«Саз және жалпы орта білім беретін мектептердің өзәра байланысы»


Утешкалиева Надежда Арахметулловна

Фортепиано сыныбының мұғалімі

БҚО, Жаңақала ауданы, Қ.Жантілеуов атындағы аудандық балалар саз мектебі

Өтешқалиева Надежда Арахметуллақызы, саз мектебінің ардагер ұстазы.

Саз және орта білім беретін мектептердің жетістістері арасындағы байланыс бұрыннан байқала бастаған болатын.

Балаға шыдамдылық, өнерге қызығушылыққа әрине, үлкендердің көмегі қажет. Негізгі мектебімен қатар саз мектебінде оқытын оқушыларға туғаннан берілетін жақсы қабілет пен интеллектуалдық орта өте қажет.  Ұстаздың және ата – ананың қолдауымен олардың сабағына көніл аударып отырса оқушы музыка сабағынан ешқайда кете алмайды.

Бұл сабақтар оқушыға көп тәрбие мен білім береді;

– Музыка – сөз бен істің ғажап байланысы.

– Музыка – әдемі саусақтардың қозғалысы.

Сигналдар қолдан кетіп, сазгердің басындағы миын жұмысқа жетелейді.

Біздің білетініміздей, «Шағын моторика сөйлеген сөзге әсер етеді, ал ол тура музыка сабағымен байланысты». Осындай сабақтар оқушының тілің дамытады, ол анық сөйлейді және түсінікті жауап береді.

Жанадан саз мектебіне келген оқушы парақтап оқуды бірден емес біртіндеп үйренеді. Ол бірден зейінін соған аударады. Келген күннен бірден кітапты беріп, ноталарды үйретіп, шығарманы ойнату үшін уақыт керек болады. Сабақта ұстаздың орындақтан тапсырмаларын мұқият қадағалап үйден тұрақты қайталауы керек. Содан кейін барып біртіндеп кітаппен жұмысқа көшеді.

Бұл сабақтар оқушыны шаршатпайды.

Жалпы орта білім беретін мектептердегі әр түрлі сабақтар оқушыға көп нәрсені үйретеді, қабілетін арттырады, сүйіспеншілігін оятады, дамытады.

Мұндай оқушылармен ұстаздың да еңбегі жемісті болады және өз жұмысын  ерекше жақсы көретін ұстаз жұмыстанады.

Екі мектепте де оқу үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Шығармашылық жауапкершілік – оқушыларды жан – жақты дамуына, үлкен күш қайрат береді. Музыка – біздің балаларымыздың жан дүниесін байытады, қанатын өсіреді., ой – өрісін кеңейтеді.

Саз мектебінде оқушы ұстазбен жеке сөйлесіп біліктілігін арттырады. Сондықтан саз мектебі оған ертегі сияқты көрінеді.  Жалпы орта білім беретін мектепке барғанда оқушы жаңа қырынан көрінеді. Сондықтан олар күтпеген жетістіктерге жетеді. Осы жетістіктер  оқушының жаңа  шығармашылық шыңға жетуіне бағыттайды.

Екі мектептің үстаздарына да бірігіп жұмыс жасау үшін, бала тәрбиесінің жемісі үшін әдістемелік нұсқаулықтар көп керек. Ұстаздардың бірлескен жұмысы оқушыны да, ұстазды да республикалық, халықаралық байқауларға қатынасуына жол ашады. Қазіргі таңдағы үздіксіз білім беруде талап өте жоғары. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұлы тұлға – ұстаз. Ол шығармашылықты ұштайтын мұғалім. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту арқылы шәкіртін шығармашылыққа жетелей береді.

Өз тәжірибемнен айтар болсам, мен саз мектебінде он жеті жыл фортепиано сыныбынан сабақ бердім. Кейін сырттай білімімді көтеріп, орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі мамандығын қоса менгеріп, жалпа орта білім беретін мектепке қызметке ауыстым. Өз тәжірібем осы екі мектептің бірлеске жұмысының нәтіжесі жоғары болытының байқадым. Нәтижесінде қоғам талабына сай тұлға қалыптасады.  Оқушы да жан – жақты болып өседі.  Музыка  адам жанының адамгершілік сапасына елеулі әсер етуге қабілетті. Осылай оқушы бір нәрсеге ұмтылып, орта мектепте де жақсы оқиды. Оқушылардың   дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор.  Жеке тұлға ретінде оқушыларды тәрбиелеу барысында нәтиже жоғары болады. Шығармашылық  мүмкіншілік бар оқушы тез қабілетін көрсетеді. Орта мектепте жақсы оқығаны оған саз мектепте  жылдам есептеуге сольфеджио сабағында, нотаны оқуға  көмектеседі. Отансүйгіштік қасиеттерімен, енбекқорлығымен, дарындылығымен жеке оқушы жеке тұлға осы жұмыстың нәтижесінде байқалады. Сондықтан,  өз жұмысына жанқиярлықпен қарау – білікті ұстаздың осы еңбек ету әдісі.

Музыка тек мектеп бағдарламасымен ғана емес қоршаған ортамен, табиғатпен, тарихпен, айналадағы сұлулықтың бәрімен тығыз байланысты. Өз мамандығын жете менгерген маман өнермен де, сұлулықпен де, табиғатпен де, қоршаған ортамен де өз сабағын байланыстыра алады.

Екі мектептің де сабақ өткізу мақсаты, бала тәрбиелеудегі ізгілігі бар. Бірақ әдіс – тәсілі әр – түрлі болады. Ол топтық сыныппен жұмыс және саз мектебіндегі жеке оқушымен жұмыс. Сабақтың мақсаты, барысы, ұйымдастыру бөлімі күтетін  нәтижесі бір болады да, тек әдістемесі ғана өзгереді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *