“Тәуекел хан” сабағы


Әлиева Айнагүл Әнафияқызы

Ақтөбе қаласының №39 қазақ орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі

Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Тәуекел хан

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының Қасым хан тұсында саяси –әлеуметтік,экономикалық күш қуаты жағынан әлем таныған мемлект дәрежесіне көтерілуі себептерін түсіндіру,ішкі –сыртқы жағдайы,әдет-ғұрыптық заңы туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың елін,жерін сүюге ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Қазақ хандығын нығайтуға орасан еңбек сіңірген Қасым ханның қызметін бағалай білуге тәрбиелеу.

Білімдік: Қазақ тарихынан сүбелі орын алар тарихи тұлғалардың бірі Тәуекел ханның 16 жыл ел тізгінін ұстаған уақытындағы Қазақ ордасының ішкі-сыртқы саясатындағы ролін түсіндіру,Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік,күш-қуаты жағынан әлем таныған мемлекеттің іргесін нық ұстап отырған,сондай-ақ,қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның болғаны жайында айту ;

Дамытушылық: Өзекті мәселелерді өз беттерінше ізденуге, есте сақтауға,сөйлеу қабілетін дамытуға,сараптама жасауға, қосымша дерек көздерін пайдалану арқылы білімдерін дамытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға елін,жерін сүюге,қазақ хандарын дәріптей отырып,соның ішінде Тәуекел ханның тағлымы мол тарихи тұлғасы арқылы ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекілік: интербелсенді тақтаны пайдалану, электронды оқулық, карталар, қосымша дерек көздері т.б.
Түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау, сұрақ-жауап, әр түрлі зияткерлік тапсырмалар, картамен жұмыс
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушыларды түгелдеу,

б)Жоспармен таныстыру,

1)Оқушылар бүгінгі сабақ сәл ерекшелеу өтеді.Күнделігімізді ашып,бүгін неше сабақ және қандай пәндер болады,соны айтып жіберейік-деп оқушылардан сабақ кестесін сұрап және оны тақтаға жазып қою.

1)Математика

2)Тарих

3)География

4)Тәрбие сағаты

 

2)Оқушылар бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі күнде осы пәндерден өзінің пән мұғалімдері беретін болса,бүгін сол сабақтардың бәрінен мен беремін

Оқушы күнделігі.1-сабақ.Математика сабағы.Амал есеп.Тапсырмалар

1.1600:2+197+0,6 х 1000=1597ж

2.750 х 2+41 х 2=1582ж

3.2000:4+500х2+83=1583ж

4.5000:5+0,5 х 1000 + 97=1597ж

 

2-тапсырма.Осы шыққан сандарды реттестіріп тақтаға жазып Тәуекелдің қазақ қоғамындағы тыныс жайында жылдарымен байланысытырып жазу

2-сабақ.Тарих сабағы

Жоспары:

1.Тәуекел хан тұсындағы хандықтың сыртқы саясаты

2.Қазақ – өзбек қатынастары

3.Орыс мемлекетімен қарым-қатынасы.(3 минут беріледі, жоспар бойынша кітаптан мазмұнын қарап ауызша түсінгенін сұрау)

 

3-сабақ

География сабағы:

Жоғарыда айтылған оқиғаларды картадан көрсету

1.1582ж.маусым айында Тәуекел бастаған қазақ әскерлері Баба сұлтанның әскерімен шешуші шайқас өткізген жер.

2.1583ж.Тәуекел хан өзбек ханымен «ант беріскен шартты» бұзып Абдоллахпен кейбір қалалрды тартып алған жерлері

3.1454ж. орыс патшасы Степановты жауа ретінде Мәскеуден қай жерге жіберді?

4.1597ж. Абдоллах ханмен оның баласы арасында қайшылық туды.Оны тиімді пайдаланған Тәуекел Абдоллах ханды жеңген жерді ата

5.1598ж. Тәуекел хан Маураннахрға баса көктеп кіріп, оған қарайтын қандай қалалрды басып алды?

(Осы аталған оқиғаларға жауап берумен қатар, картадан қалаларды көрсету)

Қорытынды

Тәрбие сағаты

Сонымен оқушылар ерте заманнан бері ата-бабамыз армандаған еліміздің тәуелсізідігіне бүгінде қол жеткізіп отырмыз.Біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаев ел бақытың, арман-мақсаттары мен тәуелсіздігіміздің берік болуына ат салысып келе жатыр.Жастар мәңгілік еліміздің тірегі екенін айтып,оларға жақсы жағдай жасап отыр.Бейбіт елдің ұланы сендер елдің туын жықпай желбіретуге үміт артып жүрміз. Тәуелсізігіміз мәңгі болсын деп бүгінгі сабағымызды «Елім менің» өлеңімен аяқтаймыз.

Бағалау

Үйге тапсырма

Тәуекел ханның ерлігін жаза отырып, тәуелсіздігіміздің жетістіктерін қоса эссе жазу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *