Ертеңгілік «Балалық шақтың бал күні»


Исқожа Арайлым Сайлаубекқызы

Зеренді ауданының акиматы КММ«Айдарлы негізгі мектеп жанындағы

«Балбөбек шағын орталғы» тәрбиеші

«Балалық шақтың бал күні»

(1 – маусым балаларды қорғау күніне арналған мәдени шара)

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлай отырып, ойындар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Олардың бір – біріне деген достық қарым – қатынастарын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау.

Қатысушылар: 1 су перісі-русалка, 2 су перісі, қасқыр, қоян

1 су перісі:

Шаттан

Алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн де бүгін.

2 су перісі :

Шуақ шаша,

Алтын таңда.

Мөлдір таза ауада.

Табиғатта бәрі оянды

Оян сен де, бар бала.

Екеуі:

Мерекелерің құтты болсын, достар!

1 су перісі :

– Балалар, менің қолымдағы не қандай зат?

– Хат.

– Иә, бұл хат.

– Қане осыны алып оқиық.

(Екі клоун бір – бірімен хатты оқуға таласады)

Сәлеметсіңдер ме, жас достар! Мен сендердің достарың орманшымын. Сендерді  туған жердің табиғатын тамашалауға шақырамын. Мұнда сендер-мен қызықты ойындар ойнаймыз.Мен сендерді күтемін. Сәлеммен: Орманшы.

1 су перісі : Балалар, орманшыға қонаққа барамыз ба? Қалай барамыз жолды білмейміз ғой.

2 су перісі : Иә, барайық. Бірақ біз орманға бару үшін араларыңнан орманға бару жолды білетін достар тауып алайық. Достан бұрын бізге жол картасы керек қой.

1 су перісі : О, міне таптым. Мынау не екен көрші қане.

2 су перісі : Ой мынау жол картасы ғой.

1 су перісі : Жол картасын таптық. Енді жол сілтеуші керек. Жол сілтеуші араларыңда бар ма?

(Музыка ойналып, ортаға қоян шығады)

Қоян: Мен бармын,

Мен жол білемін.

Ертеңгілік жиында,

Білер қазақ баласы.

«Сәлем» сөздің анасы,

Сәлем, достар! Мерекелеріңмен!

Балалар орманға қонақа барамыз ба? Орманға бару үшін жолда біз көптеген кедергілерден өтеміз. Сонда сендер шыдамды, епті, төзімді болуларың керек. Соған дайынсыңдар ма?

(Музыка әуенімен «Жол көпірден өту» ойыны ойналады. Ойын аяқтала бре ортаға Қасқыр шығады)

Қасқыр:

Әппақ қоян,

Сақ қоян.

Қорқақ қоян,

Ақ қоян.

Сен мында жүр екенсің ғой. Батырсынып балаларды орманға апармақшысың ба? Ха – ха. Мынамен сендер орманға бармақшысыңдар ма? Бұл су жүрек қоян емес пе? Бұл тышқаннан да қорқады. Сендерді қайтып орманға апармақшы.

Қоян (әндете жөнеледі)

Қасеке, басеке,

Сенсіз өмір жоқ бізге,

Жоқ басеке, сенімен барамыз, сен батырсың ғой, ешкімнен қорықпайсың. Бізге жол сілтеп, ортамызда жүрсең қайтеді?

Қасқыр: (мақтана)

Енді жол сілтеуші мен боламын. Ол үшін тар жолдан өтуіміз керек. Дайынсыңдар ма балалар? Ал кеттік.

(Музыка әуенімен «Тар жол» ойыны ойналады)

1 су перісі : Ақ қоян, әлі талай жүреміз бе?

Қоян: Иә, жолымыз алыс. Талай өткелдерден өтеміз. Жаңа көпірден өттік, тар жолдан өттік. Енді тастардан секіріп өтеміз.

(Музыка әуенімен «Тастар» ойыны ойналады)

Қасқыр: Мына қоян қалай – қалай секіреді. Көрдіңдер ме балалар байекеңе де жан керек екен. Ал қоян, көлшік судан қалай секіреді екенсің?

(Музыка әуенімен «Көлшік жер» ойыны ойналады)

Қасқыр: Әй бала, сен дұрыс секірген жоқсың. Сен орманға бармайсың. Орманға барғың келе ме? Онда менің шартымды орында.

(Қасқыр шарт қояды. Бала соның шартын орындайды)

1, 2 су перісі : Алақай, алақай орманға да жетіп қалыппыз ғой!

 

1 су перісі : Балалар мына жерде гүлдер де, саңырауқұлақтар да көп екен. Соларды теріп, ойын ойнасақ қайтеді.

(Музыка әуенімен «Гүл теру» ойыны ойналады)

Ойын шарты: музыка ойналып тұрғанда балалардың бәрі билейді. Музыка тоқталғанда жердегі гүлдерді жинайды. 2-3 рет қайталанады)

2 су перісі : Біраз көгалға отырып демалайық. Қане көздеріңді жұмып, тыңдаңдаршы құлақтарыңа әдемі дауыстар естіледі. Ойланып, көз алдарыңа ормандағы әрекеттерді елестетіп көріңдер.

 

Қане, балалар кім не ойлады?

(Балалармен сұхбат жүргізіледі. Осы кезде музыка ойналып ортаға орманшы шығады)Орманшы: Сәлеметсіңдер ме балалар? Қош келдіңдер. Менің хатымды алғансыңдар ау, шамасы.

Қоян: Иә хатыңызды алдық.

Орманшы: Келгендеріңе қуаныштымын. Орман біздің байлығымыз. Біз өмірімізге, тұрмысқа қажетті заттардың барлығын табиғат анадан аламыз. Мұны бәрің де жақсы білетін шығарсыңдар?

1 су перісі: Әрине білеміз.

Орманшы: Олай болса, мен сендермен «Көңілді мәре» ойынын ойнайын. Осы ойын арқылы табиғатты қаншалықты сүйетіндіктеріңді білейін. Алдымен бәріміз 2 топқа бөлінейік. Мұқият болыңдар.ойын шарты мынандай

Орманшы: Бәрекелді балалар! Табиғат туралы білімдерің мол екендігіне көзім жетті. Дегенмен, табиғатты мәңгілік аялаңдар!

2 су перісі: Орманшы, біздің балалар әдепті, ақылды балалар. Олар өздері өскен ортасын көздерінің қарашығындай сақтайды. Солай емес пе?

– Иә.

Қасқыр: Талдағы дәндерді, саңырауқұлақты, тышқанды. қоянды жеп қарнымыз тоятын болды ғой.

(Талдан жапырқаты жұла бергенде салдырлаған дауыстар естіледі)

Қасқыр сасқанынан қорқып қаша жөнеледі. Сол қашқаннан мол кетеді.

Ал біз сенің құрметіңе деп тамаша биімізді билеп берейік.

(Бәрі «Балапандар» биін билейді. Мереке соңы көңілді биге ұласады)

 

 

 

 

 

 

 

 

Акмола облысы

Зеренді ауданы

Айдарлы негізгі мектеп жанындағы

«Балбөбек» шағын орталығы.

 

«Балалық шақтың бал күні»
 

 

 

Дайындаған :Исқожа А.С.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *