Проектная деятельность «Жобалау әдісі балабақшада»


Мейрпанова Жанар Зарлыкановна
воспитатель ТОО «Дошкольный мини-центр «Бобек»

«Балалық шақ атты таңғажайып әлеміне жолдама алу үшін, бір мезгіл балаға айналуымыз қажет. Сонда ғана балалар сізді осы таңғажайып әлеміне кездейсоқ келген, осы әлемді күзететін, ішінде не болып жатқанында шаруасы жоқ күзетші ретінде емес, дос ретінде қабылдайды»

В.А. Сухомлинский

Жобалық іс-әрекеттерді пайдалану мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында көптеген тапсырмаларды шешеді. Мектеп жасына дейінгі баланы орындаушы емес, іскер етіп тәрбиелеу мүмкіншілігін береді.Әр бала өзіне ұнайтын іс-әрекет жасай отырып, әр бала өзін шығармашылық тұлға етіп көрсете алады. Соынмен бірге жобалық  іс-әрекет бала бақшада зерттеушілікпен зор қиюласады, өйткені балалар тумысынан зерттеушілер, олар шаршамайды, тырысады, аңғарғыш және әуес. Тек осы мүмкіншіліктерін жобалық іс-әрекетте қажет арнайы икемге пайдалану керек.

Жобада тәрбиеші қызметінің сипаты: тәрбиеші баланың серіктесі әрі оның өзін-өзі дамытудағы көмекшісі болып  табылады.Тәрбиеші жобаның негізгі жетекшісі, әрі мәселені шешудегі баламалар тобы мен жеке баламалардың жігер үйлестірушісі.Тәрбиеші жоба кезінде сырттай бақылайды, кеңесші әрі сарапшысы бола отырып, аз айтып балалармен көп ізденеді. Ақпарат көздерін тауып, ұсыныстар жасап отырады және жасалған жұмыстардың нәтижелерін  бағдарлай біледі.

Танымның барлық әдісін біріктіруші тақырыптық жобалар балаларға өз табиғатына жақын білім жолын ұсынады.Одан басқа, әр қайсысы өз бағыттары бойынша әрекет ете отырып (біреуі мүсін жасайды,сурет салады, оқиды, кітап жазады)барлығы да берілген тақырыпты жан – жақты ашып көрсететін қыруар мағлұматтар жинап, көрнекі нәтижелерге қол жеткізеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ересектеулері құм мен сазды қуана  зерттейді, өзіндік ерекшеліктерін тани отырып, жүзуге кемелер жібереді, самалды тосады,суды түрлі түсті мұздақтарға айналдырып,ал күн көзін түрлі – түсті алауларға айналдырады,көпіршік жасап, сурет салып көреді,ал бұл арқылы балалар негізінде «Ауа қайда болады?», «Неге кемпірқосақ түрлі- түсті болады?» деген сияқты қиын сұрақтардың шешімін іздейді.

Жоба кезінде бала (қашан? қандай?қайда?)деген сұрақтарға тәжірибе жасап, пайымдайды, іздестіреді, жауап іздейді, тілдік қарым- қатынастарға түсіп, өз ойларын әр түрлі білдіреді,не үшін әрекет етіп жүргенін түсініп, өз қызығушылығы мен арманын айтады. «Біз кафе ашамыз», «Өсімдіктерге қалай әдемі болуға көмектесу керек?» деген сияқты кішігірім жобалар балалар мен тәрбиешілердің шығармашылық іс әрекеттерін талап етеді. Ал «Мен және басқалар», «Достар атызда өспейді»,  «Қалай өз өміріңнің әміршісі болуға болады?» деген сияқты әлеуметтік бағыттағы ұзақ мерзімге арналған жобалар балалар мен тәрбиешілердің  3 айдан 6 айға дейінгі  жұмысын талап етеді.

Мектеп жасына дейінгі оқу мен тәрбие мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты педагогикалық үрдісінің бағдарлануын, жобалануын және құрылуын болжайды. Білім беру ұйымдарында жобалау әдісі педагогтардың  жобалау құзыреттілігін арттыру шарттарының бірі ретінде пайдаланылады. Жобалау әдісін пайдалану педагогтарға  инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасайды.

Педагогтың жобалау құзыреттілігіне мыналар жатады:

1.Педагог жұмыстарының  нәтижелерін жобалай білу;

2.Педагогикалық ықпал етудің жолдарын жоспарлау;

3.Тәрбие мен оқытуда кездесетін қиыншылықтардың нәтижелерін болжау; 4.Нақты педагогикалық тапсырмаларды  бөліп көрсету, оларды шешу  шарттарын анықтау;

5.Балалардың әр түрлі іс- әрекеттерін басқару  жұмыстарын жоспарлау  және тәрбие мен оқыту жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін, құралдарын таңдай білу.

 

Педагогтардың жобалау  құзыреттілігін қалыптастырудағы негізгі мақсат – ұсынылған мәселе бойынша   жоба жасауға үйрету.

Мектепке  дейінгі білім ұйымдары  педагогтарының кәсібилігін арттыру ретінде зерттеу, жобалау жұмысын дамыту.

Инновациялық іс -әрекеттің ұйымдастырылуында маңызды рөл оқу – әдістемелік ісі  мектепке дейінгі ұйымның әдіскеріне беріледі. Оның іс- әрекеттерінің басым бағыттарынының бірі  педагогтардың  жобалау құзыреттілігін арттыру болып табылады.

 

Даму перспективаларын анықтау жобаның соңғы кезеңі – жобаны қорғау- әрқашан көріністі. Оған ата-аналармен кішкентай балаларды, жалпы қонақ шақыруға болады. Дәл осы кезеңде жоба эмоциялық тұрғыдан  қыза түседі және осы кезде оның әлеуметтік маңыздылығын да арттыру керек.Не үшін, кім үшін жасалғанын және жалпы не үшін қажет екенін түсіндіру керек. Қорғау өте жарқын болуы керек, онда әрбір баланың, әр ата-ананың, әр тәрбиешінің еңбегі көрінетіндей етіп ойластыру керек.

Мақсаттылық жобаның белгілері: (мақсат жоқ болса – жоба да жоқ).

1. Өзгеріс (оқу процесінің қажет күйге айналуы).

2.Уақытына шектеу қою ( барлық жобаның басталып, аяқталатын мерзімі болуы керек).

3.Жобаның бірегейлігі.

4.Қажет қордың шектеулігі.

 

Жобаға қойылатын негізгі  талаптар:

1.Шешімін іздейтін мәселенің болуы, жоба бұл байсалды ойын,баланың  дербестігі және ата-ана мен баланың ортақ шығармашылығы;

2.Білімді қолданыста пайдалану үшін мектеп жасына дейінгі балалармен өз ықыластарымен ұсынылған кішігірім жобалар алу қажет;

а) Мектепке дейінгі баланың қызығушылығы

б)оның белсенділігі және оның дербестігі;

Жобалау кезінде мектеп жасына дейінгі бала рөлі өзгереді. Жоба кезінде мектеп жасына дейінгі бала оқыту субьектіне айналады. Іс-әрекет мақсатын тәрбиешімен бірге бала өзі анықтайды. Бала мәселені шешуде өзіне керекті нәрсені өзі көбірек таңдай алады және оқу мен тәрбие процесіне белсенді қатыса алады және бала мүмкіншілігінің көптігі (тәжірибе жасап көреді, жаңа нәрселерді таниды). Сонымен бірге бала тапсырманы орындауда жауапкершілік жүктей алады және уақытын бөліп пайдалана біледі, топтық жұмыстарда көбірек тәуелді болады.

Жобалау әдісі жұмыстарын  мектеп  жасына дейінгі қолданысқа кіргізуді педагогикалық кадрлармен жұмыстар ұйымдастырудан бастау қажет.

Әдістемелік қызметі өз жұмысын қарапайым ликбезден, яғни барлық мұғалімдерді қарапайым жобалау әдісі мен зерттеу әдісіне үйретуден  бастай алады .Сонымен бірге жобалық зерттеу жұмысынан қандай нәтиже күтетіндері туралы педагогтармен  кішігірім сауалнама жүргізе отырып, жобалық іс әрекеттері бойынша әдебиеттердің библиографиялық тізімін дайындап  және әдістемелік әдебиеттер таңдай біледі.

Қорытындылай келе жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады: Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдері анықталады, балаларды,ата – аналар мен мұғалімдерді кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалады(жоба бойынша шығармашылық топтың жоспары жасалды), әр бір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар   пайдалану оқу қызметінің конспектілері дайындалады, балабақшада даму ортасы жетіледі және кеңестер өткізіліп, педагогтарға  практикалық кеңестер, ал ата- аналарға жобаны жүзеге асыру бойынша кеңестер беріледі. Сонымен қатар бір апталық жобаның нұсқасын ұсынып отырмыз.

Бір апталық жоба

Тақырыбы: «Жапырақтардың ғажайып әлемі»

Жобаның түрі: танымдық-ақпараттық.

Жоба мерзімі: қысқа мерзімді (апталық жоба).

Өнімі: презентация.

Жобаға қатысушылар: Тәрбиешілер Малғаждарова Гүлім,  және «Ботақан» ортаңғы тобы тәрбиеленушілерімен бірге.

Уақыты: бір апта.

Мақсаты:

Өсімдіктер және, жапырақтар туралы балаларға мағлұмат беріп, білімдерін тереңдете түсу. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Міндеттері:

·        Әр түрлі өсімдіктердің  жапырақтары туралы мағлұмат беру;

·        Әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарының пайда болуын бақылау;

·        Жапырақтың өсуі үшін таза су керектігін;

·        Балалардың сөздік қорын молайту;

·        Топ болып жұмыс істеуге тәрбиелеу;

·        Ата-аналармен бірлесе жұмыс істеуіне ықпал жасау.

Жобаның актуальдылығы:

Балабақшада балалар тілдерін ғана  дамытып қоймай, сонымен қатар әрбір танысқан жаңа затты, іс-тәжірибе түрінде де қолдана білулері керек. Іс-тәжірибе баланың ойлау қабілетін дамытады. Өлі табиғат пен  тірі табиғаттың айырмашылығын біледі.

Жобаның тақырыбы өмірмен тығыз байланысты. Сондай-ақ, ауладағы бақша өсімдіктермен байланысты. Балалардың өздері жасап көрген іс-тәжірибелері келешектегі өмірлеріне қажет болулары да мүмкін.

Балалар күзгі жапырақтарды қолдарына ұстай отырып, өздерінің ойларынан шығармашылық туындылар жасау барысында, күзгі табиғаттың әсемдігін, күзгі табиғаттың бояуларын түсінеді.

Жобаның жоспары

Нені білеміз
Нені білгіміз келеді
Біз қалай білеміз
·        Тоғайды білеміз;

·        Жапырақты білеміз;

·        Жапырақтың көктемде шығатынын білеміз;

·        Күзде жапырақтар сарғаяды;

·        Күзде жапырақтар түседі.
·        Жапырақтардың неге түсетінін;

·        Олар неге қурайды.
·        Ата-аналардан сұраймыз;

·        Тәрбиешіден сұраймыз;

·        Мұғалімнен сұраймыз;

·        Далаға шығып бақылаймыз;

·        Видео материалдардан көреміз.
Жобаның этаптары:

1-этап. Дайындық бөлімі.

·        Жобаға тақырып дайындау.

·        Жобаны іске асыруда қажетті материалдар дайындау.

·        Көрнекі құралдар дайындау.

·        Ата-аналармен әңгімелесу.

2-этап. Негізгі бөлім. Іс-тәжірибе.

·        Серуен кезінде қоршаған ортаға бақылау жасау.

·        Жапсыру. Күзгі жапырақтардан тоғай жасау.

·        Дидактикалық ойындар: «От шашулар», «Құлаған жапырақтарды тосып ал»,  «Жапырақтардан әр түрлі фигралар жасау», «Күзгі жапырақтардан бас киім жасау», «Күзгі жапырақтардан гүл шоғын жасау».

3-этап. Қорытынды бөлім.

·        Жобаның презентациясы.

·        Жапырақтар туралы өлең жаттау.

·        «Алтын Күз» ертеңгілігін өткізу

Жобаның мазмұны:

Бір апталық мерзімге созылған жобада балалар ата-аналарымен бірге көптеген жапырақтарды жинап, олардың түрлерінің ерекшеліктерімен танысады. Жапырақтармен ойнай отырып, олардан әр түрлі фигуралар жасап, қай жапырақ қай ағашқа тиесілі екенін білді.

Балалардың жапырақтар туралы алған білімдерін тереңдетуде дидактикалық ойын ұйымдастырдым. Балабақшаның ауласына шығып, сарғайған жапырақтарды теріп, олардың түстерін орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілінде атадық.

Жапырақтарды жинау және олармен дидактикалық ойын ойнау барысында балалардың дербес іс-әрекеті.

Тоғай және жерге шашылған жапырақтар.

Күзгі жапырақтарды жинау.

Күзгі жапырақтардың түстерін атау.

Орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілінде
Күзгі жапырақтармен дидактикалық ойындар ұйымдастыру.

Топқа кірген соң міндетті түрде қолымызды жуамыз.

Дидактикалық ойын: «Құлаған жапырақтарды тосып ал».

Ойынның барысы: Балалар тоғайдан түсіп келе жатқан жапырақтарды жылдамдықпен тосып алулары керек. Кім бірінші жапырақты тосып алса, сол жеңімпаз.

Құлаған жапырақтарды тосып алуда

Дидактикалық ойын: «От шашулар».

Ойынның барысы: Балалар жерге түскен сары жапырақтарды жинап, оны аспанға қарай шашады.
Жапырақтардан от шашулар жасау барысында

Дидактикалық ойын: «Жапырақтардан әр түрлі фигуралар жасау».

Ойынның барысы: Балалар жапырақтардан әр түрлі фигуралар жасайды. Және де жасаған фигураларының атауларын орыс тілінде, ағылшын тілінде, қазақ тілінде атайды.

Сопақша, үшбұрыш фигураларын жасау барысында

Дидактикалық ойын: «Күзгі жапырақтардан гүл шоғын жинау».

Ойынның барысы: Балалар күзгі жапырақтардан гүл шоғын жасайды. Күзгі жапырақтардың түстерін қазақ тілінде атайды. Оны мұғалімге ұсынады.

Әр  түрлі жапырақтардан гүл шоғын жинауда

Дидактикалық ойын: «Күзгі жапырақтардан  бас киім жасау».

Ойынның барысы: Балалар күзгі жапырақтардан тәрбиешінің басына бас киім жасайды.

Жапырақтардан тәрбиешінің  басына бас киім жасауда

Жобамыздың келесі бөлімінде балалармен бірге күзгі жапырақтардан жапсыру ұйымдастырамыз. Оған қоңыр, сары, жасыл, қызғалт, қызыл жапырақтар алынады. Арнайы бояусыз тоғай алынады, соған балалар күзгі жапырақтарды жапсырады.  Балалар күзгі жапырақтарды жапсыра отыра, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асырады. Ойлау қабілеттері дамиды.

«Шығармашылық» білім саласының «Жапсыру» бөлімінде «Күзгі жапырақтар» тақырыбында оқу қызметін жүргіздік.

Жобамыздың соңғы бөлімінде «Күзгі жапырақтар» туралы өлең жаттаймыз.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Сап-сары маңай,

Сап-сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Жобаның қорытындысы ретінде әр топтарда «Алтын Күз»

мерекелік ертеңгіліктері өтті.

Күздің қоңыр салқынында әр қашан да күлімдеп жүрейік, – дей

отырып жобамызды аяқтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *