Методическая статья: «Инновациялық технологиялар білім сапасын арттырудың басты құралы»


Алибаева Улпан Сериковна
воспитатель ТОО «Дошкольный мини-центр «Бобек»

         Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын мұғалім ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда түйінді тұлға болып табылады. Бүгінгі таңда білім берудегі басты міндетәртүрлі әдіс – тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдана отырып оқушының пәнге деген қызығуларын арттыру және білім сапасын жақсарту.

Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет»  дегеніндей,  біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған,  өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз.

«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды.

Жаңашылдық – нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттылықты қажет етеді.

Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар шығармашыл қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр  мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, арттыруы шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. Сабақта мәселелік оқыту технологиясының басты мақсаты –оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдылығы мен шығармашылық икемділіктерін дамыту.    Оқу  материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу.Инновация көпсалалы,кең қолданыста. Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмаса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениет танушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады.

Жаңа парадигмалық жағдайдағы педагогикалық инновацияда (неология,аксиология,праксиалогиялық жағдайдағы) білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері мен даму бағыттарының кәсіби шығармашылық деңгейді көтерудегі басым бағыттары қарастырылады. Жаңа парадигмаға көшуде қазіргі таңдағы отандық және шетелдік зерттешілер (Роджерс, Д.Дьюи, Курт, Льюин, П.Ф.Каптеева, Ю.К.Бабанский, В.П.Сазанов, Г.С.Құдайбергенова және т.б) еңбектерінде ғылыми негіздердің педагогикалық-психологиялық, ғылыми, әдіснамалық бағыттары басшылыққа алынады. Зерттеуші ғалым Ф.Янушкевич «жаңа техналогиялық сабақ мұғалімнің өз әдісін жаңартуға арналған емес, оқушының пайдасына, қажеттілігіне арналу қажет, сонда ғана сапа болады» дейді.Бұл пікірге қосылуға болады.Өйткені педагогтің жеке тұлға қалыптастырудағы іс-әрекетінің  басты материалы – педагогикалық техналогия. Сондықтан мектепте жүргізілетін ғылыми — әдістемелік  жұмыстың негізгі бағыты, мазмұны, формасы, мақсат пен міндет айқындалса, бұл мектепте оқу – тәрбие үрдісінің сапалық деңгейі жоғары болары сөзсіз. Ал оқу тәрбие үрдісінің техналогиясы – оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған мақсат, мазмұн, құрал, форма және әдістер жүйесі. Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс тәсілдерін инновациялық педагогикалық техналогияларды игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақтытәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды қажет етеді.

Ұлы ойшыл ғұлама әл-Фараби «Адам бойындағы ең үлкен қасиет – қабілет өмірді түсіну, қанағаттұту, ұстанымдылық және өзгеге ұқсамайтын даралық» деген. Ғұламаның осы өмірлік ұстанымы бүгінгі білімнің  басты үйлесімділігінде екеніне көз жеткізуге болады.

Сонымен инновациялық технология дегеніміз – педагогтың білімі, білігі, иннтеллектуалдық, кәсіби әдіс-тәсілдер жүйесін қолданудағы шығармашылық қабілет жиынтығы, мұндағы қажеттілік,қабілет,мүмкіндіктентуындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Білім беруді дамыту үрдісінің әлемдік үрдіске кірігуі,дамыған елдердің стандартына деген ұмтылыс қоғам дамуындағы қажеттіліктерді туындатып отыр. Педагогикалық технология жетілдірілген оқыту мен тәрбие жүйесін құру және оқу-тәрбие үрдісін жобалаумен айналысады.Педагогикалық технология басқарылатын қайта жаңғыртылатын оқу тәрбие үрдісін жобалауды көздей отырып , білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал тәсілдердің жүйесін құрайды. Оның негізгі құрылымдары мыналар болып табылады:

-тұжырымдамалық негізі:

-мазмұндық бөлігі:

-әрекеттілік бөлімі-техникалық үдеріс.

Педагогикалық технологияның тиімділігі педагогикалық шарттарға байланысты. Педагогикалық шарттарға, ең алдымен,педагогтің дербес ерекшеліктері: тұлғалық даралығын, мәдениеттілігін, қызығуын, т.с.с.жатқызуға болады.  Сонымен бірге, оқушылармен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен кәсіби шеберлігі ерекше мәнге ие болады. Сабақты оқытуда жаңа педагогикалық технологиялардың көптеген түрлерін пайдалана отырып сабақ өткізуге болады. Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуін мына кестеден көруге болады.

Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуі:

 

Оқушы іс-әрекетін белсендіруге негізделген педагогикалық технология
Оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқаруға негізделген педагогикалық технология
Оқу материалын дидактикалық-әдістемелік жетілдіруге негізделген педагогикалық технология
-Тірек белгілері мен тірек конспектілері негізінде оқыту технологиясы

(В.Ф.Шаталов);

-Ойын технологиясы;

-Проблемалық оқыту технологиясы;

-Жаңа ақпарат-коммуникативтік технологиясы;

-Витагенді оқыту технологиясы

(А.С.Белкин);

-Тренингтік технология;

-Интеграциялау технологиясы;

-Өздігінен даму технологиясы

(М.Монтессори);

– Дамыта оқыту технологиясы

(Л.С. Выготский), Л.В.Зенков, Д.Давыдов).
-Бағдарламалап оқыту;

-Саралап оқыту технологиясы(В.В.Фирсов, Н.П.Гузик);

-Жекеше оқыту технологиясы (А.С.Границкая,В.Д.Шадриков)

-Оза отырып оқыту технологиясы(С.Н.Лысенкова);

-Топтық және ұжымдық оқыту технологиясы(И.Д.Первин,

В.К.Дьяченко);

-Компьютерлік оқыту технологиясы;

-Модульдік оқыту технологиясы;

-Мультимедиялық технология;

-Жобалау технологиясы.
-Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (П.Э.Эрдниев);

-«Мәдени диалог» технологиясы;

-«Экология және диалектика» жүйесі(Л.В.Тарасов);

-Ойлау іс-әрекетін кезеңімен қалыптастыру теориясын жүзеге асыратын технологиясы

(М.Б. Волович);

-Сатылай кешенді талдау технологиясы (Н.А.Оразахынова);

-Бейнетехнология.
Жаңа педагогикалық технологияны қолдана отырып,оқытуда төмендегідей басты ұстанымдарды ескеру қажет:

1.Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану арқылы оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз жүргізу.

2.Оқу-тәрбие үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуы.

3.Оқытуда туындаған экологиялық, экономикалық, әлеуметтік проблемаларды т.б анықтап, оны түсіндіруде өзара байланыстылығын ашу.

Білім  берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті  қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.

Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі:

1)  Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зеттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.

2)  Ойлап табу кезеңі, яғни қандайда бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі.

3)  Жаңалықты енгізу кезеңі,мұнда ойлап табылған жаңалық іс жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады. Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады. Жаңалықты пайдалану кезінде мынандай кезеңдер орын алады

4)  Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді.

5)  Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі,мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.

6)  Жаңалықтың қолдану аясын қысқарту кезеңі,мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.

Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы  (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), инструменталдылығы (басқарылғыштығы), инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде инновациялардың төмендегідей түрлерін бөліп көрсетеді: білім беру мазмұнындағы инновациялар, оқыту технологиясындағы инновациялар, білім беру жүйесінің тәрбиелеу функциясы саласындағы инновациялар, педагогикалық құралдар жүйесіндегі инновациялар. Көп жылдар бойы білім беру жүйелерінің дамуы экзогенді (жүйеге сырттай қатысты) факторлармен анықталып келеді. Мұның өзі осы дамудың қажетті жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуеті көптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Сондықтан ол білім берудегі инновациялық саланы дамытуға негіз бола алады деп нақты айта аламыз.

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың  өзіндік ерекшеліктері бар. Инновациялық білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңы әдіс-тәсілдерін инновациялық-педагогикалық технологияны меңгерген, психологиялық-педагогикалық диогностиканы қабылдай алатын және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші жаңаша мұғалім болып шығады.

 

Әдебиеттер:

1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.Өркен, 2007

5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

6.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2010ж.

7.Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. – Өскемен, 2011

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *