Сөйлеуді дамыту пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті «Қонжық бізде қонақта»


Маликова Банура Алимхановна
«Ақсу қаласының № 2 бөбектер бақшасы» МКҚК-ның тәрбиешісі

Балалар, көңіл – күйлерің қалай? Өте жақсы.
Біздің тобымыз қалай аталады?

Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем мезгілі)
Көктем мезгілінде ауа – райында қандай өзгерістер болады?
Далада не жауады?
Күн бұлттанып жаңбыр жауады
Ағаштарды қозғалтып не соғады?
Қатты жел соққанда ағаштар қозғалады
Талдың бұтақтарында не пайда болады?
Талдың бұтағында бүршік жапыраққа айналады
Ізденуші ұйымдастырушы
Балалар мына күннің бетін жаңа біз айтқан көктемгі ауа – рйының құбылыстары күнді жауып тұр. Күннің көзін ашу үшін осы суреттердің артында жазылған сұрақтарға жауап беруіміз керек. Күн біздің білімімізді тексеру үшін осы суреттердің артында жасырынып тұр. Балалар, мына суретте не бейнеленген?
– Аспанды бұлт басып, жаңбыр жауып тұрған сурет
– Мұнда жұмбақ жасырылған, мұқият тыңдаймыз.
– Қыс бойы ұзақ ұйқыда жатады, көктемде оянады, ол қай жануар?
– Ол аю
– Жарайсыңдар балалар, дұрыс таптыңдар.
– Ал мына суретте көктемнің қандай құбылысы бейнеленген?
– Кемпірқосақтың суреті
– Мұнда мынандай сұрақ қойылыпты.
– Аюдың түсі қандай болады? (Аюдың түсі қоңыр, қара, ақ болады.)
– Оның балалары қалай аталады? (Қонжық)
Таңғажайып сәт
Музыкамен қонжықтар келеді. Балалар қараңдаршы бізге қонжықтар қонаққа келе жатыр.
Сәлеметсіңдер ме қонжықтар!
Қайдан келе жатырсыңдар?
Қонжық: біз орманнан келе жатырмыз. Біздің анамыздың, біздің атымызды айтып жатқандарыңды естіп, осында келіп едік.
Тәрбиеші: Төрлетіңдер! Біздің балалар күнге көмектесіп жатыр, күннің жарқырап шығуы үшін сұрақтарға жауап беруде. Бізбен бірге болып, балалармен бірге болғыларың келеме?
Қонжық: Иә, келеді.
Балалар бізге неше қонжық қонаққа келді?
– Екі қонжық
Балалар қонжықтардың түстері қандай?
– Қоңыр
Бәріміз қонжықты сипап ұстап көрейікші, қандай сүйкімді! Ал қонжықтар сендер балалармен бірге күнге көмектесесіңдер ме?
Қонжық: Иә, көмектесеміз.
Мына суретте көктемнің қай құбылысы бейнеленген?
Жел соққан кезде ағаштың қозғалып тұрған кезі.
Ал мұнда мынадай сұрақ жазылған.
Көктем мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар – ау балалар
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып,
Балаларды қуантып,
Қос білекті сыбанып,
Жүгірейік қуанып
Тау басына шығайық
Бәйшешекті терейік
Теріп үйге келейік.
Алақай! Күннің көзі ашылды! Ендеше күнге тақпақ айтып берейікші, бізге шуағын шашып қуансын.
Күлімде күн күлімде,
Күлсін бірге бала шат,
Табиғатқа баламыз
Табиғат біздің анамыз.
Достығымыз жарасқан
Біз әдепті баламыз
Балалар қараңдаршы күн бізге риза болып қуанып тұр, бізде бірге қуанайық.
Ой, балалар күннің риза болғаны сондай бізге сыйлыққа айна сыйлады. Қандай әдемі! Бұл жай айна емес, сыйқырлы айна. Бұл айна барлық әлемдегі тіршілікті көрсете алады.
Айнадан қалаған нәрсемізді көрсетуін сұрайық. Өтінішімізді орындайтын шығар. Ендеше біз бүгін қонаққа келген қонжықтардың ормандағы тіршілігін көрсетуін сұрасақ қалай болады?
Балалар біз аюдың орманда өмір сүретінін білеміз. Сондықтан оларды қандай жануар деп атаймыз? (Жабайы)
Аюдың түстері қандай болады?( Қоңыр, қара, ақ болады)
Қоңыр аюлар орманда өмір сүрсе, ақ аюлар судың жағасында өмір сүреді.
Аюлар немен қоректенеді? (Саңырауқұлақ, балық, бал, құлпынай)
Балалар аюда жыртқыш жануар, ол әлсіз жануарлар мен құстарды жейді. Аюдың мекендейтін жерін апан деп атайды.
Аю апандарында ұйықтайды.
Ал енді сыйқырлы айнаға назар аударайық. Қонжықтар сыйқырлы айнадан өздеріңді көргілерің келе ме?
Сыйқырлы айна, сыйқырлы айна!
Бізге ормандағы аю мен қонжықтардың тіршілігін көрсетіңізші.
Сиқырды айна туф – суф (жай музыкамен сыйқырлы айна ашылады, деректі фильм көрсетіледі)
Балалар сыйқырлы айнадан нені көрдік? (Қонжықты)
Иә, қонжық серуендеп жүр еді, оның алдынан сілеусін деген жануар кездесті. Сілеусінде жыртқыш жабайы жануар. Сілеусін орманда ағаштарда өрмелеп өмір сүреді. Ол қонжықты жемекші болады, қонжық қорқып, сілеусіннен қашады. Қонжық қашып қайда түсіп кетеді. (Суға түсіп кетеді)
Ол судан әрең дегенде ағашқа өрмелеп шығады. Сілеусін қонжықты жегісі кеп жақындай түседі. Бір кезде аюды көріп, қорқып кейін шегінеді.
Сөйтіп аю – ана өзінің қонжығын сілеусіннен арашалап, құтқарып қалады. Қонжықтар әрдайым аналарыңның қасынды жүріңдер, сол кезде сендерге ешқандай қауіп төнбейді. Қонжықтар үлкейіп өскенше анасы аю қорғап жүреді.
Қонжық: достар менде фильмдегі қонжықтай айнала аламын.
Тәрбиеші: көрсетесің бе? қонжық домалайды)
Балалар мен сендерге бір тапсырма бергім келіп тұр.
Ол үшін екі топқа бөлінеміз.
Біріміз аю бейнесін, екіншіміз қонжық бейнесін құрастырайық.
Ал қонжықтар сендерде балалармен бірге жұмыс жасап көмектесесіңдер.
(екі топ құрастыру жұмысына кіріседі) Іске сәт!
Құрастырып жатқан бейнелерді бақылау. Бірінші топ балалары не құрастырдыңдар?
– Қонжықтың анасын құрастырдық
Ендеше аю туралы тақпақ айтып беріңдерші.
Аю, аю тұрсаңшы,
Көп ұйқыны қойсаңшы
Көктем келді тамаша,
Ән салайық қаласаң!
Бәрекелді жарайсыңдар!
Ал екінші топ балалары сендер не құрастырдыңдар?
Аюдың баласы қонжықты құрастырдық
Сендер қонжық туралы тақпақ білесіңдер ме?
Ормандағы қонжықтың
Құлпынайы көп екен
Теріп – теріп алайық
Қалтамызға салайық
Тамаша жарайсыңдар!
Қонжықтар біздің балалардың тақпақтары, құрастырған бейнелері ұнады ма?
Қонжық: Иә, ұнады. Мен анамды сағынып кеттім.
Менің қайтқым келіп тұр.
Тәрбиеші: Балалар біз қонжықтарды бостан – бос жібермейік. Оларға және анасына сыйлық жасайық. Олай болса, біз «кім көп жинайды?» деген ойын ойнайық.
Ендеше бірінші топ балалары сендер ана жердегі құлпынайды теріп алып келіңдер.
Екінші топ балалары бал салынған ыдыстарды алып келіңдер.
Ерболат сен неше құлпынай алып келдің санашы деп бірнеше балаларға санату.
Ал екінші топ балалары сендердің қолдарыңда неше бал салынған ыдыс бар?
Жарайсыңдар!
Ал енді осы жинаған құлпынай мен ыдысты санап салыстырайық, қайсысы көп екен.
Осы сыйлығымызды қонжықтарға берейік.
Қонжықтар біздің балалардың берген сыйлығын аналарыңа апарып қуантыңдар жарай ма?
Сау болыңдар.
Қонжықтар: Сау болыңдар достар.
Балалар бізге кімдер келді?
Қонжықтарға не сыйладық?
Балалар бүгінгі күніміз көңілді, қуанышты болды ма?
Бүгінгі оқу іс – әрекетінің қай жері ұнады?
Балалар әрдайым аналарын қастарыңда болып, әр күніміз көңілді қызықты болсын.
Мен сендерге осындай тілек тілеп рахмет айтамын.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Аю жыртқыш жануар, ол қыста ұйықтап, көктемде оянатынын біледі, және аю баласын қонжық деп аталатынын білуі керек.
Меңгеруі: Аюдың түстерін ажырата алады, аю және қонжық туралы шағын тақпақтар айта алады.
Жасай алуы: Аю мен қонжық бейнесін құрастыра алуы, оларға сыйға құлпынай жинап беруі қажет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *