Интеграцияланған ашық оқу қызметінің конспектісі «Шалғындағы балапандар»


Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені»

базасындағы Тірек мектебі(ресурстық орталық)»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Балдырған» балабақшасының

 екінші санатты тәрбиешісі

Тубитаева Лязат Мырзакасымовна

І ші сәбилер тобы (2 жас)

Білім беру саласы: Таным.Қатынас.Шығармашылық.

Бөлімі: Сенсорика.Сөйлеуді дамыту. Мүсіндеу.Музыка.

Тақырыбы: «Шалғындағы балапандар»

Мақсаты:

Көңіл – күйді бағалау;

Жан – жақты психиқалық процестерді дамыту: ұсақ қол моторикасын жетілдіру, қабылдау, есте сақтау.

Сөйлеу байлығын дамытып, қызығушылықтарын арттыру.  

Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,жаттығу,музыка.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезең:

Балалар қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбер.

Пішіндермен танысу.

Тосын сый. (Көгершін ұшып келеді)

Ақтөспен серуен.

Топқа оралу.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көп апайлар қонаққа келді. Қанекей бәріміз орнымыздан тұрып амандасайық.

Балалар: – Сәлеметсіздер ме! деп амандасады.

Тәрбиеші күннің суретін фланеграфқа жапсырады, балалар күн көңілсіз  сәулесі жоқ, күн сәулесін құрастырып береміз бе? (Жарайды)

Тәрбиеші: Қандай тамаша көңілді күн.

Тәрбиеші: Тақпақ оқиды.

Бұлт тығылып орманға,

Шықты күнім аспанға.

Сондай таза сәулелі,

Жетсе егер қолымыз,

Даярмыз ұстап алуға.

-Балалар, күнімізге күліп, оны ауа арқылы сүйіп, қол бұлғайық.

-Балалар күннің түсі қандай? (Сары)

-Балалар бүгін күн қандай тамаша! Серуендеп ойнап қайтамыз ба?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші:-Сендер бүгін менің кішкентай балапандарымсыңдар. Ойынымызды бастамас бұрын жем шоқып тынығып алайық.

 

 

 

 

(Осы кезде тәрбиешінің көмегімен балалар жем шоқиды. Шөжелерім әнімен) Біз енді тоқ болдық. Орнымызға жайғасып бүгінгі ойынымызға кірісейік. Балапандар бүгін ерекше күн мен сіздерді әр түрлі пішіндермен таныстырамын.

-Ой балапандар мен асығып жүріп пішіндерімді ұмытып кетіппін, енді маған кім көмектеседі?

(Есік ашылып шар ұшып келеді.)

-Ой балапандар мынаны қараңдар, әуе шары ұшып келеді.

Оның ішінде кім отыр. (Көгершін)

Көгершін бейбітшілік пен тыныштық, береке әкелетін құс.

-Балапандар менің ұмытып кеткен пішіндерімді көгершін алып келіпті. Көгершінге недеуіміз керек?

Балалар:(Рақмет)

Тәрбиеші Көгершін саған көп-көп рақмет сен ұшып кетпе бізбен бірге бол.

Тәрбиеші  балапандарға  сары, қызыл, көк түсті үлкен, кіші дөңгелек пішіндерді көрсетіп, түсіндіріп сұрақ қою арқылы жауаптарын тыңдайды.

Тәрбиеші:Менің қолымдағы дөңгелек пішінің түсі қандай балапандар?

Балапандар: Сары

Тәрбиеші: Үлкен бе, кіші ме? (Балапандардың жауабы)

Тәрбиеші: Балапандар қане тағы қайталап атайықшы, үш рет қайталатқызу. Балапандарым дөңгелек пішіні допқа,күнге, ұқсайды солай ма?

Балапандар: Иә деп жауап береді:

Тәрбиеші:Мына дөңгелек пішінің түсі қандай?

Балапандар: Қызыл.

Тәрбиеші: Үлкен бе, кіші ме? (Балапандардың жауабы)

Тәрбиеші:Балапандар  мына дөңгелек пішінінің түсі қандай ?

Үлкен бе кіші ме?

Балапандар: Көк.

Тәрбиеші: Үлкен бе, кіші ме?(Балапандардың жауабы)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балапандар, қандай ақылдысыңдар.

Тәрбиеші : Балапандар,енді үлкен пішінмен кіші пішінді түстерін ажыратып салыстырайықшы.

Тәрбиеші:-Жарайсыңдар балапандарым, қандай әдемі, ақылдысыңдар.

Енді менің кішкентай балапандарым бақшаға серуенге шығып қайтайық. Серуенде үйшікті кездестіреді.

Тосын сый. Бақшада үйшікті көреді.

Тәрбиеші: Балапандар үйшіктің ішінде кім бар екен?

Ақтөс: Аф, Аф,Аф, балапандар  қорықпаңдар мен Ақтөспін.

Тәрбиеші: Ой балапандарым, Бізге қонаққа күшікте келіпті.

Ақтөс: Балапандар мен сендермен серуендесем бола ма?

Тәрбиеші: Әрине.

Ақтөс: Балапандар сендер менімен ойнайсыңдар ма?

Балапандар: Иә, ойнаймыз

Ақтөс: Үлкен шеңбердің ішінде қызыл, сары, көк түсті доптаржатыр .

Осы доптарды түстеріне қарай ажыратып мына қорапшаларға саламыз.

Балапандар қызыл допты, қызыл қорапшаға, сары допты сары қорапшаға, көк допты көк қорапшаға салады.

 

Ақтөс: Ақылды балапандарым, өздерің қандай әдемі едіңдер.

Енді бірге өлең айтайық.

 

Добым менің, добым менің,

Неткен сондай әдемі едің.

Домалайсың, қутыңдайсың,

Бірақ менен құтылмайсың.

Енді мен қайтайын, достарым іздеп жатқан шығар.

Тәрбиеші : Ақтөс біздің балапандар сені құр қол жібермейді, саған бауырсақ жасап береміз. (Балапандар қамырдан бауырсақты  мүсіндейді.) Аспазшы апайларға апарып береміз.

Тәрбиеші: Балапандар ,бізге көгершін көмектесті, біз көгершінді тамақтандыруымыз керек.

-Балапандар, бұршақ ұнтақ жармасымен араласып кетіпті, оны енді ажыратып аламыз.

 

Бұршақты ажыратып алдық, бұршақ қатты ма ,әлде жұмсақ па? (балалардың жауабы)

 

 

 

 

 

 

Жарайсыңдар балапандар. Көгершін ұшып кетпепті, көгершінді тамақтандырайық.

Балалар: Көгершінді тамақтандырады. Көгершінге рақмет айтып, ұшырып жібереміз.

Тәрбиеші : Балапандар сендерге бүгінгі серуен ұнады ма? Қандай пішіндер мен таныстық?. Біздерге кім қонаққа келді, кім көмектесті?.( Балалардың жауабы).

Аспазшы апай дайын болған бауырсақты алып келеді. Қонақтарға, Ақтөске таратады.

 

Қол ұстасып тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

Кездескенше күн жақсы

Сау саламат болайық!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *