«Біз бауырмал халықпыз»


Айдосова Айнұр Құлынбековна
Математика пәнінің  мұғалімі
Зеренді ауданының әкімдігінің «Айдарлы негізгі мектебі» КММ

Мақсаты: Еліміздің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан ұлтар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, Қазақстан халқы ассамблеясының еліміздің саяси тұрақтылығын қаматамасыз етудегі алатын орнын атап көрсету, Отанды сүюге, достық, ұлжандылық, ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Біз – бауырлас халықпыз» тақырыбы, бірлік, татулық туралы нақыл сөздер, шарлар, ағашқа қонған көгершіндер.

БАРЫСЫ:

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

 

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Біз – бауырлас халықпыз»  тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер:

І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Зобаланда көп шеккен қасіретті,

Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.

Риза көңілменен елге деген,

Арнайды барша халқы ақ тілекті.

ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

І жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

ІІ жүргізуші:  Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

І жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сыза түспесе екен.

1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Биыл бізде Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл.

 

ІІ жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Балтабаев Самарбек Қабдрашұлы. Ендеше, Самарбек Қабдрашұлы  көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І жүргізуші:  Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жүрегемде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегем күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

ІІ жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

І жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 10  ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

Дархан: Нұрға бөлеп даланы,

Жырға бөлеп қаланы.

Мамыр келіп сипады,

Кекілімнен самалы.

Көркі, сәні жерімнің.

Мамыр – ырыс береке,

Мерекесі елімнің.

Диана: Как хорошо, что дружба есть на свете,

Она, как воздух, нам нужна!

Так пусть шагает дружба по планете

Пускай, как солнце, светит нам она!

Шахерезада: Жарасқан байрақтың мәні бар,

Көк аспан, күн – қыран сәні бар.

Көк байрақ – ашық күн кеңісім,

Алтын күн – белгісі жеңістің.

Диана: Дорогами творчества, дружбы и славы

Весна появляется гостьей желанной,

И ширится песня, подобная грому.

Мир миру! Да здравствует Первое мая!

Шахерезада: Достық бізге тым ыстық,

Бірлік – байлық, ырыс – құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса, жаса, тыныштық!

Қуаныш: Тілегі бір, жүрегі бір,

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз.

Бауырласпыз бәріміз,

Дос болайық бәріміз.

Ертағын: Доттығымыз жарасқан,

Ақпыз, қоңыр, сарымыз.

Қара жермен көк аспан,

Ортақ дала, тауымыз.

Ортақ жұтар ауамыз,

Отақ жарық күніміз.

Достық – туған анамыз,

Жердің ұлы – қызымыз.

Б. Қуаныш: Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан

Тілейміз – бейбіт күн

Ашық болсын кең асан

Ескожина Диананың орындауында: «Бейбітшілік сақталады»

ІІ жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік.

«Қара жорға » биімен шағын орталықты қарсы алайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

ІІ жүргізуші: Бүгін біздің кешімізге өзбек ұлтының өкілі келіп отыр. Олай болса, өзбек биін тамашалайық. (0 – сынып)

І жүргізуші: Мы дружной семьюй живём в Казакстане,

Татары, уйгуры и русские с нами.

Так пусть же крепнет во веки веков

Дружба народов всех возрастов

ІІ жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, сөз кезегін орыс ұлт өкілдеріне берейік. (1 – сынып)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І жүргізуші: Ортақ менен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан  – дей келе ортаға грузин ұлт өкілдерін шақырамыз. (2 – 4 сынып)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортаға украйн ұлт өкілдерін шақырамыз (3 – сынып)

 

 

ІІ жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,келе

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

Неміс ұлт өкілдерін шақырамыз. (5 – сынып)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

ІІ жүргізуші: Республикам менің,

Республикам менің,

Айбатым!

Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

І жүргізуші: сахнамыздың төріне татар биін орындау үшін 6 – сынып  оқушыларын шақырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ жүргізуші: Тілегі бір,

Жүрегі бір,

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз!

Жүргізуші: сахынамыздың төріне паляк ұлт өкілдерін шақырырамыз.

(7 – сынып )

 

 

 

 

І жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, кәріс биін                 тамашалауға шақырамыз. (8 – сынып)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ – жүргізуші:
Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, Өзбектер
Армян, түрік, грузин.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр – деп өлең жолдарында айтылғандай  Қазақстан барлық мемлекеттермен тату – тәтті, достық қарым – қатынаста олай болса ортаға енгуш ұлт өкілдерін шақырамыз. (9 – сынып)

 

 

І-жүргізуші:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!

 

ІІ – жүргізуші:
Өлеңді айтқан сайын асқарлады,
Осы болсын кешіміздің аяғы
Қошеметтеп ағайын қарсы алыңдар
Алдыңызда өнердің жас тарланы
5 сынып оқушысы Бибаев Қуаышты «Жаса Қазақстан » әнімен ортаға шақырамыз.

 

 

І жүргізуші:

Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, Өзбектер
Армян, түрік, грузин.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр – деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату – тәтті, достық қарым – қатынаста.

І жүргізуші: Бейбітшілік жасасын!

ІІ жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

І жүргізуші: Қазақстан жасасын!

ІІ жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

І жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

І-ІІ жүргізуші: Сау – саламатта болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *