«Күй күмбірі»


Жулаханова Динара Максатовна

№1 Балалар музыка мектебі

 домбыра класының оқытушысы

Куй – домбыра кеудесіндегі  жаңғырған жан дауысы.  Ақынды зор шабытпен сипаттаған баяндаған өмір көрінісі.  Соның  бірі  куаныш -ренішке ғана саяды. Ал куаныш  реніш- өмір куресіндегі  алапат сезім арпаласы.

Оны М.   Әуезовтың  сөзі мен айтқанда «Жалпы  атаулы нәрсе елдің  сезім  байлығы  мен ішкі жатылыс  қалпын  білдірсе, солардың  ішінде ең толғаулы,  ең терең  сырлысы  күй»  -дегенге тіреледі.

Қазақ халқында  күй байлығы  өте мол.  Әр дәуірде  туған дарынды  күйшілер  сол халық  мұраларын үйреніп,  иеленіп  қалумен  қатар  оны әрі  қарай  дамытып,  өз жандарынан күйлер  шығарып,  байытып отырған .  «Қорқыт күй»  «Асан қайғы»,  «Азамат қожа»,  «Ақсақ құлан»,  «Нар идерген», «Аңшының зары»  сияқты  көптеген күйлер тарихи аңыз оқиғаларды баяндаса,  енді бір қатары халақтың әлеуметтік тіршілік тынысына байланысты  өмірге  үн қосып қайғысы мен қуаныш  сезімдерін  толғайды.  Күй -композитордың  ішкі  жан сырының  айнасы  десең,  оның күй  деген атының   өзінде үлкен  қуат,  шабыт,  қүдіреті  жатады.  Қазақ халқы  күйшіні  ерекше  қадірлеп,  домбырашыны,  бармағынан  бал тамған адамның жорғысы деп  олардың аттарың ерекше құрметпен  атаған.

Домбыра  дәстүрінің  көнелілігіне  күні  бүгінге  дейін  сақталып  келген  аңыз -күйлер  айғақ  бола  алады.   Түп тамыры  терең  архаикалық  салт- санамен ұштасқан бұл  күйлерде  бағзы замандағы  мифологиялық  наным  сенімдердің  сілемдері  сақталған.

Халқымыздың  көшпелі  тұрмыс  тіршілігінің  ерекшелігіне  байланысты  өнеріміз  ғасырлар  бойы  тек қана  жеке  орындаушылық   формада  дамыды. Ол әр дәуірде  мәдениетімізде дарынды  тұлғалардың   дүниеге  келуіне  мүмкіндік   туғызды.  Аты аңызға айналған  Кетбұға,  Асан  Қайғы,  Қарт Ноғай  сияқты оның  ең таңдаулы өкілдерінінің   есімдері біздің  заманымызға да жетті.

Олардың  күйлері   халқымыздың   басынан  өткерген   қиын  өткел,  қилы  кезеңдерін  бейнелеп,  халық  тарихы  туралы  сыр  шертеді.

Домбыра  дәстүрінің  дамуы    XIX   ғасырда  өзінің  шарықтау  шыңына  жетті .  Мәдениетіміздің  дәстүрінде  көптеген  профессионал  күйші  композиторлар  қалыптасып,  күйшілік  дәстір  көптеген  мектептерге бөлінді.   Бұл күйші  композиторлар  өзіндік   стилдік  ерекшелігімен,   қағыс техникасымен,  музыкалық  тілімен,  орындау  шеберлігімен оқшауланып ,   өнерімізде  жарқын  із қалдырды.

Шертпе күйлер  кең байтақ   Қазақстанның  шығысы  Алтай  орталығы  Ұлытау .  Шыңғыс  тау өнірінен бастап Жетісу ,  Қаратау,  Сырбойына    дейін  қоныстанған ел арасына  көп тараған.

Шығыс  Қазақстандық   шертпе  дәстүрінің  ерекшеліктеріне  күйлердің  ән  тектес  әуенді,    сазды  және  жұмсақ  нәзік  үнді  болып келуін ,   саусақ басымен шертіп  тарту  әдістерін  жатқызуға  болады .  Олардың  мазмұнына  психологиялық суреттемелер,   терең   толғаныстар ,  әйелдердің  нәзік  бейнелері  тән.

Тәттімбет лирикасының  шыңы.   Бұл  күйде  композитор  өзімен күй  сайысына  түсіп  өнер  көрсеткен  домбырашы  қызға  арнап  тартқан  дейді.

Кыпшаков Елдардың орындауында Тәттімбеттің  күйі  «Сылқылдақ»

Домбыра  өнерінде  батыс қазақстандық  төкпе және  шығыс қазақстандық  шертпе   тәрізді  екі  аспаптық  дәстүр  қалыптасты .  Бұл  екі  дәстүр  бір бірінен  композициялық  құрылысы ,  ойнау   техникасы,  музыкалық  тілі жағынан айрықшаланып  дараналады.

Батыс Қазақстан  күйлері  негізінен шиеленіскен  тартысты   оқиғаларға  құрылады.  Терең  философиялық  толғанысқа   толы  бұл күйлерде  қуатты  әрі  толық  қанды  образдар  жасалады .

Төкпе күйлердің  шертпе  күйлерден  айырмашылығы   оның  бас буын,  орта  буын,  кіші саға,  үлкен саға  болып  келетін  нақтыланған   формасы бар.   Және  бұл дәстүрдегі   тағы  бір  ерекшелік   оң  қол  қағысында.  Қағыстар  оң  қолдың  сермей  соғуымен  орындалып ,    қара  қағыс,   ілме  қағыс,   бөгеме қағыс  сияқты  сан  түрге  бөлінеді.   Батыс Қазақстан  күйін  дәстүрін   бізге жеткізушілер Махамбет Құрманғазы,  Дәулеткерей,  Қазанғап,  Диналар.

Қазанғап  «Ақжелең»- деп  аталатын күйлерінің    негізін  қалаушылардың  бірі  және  оны   дамытушы.    Ақжелең  дегеніміздің өзі шат  көнілді ,   жеңіл  ырғақпен  тартылатын  күй жанры.  Міне Қазанғап   басқа күйлерін  былай  қойғанда  осындай  бір тақырыпқа   арнап  Ақжелеңнің 62   түрін шығарған .  Күйдің  әрқайсысының  атына ,  оқиғасына  сәйкес  қағыстарын ,   өлшімдерін ,   әуендерін өзгертіп  ,    дамытады .   Өзінің стильдік ерекшелігі  осы 62 Ақжелеңнің  өн  бойында  сақталып  отырады .  Қазаңғап  Ақжелеңдерінің тағы  бір  ерекшелігі  оның бағдарламасы,  өмірде  болған  уақиғаға арналған  әрқайсысының       өз алдына  шығу тарихы.

Маратова Гүлзаттың орындауында  Қазанғаптың  күйі «Ақжелен»      

Тойбастар күйінің шығу тарихы  1940 жылы  өткен  Қазақстанның жиырма жылдық  тойына арнап  Дина Тойбастар  күйін шығарды .   Дина бұл күйінде  өз мемлекетінің  өркендеп   келе жатқанын,  экономикасы  мен  мәдениеті бар халқының  шалқыған  қуанышын  сүреттейді.   Бұл  күй терең мазмұны мен, өзгеше түр ерекшелігімен қазақ Кеңес күйлерінің негізін салған туындының бірі. Бұл күй музыкалық бейнесінің айқындылығы мень үш бөлікті композициясының сымбаттылығы арқасында, көп кешікпей ақ жұртқа кеңінен таралды.

Тойбастар күйін тыңдату

Домбыра өнері бұл күнде де өз жалғасын тауып, дамып, өркендеп отыр.

Өмірдің, тұрмыс-тіршіліктің жаңғыруына байланысты орындаушылық  дәстүрмен оның функциялары да қазіргі уақытта өзгеріске ұшырады. Алайда, домбыра күйлері бұдан жүдеген жыл бұрынғыдай халықтың рухани серігі болып, оның көңіл күйін, жас ұрпақтың болашағына деген толғанысын, арманы мен бақытына деген сенімін сақтап келеді

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *