Мақала тақырыбы:« Білімалушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда жаңа технологияларды тиімді қолдану »


Дакебаева Кульсара Макековна
Өскемен қаласы әкімдігінің «Азамат» балабақша бөбекжайының тәрбиешісі

«Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру» мамандығының білім алушыларының әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін, тұлғалық, шығармашылық  қасиеттерін дамыту, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты, құзыретті маман болу мүмкін емес. Теориялық жағынан білімді,   әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытатын, үнемі шығармашылығын арттыратын, ізденісті адам, баланы өзіне тарта алатын тәлімгер, алдын-ала мақсат қоя алатын, жүйелікпен жұмыс істейтін ұстаз.  Осы жинақталған қасиеттердің барлығы жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті атқаруға теориялық, практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігі шығармашылық іс – әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, баламен, ата- анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады. Оқытушы  алдындағы басты мақсат-сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаны жан – жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру, әлемдік даму үрдісіне қатысар тұлға даярлау. Өз ұрпағының жауапты да жігерлі бәсекеге барынша қабылетті, өресі биік жеткіншектерін тәрбиелеуде ұстаздың жаңаша ойлау түріне педагогикалық іс – әрекетін ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жеткізеді. Ол үшін оқу үрдісінің мәні мен зандылықтарын жете біліп, жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдана білу керек. Шығармашылық  дегеніміз – жаңа туындыны жасауға бағытталған іс-әрекет. Қабілет дегеніміз – ойлау мен белгілі іс-әрекетті орындау бағыттындағы жеке тұлға шығармашылық қызметінің нәтижесі түрінде танылады. Қабілет белгілі білім мен іс-әрекетті икемділіктерінің жоспарлы түрде меңгерту нәтижесінде қалыптасады. Осы қағидаларды негізге ала отырып шығармашылық қабілет дегеніміз жаңа бейнелеу өнері туындыларын жобалау мен жасауға бағытталған жеке тұлға қызметі.  Мен бейнелеу өнері негізі оқыту әдістемесінде білімалушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ақпараттық технологияны жиі қолданамын. Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсаттарды көздейді: ақпараттық технологияны білім деңгейін тексеру бағытында қолдану, оқытушының оқытушылық мақсатында қолдануы, компьютерді мультимедиалық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал ретінде пайдалану, электрондық оқулықтар мен интернетті пайдалану.  Атап айтқанда, оның мүмкіндіктері мынадай: оқу іс – әрекетін ұйымдастыру кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі,  дайындалған материалды қайта – қайта қарауға мүмкіндік береді, дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол, интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез келген сурет, материалдарды алу мүмкіндігі бар, әртүрлі қосымшалармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді.  Мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады: ақпаратты бірнеше сезім мүшелері арқылы бір уақытта қабылдау, назар аударудың белсенділігі, пәнге қызығуды жоғарылату, үйретудің көрнекілігі, танымдылығы, ұсынылатын ақпараттың сапасын көтеру,  оқу іс – әрекет  уақытын үнемді пайдалану, білімалушының жанжақты дамуы, білім сапасын жақсарту.  Оқу үрдісінде компьютерде пайдалану білімалушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге, елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Олардың  слайд – презентация жасағаны тиімді, себебі, презентация жасау барысында олар алған материалдарын жүйелеп, негізгісін, тақырыптың өзекті жерлерін бөліп алады. Бұл дағды білімалушының логикалық ойлауын, шығармашылықпен, ақпаратпен жұмыс жасауын қалыптастырады, білімалушылардың курстық жоба жазуына да ақпаратпен жұмыс жасауы көмегін тигізеді. Бейнелеу өнерінде интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолданудың тиімділігі. Қоғамда ақпараттандыру құралдарының кеңінен қолданылуы, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпалын тигізеді. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында арнайы пәндердің сапасын көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Жаңа заман талаптарына сәйкес құзыретті маман дайындауда ақпараттық технологияның маңызы ерекше. Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Компьютер мүмкіндіктерін педагогика тұрғысынан талдай отырып, керек кезінде негізгі талаптарға сай қолданған жөн. Оқытушы компьютерді қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін, сонымен қатар, түрлі технологиялық операцияларды анимация арқылы көрсету үшін пайдалана алады. Сондай – ақ, оқытушы  көмегінсіз білімалушылар  өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың қолжетімділігін жоғарылатады, ақпараттық технология бойынша электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Осы тұрғыдан алғанда бейнелеу өнерінде интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдалану сабақ барысында оқу материалын толық жеткізуде өте тиімді. Интерактивті тақтаның түрлі құралдары бейнелеу заңдылықтарын, бейнелердің салыну кезеңдерін түсіндіруде маңызды роль атқарады. Интерактивті тақтаның тиімділігін мынадай бағытта саралап айтуға болады: Суретшілер шығармаларының репродукцияларын қолдану барысында шығармадағы бейнелеу заңдылықтарының қалай қолданылғандығын суреттің бетінде сызықтар арқылы талдап көрсету; Бейненің салыну кезеңдерін дайын геометриялық фигуралар немесе сызықтар арқылы тиімді көрсету;  Сан алуан түстерді бейнелердің ерекшеліктеріне сай қолдану;  Түрлі нысандарды тез қозғалта немесе көлемін өзгерте отырып, композиция құрастыруда уақытты үнемдеу; Интерактивті тақта кітапханасындағы түрлі нысандардың машықтық жұмыс жасату барысындағы маңыздылығы.

Жаңа материалды түсіндіру барысында бейнелерді анимация арқылы қозғалта отырып, білімалушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі балабақша бүлдіршіндерін шығармашылыққа баулуда төмендегі оқу іс – әрекеттерінің әдіс – тәсілдерін толық меңгере білу керек. Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін – өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздейді. Мәселелерді өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.  Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Сол себепті білімалушыларжобалау әдісін қолдану барысында    әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалар, суреттер, жасалатын бұйымның технологиялық картасын құрастырады. Ол бұйымдарды жасаған кезде әдістемелерді пайдаланылады. Модульдік оқыту технологиясы – білімалушылар   мен оқытушы арасында  жақсы қарым-қатынаста болып, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен  жүзеге асады. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді көп қолданған жөн. Әр оқытушы  жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. Себебі білімалушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады.  Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты білімалушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының іс – тәжірибе  жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру.  Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді.  Білім саласында компьютер білімалушы  үшін оқу құралы, ал оқытушы  үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық  құралдар толық түрде оқытушының және білімалушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.   Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы білімалушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялар-дың тиімділігі жоғары деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Жанпейісова.М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны

дамыту құралы ретінде» Алматы. 2006ж.

2.  Қамзина.М. «Модульдік оқыту технологиясы» Тәрбие құралы. 2005ж №4.

3.  Искакова. Р, Ерназарова.З. «Жаңа  технологияны  пайдалану әдістері» Қызылорда. 2004ж.

4.  Педагогикалық ізденіс. Алматы: Рауан 1990ж.

5.  Қоянбаев. Ж.Б. Педагогика. Алматы: Рауан 1992ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *