Интеграцияланған ашық оқу қызметінің конспектісі «Біз орманға саяхатқа барамыз»


      Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені»

базасындағы Тірек мектебі(ресурстық орталық)»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Балдырған» балабақшасының

 екінші санатты тәрбиешісі

Тубитаева Лязат Мырзакасымовна

 Шұғыла тобы. 4-5 жас.

Білім беру саласы: Қоршаған ортамен танысу, Коммуникация.Таным.Дене шынықтыру.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Құрастыру. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Денсаулық.

Тақырыбы: «Біз орманға саяхатқа барамыз».

Мақсаты: Сөздік қорын молайту.Сұрақтарға жауап беру арқылы,ойлау есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Геометриялық пішіндерді және түстерін ажыратып таңдауды үйретуді жалғастыру.

Балалардың ақыл-ойларын дамытып, құрастыруға деген қызығушылықтарын арттырып, ұйымшылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, екі діңгек, ұзын -қысқа жіптер, көрнекіліктер шеге графикасы.

                                      Шаттық шеңбер

Балалар  қонақтармен амандасып, бір-біріне  жақсы сөздер айтып, денсаулық тілейді.

                                       Күлімде күн күлімде,

                                       Күлсін барлық бала шат.

                                       Берекелі бүгіндей,

                                       Бейбіт болсын болашақ!.

Тәрбиеші:

 –Балалар, біз бүгін орманға саяхатқа барамыз. Орман табиғатын тамашалаймыз.Ән әуені орындалады.(Құстардың дауысы, сылдырлап аққан судың дыбысы).

Тәрбиеші: -Балалар орман іші қандай тамаша! Қандай әдемі көрініс! Бірақ орман іші салқын екен. Балалар денемізді  шынықтырып алайықшы.

                                    Қолымызды сипалаймыз,

                                    Білектерімізді сипалаймыз,

                                    Бетімізді, құлағымызды сипалаймыз,

                                    Аяғымыздың ұшымен тұрамыз,

                                    Аяғымызды төмен түсіреміз.

-Балалар біз жылынып алдық, әдемі көріністерді тамашалайық.

-Тәрбиеші :-Балалар сендер байқап келе жатқан жоқсыңдар ма?.Біз дұрыс жолмен келе жатқан жоқпыз. Енді қайіттік,адасып кететін болдық. Кімнен көмек сұраймыз?.

Ау-ау-ау-у-у –у. Осы сәтте бір сыңғырлаған әдемі дауыс естіледі.

-Амансыңдар ма балалар. Мен орман иесімін. Сендер адасып кеттіңдер.Қандай сүйкімді әдемі балалар. Өздерің ақылды балаларға ұқсайсыңдар. Сендер орманға келгеннен бері бақылап тұрмын. Мен сендерге өте маңызды тапсырма бергім келіп тұр. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар, сендерге үйлеріңе қайтатын жолды көрсетемін.

Балалар тапсырманы орындауға келісім береді.

Жолмен жүріп,оңға қарай бұрылсаңдар, екі діңді көресіңдер.Соның біреуінің астында тапсырма бар. Еденде үш жіп жатады. Балалар оң жақтағы жіп бойымен жүріп, діңгектің астындағы тапсырманы алады.

Бірінші тапсырма: «Геометриялық пішіндерге айналып, оларды ретке келтіріп, оларды өз үйлеріне орналастыру». Балалар пішіндерге айналады. Геометриялық пішіндер қалпақтарын киеді.

-Ал, енді бір-бірімізбен танысайық.

(Балалар кезекпен өз белгілерін атайды.)

-Мен қызыл үшбұрышпын.

-Мен жасыл дөңгелекпін т.б.

Тәрбиеші еденге әр түрлі құрсау үйлерді қояды: қызыл, жасыл, көк,сары.-Пішіндер серуенге шығады. Осы кезде пішіндер символы қойылады.

Тәрбиеші белгісі бойынша балалар өз үйлерін таңдайды. Өз таңдауларын түсіндіреді.

-Бұл үйді неге таңдадың?

-Қандай белгі бойынша бөліндіңдер?(балалар жауабы).

Тәрбиеші:Балалар, енді үстелге жақындайық.

Ойын: «Пішінді құрастыр»(шеге графикасы әр түсті резинкадан геометриялық пішіндер салу).Стол үстінде әр балаға екі жіптен және санағыштар. Санағышпен үшбұрыш пен шаршы жасаңдар. Үшбұрыш пен шаршының қабырғасын көрсет. Неше қабырғасы неше бұрышы бар?

-Жіппен шеңбер мен сопақ пішіндер жасаңдар.

-Санағыштан шеңбер мен сопақ пішін жасауға бола ма?

Ойын: «Жіп»(жуан,ұзын жіп беріледі).

Тәрбиеші: балалар, жіпті қолымызбен ұстайық. Шеңбер мен сопақ, үшбұрыш пен шаршы жасайық.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар, бұл тапсырманыда да орындадыңдар.

2-ші тапсырма

-Енді екінші тапсырманы тыңдайық. «Кеңістікті бағдарлай білуге арналған тапсырма».(шариктер мен тау бейнесі)

Тәрбиеші. Балалар біз тауға шығамыз,таудан төмен түсеміз.Оңға бұрыламыз,солға бұрыламыз, ортадағы суды айналып өтеміз. Жарайсыңдар балалар!.

Екінші тапсырманы да дұрыс орындап шықтық. Енді сергіп алайық.

                                                  Сергіту сәті.

                           Ұзын жолмен келеміз,

                           Таумен тасты аралап.

                           Тауға өрлеп шығамыз,

                            Таудан төмен түсеміз.

                            Орнымыздан тұрамыз,

                            Оң жаққа да қараймыз,

                            Сол жаққа да қараймыз,

                            Жолды біз тез табамыз.

3-ші тапсырма.

Балалар енді үшінші тапсырманы тыңдайық. «Тау етегінде өсетін гүлдерді құрастыру».

Тәрбиеші:-Балалар мынау тау етегінде өсетін гүлдер .Осы гүлдерді құрастыруымыз керек. Балалар гүлдерді құрастыруға кіріседі.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар бұл тапсырманы да дұрыс орындап шықтыңдар.

-Балалар сендер өте ақылды болғандықтан орман иесі өте көп тапсырма беріпті.

-Енді келесі тапсырманы оқып көрейін.

4-ші тапсырма: «Егер санау білмесең, ешқандай жұмыс бітпейді».

-Балалар біз санау білеміз бе?(балалардың жауабы).

Олай болса бәріміз бірге санайық. Жаңылыспай санауды үйренейік.

Тапсырма: Көрсетілген ертедегі аңдарды санаңдар (балалар отырады).

Тәрбиеші: Мен сендерге қызық адам туралы ертегі айтып беремін.

                             Дүниеде ширатылған аяқты,

                             Адам өмір сүріпті.

                             Ширатылған жолменен,

                             Ол қыдырып жүріпті    

                                                                            (сурет көрсетіледі).

                             Қақпа алдында

                             Шыршалар тұр ширатылған,

                             Қыдырып жүр уайымсыз,

                             Ширатылған қасқырлар.      (сурет көрсетіледі).

                            

                              Ширатылған өзен бойында,

                              Ширатылған үй болыпты.

                              Ширатылған сол үйде,

                              Ширатылған тышқандар тұрыпты.  (сурет көрсетіледі).

                             

                               Болыпты оларда тағы да,

                               Ширатылған бір мысық.

                               Терезенің алдында,

                               Отырады маужырап көзін қысып. (сурет көрсетіледі).

Сұрақтар:

-Ширатылған адамға неше аң кездесті?(бес)

Балалар ауа арқылы бес санын көрсетеді.

-Тышқандар қанша? Мысық қанша?

Ауаға жазу арқылы сандарды көрсетеді.

Жарайсыңдар балалар!.Бұл тапсырманы да дұрыс орындап шықтыңдар.

Балалар ең соңғы тапсырманы оқыйын.

Бесінші тапсырма:  «Жолмен әрі жүрсеңдер,өзенге кездесесіңдер».

Тәрбиеші балалармен ұзын жолмен жүреді.

5-ші тапсырма:

Тәрбиеші:-Балалар мынаны қараңдар. Өзеннен өтетін көпірді біреу сындырып,тақтайларды шатыстырып тастапты. Көпірді жөндеп, тақтайларды ретімен қою керек( балалар тақтайларды ретімен қойып,көпірден өтеді).

Тәрбиеші: Тақтайлардың пішіні қандай?

-Көлемдері қанда?

-Өзен қандай? (жалпақ немесе жіңішке, ұзын немесе қысқа) балалардың жауабы.

-Балалар біз орман иесінің барлық тапсырмасын орындап шықтық. Орман иесі бізге жолды дұрыс көрсететін шығар.

Орман иесі залға кіреді.

-Жарайсыңдар балалар! Өздерің қандай өжетсіңдер. Барлық тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар. Орман иесі балаларға жаңғақ таратады. Балалар менімен бірге жүріңдер .Үйлеріңе қайтатын жолды өзім бастап көрсетемін.

Сабақты қорытындылау:

Балалар біз бүгін қайда бардық?

-Қандай жағдайлар болды?

-Тапсырмаларды орындау сендерге оңай болды ма? (балалардың жауабы).

Тәрбиеші:-Балалар сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

Болашақта осындай ақылды тапқыр ,мәдениетті болыңдар.

Жарайсыңдар балалар!

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *