«Оксидтердің жіктелуі, алу жолдары»


Сатымова Роза Султановна
Биология,химия пәнінің мұғалімі
Зеренді ауданы әкімдігінің «Айдарлы негізгі мектебі» КММ

                                  8- сынып

Сабақтың  тақырыбы : «Оксидтердің  жіктелуі, алу  жолдары»

 

Сабақтың  мақсаты :

Білімдік: Оксидтер  жайлы  алған  білімдерін  еске  түсіру  арқылы  жіктелуін ,

атауын ,оксидтердің  алу  жолдарын  қорытындылау.

Дамытушылық : Оқушылардың  ойлау  қабілетін, химиялық реакция  теңдеулерін

құру ,есеп  шығару  дағдыларын  дамыту.

Тәрбиелік  : Оқушыларды  ұжымдық  жұмыс  жасауға , ұқыптылыққа,

белсенділікке  тәрбиелеу.

 

Көрнекілік : кесте,  оқулық, кеспе  карточкалар.

 

Сабақтың  түрі : аралас  сабақ.

 

Сабақ  барысы :

 

І. Ұйымдастыру .

 

ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру :

 

Химиялық  диктант  жазу.

 

1. ….   біреуі   оттек  болып  келетін   екі  элементтен   құралған  қосылыстар.

2. …   дегеніміз – құрамында  металл  атомдарымен   орын  алмастыруға   бейім   сутек  атомдарынан   және  қышқыл  қалдықтарынан   тұратын  күрделі  заттар.

3. Қышқыл  ерітінділерде  түсін  өзгертетін   заттарды   …..    деп   атайды.

4. ….   дегеніміз – металл   атомдарынан   және  қышқыл   қалдықтарынан    тұратын   күрделі  заттар.

5. Ерітінділер  дегеніміз – …   пен  ….    зат  бөлшектерінен   тұратын  біртекті  жүйе.

6. ….  дегеніміз – құрамына  бір  немесе   бірнеше   гидрооксотоптарымен   қатар   металл   атомы  кіретін   күрделі  заттар.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа  тақырып:

 

 

Жұмбақ  шешу :  Фосфор  жақсаң  будақтап,

Ақ  түтінін   түзеді  (фосфор  оксиді )

Бір  оқушы  тақтаға  шығып  рекция  теңдеуін  жазады.

Енді  ,оқушылар  бейорганикалық  қосылыстардың  неше  класымен  таныстық , атап  өтейік : оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар.

Бүгінгі  біздің  өтетін  тақырыбымыз «Оксидтердің  жіктелуі, алу  жолдары»

Мына  сызбаңұсқаға  назар  аударайық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Металдардан   түзілген  негіздік  оксидтер  негіздерге  сәйкес  келеді.

Бейметалдардан  қышқылдық  оксидтер  түзіледі, ол  қышқылдарға   сәйкес  болады .

Екідайлы  – екі  жақты  қасиет  көрсететін  оксидтер .

Оксидтердің  құрылымдық  Формуласын  жазу

К О   К-О-К ,       SO    O –S

Оксидтердің  алынуы

1. Жай  заттардың   оттекпен  тікелей  әрекеттесу  арқылы

С+О2 —–          СО 2     ;         Са + О 2  —-     2 СаО ;

 

2. Оксидтердің   әрі  қарай  тотықтыру  арқылы :

ҒеО + О2 —2 Ғе О  ;          2СО + О 2 —   2СО ;

 

3.Суда  ерімейтін  негіздерді  қыздыру  арқылы :

Си (ОН)2   —–            Си О +  Н2 О  ;        Ғе (ОН )3   —       Ғе 2О3 + Н2 О ;

 

 

4.Тұздарды  қыздырып  айыру  арқылы  :

СаСО 3  —        Са О + СО2

 

5. Күрделі  заттарды   жандыру  арқылы

СН 4 + 2О2   —           СО2  + Н2 О

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ. Бекіту :

Есептер  шығару (карточкамен )

1-карточка

15,5 г   фосфор   оттегімен  әрекеттескенде  неше   грамм   фосфор (Ү)  оксиді  түзіледі?

 

2-карточка

16 г    күкірт   неше  грамм   кальциймен  әрекеттеседі ?

 

3- карточка

28 г   кальций  оксиді  неше  грамм   азот   қышқылымен   әрекеттеседі ?

 

4-карточка

20 г  кальций  неше   грамм   сумен   әрекеттеседі ?

 

5-карточка

15 г   кальций   карбонаты   айырылғанда   неше  грамм  кальций   оксиді  түзіледі?

 

Ү.Үйге  тапсырма  :  44

 

 

 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Айдарлы негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Химия  пәнінен  аудандық  семинарда  өтілген  ашық  сабақ  жоспары.

 

Сабақтың тақырыбы: «Оксидтердің   жіктелуі»

8 – сынып

 

 

Өткізген: Сатымова Р.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *