Әдістемелік баяндама «Жас ұрпақты музыка арқылы тәрбиелеу»

Шарипова Кульнар Фермебаевна

«Сәтбаев қаласының №2 балалар музыка мектебі»  КМҚК

домбыра сыныбының оқытушысы

Жас ұрпақты немесе жеке тұлғаны музыка арқылы тәрбиелеу сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқынын тарихын, тегін, салт – дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып дамыту негізінің бірден бір көзі – мектептердегі жүргізілетін тәрбиелік іс – шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер  – білімді игеруі өскен ортаға тәрбиеге ғана емес, үлгі – өнеге берер ұстазға, отбасындағы тәрбиеге де байланысты. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп  – өну , ілгерілеу жоқ. Халықтық тәлім  – тәрбие ісінің негізгі бағыты – адамды, оның ішінде баланы тәрбиелеу. Оқыту мен тәрбиелеу алдында ата  – ана да, ұстаз да, қоршаған ұжым да жауапты.

Қазіргі қазақ мектептері тәлім – тәрбие бағытынан ауытқып, тек оқытумен ғана шектеліп қалмай сыныптан тыс жұмыстарға көп көңіл бөлінуде.Мұнің жақсы жағы мектеп оқушыларын, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршуіне жаман әдеттерге үйір болмауына көмектеседі. Жалпы мектептердің міндеті  – мектеп оқушыларының сыныптан тыс уақытын жай ғана өткізу емес, қайта әрбір бос уақытын өзінің жеке басы үшін сондай  – ақ қоғам үшін пайдалы болатындай етіп өткізуге үйрету болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстарда рухани  – мәдени және тәлім  – тәрбиенің алатын орны – оқушының бойында ізгілік құндылықтарының қалыптасу белсенділігі арта түсері анық. Сыныптас тыс жұмыстарда тәлім – тәрбие беруде оқушылардың жеке тұлғалық музыкалық шығармашылық қабілетін арттыру, музыкалық   – іс әрекеттерге белсенділікпен қатыстыру, өз бетінше ынталандыру негізінде музыкалық бейімділіктері мен қабілеттерін дамыту міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Сол себептен сыныптас тыс жұмыстарда тәлім  – тәрбие берудің мысалын алыстан іздемей – ақ ұлтымыздың құндылықтарын рухани тұрғыдан жаңғырту арқылы ұрпақ тәрбиесіне қолдануға болады.

Егер мұғалім сыныптас тыс сабағында тақырыпты меңгеруде шәкірттерді ойландыруға, білімін толықтыруға, тұлғалық мәдениетін дамытуға көңіл аударса, келесі бір сабақты халқымыздың салт – дәстүр, салт – сана көріністеріне негізделіп, қазіргі жеткіншек жете біле бермейтін халықтық ұғым  – түсініктерді, жөн – жоралғыларды  бүгінгі өмірге жанастыра көңіл аудартса, сол арқылы танымдық мақсат қояды.

«Музыкалық білім беру педагогикасы» атты оқу  – құралында, сыныптан тыс жұмыстарда тәлім – тәрбие және білім беруде шығармашылық негізгі топтарға бөліп;

–         Оқушылармен жеке жұмыс; – түрлі үйірмелердің шығармашылық бірлестіктердегі топпен жұмыс;

–         Оқушылардың үлкен  ұжымдарға қатыстыратын көпшілік іс  – шараларын қарастырған. Ал жеке жұмысқа музыкалық аспаптарда:

–         домбыра сыныбы;

–         сырнай сыныбы;

–         Фортепиано сыныты; т.б. жатқызуға болады. Яғни, әрбір оқушының қабілеті қарай бөліп, жеке дәріс береді. Сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық бірлестіктердегі топпен жұмысқа:

–         хор үйірмесі;

–         оркестрлер;

–         музыкалық аспаптық ансамбльдер;

–         балалардың музыка театры және т.б. Оқышалрдың үлкен ұжымдарға қатыстыратын көпшілік жұмыстарға – топпен жүргізілетін іс – шараларды жатқызуға болады. Оған музыкалық ансамбльдер:

–         халық аспаптар ансамблі, вокалды аспаптық ансамбльдер, ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар ансамбльдері жатады.

Сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық  – тәлім – тәрбиенің негізгі мақсаты халқымыздың музыкалық мәдениетін, мектеп оқушыларын музыкадан ләззат алып, өмір бойына көркемдік эстетиканы жан азығы ететіндей жас ұрпақты тәрбиелеу.

Қазақтың музыкалық мәдениетіне біртұтас мәдени – рухани  құбылыс ретінде оның пайда болу және қалыптасу жоларын зерттеу, музыкалық мәдениетті халықтың тарихи – әлеуметтік өмірімен байланыста саралау, халықтың музыкалық  – халықтық талғам  – түсінігін анықтау және оны ғылыми – танымдық жүйеге түсіру, әсересе,  музыкалық мұра туындатушы халық композиторларының өмірбаяндық, дерегі мен шығармашылық ерекшеліктерін зерттеу, сөйтіп жеке музыкалық туындыларың қасиетін, жеке тұлғалардың шығармашылық өрісін ғана емес, әрбір тарихи кезендегі мәдениетін төл қасиетін саралау сияқты өзекті мәселелер қазақ музыка тануында әлі де болса тереңдей зерттеуді қажет ететін мәселелер болып табылады.

Музыкалық білім беру  – тұлғаға біртұтас жан – жақты әсер етеді; факторларының бірі. Адамның жаңа құндылық бағдарын және дүние танымдық принциптерін қалыптастыруда көркем шығармашылық маңызды рөл атқарады. Музыкалық тәрбие  – тұлғаны қоғамның музыкалық мәдениетіне қатыстыру үрдісі. Музыкалық тәрбие жүйесі жалпы және арнайы музыкалық педагогиканың әдістер кешенімен негізделеді. Музыкалық тәрбие  – жастардың музыкалық талғамын қалыптастырудың мақсатқа бағытталған жүйесі ретіндедамыту, музыкаға эмоционалдық сезімін, оның мазмұнын түсіну және терең толғану қабілетін тәрбиелеу, халықтық тәрбиенің құрамдас бөлігі.

Leave a Reply

Your email address will not be published.