«Қақпа» ашық сабақ


Мускен Жанелия Жумабаевна
Тәрбиеші
Май ауданы әкімдігінің «Балдаурен» балабақшасы

Білім беру саласы:«Таным»
Білім беру бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы:«Қақпа»
Мақсаты:Балаларға құрылыс материалдары туралы түсінік беру.

Білімдік міндеті: Балаларды құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен
таныстыру және қарапайым құрастыру іскерліктерін дамыту.

Дамытушылық міндеті: Ойлау қабілетін дамыту арқылы қақпа құрастыра білуге үйрету.

Тәрбиелік міндеті: Балаларды ұйымшылдыққа, бірлесіп еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
Блингвалдық компонент:Қақпа –ворота –goal, қыс-зима, қар- снег

Әдіс –тәсілдер: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Кубиктер, трактор ойыншықтары, қақпаның суреті.

 

Сабақ барысы

Іс –әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс –әрекеті Балалардың іс –әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру –іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғажайып сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дамытушылық кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шығармашылық орталығы»

 

 

 

 

 

Рефлексивтік -коррекциялау

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбер:

-Балалар, бізге шуағын төккен күнмен, мейірімді жер анамен, қайырымды аспан атамен және бізге келген қонеқтармен амандасайық.

 

 

 

 

 

-Балалар,  сендер таңертең балабақшаға кіру үшін, ең бірінші неден кіресіңдер?

 

-Балалар, тақтаға қараңдаршы, бұл ненің суреті?

 

-Біздің  қақпа қандай?

Бәрекелді, жарайсындар балалар!

 

-Есік қағып, мысық кіріп келеді де, амандасады.

 

Тәрбиеші:

-О, мысық сен бізге қонаққа келдің бе?

 

Мысық:

-Жо-оо-оқ, мен өз үйіме қақпа құрастыра алмай жүрмін. Аулаға шығып, қолымдағы дүрбім арқылы сендердің қақпа құрастырайын деп жатқандарынды көріп қойдым және тақтадағы қақпаның суретін де көріп қойдым да, сендерге жүгіріп келдім.

 

Тәрбиеші:

Түсінікті мысық! Балалар, мысыққа көмектесіп, қақпа құрастыруға үйретейік.

 

-Мысық және балалар маған қараңдаршы, мен сендерге кубиктерден қақпаны қалай құрастыруға болатынын көрсетемін.

 

-Алдымен кубикті кубикке қою;

-Жоғары жағына кірпіш қоямыз;

-Екі кірпішті алдына қатарымен қою;

-Енді, барлығымыз бірге құрастырып көрейік.

-Мысық,сен де бізбен бірге құрастыр!

 

Мысық:

-Алақай, менде қақпа құрастырамын!

 

-Бәрекелді, өте жақсы құрастырдыңдар!

-Енді, көрейікші, тракторлар біздің қақпадан өте ала ма?

Бағыт беру

 

 

 

 

 

 

 

«Қақпа»

Ойын шарты: Әртүрлі түсті араласып жатқан қақпа суреттерін сыңарын тауып құрастыру.

 

Мысық:

-Рақмет балалар, мен бәрін түсіндім, үйрендім. Кеш батпай тұрғанда үйіме барып қақпамды құрастырып алайын. Ренжімесендер, мен үйіме барайын.

-Сау болыңдар!

Қақпа суретіне желім жағып, сусымалы затпен желімдеу.

 

-Кәнекей, балалар «қақпа» сөзін үш тілде айтайық.

Қақпа –ворота –goal

 

Балалар, оқу іс әрекетінде қандай тапсырма орындадық?

 

 

 

 

-Кәнекей, балалар қонақтармен қоштасайық, осымен біздің сабақ аяқталды.

-Балалар шеңберге тұрады:

-Армысыз, қайырымды Аспан Ата!

Армысыз, мейірімді Жер Ана!

Армысыз, шұғылалы Алтын Күн!

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

 

-Ең бірінші қақпадан кіреміз.

 

 

-Қақпаның суреті

 

 

-Әдемі, үлкен, темірден жасалған, жаңа!

 

-Сәлем, мысық!

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Әрине көмектесеміз.

 

 

 

 

-Балалар мұқият тыңдап, қарап отырып есте сақтайды.

 

 

 

-Екі топқа бөлініп қақпа құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, қақпаны ашып, тракторларды жүргізіп өткізеді.

 

 

-Әне, отыр мысық

Өзі сондай қызық

Қарайды маған

Бір көзін қысып.

(Балалар хормен айтып, мағынасына байланысты қимылдайды)

-Балалар қақпаларды түстеріне қарай сыңарларын тауып құрастырды.

 

 

 

-Ренжімейміз.

 

 

 

-Сау бол, мысық!

Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

-Балалар үш тілде айтады.

 

-Балалар ойланып жауап береді.

-«Қақпа» құрастыру, «Қақпа» ойыны, мысық ұнады.

 

-Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже

Нені біледі: Құрылыс материалдарымен жұмыс істеуді біледі.

Нені игереді: Кубикті, кірпішті қақпа пішінде орналастыруды меңгерді.

Жасай алады: Ұйымшылдықпен жұмыс істей алады. Дидактикалық ойын ойнай алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *