Күзгі баққа саяхат (ашық сабақ)


Лукпанова Елизавета Куанышевна
Воспитатель
Талдыкольский  комплекс  щкола-сад

Тақырыбы: Күзгі  баққа  саяхат

Білім беру саласы: Қатынас

Кіріктірілген білім саласы:

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты:

Білімділігі: Жемістер туралы түсініктерін молайту.

Дамытушылығы: : Балаларды әрбір жеміспен таныстыра отырып,  ой қиялын, тілдік қасиетін, ой түйсігін, зейінін, бейнелеу қасиетін  дамыту.

Тәрбиелігі:  Табиғатты сүйе білуге,  оны  ластамауға, өзінің екінші үйіндей сезінуге тәрбиелеу..

Әдіс тәсілдері: Көрсету,әңгімелеу, түсіндіру.

Қостілдік компанент: Жеміс- фрукты, бақ- сад.

Көрнекіліктер мен құралдар:Жеміс ағаштары, саябақ көркі, қоқыстар, шөптер, құлып және кілт.

Әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті Балалардың

 іс-әрекеті

Мотивациялық  қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Армысың, алтын күн,

Армысың, көк аспан.

Армысың, балабақшам,

Армысың, достарым.

Балалар шеңбер жасап , бір- бірінің қолынан ұстап тұрып тілектерін айтады.
Ұйымдастырушылық ізденістік – Балалар, қане ең алдымен тәрбиеші  апайлармен амандасып алайық!

– Балалар, енді менің жұмбағымның жауабын тауып көріңдер.

 

Өзі саябақ көркі, түстері жап- жасыл ұзын бойлы –

балалар бұлар нелер?

 

– Саябақта қандай ағаштар болады? Олардың жемістерін атап жіберейікші ,балалар.

Жарайсыңдар балалар, ендеше, бүгін біз саябаққа саяхат жасаймыз.

Балалар бақтың есігі құлыпталып тұр екен. Оның кілтін табу керекпіз.

-Балалар қараңыздар ана жерде Амина әжей жүр қане бақтың кілтін сұрап алайық.

Саябақтың құлпын ашып, әрбір жеміс ағашының тапсырмаларын орындайды.

Қимылды ойын:

“Ағаштарға көмек”

1.Кішкентай алма, алмұрт ағаштарының жемістерін жинап көмек көрсету

2.Ағаштардың айналасындағы қоқыстарды жинау

4.Жапырақтарды жинау.

Сергіту сәті «Тербеледі ағаштар»

Альфия келіп хабарлама айтады:

«- Достарым, достарым балабақшадан хабар әкелдім, сіздерді Арай апайларың  күтіп отыр, ал сау болыңдар»

Әжей өздерімен бірге балабақшаға жемістерден ала кетуді ұсынады.

 

 

– Сәлеметсіз бе!

 

–   Ағаштар

–  Алма, алмұрт , шие, т.б.

 

Балалар тәрбиешімен

саябаққа саяхатқа шығады.

 

Амина әжейге барып

кілтін сұрайды.

Балалар әжейден кілтті алады

Саябақтағы жеміс

ағаштарының тапсырмаларын

орындау.

 

 

 

 

Сергіту сәтін   орындайды.

 

 

Альфияның хабарламасын

тыңдайды.

Рефлексиялық түзетушілік Балалар біз бүгін қайда бардық?

Қандай ағаштар бар екен?

Біз оларға не істедік?

Сендерге саяхатымыз ұнады ма?

Жарайсыңдар, балалар қане бәріміз саябақтың есігін кілтеп кетейік.

Ал, балалар, тәрбиеші қонақтарға не айтамыз?

Себетімізді алып балабақшамызға, тобымызға барайық

 

Саябаққа саяхат    жасадық

Алма, алмұрт, шие, жүзім т.б.

Көмектестік

Иә ұнады

Бақтың есігін кілтейді.

– Сау болыңыздар!

Балалар себеттерін алып

топқа барады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар әрбір жеміс ағашы туралы толық мәлімет  алады.

Игереді: Табиғатқа деген қамқорлығы молая түседі.

Меңгереді:  Табиғатты ластамауды, әрбір жеміс аттарын .

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *