Діни сауаттылықты арттыру бүгінгі күннің басты талабы.


Оспанова Гулнар Турсынбаевна

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің оқытушысы

Ата заңында ар-ождан бостандығы туралы, дінге және діни нанымға байланысты кемсітуге болмайтындығы, сондай-ақ қандай дін болмасын, азаматтардың ерекшеліктеріне қарамастан тең құқылы екендігі айтылған. Әрине, бұл Ата заңда көрсетілген әрбір Қазақстан азаматының жеке басының құқығы және ешкім күштеп дінін, сенімін өзгертуге құқығы жоқ деген сөз.  Бүгін де біздің ел көп ұлтты мемлекет болып қана қоймай, көп дінді елге айналып отыр.[1] Діни бірлестіктерді бей-берекет тіркеп, олардың іс-әрекетін бақылаусыз қоюымыздың арқасында олар мыңдаған қандастарымызды өз бауырларына тартып үлгерді. Еліміз шын мәнінде әлемдегі дәстүрлі емес дін­дер­дің орталығына айналғандай. Басқаны айтпағанда, исламның өз ішіндегілер де қырық тар­маққа бөлінуде. Мысалы, мұсылмандықты шо­лақ балақ, қаба сақал, кебінге оранып жүру деп ұғатындар “Ахмадие жамағаты”, “Алля-Аят” (Фархатшылар) культтік-мис­ти­калық діни ағымы, “Ата жолы” (“Ақ жол”), тахриршілдер, таблиғшылар, са­ла­филер, такпиршілер, кораниттер болып сан­ға бөлінуде.

70 жыл Кеңес Өкіметінің қол астында болып, Құдай жоқ дегенге сенген халқымыз, тәуелсіздігімізді алғасын  ата-бабасының жолын қайта жалғауға мүмкіндік алды. Қолына ащы су ұстаған жастарды көрегенше, қолына құран кәрімді ұстаған ұрпаққа қарау сүйсіндіреді хақ. Мешітке ағылған жастарды көргенде іштей қуанады екенсің. Бірақ, бұл қуаныштың екінші жағы да бары қынжылтады.

Дін жолына түсіп, Алланың үйіне сенімін арқалап келген жастарға таза жол көрсете алатын көзі ашық, көкірегі ояу имамдар кездеспей, арам пиғылды арамза молдалар кездесіп, санасын улап жатқан жәйттар да жоқ емес. Әрине, бұл халықтың діни сауатының төмендігінен екені анық.

Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діндердің ара-жігін ажырата алмайтын жандар қоғамымызда әлі де көптеп кездеседі. Әсіресе жастардың арасында өте көп. Дәстүрлі дінде заң аясында жүйелілік бар. Дәстүрлі емес діндердің іс-әрекеттерін жүйелі бақылап отыру аса күрделі іс. Соңғы кездері бұрын – соңды атын естімеген дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі осының дәлелі. Соттың шешімімен Елімізде тыйым салынған діни ағымдардың біразы мыналар: «Әл-Каида», «Хизб-ут-тахрир», «АУМ Синрике», «Талибан қозғалысы», «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс», «Күрд Халық Конгресі», «Асбат әл», «Боз груд», «Орталық Азиядағы жамағат», «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс», «Мұсылман бауырлар», «Лашкар –е- Тайба» т.б. айта берсең тізімі 20-ға жуықтайды. Мұның бәрін білу әр адамның және, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін қажет.

Адам аяғы көп жүретін жерлерде «бақытты өмір» қандай болатыны жөнінде түрлі – түсті етіп безендірілген кітаптарды тарататын адамдар пайда болды. Тіркеліп, қанатын кең жая бастаған дәстүрлі емес діндердің атынан да, санынан да  шатасатын халге жеттік.

“Вайшнавтар”, “Бірлестік шіркеуі”, “Бахаи” сенімі, “Иегова куәгер­лері”, “Соңғы өсиет шіркеуі”, “Кришнаны тану қоғамы”, “Саен­то­логия” шіркеуі, “Мормондар”, “Сахаджа йога”, “Жаңа аспан”, “Жаңа өмір шіркеуі”… Тізе берсек, тым көп. Және олар елімізде тіркеліп алып, тыныш жатқан жоқ.  Белгісіз діни ағымдардың әрқайсысының етегінде бір-бір қандасымыз кеткен күннің өзінде ұлт қауіпсіздігіне қаншалықты қауіп төнетінін ойлай беріңіз. Негізінен, жұмыссыздар, өмірден өз орнын тап­па­ған­дар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, ислам дінін терең білмейтіндер мис­сионерлердің үгіт-насихатына тез ілі­гетін көрінеді.

Деректерге сүйенсек, 90-жылдардың басында Қазақстанда 500-дей діни бірлестіктер мен ұйымдар бол­са, бүгінде олардың саны 4000-нан асып кетіпті. Бұған негізінен “он адам бірі­гіп, діни бірлестік құрып, тіркеле бер” дей­тін заңымыз ықпал етуде.

Ағымға ерген азаматтардың сәбилерін тиісті меди­ци­налық тіркеуден өткізуден бас тартып, тіп­ті екпе егуден қашыртуы, басқа ағымға ер­ген жасөспірімдердің мектептегі оқула­рын тастап кетуі, мектеп жасындағы ұл-қыз­дардың музыка тыңдау – харам, мем­лекеттік Әнұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау, туға құрмет көрсетпеу, евангелші баптистердің “жер бетінде шекара болмауы керек” деп, Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеуі, дұрыс деген бағыттағы уағыздар жүргізуі түрлі діннің ағымында кеткендердің ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананы естен шығаруы­ның айғағы емей немене?!  Айта кетерлік нәр­се, жат пиғылды ағым­дардың жетегінде кеткен жастардың, жал­пы адамдардың қоғамға қайта оралуы өте қиын. Тіпті кейде мүмкін де емес.

Өйт­ке­ні оларды  Отан, отбасы, бірлік сынды қа­сиет­ті ұғымдар толғандырмайды. Сана­сы уланғандар тек көсемдері айтқанды екі айт­пай орындайтын машина сарбаздарға айнал­ғанын өздері де түсін­бейді. Бұған дәлел соң­ғы кездері радикал­ды ағым мүшеле­рін­ің бірнеше рет қылмыс­ты оқиғалардың ұйым­дастырушылары ре­тінде аталуы. Ал бұл қоғам үшін қорқы­ныш­ты емес пе?!

Бүгінде көптеген мектеп оқушы­лары мен колледж, ЖОО-ның сту­денттері атал­мыш діннің етегінен ұстау­да. Уаххабизм – сырт­тан қар­жыландырылатын, ұлт қауіп­сіз­дігіне қа­уіп төндіретін ағым. [4]  Олар жас­тар­дың албырт шағын өз мақ­сатта­ры­на тиім­ді пай­даланып, соңдарынан еріту­де. Ас­тана, Ал­маты, Қарағанды секіл­ді ірі қа­ла­ларда бұл ұйымның ошақ­тары бар. Білім және ғылым ми­­нис­тр­лігі, құқық қорғау орын­дары бо­лып, осынау ағымның алдын алуға жұмыла күш са­луымыз қажет.  Өйткені олар діннің атын жа­мы­лып, жастардың сана-сезі­мін улау­да. Сон­дықтан мемлекет та­ра­п­ынан ар­найы бағ­дарлама құрып, жастардың өзге ­діннің шыр­мауында кетпесі үшін алдын алу жұ­мыстарын атқаруымыз керек. Мәселен, интернет желісін мықтап бақылауға алса мәселенің біразы шешілетін сияқты. Әйт­пе­се бұ­дан ұлт қауіпсіздігіне үлкен қатер төнуде. Бұл ретте ұстаздардың атқаратын қызметі орасан зор. Мектептерде, колледждерде тәрбие сағаттарында көп қозғалатынын көріп жүрміз. Бұл да ұстаздың бала тәрбиесіне қосқан өзіндік үлесі.

Сон­дық­тан түрлі діни ағым­ның жетегіндегі жаста­рымызға араша тү­сер кез жеткен секілді. Дінтанушы Жарылқап Әлмұхаметов– «Бүгінгі таңда бізде түрлі діни секталар қап­тап кетті. Сондықтан діни бірлестіктердің ая­ғына тұсау салатын заңды қатайтуымыз керек. Және “дін­ді мемлекеттен бөлек” де­ген қате пікірді тоқтататын кез жетті» – деген сөзінің жаны бар секілді.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000483
  2. Сборник материалов по основным вопросам религиозной сферы: В помощь государственным служащим / Сост. Ж.Ж. Карашулаков, Е.Е. Ибраев. – Астана, Агентство РК по делам религий, 2014 г.
  3. Сборник материалов международной научно-практической конференции: роль религиозных конфессий в жизни немцев

Центральной Азии / А.Д.Ермегияев, К.М.Казкенов. – Алматы, 2002 г.

4.  Қазақстандағы жаңа діни ағымдар

http://mckr.kz/religii-v-kazahstane/novie-religioznie-dvizheniya

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *