Психологический тренинг «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеттілігі»


Базарбаева Гүлдариға Джетбисбайқызы

Жанаөзен қаласы білім бөлімінің “№5 балабақшасы” КМКҚ-ның

педагог-психологі

Мақсаты:
-ата-ананың мәдениет деңгейін анықтау, педагогикалық мәдениеттілік жайлы түсінік беру;
– ата-анаға балалармен қарым-қатынас стилі жайлы ой тастау.
Психологиялық тренинг барысы:
1. Фольгадан қуыршақ жасау арқылы өзін таныстыру;
2. «Ата-ананың педагогикалық мәдениеттілігі» туралы сауалнама;
3. «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы;
4. Арттерапия «Гүл бейнесінедегі менің отбасым»;
5. Кері байланыс.

Жүргізілу барысы:
Танысу: Сәлеметсіздерме ата- аналар! Фольгадан қуыршақ жасау арқылы өзіңізді таныстырасыз. Қысқаша отбасыңыз жайлы, отбасыңыз қандай және немен айналысасыз.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,

тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың хас жауы,
ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»
Әл-Фараби

 

Педагогикалық мәдениеті

(сауалнама)

ия – 1 ұпай, жоқ – 0 ұпай.

1.Сізге өз балаңыз ұнай ма?

2.Сіз балаңыздың не айтып тұрғаның тыңдайсыз ба?

3.Балаңыз сөйлеп тұрғанда оған қарап тұрасыз ба?

4.Сіз балаңызға айтып тұрған нәрсесінің маңызды екенін түсінуге мүмкіндік жасай аласыз ба?

5.Сіз балаңыздың айтып тұрған сөзін түзетесіз бе?

6.Балаңызға қателік жіберуге мүмкіндік бересіз бе?

7.Балаңызды мақтайсыз ба, құшақтайсыз ба?

8.Балаңызбен бірге күлесіз бе?

9.Күнделікті балаңызбен әңгімелесуге уақыт бөлесіз бе?

10.Қандай білім негізінде балаңызды тәрбиелейсіз?

а) педагогтар нұсқамаларының негізінде; (4 ұпай)

ә)ата-аналарға араналған дәрістерге барамын ;(3ұпай)

б) тәрбие туралы радио мен теледидардан хабарларды тыңдаймын; (2 ұпай)

в) өмірлік тәжірибемді пайдаланамын (1ұпай)

11.Сіз тәрбиеде қандай әдістерді барынша тиімді деп санайсыз?

а) мадақтау; (4ұпай)

ә) талап қою; (3 ұпай)

б) үйрету; (2 ұпай)

в) жазалау  (1 ұпай)

12.Мадақтаудың қандай түрін және қаншалықты жиі пайдаланасыз?

а) сөзбен мақтау; (4ұпай)

б) сыйлықтар беру;  (1 ұпай)

в) аймалау;  (3ұпай)

г) баламен бірге уақыт өткізу. ( 2 ұпай)

13.Сіздің ойыңызша, тәрбиелеуде жазалаудың қандай түрі тәрбиеге жақсы ықпалын тигізеді?

а) денелік жазалау;   (1ұпай)

б) сөзбен қорқыту;  (2ұпай)

в) ойын-сауықтан айыру;   ( 4ұпай)

г) өзіңіз реніш білдіру.(3ұпай)

4-8 ұпай.

Сізге өзіңіздің педагогикалық мәдениеті деңгейіңізге мұқият назар аударыңызға қажет, себебі қазіргі уақытты ол сізде төменгі деңгейде тұр. Алдыңызда тәрбие үрдісіне деген көзқарасты өзгерту бойынша маңызды мәселелер бар, сонымен қатар қажетті білім және дағдылармен қарулануыңыз қажет.

9-14 ұпай.

Сіздің педагогикалық мәдениетіңіздің деңгейін орташа деп айтуға болады; сіз үшін ең бастысы – жеткен жетістіктерге тоқталып қалмай, өзіңізді жетілдіру жолында алдығы қарай жылжу.

15-16 ұпай.

Сіз педагогикалық мәдениетің жоғары деңгейіне иесіз; оны балаңыздың есеюіне қарай жоғалтып алмауға тырысыңыз.

 

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің жоғарғы деңгейі

Ата-ананың тәрбие тәсілі:

– дербестігін ,  жас ерекшеліктерін ескереді;

-ынталандырады, жауапкершілікте болады;

– ашық қарым-қатынасқа дайын;

-тәртіп ережелерін талқыға салады;

– өздерінің  талаптарын өзгертуге жол береді;

-көмектеседі, сұраныстарына көңіл бөледі;

-балалардың ескертулерін ескеріп, тез түзелуге тырысады.

Жеке тұлғаның нәтижесі:

–  өзін бағалайды, еріктік қасиеттері ерте пайда болады;

–  өмірге бейімделген,  сенімді, жауапкершіл;

–  мәселені талқылауға қосылады, шешім қабылдауға ұсыныстар білдіреді;

–  ата-аналарының пікірі мен кеңестерін тыңдайды , талқылайды;

–  әрекеттерді ойлап істейді және басқадан да талап етеді;

–  дұрыс әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастырады.

 

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің орташа деңгейі

Ата-ананың тәрбие тәсілі:

–   бақылау деңгейі орташа;
–  бірақ қарым-қатынастары жылы;
–  басқарушылық рөлі мағынасы орташа;
–  баланың тұлғасын жоғары бағалайды;
–  кішігірім қателіктерін кешіреді;
–  онымен сөйлеседі, сенеді, шектеулер мен тыйымдар қоймайды.

Жеке тұлғаның нәтижесі:

–   қоғамда өзін ұстай алу және жауапкершілі  орташа;

–   есейе келе, әлсіздерге әлімжеттік көрсету;

–    еріншек пен немқұрайлық басым болады;

–    өздеріне деген сенімділігі төмен болады.

 

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің төменгі деңгейі

Ата-ананың тәрбие тәсілі:

– ешқандай шектеулер қоймайды;
– өзінің жеке бас мәселелерімен айналысып жүреді;
– қарым-қатынасқа жабық болады;
– баланың ішкі жан дүниесі қатты толғандырмайды;
– баланың талаптары мен сұраныстарына немқұрайлы қарайды;
– баларға көңіл аудармайды;
– жазалау мен ынталандыру әдеттерін ретсіз пайдаланады;

Жеке тұлғаның нәтижесі:

– бала бойында жағыну, жалпақтау сияқты қасиеттері пайда болады;

–  өз ойы болмайды;

–  шынайы көңілмен жаны ашып, аяушылық білдірмейді;

–  проблемалық мінез-құлыққа жақын болады.

 

 

 

 

 

“Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді”

Егер:

 

Баланы үнемі сынай берсе?
ол жек көруді үйренеді
Баланы мұқата берсе?
ол тұйық болуды үйренеді
Баланы мақтаса?
ол игілікті болып үйренеді
Баланы қолдаса?
ол өзін бағалауды үйренеді
Баланы жазғыра берсе,
ол кінәлі болып өмір сүруге үйренеді
Бала шыдамдылықта өссе?
басқаларды түсінуге тырысып үйренеді
Бала адалдықта өссе?
әділетті болуға үйренеді
Бала қауіпсіздікте өссе?
адамдарға сенуді үйренеді
Бала өшпенділікте өссе?
басқыншыл, кекшіл болып үйренеді
Бала түсіністік пен жылы шырайлы ахуалда өссе?
ол осы өмірде махаббатты табуға үйренеді
Балаға «Айналайын» деп айтудың

77 мүмкіндігі.

Балаға деген сүйіспеншілігіміз бен махаббатымызды білдіру арқылы оның өзін – өзі дамытуы мен шыңдауына себеп боламыз.

Ең бастысы – сол сөздерді шын жүрегімізбен білдіру.

«Сөйлемді аяқтау» жаттығуы
1. Отбасы – бұл…
2. Менің балаларым – бұл…
3. Отбасымның қуанышы – бұл…
4. Менің отбасымда ………………………… болғанын қалаймын
Арттерапия: «Гүл бейнесіндегі менің отбасым»
Жағымды әуен ойнайды. Әрбір ата-ана өз отбасын гүл бейнесінде салады. Әрбір жаттығудан кейін ата-ана ерікті өз ойымен бөліседі.

«Гүл бейнесіндегі  –  Отбасы суреті» әдістемесі.

автор: Л.Лебедева

Мақсаты: Отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін, отбасылық жылуды, қарым-қатынасты, бір біріне жақындықтарын бақылау.

Орындау ережесі: Әр кім өзінің отбасындағы мүшесін гүлге теңеп сурет салуы керек.

Құрал жабдықтар: интерактив тақта, ақ қағаз, түрлі – түсті карандаштар.

Міндеті: Отбасы мүшелерін суретке түсіру ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан қарым-қатынасты клиенттің бағалауы және одан әсерленуі, мазасыздануын анықтау.

Нұсқау: Отбасыңыздағы әрбір жанды өзіңіз қалаған гүл бейнесімен бейнелеңіз.

Суреттер бойынша интерпретация

Суреттерді талдау: Қатысушылар өз суреттеріне қарап талдау жасайды.

1.     Суреттен қандай көңіл-күй сезіледі? (немесе сурет  қандай көңіл-күйді білдіреді?)

2.      Не нәрсе ерекше көріндер? (Отбасының әр мүшесінің жеке тұлға ретінде суреттелуіне және бейнелердің қайталануына мән беріңіз).

3.     Қоршаған ортада өсімдіктер өзін қалай сезінеді,  қаншалықты табиғи көрінеді?

4.     Суретші қандай сезімдерді көрсеткісі келген?

5.     Суретші қайсы нысанға көп көңіл бөлген?

6.     Автордың өзі суретте қандай орында тұр?

7.     Гүлдер өзара қалай жайғастырылған?

8.     Барлық отбасы мүшелеріне суретте орын жетті ме?

9.     Шын мәніндегі отбасы бейнеленген бе, әлде қиялдағы отбасы ма?

10.                       Гүлдер арасында қайтыс болған туысқандар мен жақын ағайындар бар ма?

Суреттер бойынша интерпретация келесі 4 құрамды бөліктен тұрады:

·        Суреттің құрылымын талдау.

·        Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері.

·        Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне көніл аударуы

·        Суретте қолданылған символикалар және оның мағынасын талдау.

Зерттеу барысы:

Суретті салып болғаннан соң, қатысушылармен әнгімелесе отырып, келесі сұраныс бойынша жеке қатысушымен осы сұрақтарға жауап алу керек: Осы «Гүл бейнесіндегі  –  Отбасы суреті» әдістеменің ерекшелігі оған қатысушының отбасын, өзін-өзі бақылауы, қарым-қатынас ерекшеліктері, қатысушының отбасындағы әр адамға көзқарасы, мазасыздануы, шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді. Қатысушымен жеке байланысқа, тез тіл табысып, проблемаларын шешуге әрекет береді.

«Гүл бейнесіндегі  –  Отбасы суреті» деп аталып өткізілген арт-терапия ата-аналардың үлкен қызығушылығын тудырып, әркім өзінің, отбасындағы мүшелерінің рөлін жаңадан көргендей болып, қаншалықты отбасының тәрбиесі балаға әсер ететіндігін және осы отбасының татулығына ата-ананың жауаптылығы жоғары екенін білдірді. Соған байланысты мектеп психологқа деген сұрақтары да көп болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Отбасылық тәрбие. 1-кітап. 16 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *