Сабақ «Ана құшағында» Ғ. Мүсірепов


Кимбаева Сагила Кошеновна
Бастауыш сынып мұғалімі
А. Гайдар атындағы жалпы орта мектебі

«Менің жетістіктерім»

 

Курста үйренген теориялық білімімді практикамен ұштастастыру мақсатында 4 «Ә» сыныбымен жұмысымды өткізетінімді ескерттім. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын жаңа тәсілдерді қолдана отырып арттыруға тырыстым. Модульдерді қолдану барысында оқушылардың сабаққа дайындығын ғана тексеріп қана қоймай, олардың сабақтағы көңіл күйі, мінез-құлқына көңіл аударып қарай бастадым.

Мектепте жүргізген практикамда мен бұрынғы сабақтарыма сын көзбен қарап, сабақ беру тәсілдерімді өзгерте бастадым, Өйткені мен көбіне оқушыларға білімді дайын күйінде берген екенмін. Ал, жаңа сабақтарымда оқушы өзі ізденетіндей, мұғалім бағыттаушы ретінде болатын сабақ жоспарларын құрдым. Әр сабақтарымда модульдерді қолдана бастағанымда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының арта түскенін байқадым.

Сабақты оқушыларды әр топқа топ ережесін жасауды тапсырдым. Содан, топтар өз ережесін талқылап, топтар арасынан бүкіл сыныпқа арналған топ ережесін құрастырдық. Бұл ереже біздің сыныбымыздың ережесі болатынын және болашақта үнемі осы ережеге сүйеніп жұмыс атқаратынымызды айтып өттім.

Сабақтарды өткізгенде оқушыларымның жас ерекшеліктерін ескере отырып, АКТ әдісін пайдалана отырып, Қазақстанның кешегі өткені мен бүгінгі жетістігіне шолу жасап, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеуде бағыт бере отырып, SWOT әдісі арқылы көргендерінің жағымды және жағымсыз жақтарын анықтаттым. Оқушыларға бағыт беріп, сыни ойлауын дамыта отырып,топтық,жұптық,өздік және мұгалімнің көмегімен орындалатын тапсырмалар бердім. Оқушылар сабақтар барысында тапсырмаларды орындауда бір-бірімен талқылап,сұхбаттасып, топтың арасында топбасшының,оқушылардың деңгейі де айқын көріне бастады.. Оқушылардың қабілеттеріне байланысты тапсырмалар беру арқылы жеңілден күрделіге қарай жетелей отырып сыни түрғыдан ойландырып, қызығушылықтарын арттыруға ықпал жасадым. Өз сабақтарымда топтық, жұптық, жеке дара нәтижеге бағытталған жұмыс істеу дағдыларын қалыпастыру мақсатында «Таңда да, таста», «Ыстық орындықі», «Кунг-Фу», әдістерін пайдаландым. Оқушыларымның сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы артып, тапсырмаларды топпен, жұппен бірігіп, ой-пікірлерін тыңдап, бір-біріне сыни сұрақтар қою арқылы тұжырым жасауға үйренді. Оқушылар сабақтар кезінде бір-бірін бағалап отырды.Өзара бағалауда сыныпта оң нәтижесін бере бастады. Сөзімді қорыта келе өз тәжірибемде бағдарламаның жеті модулін кіріктіріп, тиімді жақтарын бақылап, қазіргі таңда сабақтарымда тиімді қолдана отырып, өз пікірін ашық білдіретін, ашық сұрақтар қоя алатын, сыни көзқарасы қалыптасқан, өз білгенін өмірде қолдана алатын бәсекеге қабілетті ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелеу өз қолымда екеніп білдім.

Мұғалім оқудың түрлі тәсілдерін дұрыс, тиімді қолдана білуі керек. Сонда оқушы жан-жақты ойланып жұмыс жасай алатын болады. Олар оқытудың мынадай тәсілдерімен жүзеге асады: оқушылардың іс-әрекетін арттыру үшін мүмкіндік тудырады. Іс-әрекет танымдылығы мектептегі оқу процесіне білім, білік дағдыларымен қатар нақты оқыту пәнімен қалыптасады.

Себебі мен сабақтарымды диалог құру арқылы жүргіздім. Оқушыда сабаққа деген  қызығушылық пайда болды. Талдау барысында тақырып төңірегінен шыға алады. Өз ойын, пікірін айтып, атсалысты. Онда оқушының ойын ұштаудағы, тиімді білім берудегі және құзіретті тұлға қалыптастырудағы тиімді тәсіл болды. Себебі диалог мынадай қарым-қатынасты негіздейді: «Мұғалім мен оқушы» және «Оқушы мен оқушы). Бұл үрдіс менің бұрынғы сабақтарымда ла орын алған. Алайда өткізген дәстүрлі сабақтарымда үстіртін ғана сұрақ-жауап ретінде жүріп отырғанына көзім жетті. Өйткені оқушылар «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы қысқа жауап беріп отырды. Себебі диалогті бұлай қолдану оқушының терең ойлауына, алған білімін талдап, сараптауына мүмкіндік бермегенін түсіндім. Егер оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толықтырып, жетілдіре алмайды. Сондықтан диалогтік қарым-қатынас жо,ары деңгейде болуы керек.

Осы мақсатта диалогті жаңаша қырынан қарап, алғашқы бетпе-бетте алған білімді жинақтап, талдай отырып, түрлендіре отырып сабақтарымда қолдандым.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта айтылғандай Александр (2004) оқытудағы әңгімелесу қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар мен мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш-жігер жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, ол бірлескен зерттеубарысында анықталады.

Осы пікірлерді, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі деңгейде сұрақтар дайындадым. Бақылау, талдау, қорытынды және интерпритация дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушылардың сыни ойлана алуын зерттедім. Сондықтан сабақтың мазмұнына сай сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын ЖИГСО, ротация, ассосация, эссе жазу, семантикалық кесте, тұжырымдамалыұ кесте, Блум таксономиясы, кластер жасау, зерттушілік конференцисы, бортты журнал әдістерін таңдадым. Соның ішінде Ғабит Мүсіреповтың «Ана құшағында» атты тақырыбында ЖИГСО әдісін пайдаландым. Сыныпты түрлі түстер арқылы топқа бөлдім. Әр топқа оқушыларды топ арасында түсіндіру жұмысын жүргізу үшін орналастырдым. Жаңа тақырыпты оқушылар өз бетімен меңгеруге бағытталып, жұптық әрі топтық талдау жасау арқылы түсінді. Әр топ талдау жасап болғаннан кейін оқушылар орындарын ауыстыру арқылы  басқа топ мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бір  топта алты оқушыдан айналдыра отырып тақырыпты ашуға тырысты. Оған қосымша диалог орнату арқылы тақырыптың ашылуына бағыт бердім. Топтарға берілетін тапсырмаларды алдын-ала түрлі-түсті маркерлерді қолдану арқылы плакат дайындап, қойдым. Әр топта өз түсті маркерін таңдап алды. 1топ-қызыл, 2 топ-жасыл, 3 топ-көк, 4 топ- қара маркерлерді қолданды. Оқушылар жаңа тақырыпты менің бағыт беруіммен өз беттерінше оқу дағдысын қалыптастыра бастады. Тапсырмалардың жауаптарын жазып болған топтардың постерлерін басқа топтарға орын ауыстыру арқылы өзара тексеру, дұрыстау, толықтыру жұмыстарын жүргізді. Өткен сабақтағы жағдаймен салыстырғанда оқушылардың белсенділігі жоғары болды. Оның ішінде оқу үлгерімі орташа баланың сабаққа деген қызығушылықтары артқанын байқадым. Тақтаға әр топтан кқшбасшы оқушылар баяндаушы ретінде өңделген постерлерін ұоғап шықты. Сондағы байқағаным, дұрысталған, толықтыру енгізілген тұстарына оқушыларым жете мән беріп, қылу талқылауға түсірді.сонымен қатар, сабақты бекіту мақсатында тұжырымдамалық кесте мен эссе жазу түрлері бойынша өткіздім. Тұжырымдамалық кесте әдісімен өткен сабақпен салыстыру жүргіздім. Әр оқушыға тапсырма парақшаларын таратып бердім.оқушылар әуелі жеке, жұптық кейін топтық талдау жүргізді. Оны сұрақ қоюдың түрлі тәсілдерін пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Сынып оқушылары тұжырымдамалық кесте толтыру барысында үш шапалақ әдісі арқылы бағалап отырды. Қосымша тапсырма ретінде оқушылар үйренгендерін тез ұмытуы сияқты қиындықтар тәжірибемде кездесіп тұрды. Осындай қиындық тудырған  мәселелерді шешудің жолын тапқан соң ғана-оқушыға сапалы да, тиянақты білім беру үшін өз пәнімді жан-жақты игеріп, оңтайлы тәсілдермен оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырып көн ізденіс пен әріптестеріммен ой  бөлісіп, өзге әріптестерімнің сабақ барысында тәжірибе алмасқаннан соң көз жеткіздім.

Сабақтарымда оқушыларым өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыра бастады. Бұған дейін менің түсіндіруіммен ғана тақырыпты түсінуге дағдыланған оқушыларым  әуелгі уақытта қиынсынып, үйренісе алмай жүрген 5-6 оқушыларым болды. Сабақ барысында өз ойын айта алатындай мүмкіндікке ие болғанын түсінген оқушыларым оқу ретін өздері қалыптастыра бастады. Кембридж университетінің  зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таңғалса оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Мұндай зерттеудің кішігірім түрін оқушыларыма зерттеп көрдім. Зерттеу нәтижесінде оқушылар сыни ойлай алды. Сындарлы пікірлер айта алды. Сыни қабілеттерін көрсете алды. Жалпы алғанда сыни тұрғыда ойлау жаңа әдіс-тәсілдермен тығыз байланыста. Ал сыни ойлау мен диалогтік оқу әдістерін қатар қолданғанда оқушының сабақтағы белсенділігі артады. Себебі диалог барысында сабақтарда сыни ойлауға бағыттайтын сұрақтарды пайдаоану арқылы оқушы пікірін білдіріп, сұрақ қойып диалогқа түсуге жетеледім.

Бұл бағдарламада оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде ойын еркін жеткізе алатын, сенімді, сыни ойлай алатын, таным белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру менің басты мақсатым болып табылады.

 

«Оқытуды басқару және көшбасшылық»

 

 

 

 

 

Әрине дәстүрлі сабақтарды да жоққа шығаруға болмайды. Оның да алар орны бар. Бірақ жаң әдіс-тәсілдер арқылы баланы өмірге бейімдеп дайындаймыз десем артық айтқандық болмас.

 

 

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»  модулі

 

 

 

Менің күнделікті сабақ  жоспарым жеті модульді ескере отырып, құрылып, өзгертіп беру арқылы сабақтарым қызықты өтті. Мектептегі «Тәжірибелік рефлексия» курсында алған білімім іс-тәжірибемде енгізген жаңа тың идеяларым мазмұнын ашуға көмек берді деп нақты айта аламын.

Сабақ барысында өткізген әдіс-тәсілдерімді әлі де түрлендіріп қолдану менің мақсатымның бірі. Сабағымда оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында диалогтың түрлерін қолдана алуды шыңдау қажет.

Сабақтарымның барысын оқушылармен сәлемдесу арқылы бастап, қйымдастыру кезеңінде сыныпта жағымды ахуал туғызып және сабақтың тақырыптарына сай сыныпты топқа бөліп отырдым. Әрбір сабағымда алдын-ала бағалау парағын дайындадым және кері байланыс стикер арқылы бағалауды жоспарладым. Бағалау критериилерімен таныстырдым бағалаудың жаңа әдісінде оқушылар қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұсындым: сабақ мазмұнын ашу, нақты сөйлеу, дұрыс жұмыс жасау, өз ойын ортаға салу, топта бірін-бірі тыңдай білу және уақытты үнемдеуі.

 

 

 

 

 

                                        

 

Топтардың «постер» қорғау сәті

 

 

 

 

 

 

 

«Кунг-Фу» әдісі                                            «Таңда да, таста» әдісі

Өткен тақырыптарды қайталау кезеңдерінде «Ыстық орындық», «Түйідеу» әдістерін пайдаландым. Жаңа  сабақты меңгерту мақсатында «ДЖИГСО» әдісін алдым. Бұл жерде топтың әрекеттерінен байқағаным, оқушылар топпен пікір алысып талқылады. Әсіресе, топ ішіндегі қабілеті төмен, орташа деңгейдегі оқушылар өздерін еркін ұстап белсенді әрекеттерінің арта түскенін байқадым. Оқушылардың ұйымшылдығы, мақсатты іс-әрекеттері, дербес ізденістері  топтық жұмыстың нәтижесін арттыра түсті. Сабақтың әр кезеңдерінде олқушыларымның қаншалықты түсінгендерін бақылап отырдым. Оптар бір-бірін бағалау критерийлерібойынша бағалап отырды. Ал, бағалау критерийлері бойынша бағалауда «Неліктен олай бағаладың?» деген сұраққа  ойланып ізденіп жауап беріп жатса, енді біреулері әлі де мына нәрсеге көңіл бөлу керек сияқты, яғни интерьер сөзінің шығу тарихына толық тоқталмадыңыз-деп өз ойларындәлелдеп берді. Оқушылар бағалау парағын алғаш пайдаланып отырғандықтанм болар бағалаудың маңызын түсінбегендері де болды. Сарамандық жұмыс барысында бақылауға алған жоғары деңгейдегі оқушым білімді жаңа жағдайда қолданып, көшбасшылық қабілетін көрсетті. Оқушы оқулыққа технологиялық нұсқау картаға сүйене отырып,жұмысты өз дәрежеінде орындады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануын қалыптастыратын сұрақтар түрлерін енгізуім шарт. Сыни ойлау қабілеттерін шыңдау барлық мұғалімдердің құзырында деп білемін. Сондықтан да алдағы жұмыс барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге оқушылардың сыни ойлана бағалауын дамытуым қажет. Сонымен қатар, сапалы және табысты оқыту барысында оқушылардың бойындағы сыңар жақтылықтың болмауына жағдай жасау, ұтқырлығын тиімді пайдалануға дағдылануды қолға аламын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні:әдебиеттік оқу 4 «Ә» сынып Күні: 24.02
Тақырыбы: Ана құшағында. Ғабит Мүсірепов
Мақсаты: 1. Оқушыларға Ғ Мүсіреповтың Қазақ солдаты романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету.
2. Өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу барысын қалыптастырып, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
3. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылу. Ананы қадірлеуге баулу.
Күтілетін нәтиже: 1. Ғ Мүсіреповтың Қазақ солдаты романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсінеді, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілеті дамиды.Ананы қадірлеуге үйренеді
Керекті жабдықтар: Дидактикалық тапсырмалар, ақ қағаз, түрлі қалам,доп
Тапсырмалар: Деңгейлік тапсырмалар
Модульдер: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 5.Таланты және дарынды балаларды оқыту.
2.Сыни ойлауға үйрету. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктері.
3.ОүБ және ОБ 7.Оқытудағы басқару және

көшбасшылық

4.АКТ
Әдістер: Сұрақ- жауап, диалогтік оқыту, жеке, жұптық, жұмыс.
Бағалау Қолпаштау, мадақтау, бесбармақ
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме ұстап оны аламын.

Ізгі әрі нәзік, мейрімді ,

Болып кетер сонда дереу жан – жағым.

Құралдарын сабаққа дайындалып отырады.
Тұсау кесер Үй тапсырмасын тексеру

Тізбектей баяндау

«Ана өмір шуағы» атты музыка бөлімі

Қол шапалақтау арқылы мадақтау

 

«Әдебиеттанушы» бөлімі

Ой қозғау (видеоролик жүргізіледі)

-Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз не туралы болады?

-Ана, жетімдер

-иа, біз бүгін тағы ана туралы бір әңгімемен танысатын боламыз.

Олай болса, дәптерімізді ашып күннің жадысын, тақырыпты жазып қояйық.

«Ана құшағында» Ғабит Мүсірепов

Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырып, табыс критерийлерін бірге құрады

Табыс критерийлерін шығару

1.     «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқып, Қайроштың іс –әрекетін себебін анықтай білу

2.     Әңгіменің өзекті, түйінді ойын аша білу

3.     Қайроштың анасының іс –әрекетін, келбетін сипаттай білу

Тізбектей баяндалады

Әртоп ана туралы

4 шумақ ән шырқайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар табыс критерийлерін шығарады

Негізгі бөлім Топтық жұмыс

«Ана құшағы »дегенде ойларыңа не келеді?

Осы ана құшағын сезіндіріп, сол сәтті баян ететін Ғ.Мүсіреповтің «Ана құшағында» деген әңгімесімен танысамыз.

-Ғабит Мүсірепов кім?

Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы  (22 наурыз 1902 – 31 желтоқсан 1985)

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында дүниеге келген

1908-1910ж

ауыл молдасынан хат танып, діни сауатын ашады.

  • қазақтың халық жазушысы;
  • драматург,
  • сыншы,
  • мемлекет және қоғам қайраткері.
  • Қазақ КСР ҒА академигі (1985),
  •  Социалистік Еңбек Ері (1974),
  • Қазақстан халық жазушысы
  • Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961),
  • КСРО Жазушылар Одағының хатшысы

Мүғалімнің түсіндірмесі-

«Қазақ солдаты» атты романынан үзінді «Ана құшағында» әңгімесін бізге ұсынып отыр.

 

(Қайырғали Смағұлов туралы видеоролик көрсетіледі) Қайырғазы Смағұлов Ұлы Отан Соғысына қатысып, ерлік көрсетіп, Кеңестер Одағының Батыры атанды.

– Бұл әңгімеде Қайырғали Смағұлов деген баланы бәрі Қайрош деп атайды. 10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр, бұзау, торпағын бақтырып қояды. Оның алдына 87 бас мал салып беріп, егер бір бас малды жоғалтсаң, 10 жыл қораға қамаймын дейді қара мұртты.
Ойбай, мен қашан оқимын деп жүргенде бір қасқа торпақ жоғалып кетеді. Ары санаймын 86, бері санайды 86. Жер жұтты ма? Ізі де жоқ. Қорқып кеткен Қайрош қалаға қарай қаша жөнеледі.
Зытып келем, зытып келем.
Артыма қарай – қарай зытып келем.
Қайрош сол зытқаннан Гурьев қаласындағы балалар үйіне орналасады.
– Балалар үйі кімдерге арналған?
– Панасыз, әке – шешесіз балаларға арналған. Оқулық бойынша жұмыс

«Джокер» әдісі

 

Сұрақ –жауап

І топ. Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындау

ІІ топ. Қайрошқа мінездеме бер

ІІІ топ. Мәтіннен жетім балалар бейнесін әңгімелеп бер

ІV топ. Қайроштың анасына сипаттама бер

 

-Міне, балалар ана махабатын, ана сезімін сезбейтін, оны жақсы көрмейтін бала жоқ екен.Олай болса –

 

«Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті» атты бөлімі

 

«Бейнелеудегі өзіндік әдіс –әрбір өнердің әліппесі» бөлімі

1.Мәтін мазмұнын сызба арқылы баяндау

2. Суретке байланысты мақал – мәтел сәйкестендіру

3. Анаға байланысты теңеу, кейіптеу сөздерін топтастырып жазу, өлең құрастыр

4. Ана бейнесін суреттеп сал

Видеороликті тамашалап өз ойларын ортаға салады.

 

 

 

 

 

Автор туралы өз ойларын қосады

 

 

 

Топтастырып жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әртоп мәтінді бір мезгілде мұғалім қол шапалақтауы арқылы тізбектей оқиды.

Әр топ берілген тапсырманы талдап, орындайды.

 

 

 

 

 

 

Әртоптың жұмысын «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау

 

 

Қорытынды Үйге: мәтінді түсініп оқу, «Менің анам» тақырыбында шағын әңгіме жазу «Таңда да, таста» әдісі бір – біріне сұрақ қояды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *