Сабақ соңында әр топтың белсенділігі анықталып, топ ішіндегі белсенді студенттер білімі бағаланып, марапатталады. (3 мин.)

 

ҚОСЫМШАЛАР

Тақырыпты бекітуге арналған сөздік жұмыстары

 

Әкімшіл-әміршіл  жүйе – әкімшілдік  ету және  бұйрық  беру  әдістеріне  сүйенетін   саяси  биліктің  жүйесі.

ГУЛАГ 30жж. құрылған  КСРО   ІІХК-ның   лагерьдерінің  бас басқармасы.

Тоталитаризм- ХХ ғасырдың мемлекетінің өктемшілдік нысандарының  бір түрі, оның  өзіндік  тәніне сай  болып қоғамдық  өмірдің  барлық  салаларына  толық  бақылау  жасап, саяси  құқықтарды және  бостандықтарды  жойып, қоғамдық  өмірді  соғысқұмарлыққа  бағыттау   болып  табылады.

«Халық жауы» – әлеуметтік-экономикалық, саяси қоғамның мәселелері бойынша Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның ресми  саясатына қайшылық  білдіретін тұлғалар.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.