Сабақты ұйымдастыру. Сабак беру және оның методтары

Шарипова Кульнар Фермебаевна

«Сәтбаев қаласының №2 балалар музыка мектебі»  КМҚК

домбыра сыныбының оқытушысы

Ұлттық дәстүрмен салт  – сана тағылымын жас жеткіншектер бойына дарытып, оның жан дүниесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыру мақсатында домбыра тарту шеберлігін дұрыс меңгеруге тәрбиелеу басты мақсат.

Бүгінгі біздің негізгі тақырыбымыз ұлттық домбыра болғандықтан, сол қазақ домбырасының құрылысын, дұрыс түсіндіру домбырада отыруын құлақ күйінен бастау керек. Адамның көңіл күйі мен домбыраның құлақ күйі біртектес. Өйткені домбыраның құлақ күйі келмейінше, онымен ән – күй тарту мүмкін емес.

Сол себепті сабақты құлақ күйінен бастаған жөн сияқты. Сабақты әрі жемісті әрі қызықты өткізу үшін оқушының көңіліне қонымды және түсінікті болу үшін оқытушының сабақ беру сабақ өткізу методы оқушының ой  – өрісіне сай болу керек. Демек, оқытушының сыныпта сабақ беру методы әртүрлі болуы заңды. Оқушы домбыраны үйренгенде алдымен оның ерекшелігін ұлттық қасиетін түсіндірген өте жөн. Домбыраның бұрауы нота тілімен айтқанда кварта болады. Ре соль. Домбыра тартуды үйреткенде әуелі төмен қағысты қағып үйретуден бастаған жөн. Себебі, ол оң қолдың табиғи қозғалысына өте ыңғайлы қағыс. Сондай  – ақ домбырада орындалатын ән – күйлердің көпшілігі төмен қағыспен басталады. Оқушы қағыстарға біраз жаттыққаннан  кейін сол қол саусақтарынан перне басып үйренеді. Сол қол саусағы домбыра мойнының астына жасырмай, қойылымдық қалпын сақтап ұстау керек. Пернеден пергене ауысарда саусақтарды сәл босатып, ішектей бойлай сырғыта жылжыту қажет. Қолдың әрлі  – берлі қозғалысы кезінде иық, шынтақ буындарын жоғары не төмен көтермей білезік буынын бүкпей, алақанды домбыра мойнына тигізбей ұстаған жөн.

Аппликатура – музыка аспабын тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасу, алмасу тәртібі және олардың нотадағы белгісі. Орындаушылық шеберлік дұрыс қойылған аппликатураның маңызы өте зор.

Сабаққа дайындалу дегеніміз – сабаққа дейін оқушыға беретін репертуарды талдау, тексеру және ойнап көру деген сөз. Оқытушы, әсіресе домбыраға түсірілген басқа музыкалық шығармаларды өте мұқият түп нұсқасымен салыстырып тексеру керек. Ал оқушыға күй үйреткенде оқытушы, ең алдымен, ол күйдің ерекшелігін музыкалық құрылысын, формасын, орындау тәсілін өзі жаксы білуге міндетті. Әсіресе оның қағысына, аппликатурасына өте мән беру керек. Оқытушының ең негізгі, қажет деген орындау аппликатура белгілерін нота үстіне жазып беруінің, оқушы үшін пайдасы өте зор. Оқушысының музыкалық ой  – өрісі өсіп, түсінігі тереңдеген сайын, оқытушының орындалатын шығарманы  жан – жақты түсіндіру жұмысы азая түседі. Әрине бұл оқытушының бұған дейін дұрыс сабақ беру методикасының, ұғымды түсіндірілгенінің, жемісті қорытындысы болып саналады. Осының арқасында оқушының өз бетімен дайындалып, үйренуіне де қабілеті жететін болады.

Оқытушының келесі сабаққа жасайтын жоспары өткен сабақтың қорытындысына байланысты жасалады. Сабақ қалай өтті, оның қандай жемістігі мен кемсігі болды, келесі сабақта шығарманың қайсы жағына назар аудару керек, сабақ беру, түсіндіру тұрғысынан оқытушының методикасы оқушыға қалай әсер етті, міне осы мәселелерді қамту керек. Сабақтың жоспарында нотаға қарап ойнату, жатқа орындату сияқты пайдалы жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқытушы әр уақытта мынаны еске сақтауы керек. Музыкалық шығармаларды үйрету деген, ең алдымен оқушының орындаушылық шеберлігін, қабілетін дамыту деген сөз.

Күй орындау барысында дыбыс бояуы мен күшін өзгерту үшін оң қолмен ішекті домбыра бетінін әр тұсынан қақбаққа тіреу немесе көтеру дыбыс үшін азайту немесе көбейту үшін қолданылады. Оқушы оқытушысын өзінің әрі қатал сынсышы ретінде ұстаз тұтады. Егер оқушы берілген шығарманы жартылай немесе бүтіндей үйреніп, ойнай алмайтындай болса оқытушы соның себебін білуге тырысады. Сабақтың соңғы уақытта жалпылама түсіндіру методы на арналуы керек.

Бұл біріншіден, оқытушы оқушы ойнаған шығармының әуелі қиындау деген жерлерін ойнап, одан кейін оның басынан аяғына дейін орындап береді.

Екіншіден, оқушының үйге берген тапсырманы қандай дәрежеде орындап келгені жайлы кеңес өткізді.

Үшіншіден, келесі сабаққа оқушы не дайындап келеді, оны қалай дайындау керектігі туралы нақтылы тапсырма береді. Мұның бәрі тек ауызша түсіндірілмей, аспапта ойнап көрсетілуі тиіс. Қорыта айтқанда, оқытушының әрбір сабағы тиянақты, түсінікті болып,  бір  – бірімен астарласып, бірін – бірі толықтырып жатуы керек. Оқытушының сабақ беру методы әр сабаққа лайықты жаңаланып, өзгеріп отыруы тиіс. Сонда ғана оқытушының сабақ беру методы жемісті болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.