Эссе «Мен жаңашыл педагогпін»


Темирбек Әсел Конуспекқызы
Мастеп производственного обучения
Алматинский колледж сервисного обслуживания

Педагог күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетілдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Барлығы да өзімізге байланысты. Біздер, педагогтар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, педагог мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

–         Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі
– Қызметке бейімділігі
– Кәсіптік білімі мен біліктілігі
– Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім
– Ұйымдастырушылық қабілет
– Заманға сай жаңашылдық

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *