«Отан үшін от кешкен батырлардың, ерліктері өшпейтін дастан бүгін» сценарий


Есіркеп Ақгүл Нұржанқызы
Алматы көппрофильді техникалық колледждің оқытушысы

Мақсаты: Кеңес – Герман соғысына қатысқан қазақ елінің асыл азаматтарының асқан ерліктерін мәңгілік ұмытпас үшін, олардың жанқиярлықпен, Отан үшін сұрапыл соғыста ерліктің үлгісін көрсеткендіктерін мақтаныш ете отырып, жастарды адалдыққа, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ерлерге құрмет көрсетуге, үлгі алуға, үлгілі болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар (Мәскеуқорғанысының, Сталинградтағы Павлов үйінің, Ленинградтағы қираған үйлердің бірінің  қабырғасында Жамбылдың суреті мен өлеңінің мәтіні жазылған суреттер, Рейхстагқа ту тігіліп жатқан сәттің суреті), макеттер (2-пулемет, ұшақ, ескі радио), интерактивті тақта, слайдтар ( Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы өмірлеріне арналған) мәңгілік от, карталар.

Жүргізуші:

Армысыздар, аса құрметті соғыс және тыл ардагерлері, ұстаздар, қонақтар және студент қауымы. Бүгін колледж студенттерінің күшімен дайындалған, Ұлы жеңістің 72 жылдық мерекесіне арналған, ерлерімізбен батырларымызды еске алу, олардың даңқын асқақтату мақсатында ұйымдастырылған, кешімізге хош келдіңіздер! Ұлы отан соғысы… ол біздің ақ шашты аталарымызбен әжелеріміздің ерлік пен қаhармандыққа толы биік рухын күллі әлемге танытқан соғыс. Жеңіс күні аға ұрпақтың жанқиярлық ісін ел жадында мәңгіге сақтауға арналған қастерлі күн.

Жүргізуші:

Все дальше и дальше уходят от нас сабытия Великой Отчественный войны но никогда не изгладятся эти дни из памяти тех, кто в полной мере испил и горечь отступления, и радость побед. Мы рады, сегодня приветствовать вас уважаемые ветераны, участники войны, труженики тыла! 22 июня 1941 года началась война. Война свещенная отчественная. В едином устремлении к победе, самоотверженным трудом  Родине слились фронт и тыл сплотились все народы огромной страны. Даже самые тяжелые дни войны народ верил в победу.

Жүргізуші:

1941 жыл 22 маусым халық еш мұңсыз, алаңсыз ұйқы құшағында. Бәрі тым-тырыс. Тек мектеп бітірушілер ғана түнімен қоштасу кешін тойлап, таң ата «Таң шапағын» қарсы алуға ауылдың сырты, көк майса аулаға шықты. Олар тым көңілді еді. Оларды асқақ армандары алға жетелеген-ді.

Жүргізуші:

1941 год 22 июнь страна жила мирной жизнью. Тишина! Ночь! Следующий день воскресенье. Выпускники школ празднуют, все вышли встретить рассвет. У всех приподиятые настроение! Все мечтают, верят в прекрасное будущее.

Жүргізуші:

Cахна. Мектеп ауласының көрінісі. № 30 мектеп деген маңдайшада жазу және «Жолың болсын, жас түлек!» деген жазуы бар плакат, ағаштар, гүлдер» Бір топ 10 шы сынып бітірген оқушылар. Ән айтып, мектеп бітіргендерін тойлап жатыр. Екінші бір топ егін егіп, күндегі шаруашылықпен айналысып жүр. И.Дунаевскийдің «Мектеп вальсі» әуенімен би билеп жүр.

Осы кезде радиодан Кеңес Одағының шекарасын бұзып, Германияның соғыс жариялағаны туралы хабар айтылады.

Радио сөзі «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған  Москва! Бүгін, 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарсына басып кірді..»  Жұрт абыр – сабыр , жылап – сықтау, абыржу. Іштерінен біреу қайрат беріп, қуаттандырып, жалынды сөз сөйлейді.

Оқушы: – Әй, халқым ұнжырғаларың түспесін фашистік Германия бізге соқтығысқан екен, олар біздің жерде ажал табады. Фашистерді өздерінің шыққан індерінде(апандарында) тұншықтырамыз.

Оқушы:

Жұлып кеткен тыныштықты арнадан,

Дауысы бар әлі күнге зарлаған.

Қырқыншы жылдар десе бір адам,

Тас болса елең етпей қалмаған.

Кімдерді айырмадың баласынан

Қанша бала айырылды анасынан,

Қыршын қиып өмірін талай жастың,

Талайларды айырдың панасынан.

Оқушы:

Июнь… Клонился к вечеру закат.

И белый ночи разливалось море.

И раздавался звонкий смех ребят.

НЕ знающих, не ведающих горя.

Июнь: тогда еще не знали мы,

Со школьных вечеров шагая.

Что завтра будет первый день войны,

А кончится она лишь 45-м. В мае.

Жүргізуші: Осылайша 1941 жылы 22 маусымында Кеңес Одағына Гитлер өзінің«Барбароса » жоспарын іске асыру үшін шекараны бұзып кірді. Фашистік – неміс армиясының қатарында 8,5 млн адам және 1,2 млн еріктілер болды. Кеңес  армиясынан 1,5 есе артық еді.

Брест қорғанысы

Жүргізуші:

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерін Брест қамалын қанды шайқассыз елестету мүмкін емес. Жаудың бес қаруы сай әскеріне алғаш кеудесін тосқан  Брест әскери гарнизонының жауынгерлері болатын. Оның қатарында 3 мыңдай қазақстандық жауынгерлер жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетті.

Жүргізуші:

Қамалға жау ұшақтары 1800 кг-дық жарықшақтық, жандырғыш және фугастық бомбалар тасталды. Қамалды қорғаушылар әрбір үй, әрбір қабат, әрбір бөлме үшін жан алып, жан берісті. Фашистер бұл майданда отатқыштарды, уландырғыш заттарды қолданып, бекініс –жертөлелерді су астына батырды. Шілденің 20-ы күні ғана майдан шебі шығысқа, Смоленскіге қарай ауысты. Брест қамалын каһармандықпен қорғаған 33 ұлттың өкілдері арасында қазақстандық жауынгерлер:

Ол Әдіразақ Малшев,Ол Жұматов Г.Ж

Ол Сыздықов Х.С. т.б.

Ол Баталов К.Б.

Ол Сабырбаев А.С.

Ол Ильясов болды.

Мәншүк туралы.

Көрініс: Көктемнің соңғы айы Мәншүк бірнеше майдандас жолдастарымен бригада батольоны тұрған жерге қарай келе жатқан сәті.    Олар бір-бірінен жас сұрасқанда  бәрі де 1922 жылы туғандар болып шықты.

Сонда Мәншүк күліп тұрып, сұқ саусағын шошайтып, өзінің сол қолы жағында келе жатқан құрдастарын нұскап:

Мәншүк: – Сен де, сен де менің құрдасымсың, Осы келе жатқан көпшілігіміз құрдас екенбіз.

Жігіттер: – Иә, Мәншүк, Ысмағұл мен Ыбырайым ағалардан басқаларымыз құрдастармыз.

Мәншүк: – Құрдастар – деді, Мәншүк бір кезде тоқтай қалып – бәріміз қосылып, қазақша бір ән шырқайықшы. Бұл жер біздің қаруымыздың дүрсілін ғана емес, халқымыздың әнін де естісін.

– Айтайық, айтамыз, Мәншүк.

– Өзің баста  біз қосылайық.

(Ол арқасындағы автоматын сырғытып алдына шығарып. Домбыра пернесінің құлағын шұқылаған сияқтанып, нәзік саусақтарының  ұшымен сәл бөгелді де,  асқақ әуенмен «Қара торғайды » бастады.)

Келеді қара торғай қанат қағып,

Астына қанатының – ай маржан тағып.

Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,

Айырылдым қапылыста сенен неғып.

Қа – а – ра   то – о– ор – ғай ,

Ұш – тың зо – о – ор – ға – ай,

Бей – ша – ра – а – а – а , шы – ы – рыл – дай – сын – ау

Жер – ге қонбай а – а – а – ай.

Мәншүк: Құрдастар – ау , қандай ғажап! Әніміз қандай тамаша еді! Ал енді Ысмағұл аға мына мерген аға екеуіңіз қосылып «Зәуреш» әнін шарқап жіберіңіздерші.

– Жарайды , деп Ысмағұл ортаға шықты.

Зәуреш әні

Мәншүк: Осы әнді естігенде төбе құйқам шымырлайды. Ысмағұл аға, сізге көп рахмет! Сөйте тура бұл әнді мен өзгеше жақсы көремін.

Ысмағұл: – Жә, жігіттер, Мәншүк! Демалайық, ертең жауапты күн.

Жігіттер: – Қош Мәншүк!

Мәншүк: – Аман сау болыңдар, ағалар,құрдастар амандықпен жолығысайық.

Жүргізуші: 1941 жылы желтоқсан айында  100-ші дербес атқыштар бригадасы   Великие Луки қаласына жетіп, бірден ұрысқа кірісті. Велекие Лукиді азат ету жолындағы ұрыстар аса ауыр болып, бұл қанды шайқастар он бес күнге созылды. 29-шы желтоқсанда бірнеше бекіністі жерлерін алып және немістердің 200 ге жуық солдаттары мен офицерлерінің көзін жойды.

Жүргізуші:  «215 биіктік» деген жерде пулеметшілер ротасы жау әскерлерімен бетпе – бет келді. Араларында Мәншүкте бар еді. Шептің сол жақ қанатында үш станокты пулемет қойылды. Ортадағы пулеметтің тұтқасын Мәншүк ұстады. Оң жақ қанатта бір өзі үш окопқа ие болып жалғасты.

Жүргізуші: Иә, сол күні Мәншүк біздің жауынгерлерімізге жол ашып, жауға оқты бората берді. Мәншүк тіпті өліп бара жатса да, жаны кеткен қолдарымен пулеметтің шаппа  тұтқасын қысып алып, соңғы демі біткенше айқасты. Мәншүк Мәметова жиырма бір жасқа толар толмасында фашистердің оғынан опат болды. 1944 жылы 1 наурызда Мәншүк Маметоваға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.

Оқушы:

Қара қыз қазақ қызы Мәншүк батыр,

Орнатқан дұшпанына заман ақыр.

Сұлатқан сан фашисті баудай турап,

Өнегең отаншылдық сайрап жатыр.

 

Қара қыз қазақ қызы қарындасым!

Қиғаш қас, оймақ ауыз, қолаң шашың!

Елімнің азаттығын ту ғып ұстап,

Ер болып еркін өскен замандасым!

 

Абырой атағыңа намысың сай,

Жаулардың төбесінен түсіріп жай.

Керемет кешегі еткен ерлігіңді,

Ешқашан ұмытпаспыз, жай қалқатай!

 

Жүргізуші: Әлия Молдағұлова Нұрмухамедқызы 1924 ж.15 маусым Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туылған. Әлиянің әкесі Нұрмухамед Сарқұлов кезінде бай тұқымынан шыққан ұрпақ ретінде қудаланған адам. Анасы ашаршылық кезінде бақша күзетшісінің оғынан қаза болған. Сегіз жасында жетім қалып, Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ол ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де, Әлия сол қалада оқиды. Кейін Әлия балалар үйінде тәрбиеленді.

Көрініс.Ленинград көшесінде сапырылысқан халық. Солардың арасында Әлия бір топ жастарға тапсырма беріп жатыр.

Әлия:- Бүгін комсомол қатарына қабылданғандар, түнгі кезекке шығасыңдар. Әрбір топ бөлінген үйлердің шатырларына шығып жанған өртті сөндіріп, жарылғышты алып тастауға тиіс. Келесі топ пионерлермен байланысып, танк өртегіштер жасау үшін бос ыдыстарды жинап, жарылғыштар дайындау керек.

– Біз жауды Ленинградқа жібермейміз. Революция астанасын жауға алдырмаймыз.

Жүргізуші: Осы кезде Әлия жүгіріп келе жатып бір жерде жатқан жас баланы көтеріп алады. Аулаға апарып су береді, бір тілім нан береді де, баланы жетектеп келе жатқанда бомба жарылады,  бала жансыз қалады. Баланың басын ұстап отырған Әлияның бойын кек кернеген күйі, жауға лағынет айтып, кек алуға ант береді.

Әлия: (жылап отыр) – Cәбидің не жазығы бар еді қанішер? Сәбиді қорғай алмасақ тірі жүріп не керек. Күнде өлімнен қорқып, арпалысқан тіршіліктен өлім артық. Ашығып өлгеннен, жағаласып өлген мың артық. Қасық қаным қалғанша өлгендердің кегін алам. Өмірілері көктей солған құрбыларымның, аштан өлген аналардың, жапа шеккен балалардың кегі үшін қайрат бер маған. Он екіде бір гүлі ашылмаған махаббатыммен ант етемін. Қанға қан, жанға жан.(сахнадан шығып кетеді)

Жүргізуші: Соғыс басталғанда Әлия небәрі 17 жаста болған екен «Майданға өз бетіммен келдім, қандай болсын жауынгерлік тапсырманы орындауға дайынмын» -деген еді.

Жүргізуші: Әлия 54-атқыштар бригадасын 4-батольонның  3-ші ротасының мергені. Ұрыс басталғанға дейін оның есебінде өлтірілген 35 неміс болды. Новосокольники ауданының солтүстік жағында болған шайқастарда Молдағұлова асқан тұрақтылық, ержүректілік, батылдық көрсетті. Соңында Әлия болған 4-ші батольон жауды Казачиха деревнясынан қуып Новосокольники – Дно темір жолын кесіп тастауға бұйрық алды.

Жүргізуші: Бұйрықты орындау оңайға түскен жоқ. Ержүрек жауынгерді байқап қалған гитлершілер сол шақта борандатып оқ жаудырды. Әлия жараланып етбетінен түсті. Әлия жараланғанына қарамастан «Алға» деп атой салып қайтадан жүгіре жөнелді де бірінші болып жау траншиясына басып кірді. 4-ші батольонның Әлия болған оң қанаты түгелдей атакаға шығып, қысқа ғана ұрыстан кейін жаудың қорғаныш шебін бұзып өтті.1944 жылдың 14 қаңтар айында Әлия Молдағұлова Казачиха түбінде ерлікпен қаза тапты. 1944 жылдың 4 маусым айында Совет Одағының Батыры атағын берді.

Оқушы: Болса да күткені таң, аңсары – нұр,

Он тоғыз жаспен,бітті бар ғұмыр.

Он тоғыз жас тағы сол Әлияны,

Күтумен сарғайды бел, шаршады қыр.

Сағынса жер- шалғынды, аспан – қазды,

Күтті ол бейбіт сәуле шашқан жазды,

Әлия майдандағы ерлігімен

Он тоғыз жас туралы дастан жазды.

Орынында жайсаң күндер, тұнық таңдар,

Есімін батырлардың ұлықтаңдар.

Он тоғыз жас толған – балғын ұрпақ,

Салмағын он тоғыздың ұмытпаңдар.

Оқушы: Даламыздың даңқысың,

Балаусы гүл балғын қыз.

Жанын киып халық үшін,

Жанып түскен жарық жұлдыз.

Мәңгі жасап жерде енді,

Биік бол деп таулардан.

Сенің балғын бейнеңді,

Жасап қойдық мәрмәрдан.

Оқушы: (Әлияның атынан)

Отан деген сөз көкейде жатталып,

Зор шайқасқа кеттік біздер аттанып.

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей  бақыт гүлін тақпадық.

Жетсек деген арманымыз көп еді,

Айтылған жоқ махаббаттың көп әні

Бізді туған күнімізбен құттықтап,

Ешкім бізге гүл ұсынған жоқ еді.

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз,

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз

Әлия әні

Хиуаз Доспанова туралы

«Түнгі мыстандар» «Түн перілері»

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО-да тек әйелдерден тұратын, тұңғыш, бірден-бір авиация полкі құралды. Немістер қыздарды: «Түнгі мыстандар» – деп атайтын. Аңызға айналған ұшқыш әйелдердің бірі – Қазақстандық Хиуаз Доспанова. Бірінші қазақ ұшқыш әйелі ретінде тарихта орын алды. Хиуаз Доспанова 1922ж.15-мамырда Гурьев облысының Ганюшкино аулында дүниеге келді. Хиуаз 1940жылы, Орал қаласындағы № 1 – мектепті алтын медальмен үздік бітіріп шықты. Ол мектеп кезінен-ақ аэроклубта жаттықтырылып, аттестатпен бірге ұшқыш қоры куәлігін алып шықты. Хиуаз Бірінші Мәскеулік медицина институтына түсті. Бірінші курс бітірген соң, 1941жылдың жаз айында Хиуаз демалысқа Қазақтанға кетіп бара жатқан кезінде соғыс басталды.

Жүргізуші: Көп ұзамай, Хиуаз әйелдерге арналған жаңа полкке, Марина Раскованың авиабөлімшесіне қабылданды.Хиуаз мерген-штурман  Юлия Пашковамен бірге ұшатын. Бірінші жарақатты Доспанова Кавказдағы шайқаста алса, екінші ауыр жарақатын 1943 жылдың 1 сәуірінде алды.

Көрініс.  Жасырыну мақсатында аэронавигациялық оттармен пайдалануға тиым салынғандықтан, түнгі тапсырмадан қайтқан  ұшақ  қақтығысып қалды. (Соғылған дыбыс). Біреуінде Катя Доспанова мен Юля Пашкова болса, басқасында – Лида Свистунова мен Полина Макогон болды. Катяның есінде тек кенеттен сатыр шығып, ұшақтың құлағаны… жерде, сынықтардың астында есін жинады. (қимылмен көрсету) Дәрігерлер Хиуаздың өмірі үшін күресуде.

1 ші-дәрігер: – Өмірін сақтап қалу үшін аяғын кесу керек – деді.

2 ші дәрігер: – Жоқ, мен бұл қызды аяғынан айыра алмаймын! Егер ол есін жинаса, оған аяқтары керек болады! -деп мәлімдеді.

Дәрігер:- Біз сенің аяғыңды кеспейтін болдық. Сақтап қалуға тырысамыз.(насилкада жатқан Хиуазды көтеріп екі санитар сахнадан шығып кетеді)

Оқушы: Хиуаз Доспанова 300 рет жауынгерлікпен тапсырмамен ұшып шықты. Өзінің полкімен бірге ол Германияға да ұшты.”Түнгі мыстандар”- Кубань, Тамань, Новороссийск, Қырым, Белоруссия, Польша егемендіктеріне қатысты.Тек Германия төңірегінің өзінде, қыздардың 2000-нан астам рет аспанға ұшқаны белгілі болған.Соғыс жылдары ұшқыш қыздар  2 902 980кг бомба, 26 000 жалынды снаряд пайдаланған болатын. Соғыста 32 қыз мәңгілікке көз жұмды…

Хиуаз Оралға 1945 ж, 23 жасында екінші топтағы мүгедек болып оралды. Ол енді ұшпады –  авиация  – соғыс сияқты артта қалды

Оқушы: Хиуаз Алматыдағы Жоғарғы партиялық оқу орнына түсіп, өзінің болашақ жолдасы Шаку Амировпен танысты. Екі ұл бала сүйді. Қазақстанның ОК-нің ЛКЖО хатшысы, Қазақ ССР-ы жоғарғы кеңесiнің депутаты болды. Алматы горком партиясының хатшы қызметін атқарды. 2004 жылы көзінің тірісінде, “Халык Каһарманы” атағын алды.

Оқушы: Хиуаз Доспанова соңғы жылдары далаға шықпай,  2008 жылы бас жамбасын сындырып, көп ұзамай  86 жасында қайтыс болды

2010жылы Атырауда ұшқышқа ескерткіш ашылды, Алматыда ол кісінің атымен көше аталды. Атыраудағы спорт сарайы да Хиуаз Доспанованың есімін алды.Ол жайлы “Хиуаз Доспанова-« Рахмет айтып үлгеру» атты деректі фильмі түсірілді. 60-жылдары Хиуаз Доспанова “Соғыс туралы естелік” кітабын жазды. Кітап екі тілде шықты – қазақша және орысша. “Эйр Астана” авиакомпаниясы Хиуаз Доспанованың атымен –  Embraer 190  ұшағын атады.

Ленинград қорғанысын суреттеу.

Жүргізуші: Немістердің 8 қыркүйекте бастаған Ленинград блокадасын бұзып өтудің сәті түскен жоқ. Ленинградты қорғаушыдардың Волхов пен Свирьдегі қимылдары дұшпанның барлық, Оңтүстік Ладога жағалауын басып алу және Ленинградты үлкен жермен соңғы байланысын үзу жоспарын бұзды. Қоршау жылдарда 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза болды. 1943 жыл қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ол 1944 жыл Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.

Көрініс. Қираған Ленинград қаласының суреті.  Қираған үйдің қабырғасында Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңінің мәтіні жапсырылған. Бірнеше адам сол өлеңге үңіліп оқып тұр.

Оқушы: Ж. Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі.

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің!

Нева өзені сүйкімді,

Бұлағындай көремін.

Көпіріне қарасам,

Көмкерген су көлемін.

Өркеш Өркеш жарасқан,

Шоқырлардай дер едім.

Жауда қалып Ленинград,

Жаралған жоқ көнгелі!

Жасағанмын өмірде,

Жау біткенді жеңгелі.

Саудыратып суйегін,

Топыраққа көмгелі.

Қазақстан жерінен

Тұтанғандай ел кегі,

Жолды кернеп қол кетпей.

Нева алабын қорыңдар,

Лениградтың ерлері!

Ұрпаққа үлгі болыңдар,

Заманымның өрнегі!

Ленинград ұл қызы,

Қайыспандар өренім.

Жауынгерлердің қарт Жамбылға жауабы: Тыңдаңыз, қарт, ұлдарыңыздың үнін.

Оқушы:

Әкеміз Жамбыл алыстан,

Ғасырды көрген данышпан.

Тыңдап құлақ салсаңыз,

Ұлдарыңыз майданнан

Жауынгерлік сәлемін

Қабыл көріп алыңыз.

Ұлыңды батыр сансыз мың,

Желіндей желпіп жеңістің.

Жолдаған сәлем жүректен.

Жолыңды жақсы тілекпен,

Күш берді қарт атаңыз.

Уа, қадірлі атажан,

Ұлы жолға аттанған.

Ұлдарыңа сеніңіз,

Жауды аяусыз қырамыз.

Тұрғызбастан ұрамыз,

Тазарғанша еліміз!

Көкорай шалғын көліміз!

Асуы асқар беліміз!

Босағанша жеріміз.

Тоқтамаймыз бір минут,

Таусылмасын деміміз.

Оқушы:

Оқып көр Москваның шежіресін

Кетірген кердең жаудың кежіресін.

Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен,

Тапты ол тар қыспақта не бір шешім.

Оқып көр Москваның шежіресін,

Көз алдыңа елестер не бір есім.

Оның бірі Сізге аға, Сізге іні,

Еске алшы, ет бауырың елжіресін.

Мол тартқан қан майданның ғаламатын,

Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.

Жан аға, жақсы аға – жетпес баға,

Кім сүймес Бауыржандай азаматын

Көрініс:  Шайқас алаңы. Б.Момышұлы мен И.В. Панфиловтың келбеті. Солдаттардың соғысып жатқан кезі)

Жүргізуші: Соғысты қысқа мерзімде аяқтау жоспары нәтиже бермеген соң фашистер ортақ Отан жүрегі Москваны басып алу үшін арпалысты. Танкілері, артиллериясы мен авиациясы екі еседен аса көптігін пайдаланып, 30 қыркүйек пен 2 қараша аралығында Москва бағытында шабуылын бастады.

Жүргізуші: Алматыда жасақталып, жан жақты әскери дайындықтан өткеннен кейін И.В.Панфилов дивизиясы қазан айының басында фашистер тарапынан қауіп төнген Москва түбіне жеткізілді. Келген бойда Волоколамск бағытында алты күн бойы жаудың үздіксіз шабуылуына тойтарыс бере отырып, сексендей танкіні қиратты, бірнеше жүздеген жау әскерін жоқ қылды.

Жүргізуші: Фашистер күшті танкі гүрілімен үрей туғызып, панфиловшылар окопына қарай оқ пен от шашып келе жатты. Сол сәтте Василий Клочков:     « Россия кең байтақ, шегінуге жер жоқ, артымызда Москва! » деп ұран тастады. Өңшең ержүрек жауынгерлер өздеріне қарай беттеп келе жатқан танкілер тізбегіне қарсы  тұрды. Иван Маскаленко танк астына кіріп, шынжыр табанын үзіп, өлім құшты. Асқар Қожабергенов жау пулеметінің ұңғысын көздеп, автоматтан оқ жаудырды. Осылай әр жауынгер соңғы демі біткенше фашистермен шайқасты. Бір адам шегінбеді.

Жүргізуші:

Аты аңызға айналған бұл шайқаста 28 панфильовшылардың 23-і қаза тапты. Неміс фашистерінің танктері олардың шегінен өте алмады. Жеңімпаздар ерлігі жоғары бағаланып, 1041 жылы 17 қарашада 316-дивизияға 8 дгвардиялық дивизия атағы берілді.

Жүргізуші:

Москва үшін адам айтқысыз сұрпыл соғыс жүрді. Жау қолы қатты әлсіреп, әрі қарай шайқасу қиын болды. Олар 55 мың әскерінен айырылып, кейін шегінді. Москваға екпіндеп келіп, тас-талқаны шыға жеңіліп Погорелое, Калинин, Невель бағытына қарай қуылып тасталды. Тек панфиловшылар қолынан фашистердің 70000 солдаты мен офицері жер жастанды.

Жүргізуші:

Адам айтқысыз ерлікке елеулі үлес қосқан халқымыздың қаhарман ұлы Б.Момышұлы Прикул қаласында фашистер тобын қырып ерекше ерлік жасаған 9 шы гвардиялық дивизияның командирлері. Олар жаудың 25 пушкасын, бес минометін, 45 пулеметін, 30 танкісін мыңдаған солдат офицерін құртты.

Жүргізуші:

Б.Момышұлының ерліктері аңызға айналды. Олар туралы ұзағынан айта беруге болады. Б.Момышұлы 3 рет Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылса да, ескерілмей қалады. Бірақ оны өз халқы батыр деп біледі. Ол Кеңес Одағының батыры атағынан да жоғары марапатқа лайық. Өмірінің соңына дейін ешқандай марапат та, атақ та көксеместен халқына қалтықсыз еңбек етті сондықтанда ол ғажайып аңыз адам.

Оқушы:

Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан,

Дүниеге ерлігімен танылған.

Кең жауырынды, Талғардай тік иықты,

Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

Қалтыраған атынан жау ордасы,

Панфиловтың жорықтағы жолдасы.

Даңқ туын майдандарда көтерген

Гвардия бөлімінің қолбасы.

Шежіресін жазып соғыс кезінің,

Бүгін сенің жырға айналды сезімің.

Бүгін тағы естіледі әлемге.

Айқастарда атой салған өз үнің.

Ел аузында ерлігі – аңыз, аты жыр,

Халқымыздың мақтанышы батыр ұл.

Қайрат-күшін қан майдандар сынаған,

Сенсің менің ардақтайтын бір ағам!

 

Жүргізуші: Ән «Мен сіздерді іздеймін» Сөзі М.Мақатаев. Әні Ш.Қалдаяқов. Орындайтын-Абдуллаев Жамбыл, 14 топ студенті.

Сталинград шайқасы.

Жүргізуші: 1942 жылдың жазында Еуропада екінші майдан ашылмауын пайдаланып, неміс фашистері Еділ бойындағы Сталинград қаласына келіп кірді.

Сталинград шайқасы көрінісін суреттейтін плакатқа салынған сурет. Ірі шайқас болған қалалардың картасын оқушылар өз қолдарымен салды және әр қала туралы айтылғанда олардың тұсындағы қызылға боялған шам жанады. (оқушылар шығармашылығы)

Жүргізуші:

1942 жылдың жазының ортасында жарты жылға созылған тарихи Сталинград қырғыны басталды. 29,38 атқыштар дивизиялары Калач қаласында фшистердің 300 мыңдық тобын қоршап, құртып жіберуге қатысты. Неміс – фашист әскерлерінің 28 дивизиясы толық талқандалды. Сталинградтың қақ ортасындағы бір үй үшін сержант Павлов ротасындағы жауынгерлері  58 күн шайқасты. Бөлімде орыс, украин, грузин, татар, қазақ, өзбек, тәжік, абхаз жігіттері бір үйдің адамдарындай бауырластық жағдайда, Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарды.

Оқушы:

Нүркеннің ерлігі мен айбын-даңқын

Жырлайды домбыра алып ауылда ақын.

Есімі ескірмесін, ен даланың

Сөнбейтін алауындай лауылдасын.

Отырып самолеттің рулінде,

Самғаса көк аспанның бір өрінде.

Ілескен ұшарында тілектес боп,

Арқаның ескек желі жүрер бірге,

«Қазақтың жас жігіті көкті қалап,

Қалайша дәл осындай бітті қанат?»

Деген ой басына оның келе қалды,

Орманнан күн асқанда тік сағалап…

…Қаптаған штурмовик қырпып өтіп,

Қалады аспанға атқыш сыр-сыр етіп,

Танктер колоннасын қуып жетті,

От шашқан айналасын күркіретіп.

Нүркеннің машинасы осы жерде,-

Селк етті шығар шақта тосын өрге

Тынысы тұншыққаннан тарылғандай,

Икемі келмей қалды жосуға енді.

Самолет жанып тұрған шүйілерде,

Жауының төбесінен түйілерде.

Құрыш қол қатып қалып, дәл нұсқады,

Фашистік колонна жиын жерге.

Гүрс еткен жарылыстың үні естілді,

Көрсетті қызыл жалын бұл екпінді,

Желбіреп қызыл тудай қайсар жанның

Жеңісін жырлағандай үдеп тұрды

 

Жүргізуші:

Достов облысын жаудан азат ету кезінде 808-ші ұшқыштар полкінің жауынгері Нүркен Әбдіров 16 рет ұшып шығып, фашистердің 12 танкісін, жауынгерлер тиеген 48 автомашинасын, 28 машинасы, 3 жанармай тиеген цистернасын, 18 оқ дәрі тиеген керуенін, 3 зеңбірегін жойып жіберді. Ұшағы жаңа бастаған соң Нүркен екінші ұшақпен келе жатқан жолдасы Алексей Писанкоға шлемофонмен: «Қош досым! Менің Қарағандыма, ардақты анама сәлем айт», деген сөзін аяқтамастан жұлдыздай ағып, ұшағын немістер танкілері колоннасының ортасына құлатты. «Ол: Жау колоннасы жастығым болсын!» деген ызалы сөзбен көзін жұмды.

Жүргізуші:

1942 жылы 19 желтоқсанда Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапқан Нүркен Әбдіровке қайтыс болған соң Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Жүргізуші:

1943 ж. Белгород – Курск шайқасында Дмитрий Бельгин ботальоны панфильовшылар ерлігін қайталады. Қазақстандық Сергей Луганский бір айда жаудың 32 самолетін атып түсірді.

Партизандар туралы.

Жүргізуші:

Қазақстандықтар майданда ғана емес, жау тылында да шайқасты. Белоруссия аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен топтар қатарында біржарым мыңнан астам жерлестеріміз болған. Олар: Ғ.Ахмедияров, Ғ.Орманов, Қ.Қайсенов, Н.Сыздықов, Ә.Шарипов, Т.Жангелдин, Ж.Саин, Ж.Ағеділов т.б.  Қасым Қайсенов, Әди Шарипов, Жұмағали Саин аталарымыз бейбіт өмірлерінде көптеген кітаптар жазып,халыққа танымал болды.

Оқушы: (Ж. Саин «Түн қатады партизан»)

Абыржымай ақырын

Теңселеді қара орман,

Мұздай темір құрсанып

Түн қатады партизан,

Қар құшады, мұз жайлап,

Қалтырамас біреуі

Көр қылсаң да ойбайлап.

Қатал қайсар жүрегі

Қайтпас боран кәрінен,

Қымбат елдің намысы

Партизанға бәрінен.

Берлинге шабуыл.

Жүргізуші:

1945 – жылғы көкек айының соңғы күні – гитлерлік фашизмнің соңғы жанталасы. Берлинге енген, айқындап жеткен 150-ші дивизияның  штабы фашистердің ордасы – Рейхстагтан қозы өрісіндей ғана жерде, Германия сыртқы істер министірлігінің жұрт «Гиммлер үйі» деп атаған ғимаратында.

Көрініс. Солдат киімін киген екі оқушы сахнаның екінші шетінен бірінші шетіне еңбектеген күйінде,  қойынына тығып алған Қызыл Туын Рейхстагтың суреті салынған үлкен плакатқа, орны белгіленіп қойылған жерге тігеді. Бұл мезгілде қатты жарылған бомбаның, зеңбіректің дауысы, зуылдаған оқтың дыбыстарын компьютер арқылы сәйкестендіріп беріледі.  Өте әсерлі шығады.

Жүргізуші: Рейхстагқа шабуыл жасаушы дивизия санына қарай 9 қызыл Ту әзірленген. 674 полкта арнаулы ту болмаған соң, өздері қолдан жасап алғаны бар – жалпақтығы да, ұзындығы да бір метр қызыл мата, таяқ сапты. Шабуылға белгі берілісімен полктың бір батольоны құрамындағы взвод командирі литенант Рахымжан Қошқарбаев бастаған топ: лейтенант С.Сарокин, ефрейтор Г.Булатов, қатардағы жауынгер В.Проворотов бірінші болып ту тігуге ұмтылды…

Оқушы:

Айтуға оңай жылжу жеті сағаттан асып, әйтеуір, ақырында Рейхстагка жетті-ау!

Рахымжан ұшып тұрып, қойынына тыққан туды суырып алып: «Гриша! Мә, ұста! Иығыма шық! Туды тік!» деп бұйырып иығын тоса қалған сәтте аяғына сарт етіп оқ тиді. Бір аяқтап тұрып, Гришаны тік көтерді. Жеңістің қызыл жалауы желбіреді!…

(Сахнадағы солдат киімін киген оқушылар: Ура!Уралап сахна сыртына шығып кетеді.)

Оқушы:

Жерден, көлден, аспаннан,

Соқты жауды  ел күнде.

Берлинде алғаш басталған

Бітті соғыс Берлинде.

Дүние жүзін жеңем деген дәмеден,

Сұм фашизм жұрдай болды бүгінде.

«Біріккенді жау алмайтын» қағидат

Тарихыма болды сабақ бұл күнде.

 

Жүргізуші:

1941-жылы майданға аттанған Рахымжан Қошқарбаев – Қазақстанның қазағының абыройын аспандатқан Азамат, Қаhарман -1988 жылы фәниден бақиға аттанып кетті.

Жүргізуші:

Н.Назарбаевтың әрекеті нәтижесінде КСРО басшысы М.Горбачев 1990 Бауыржан Момышұлына «Совет Одағының Батыры» атағын беруге ұйғарым жасады. Рахымжанға «Қазақстанның халық қаhарманы» атағын президент Н.Назарбаевтың жарлығымен 1999 жылы берілді.

Жүргізуші:

Орыстың майдангер жазушысы Борис Горбатов 1948 жылы «Литературная газетада» Ұлы Отан соғысы хақындағы бір мақаласында: «… Пора кончать сравнивать наших воинов с орлам и беркутом. Какой орел, какой беркут может сравниться с казахом Кошкарбаевым, который на моих глазах водрузил Знамя Победы над Рейхстогом, несмотря на сильный и уроганный огонь немцев!» деп жазды.

Жүргізуші: Роман Кармен 1949 жылы «Казахстанская правдадағы» естелік – жазбасында Рахымжанды іздеп:… Где, где сейчас Рахымжан! У меня сохранились кадры, отображающие доблестного война в тот момент, когда он прикреплял Касный флаг на крыше Рейхстага! – деп шын мәніндегі әділетті бағасы беріліп, халық бағалап жатқан болса, ол – нағыз ер. Өйткені халықтан биік ешкім жоқ.

 

Оқушы:

Әсем әндей, қоңыр күйдей,

Жылдан жылға жаңғырып.

Жаса, Жеңіс – ел ерлігі

Сен жасай бер мәңгілік!

Ғасырлардың қойнауында адасқан,

Ашылғандай қазақ үшін ақ аспан

Егеменді ел болуға бекіндік,

Сәтті жылы дәуір бастап, бақ ашқан.

Бүгінде бар армиясы айбынды

Қазақ  жерін қорғайды олар байырғы.

Сарбаздар мен сардарлары Сайма –сай,

Болдыртпайды қасірет пен қайғыңды.

 

ХОР  «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Ұлттық киім киген қыздардың орындауында – ҚАЗАҚ БИІ

70 жыл – Бейбіт көктем таң атқаны,

70 жыл – Шуақты күн ән таратты

Есімде содан бері жетпіс рет,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     «Қаhарман қыздары» Алматы 1965

2.     Т.Бигельдинов «Аспандағы айқұстар»Алматы 1963

3.     Р.Қошқарбаев «Жеңіс жалауы» Алматы 1979

4.     Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» Алматы 1975

5.     Рейхстагқа ту тіккен «Рақымжан Қошқарбаев туралы естеліктер» О. Темірханов. -Алматы, 2005. – 216 бет

6.     Қазақтар Ленинград майданыңда./ құраст.: Б. Жұмағалиев, – Астана: Елорда, 2005. -184 бет

7.     Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. – Алматы: Өнер, 2010. -320 бет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *