«Күзгі-мереке, Күз-береке»


Исқожа Арайлым Сайлаубекқызы

Зеренді ауданының акиматы КММ«Айдарлы негізгі мектеп жанындағы

«Балбөбек шағын орталғы» тәрбиеші

Жүргізуші: Армысыздар , балалар , қонақтар!

Алтын күзім тойланатын күн келді,

Жасыл далам , сары далаға айналып ,

Алтын күзге арналатын жыр осы еді

Құрметті балалар , қонақтар бүгінгі ертеңгілімізге қош келдіңіздер. «Күз–мереке,Күз–береке!» атты ертеңгілімізді  бастаймыз.

Қуандырып біздерді ,

Берекелі күз келді ,

Күз мезгілі тамаша ,

Көз тоймайды қараса,

Аяқ асты сап-сары

Төселгендей алаша,

– деп  бізге қонаққа келген күз айларын төрлетуге шақырамыз. (күз айлары төрлетіп орындықтарға жайғасады)

ортаға күздің  алғашқы айын – Қыркүйекті шақырамыз.

Қыркүйек (Жаңерке).

Сыңғырлайды қоңыраулар

Қыркүйектің айында.

Жас ұландар бара жатыр,

Өнер білім бағында.

Жүргізуші:Балалар, Қыркүйек құр қол келген жоқ оның бір тапсырмасы бар,өзіммен бірге сендерге жасырайын деп жұмбақ ала келіпті.

 

Жұмбақ шешу:

Жиын терін болатын ,

Қамбаға астық толатын .

«Қызыл қырман » ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың ? «Күз мезгілі »Аспай піскен
Қайнамай түскен.
Шешуі: Жеміс

 

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
Шешуі: Пияз
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні.
Шешуі: Сәбіз

Ұйқасын тап.
Күз болғанда атырап,
Сарғаяды …..(жапырақ)

Жүргізуші: Рахмет саған Қыркүйек айы, Қазан күздің дәл ортасы , бұл айды «қазан» депте , «ақырап»  депте атайды екен. Егінде астық жиналып болып , қамбаларға үйіледі. Ортаға Қазан Айын шақырайық.

Қазан айы(Анеля) :

Қазан айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Туыстық адал достықпен,

Бейбіт өмір жалғасты.

 

Жүргізуші:Қазан  айында да тапсырмасы бар екен.Кәнеки көрейік,мақал мәтелдерді айтайық.мен басын айтамын ал сендер жалғастырындар.

1.Еңбек түбі береке.

2.Жер тоймай — ел тоймайды.
3.Ағаш — жапырағымен,
Жер — топырағымен.
Мың алғыс саған Қазан айы, Қараша күздің соңғы айы , қыстың хабаршысы, жердің топырағы тон болып қатып , өріс тарылады.. Бұл айды басқаша «Қауыс» депте атайды екен . Келесі күздің соңғы  айы Қарашаны ортаға шақырамыз.

Қараша (Айғаным)

Күздің қараша  айында,

Жиын –терін бітеді,

Жапырақтар сарғайған,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Қараша өзіммен бірге күз сыйн ала келіпті . Олар мына қапшықтың ішінде жатыр. Ал олардың ішіне біреу басқа да заттарды араластырып жіберіпті,сендер сол артық заттарды   ажыратып беруге көмектесіңдерші.

(Қапшықтың ішінде жатқан түрлі заттарды көрсетіп , қайсы күз сыйына жатады , қайсысы жатпайтынын айтып беру керек)

 

Жүргізуші:Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл,жарқын жүз.

Сары алтынға малынған,

Жетті міне,Алтын күз!

дей келе  кезекті  алтын күзге арналған тақпақтарға береміз. Ортаға балаларымызды шақырамыз.

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жүрұрттың.Адай

 

Мен алмамын, алмамын,

Таңдайда қалар бар дәмім.Айша

 

Мен жүзім, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.Інжу

 

Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін.Мансур

 

(Балалар отырады,тарсылдаған жамбырдың дауысы естіледі.)

Жүргізуші:Ой,балалар!Естіп тұрсыңдар ма?Жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты.

(Жаңбырдың дауысымен залға бұлт кіреді.)

Бұлт:Сәлеметсіздер ме,балалар?

Балалар:Сәлеметсіз бе?

Бұлт:

Күзгі көк бұлт мен болам

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын

Қаласам қазірсендерге

Жаңбыр болып жауамын.

 

Балаларға жаңбыр шашады.

Жүргізуші:

Жаңбыр жаумай тоқтай тұр,

Дыбылынды соқпай тұр.

Саяғынды түгендеп,

Үйірінді соқпай тұр!

-Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.

Ән: «Жаңбыр».

Бұлт:Рахмет,балалар!Қандай әдемі ән!Сендер жамбырдан қорықпайсындар ма?

Балалар:Жоқ!(жүргізуші білдірмей қолшатырды алады.)

Бұлт: Аяқтарынды сулаймыз деп қорықпайсындар ма?

Балалар:Жоқ!

Бұлт:Қалай сендер барлықтарын батылсындар?

Жүргізуші:Міне біз қандай батылмыз!

(Қолшатырды жазып,балаларды астына тығылуға шақырамын.)

Бұлт:Сендердіғ ойнағыларын келеді ғой,мен сендерді тез ұстап аламын.

Ойын: «Қолшатыр» немесе «Жамбырдан қорықпаймыз»
Жүргізуші балалармен:

 

Жамбыр,жамбыр,жау,жамбыр!

Жамбыр келіп жауады

Тамшылары тамады.

(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды,бұлт орындықта отырып ұйықтайды.Бұлт балалардың даусынан оянып,лоарға су шашады,сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады.Екі үш рет ойнағаннан кейін орындарына отырады.)

Бұлт: Балалар,сендер барлығынжылдам және шапшаң екенсіндер,мен сендерді ұстап аламадым.

Жүргізуші: Бұлт сенімен өте көңілді.Балалар сенімен ойнады,күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты.Бізде күн жоқ екен. Қане, балалар,бәріміз күнді шақырайық.

(балалар орындарында отырып,қолдарын шапалақтап,аяқтарын тыпырлатып,күнді шақырады).

Күн келді.

Күн: Сәлеметсіндер ме,балалар!Сендер мені шақырдыңдар ма,достарым?

Балалар:Ия.

Күн:

Мен жарқырап төбеде

Нұрын шашып тұрамын.

Шушақ шашып бәріне

Бала жанын ұғамын.

 

 

 

Бұлт:

Күн,күн тоқтай тұр!

Сөзіме менің құлақ тұр.

Ішім толы суға,

Сусыз өмір бола ма?

Ендеше мен бәріне керекпін,мен мықтымын!

 

Күн:Жоқ,мен мықтымын!

(Бұлт пен Күн дауласып,аяқтарын топылдайды)

 

Жүргізуші: Тынышталындар,дауласпандар!Балалар,Күн мен Бұлтты татуластыру үшін Күзді қонаққа шақырайық.Қолымызға жапырақтарды алып билесек,күз бізді байқап,өзіде келіп қалар.

Би:Күзгі жапырақтар.

Күз келеді.

Күз:Сәлеметсіндер ме?балалар!

Ырысқа толы қоймалар,

Сабан тойы тойланар,

Берекелі күз болам.,

Байлыққа мұртың майланар.

-Сендер мені шақырдыңдар ма?

Жүргізуші:Сәлеметсің бе,Алтын Күз!Сені шақырған біздің балалар.Алтын Күз,сен  бізге көмектесші.Бұлт пен Күн екеуі кім мықты,кім бірінші деп дауласып тұр.

Күз:Олар неге дауласады?Кәне,Балалар,Күн мен Бұлтты татуластырайық.Ол үшін ойын ойнайық.

Ойын:  «Тамшылар мен Жапырақтар»

(Кілемнің үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. Бала шығып,бірінші себетке тамшыларды,екінші себетке жапырақтарды

жинайды.)

Күз: Жарайсындар,балалар!

Күн мен Бұлт тату болса

Бәрі де көңілді.

Орманда да әр жерде н

Саңырауқұлақтар көрінді.

Би «Саңырауқұлақтар»

(Би билеп жатқанда Күн мен Бұлт себеттегі тамшылар мен жапырақтарды алмалар мен алмұрттарға айырбастап қояды.)

Күз:Біздің достарымыз Күн мен Бұлт қайда кеткен?

Бұлт: Алтын күз,қарашы, біздің жапырақтарымыз бен тамшыларымыз сиқырлы екен!

Күн:Олар тәтті алмалар мен алмұрттарға айналып кетіпті.

Бұлт пен Күн себеттегі алмаларды балаларға көрсетеді.

Күз:Ендеше ешқашан дауласпандар,дос болыңдар!

Сергіту сәті:Қоян

 

Барлық кейіпкерлер Күн,Бұлт,Күз: Ал балалар,сауболындар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші:Балалар,міне біздің мейрамымыз да аяқталды.

Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды.

Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.

Берекелі бақ дәулет

Арта түссін тойланып.

Сау болайық бәріміз,

Келгенше күз айналып!

 

 

 

Мектеп басшысына,ата аналарға сөз беру.

Назар салып тамашалағандарыңыз үшін мың алғыс.Сауболыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *