Тәрбие сағаты «Шын дос»


Бердихожаева  Меруерт Умирзаковна

Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Мақсаты: оқушылардың арасындағы жағымды қарым – қатынас орнату, бір – бірін сыйлауға , адал дос болуға  баулу,коммуникативтілікті дамыту. Достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы оқушылардың достық қасиеттерін ұштастыру.

Көрнекілігі: интерактивті  тақта , слайд, нақыл сөздер, шарлар

Барысы:

Шаттық шеңбері

«Тілек  шамы»  арқылы  достарына тілек  айту

 

1.«Дос туралы жыр»  әнін  оқушыларға тыңдату

Әні С.Бәйтерековтікі

Сөзі Т.Молдағалиевтікі

 

 

 

 

 

Мұғалім:

-Өлең  кім  туралы?

-Өлеңде  не айтылған?

Дүниедегі ең қымбат, ең асыл, ең таза сезім достық емес пе? Бір-біріңді көзқарасыңнан түсініп, сөздеріңді айтқызбай    ұғатын, нағыз, шынайы достыққа дүниеде ешбір сезім жетпесе керек.

Ал, сол нағыз достықты, нағыз досты табу әр адамның арманы. Тапқан адам, әрине, бақытты адам екен.

Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады.

Ал, енді балалар, достыққа қарама-қайшы сезім –ол дұшпандық, сатқындық.

Әрине досы үшін жанын қиярға дайын, адал ниет, ақ көңіл адам жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ шын дос табу қандай қиын болса, мәңгілік дос болып қалу одан да қиын.

 

Өлең  жолдарын  құрастыру арқылы  сынып  екі  топқа  бөлінеді

 

1-топ

Іздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көріспесек сағыныштан жүдейтін,

Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.

2-топ

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,

Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

 

 

 

 

Топтық жұмыс

1-топ

«ДОС» күншуағын құрастырайық.

– Достық қалай сезіледі?

-Достық ұстаған кезде қандай болады ойлайсыңдар?

-Достықты қандай бояулармен бейнелер едіңдер ?

 

 

 

2-топ
Д – дүниедегі
О – озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.

Қандай ауа райын достыққа теңеуге болады?

Достықтың суретін қалай  салар  едің?

 

 

 

 

 

Жұптық  жұмыс

 

 

 

 

 

Екі дос

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

– Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, – дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

–          Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, – дейді.

–          Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

–          Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, – екі көзіңді ойып аламын.

–          Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, – дейді.

Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

 

-Мәтін  бойынша    оқушылар  пікірін білу, түйінді ойларын айтқызу.

 

Жеке  жұмыс  «Баламен бетпе-бет» бағдарламасы

 

 

 

-Дос  деген  кім?

-Достықты қалай  түсінесің?

-Шын  дос  болу үшін  адамда қандай  қасиет  болу керек?

 

Мұғалім:

Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке:

-Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.Жігіт келген соң,қарт:

-Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті.

-Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп:

-”Жігітті жолдасына қарап бағала”  дейді халық,-депті.

Айнымас досы бар адам –ең бақытты адам.Досы уәдесіне берік болса,досымен бірге болса,қолынан келген көмегін аямаса,жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос.Ондай досы бар адамның бақытты болмауы да мүмкін емес.

 

Мұғалім:

Бұл   мәтіннен қандай қорытынды шығарар едіңдер?

 

Жағдаяттар шешу.

*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?

*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?

*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?

*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сыйлықты  ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болды.Қимас досың сұраса берер ме едің?

 

 

 

Керек  кеңес:

Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

*    Досыңды алдамай, оған адал бол.

*   Досыңды қорлама.

*  Досыңмен қызықты шақтарды    бөлісе біл.

*  Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

*  Досыңның кемшілігін кешіре біл.

 

Қорытынды. Ж.Баласағұнның «Құтты  білік» дастанынан   үзінді

Екі   түрлі  достықтың  бар  себебі,

Сол  үшін  жұрт  табысады,  сенеді,

Бір  достық  бар  тәңірді алған  араға,

Болмайды онда  қалтарыс  та ,  нала  да,

Тағы  бірі  тек  пайда үшін достасар,

Мұнда  адамдық  болмас  түбі  қоштасар.

Достассаңдар тәңірді алып ортаға,

Жүгін  бөліс, ашуланба , шаршама.

 

Ақжүректі туыс,  жолдас,  бауыр  тұт,

Соларға  сен , болмас  қайғы , ауырлық.

Дос , туыс сол  қуанышта  қуанар,

Қайғы  келсе, қасында  боп  уатар.

Сүйсін  десең көп  достарың  өзіңді,

Тұз,  нан ұсын, жарқын ұста   жүзіңді.

«Ой  ағашы» сабақтан алған әсерлерін  оқушылар  жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *