«Соңғы қоңырау» сценарий

Итжанова Рашида Нурумовна

Зеренді ауданы с.Айдарлы

Айдарлы орта білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі

Мектеп оқушыларының сапқа тұрғызылуы.

Рапорт «Директор мырза, мектеп « Соңғы қоңырауға»  арналған салтанатты жиынға сапқа тұрғызылды. Баяндаушы дене шынықтыру мұғалімі Исқожа К.Б.».

1-    жүргізуші; Құрметті оқушылар және қонақтар! Бүгінгі мерекенің иелері жас түлектерді қарсы алайық « Мектеп вальсі» музыка әуенімен 9- сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

 

 

2- жүргізуші

1. Жеңімпазы бол өмір- бәйгенің де,

Бүгінде кім жетеді қарап тұрсан,

Ақ көңіл, нағыз сүлу Дамираға

1- жүргізуші:

2.                                     Айтайыншы жырлап мен,шашып өлең.

Өзі сұлу, жарасар қасыменен.

Айжамал есте қалар әрқашанда,

Ұп- ұзын, әп- әдемі шашыменен.

2- жүргізуші:

Шыңгысқа мінеки, кезек келді,

Қызыл тілім жыр айтып безектелді,

 

Жігіт болды, байсалды ,әнші жігітіміз,

Талай сайыстарда, қорғады мектеп

намысын.

 

.

2- жүргізуші:

Жаның бай, өзін сұлу ертегісің,

Мінеки, ұшып барады ерке құсын,

Жақсы істі әрқашан ұйымдастырар,

Жания  сен- еліміздің ертеңісің!

1- жүргізуші:

Ақылы ұксайды көл дарияға,

Сыйлы әр кез жастарға да, қарияға. Әнеки, келе жатыр, жол беріңдер,

Бүгінгі тойдың иелеріне

 

 

 

 

 

2- жүргізуші: Қымбатты мектеп бітірушілер!

Өздеріне арналып қағылғалы тұрған соңғы қоңырау мерекесін ашық деп жариялаймыз.

1- жүргузіші:  Армысыздар аяулы да ардақты ұстаздар  қауымы, құрметті қонақтар, қадірменді ата- аналар, сүйікті шәкірттер!

2- жүргізуші:  Осыдан 9- жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған кіп- кішкентай балапандар бүгін міне, қанаттары қатайып, әр қияға ұшқалы тұр.

1- жүргізуші:

Еңбегін елге мәлім,

Бас иеді шәкірттерің!

Ақ тілегін көл – көсір

Құлақ түрер түлегің-деп

Мерекелік құттықтау сөз сізге беріледі

Мектеп басшысы: Балтабаев С.К.

(Оқу озаттарына мақтау қағаздарын табыстайды)

2- жүргізуші:  Жастар біздің жарқың болашағымыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан  халқына  жолдауында жастарға зор үміт артты.

Бүл сенімді біздің жекіншектеріміз де ақтайды

Мерекелік құттықтау сөз кезегі ауданнан келген қонаққа беріледі.

1- жүргізуші:.

Қоңырау үні сені әрбір білім сабағына шақырды.

Асыр салып ойнайтын құрбы- досыңмен сырласатын үзіліске

де үн қосты.

Жыл  сайын жарқын жазда тынығу үшін шығарып салып, қоңыр күзде білім күні сыңғырлап, сүйікті мектебіңмен қайта қауыштырды. Ал, бүгінгі қоңырау үні мүлде ерекше. Ол саған алтын ұя мектебің соғатын ең соңғы қоңырау! Осындай қимас шақта өздерінің ұстаздарға, мектепке, ата-аналарына деген тілектеріңді тыңдайық. Сөз кезегі сендерге – түлектер.

 

 

2- жүргізуші:

«Ат түяғын тай басар

Аяқтарын жай басар

Қоштасады сіздермен

Сегізінші сынып сөз кезегі сіздерде»

 

1- жүргізуші:   Өсті міне бойлары

Өсті міне ойлары

Қуанышқа ортақпыз  дей

Құттықтауға келіп қалды

Жас бүлдіршіндер,

Қарсы алындар түлектер! ( 1- сыныпқа сөз кезегі беріледі)

 

 

1- жүргізуші: Алғашқы ұстаз мейірбан

Ыстық қой кімгеде

Ырысы мол  айтар арқашанда

Сөз кезегі өзіңізде  құрметті: Бекжанова Сандуғаш   Амангелдіқызы)

 

2- жүргізуші: Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс –жазым.

Қалдырған мәңгілік,

Әрбір нақылың

Сөз кезегі өзіңізде ардагер ұстазым,

құрметті

Екатерина Еслямовна.

1- жүргізуші:  Абзал жан бар биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Қимастықпен салтанатты шақта бұл.

Қыз өсірді аяулы ару етіп,

Адалдықты ұстатты қару етіп,

Ата –ана ұстаздың үлгісін ап

Болып өсті қызыңыз инабатты.

Келесі сөз кезегі ата-аналарға беріледі.

2- жүргізуші:  « Қағылады , қазыр, әуенге бөлеп

Қағылады соңғы қоңырау

Қалайша жылдар тез өтіп кеткен

Шындық па осы япырау,

Соңғы қоңырау соғу» рәсімі Шыңғыс пен Надинаға жүктеледі.

Құрметті түлектер сендердін өмірлерін осындай қызықты да сыңғырлы болсын осы қоңырау үніндей.

2- жүргізуші: Ал  ендеше мектеп бітіруші түлектерді

ақ жолға, шығарып салайық

Емтихандарын ойдағыдай тапсырындар

Сапарларың сәтті болып,

Жолдарын ақ  болсын түлектерді шығарып салу.

Дене шынықтыру мұғалімі: «Мектеп түзулен, тік түр! Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы түсірілсін (барабан ұрылып тұрады)»

1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар қонақтар және оқушылар

Соңғы қоңырау мерекесіне арналған

Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айдарлы негізгі мектебі

 

 

 

 

Соңғы қоңырау

 

 

 

 

 

Дайындаған: Итжанова Р.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.