Тәрбие сағаты: “Мансапқа қалай қол жеткізуге болады?”


Мукушова Гульмира Кусайыновна
РМКҚ “Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі”, арнайы пәндер оқытушысы

Мақсаты:

–          Адамның кәсіби қызметіндегі мансаптық өсу жөнінде элементар түсініктерді қалыптастыру;

–          Мансаптық өсуге қажетті негізгі талаптармен таныстыру;

–          Жұмыста табысқа жету үшін өзін зөзі жетілдірудің жолдарын көрсету.

 

Топ жетекшісінің кіріспе сөзі:

Сіздердің кейбіріңіз мансап туралы әңгімелесу әлі ерте емес пе деп сұрауларыңыз мүмкін, себебі алдымен жұмысқа орналасып алу керек деп ойлайсыздар. Бірақ өмір жолының ең басында алдыға жоғары планка қойған дұрыс. Және оған жеткен кезде оны әрдайым жоғарылатып отыру керек, сонда нәтижелер де жоғары болады, яғни өмір «үй – жұмыс – үй» сияқты бірсарынды болмайды…

Сондықтан келесі сөзді біздің жүргізушілерімізге беремін:

 

1-жүргізуші: Алдымен «Импульс» атты тренинг өткізейік:

«Импульс» тренингі. Барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстайық. Тізбек бойынша бір-бірімізге импульс – қысып қол береміз. Барлығымыз біргеміз! Біздің қолымыздан бәрі де келеді!

Өте жақсы. Ендеше біз келесі 45 минут ішінде өзімізді толғандыратын мәселелерді тиімді түрде шеше аламыз деп ойлаймын.

2-жүргізуші: Тек адам мамандықты таңдап қана қоймайды, сондай-ақ мамандық та өз шарттарын жасауы мүмкін. Ал онымен өзара түсіністікке келу үшін, бір жағынан, өз мүмкіндіктеріңді, бейімділіктеріңді, қызығушылықтарыңды дамыту керек, екінші жағынан, табиғи ерекшеліктерді ескеру, оларды өзгерту.

 

«Түйіншекті шешу» аңызының қойылымы

 

Екі ойшыл бір-біріне қарама-қарсы шығады (ойшылдардың костюмін киген екі студент шығады).

Бірінші ойшыл:

–          Қараңыз, мынау жібек орамал. Ал енді мен мұнда түйіншектер жасаймын (5 түйіншек жасайды). Ал енді айтыңызшы, мынау жаңағы жібек орамал ма, жоқ па? – ойшылға көрсетеді.

–          Қалжыныңыз ба? Әрине, бұл жаңағы орамал.

–          Жоқ, жаңағы орамал түйіншексіз болған. Бес түйіншек – бұл еріншектік, көре алмаушылық, ашуланшақтық, өзін ғана ойлаушылық, қанағатсыздық. Ал қазір мен осы түйіншектерді шешуге тырысамын. Маған көмектесіңіз! – Ойшыл түйіндерді екі жаққа тартады.

–          Сіз не істеп тұрсыз, сіз оларды шешкеннің орнына қаттырақ байлап жатырсыз ғой.

–          Сонда оларды қалай шешуім керек?

–          Алдымен, олардың қалай байланғанын көру керек. Егер біз оларды босатсақ, олар оңай шешіледі.

–          Бұл адамдардың көпшілігінде кездесетін бес теріс қасиеттер. Біздің міндетіміз – оларды шешу. Адамдар осы түйіндерден босатылса, әдемі, шығармашыл тұлға болады, өз ортасында сыйлы болады.

 

Жүргізуші 1: Сендердің ойларыңша, суықтықты қалай жоюға болады? (Студенттердің жауабы: жылулықпен). Ал өтірікті ше? (шындықпен). Бұлардың барлығы сіздердің өздеріңізді қалай бағалайтындықтарыңызға да тәуелді болады. Ақыл-ой, мейірімділік, қарапайымдылық, мақсатқа жете білушілік және еңбек сіздерге көмектеседі.

Жүргізуші 2: Ойшылдық сіздердің тұлға ретінде өсулеріңіз үшін қандай кеңестер беретінін тыңдайық.

Ойшыл:

Еңбек ете білу керек
Мақсат қойып, оған жете білу
Өзін қалай тәрбиелеу керек екенін білу
Табысқа сену
 

Үлкен жартышарлар

Адам өмірінде мидың үлкен жартышарлары маңызды рөл атқарады. Мидың ерекшеліктерін біле отырып, адамның қандай салада табысқа көбірек жете алатынын болжауға болады. Біздің қай жартышарымыз жетекші екенін қалай білуге болады?

Мінезге экспресс-талдау жасау әдісі ойлап табылған. Бұл әдіс өмірдің соңына дейін өзгермейтін төрт қасиет арқылы анықталады.

Қолдарыңыздың саусақтарын айқастырсаңыз, қандай да бір саусақтың ылғи да жоғарыда тұратынын байқайсыз. Егер бұл сол жақ саусақ болса, сіз эмоционалдыадамсыз. Оң жақ саусақ болса – сізде логикалық ойлау дамыған.
Қалам арқылы бір нүктеге «көздеңіз». Оң көзіңіз жетекші болса – мінезіңіз орнықты, өз айтқаныңыздан қайтпайтын адамсыз. Сол жақ көзіңіз жетекші болса – мінезіңіз жұмсақ, көнгіш келеді.
Егер қолдарыңызды кеудеңізде айқастырған кезде үстінде сол жақ қолыңыз болса, онда сіз менменшілдікке бейімсіз, оң жақ қол болса – қарапайымдылыққа бейімсіз.
Егер шапалақтау кезінде оң жақ қолмен шапалақтаған ыңғайлы болса, батыл, жылдам шешім қабылдайтын мінез – құлық туралы айтуға болады. Сол жақ қолыңыз болса, қандай да бір шешім қаьылдау үшін көп ойланасыз.
Сол қолыңызды – С, сол көзіңізді – С, оң көзіңізді – О, оң қолыңызды – О деген әріптермен белгілеңіз.

Жазбаларды талдайық:

ОООО – сіз ескішілдік, консерватизмге бейімсіз, жалпы қабылданған пікірге бағытталасыз. Ұрсысуды ұнатпайсыз.

ОООС – сізде шешім қабылдай алмаушылық жиі кездеседі.

ООСО – батылдық, әзіл-оспаққа бейімділік, әртістік қасиеттері басым. Адамдармен өте жылдам қарым қатынас құра алатын мінез типі.

ООСС – міездің алдыңғы типіне ұқсайды, бірақ жұмсағырақ. Шешім қабылдай алмаушылық пен батылдықтың ортасындағы мінез типі.

ОСОО  – аналитикалық ойлау қабілеті мен жұмсақтықтың қосындысы. Көбінесе әйел адамдарда кездеседі, «іскер әйел» типі. Баяу машықтану, сақтық, төзімділік және бірсыпыра суықтық.

ОСОС – әлсіз және ең сирек кездесетін тип. Қорғансыз, ықпал жасауға душар тип.

СООО – кең таралған мінез. Негізгі белгісі – сезімталдық. Біреудің ықпал етуіне бейім. Адамдармен жеңіл тіл табысады.

СООС – «кішкентай ханшайым» типі. Оларға жұмсақтық, тез алданғыштық тән.

ССОО – жылы шырайлылық пен қарапайымдылық тән. Қызығушылықтары шашыраңқы. Өздерін талдауға бейім келеді.

ССОС – ақкөңілділік, жұмсақтық, сеңгіштік басым келеді. Өте сирек кездесетін тип. Ер адамдарда кездеспейді.

СССО – сезімталдылық, жігерлілік, батылдық тән. Шешімді асығыс қабылдауы жиі кездеседі. Бұл типке қосымша тежеуші күш қажет. Ер адамдардың эмоционалдығы азырақ.

СССС – антиконсервативті тип. Ескі заттарға жаңа көзқараспен қарауға бейім тұрады. Эмоционалды, эгоист, қыңыр, кейде тұйық.

СОСО – Ең күшті мінез типі. Олардың көзқарастарын өзгерту қиын. Жігерлі, қойған мақсатына жетпей қоймайды.

СОСС – табанды, өзіне талдау жасауға бейім тұрады, өздеріне жаңа достарды қиындықпен табады. Тұрақты адамдар.

ОССО – жеңіл мінез. Даулардан оңай құтыла аласыз, саяхаттауды ұнатасыз. Достарды оңай табасыз. Өз қызығушылықтарыңызды жиі ауыстырасыз.

ОССС – тұрақсыздық. Тәуелсіздік, барлығын өзі орындауға тырысады. Талдау жасай білу мүмкіндігіңіз сізге күрделі тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Сіз жұмсақ болып көрінесіз. Бірақ іске келгенде талапшыл боласыз.

Естеріңізде болсын!

Жаман мінездер болмайды, ек жақсы не жаман тәрбиеленген адамдар болады

«Ағаш» графикалық тесті

Тип 1 – “шырша”. Шыршаны салған адамдар басқарушылыққа, ұйымдастырушылық қабілетке ие, белсенді болады.

Тип 2 – “синтетик”. Бұл типтің ағашының суретінде бөлшектердің жоқ болуы сәйкес келеді. Ағаш оңайлатылған схема бойынша салынады – ол әдетте дің және ағаштың ұшар басы. Мұндай ағаштың суреттері көбінесе бөлшектерге көп мән бермейтін, сұрақтарға жалпылай қарайтын синтетикалық когнитивтік стильге тән. Философиялық білімі немесе философияға бейімі бар адамдарда жиі кездеседі

Тип 3 – «педант». Бұл типтік суретін екіншіге қарама-қарсы. Ағаш мұқият, шындыққа негізделіп салынған, көптеген бөлшектері бейнеленген: жапырақтары, қабығы, бұтақтары, ағаштың астындағы топырағы және т.б. Адамдар ағашты кескіндеуде бөлшектердің үлкен санын қолданса, олар педанттылығымен, ұқыптылығымен ерекшеленеді. Ағашты былай салу көбінесе бухгалтер, экономист сияқты әр бөлшекке үлкен мән беретін қызметтегі адамдарда кездеседі. Мұны «аналитикалық когнитивті стиль» деп белгілеуге болады.

Тип 4 – «қысқы». Бұл ағаштың типі үшін діңнен шығатын жалаң бұтақтардың салынуы сай. Көбінесе мұндай ағаштар балалыққа жақын адамдарда кездеседі. Олардың бала сияқты таң қала алу мен және барлығын алғаш рет көрген сияқты болу қасиеттері шешімдерді шығармашылық түрде жасауларына септігін тигізеді. Балаларда жиірек кездеседі.

Тип 5 – «пикник». Бұл үлгі үшін ағаштың ұшар басын үлкен, сәнді етіп салу сәйкес келеді. Бұл кескін көбінесе пикниктік мінезі бар адамдарға тән. Сондай-ақ ол интуитивтік типті тұлғаларда кездеседі.

Тип 6 – «эстетикалық». Бұл сурет үлгісі бейнелеу өнері дамыған, эстетикалық формадағы,  көңіл-күйді, эстетикалық әсерленуін жақсы жеткізе алатын адамдарда кездеседі. Әдетте мұндай бейнелеу суретшілерге, кескіндеме әуесқойларына тән.

Тип 7 – «пальма», «экзотикалық тип». Көбінесе өзгеше киім киетін, экзотикалыққа бейім келген,алыс елдерге саяхат жасауды армандайтын жастарда кездеседі. Олар өзіндік, әдеттегіден тыс пікірлер айтады, өзгеше киінеді, романтизмге бейім келеді.

Тип 8 – «мінездемелі ағаш». Бұл үлгі ағаш кескінінің көлемі үлкен болады, астарлылықпен, оригиналдылығымен ерекшеленеді. Ағашта экзотикалық гүлдер мен жемістер, ағаштың ұшар басы өзгеше болуы мүмкін, сондай-ақ бұтақтарда күтпеген заттардың ілініп тұруы мүмкін: техникалық құралғылар, бөлшектер, ойыншықтар. Мінез-құлық өзгешелігімен, индивидуалдылығымен ерекшеленеді.

Тип 9 – «сюжетті».

Үлгі 9-” сюжетті “. Бұл тип суретшілері пейзажды, бір немесе бірнеше ағаштарды бейнелеу , сонымен қатар аспан және онда – күн немесе ай ; желдің әсерімен ағаштан түсіп жатқан жапырақтар, ұшып бара жатқан құстар және т . п . бейнелейді.

Мұндай адамдар сюжеттер, әңгімелер, сценарийлер жазуға бейім болады.

 

Бүгін сіздерге әйгілі Facebook-тің негізін қалаушы, бизнесмен Марк Цукерберг туралы, оның мансапқа қалай қол жеткізгендігі жөнінде әңгімелеп бермекпіз.

Марк Эллиот Цукерберг 1984 жылдың 14 мамырында Нью-Йоркта дүниеге келген. Әкесі Эдвард Цукерберг стоматологиялық клиникаға иелік етті. Ал анасы 4 балалы болғанға дейін, психиатр болып қызмет атқарды.

Марк жастайынан-ақ, компьютерге деген қызығушылығын танытқан. Қызығушылықпен қатар, ерекше электронды машинаға деген икемінің де жақсы екендігі белгілі болды. Осылардың әсері болса керек, жас Марк 12 жасында Atari BASIC платформасында «Zucknet» деп ат қойып, хат алмасуға арналған бағдарлама жасап шығады. Кейін бұл құралды бүкіл отбасы өзара сөйлесу үшін қолдана бастады. Әкесі Эдвард «Zucknet»-ті клиникасында жаңа емделушінің келгендігін біліп отыру үшін пайдаланды. Ұлдарының компьютерлік ойындарды да жасап жүргенін көрген ата-анасы баласының қарымын арттыру үшін программашы Дэвид Ньюманды жалдап оқытты. Осылайша мұғалім аптасына бір рет келіп, Маркпен жұмыс істеп жүрді.

Оқытушы Дэвид кейінірек журналистерге берген сұхбатында: “Сол кезде Марктің соңынан ілесіп отыру менің өзіме де оңайға түспейтін. Басқа да курстарға барып жүрген оқушының алғырлығы мен зеректігі бірден көзге түсіп еді”, – деп ағынан жарылыпты.

Жас талант Phillips Exeter мектебіне де жазылып, өнер үйреніпті. Қандай өнер десеңіздер, кәдімгі семсерлесу өнері. Сонымен қатар, әдебиетте де біршама жетістіктерге жетіп, мектеп кезінде талай классиктердің шығармаларын түбірімен оқығанға ұқсайды.

Дегенмен жаны техникаға үйір жігіт бәрібір сол саланы айналшықтай берді. Аудио файлдарды ашуға арналған Pandora бағдарламасының алғашқы нұсқасын жасап шықты. AOL пен Microsoft секілді ірі компаниялар бұл өнімді сатып алуға құлық танытса да, Марктың келісімін ала алмай, әрі-сәрі болыпты.

Осылайша 2002 жылы оқу бітірген ол Гарвард университетіне оқуға түседі. Оқуының екінші жылында кампус желісінің айыбын ашып, желі бағдарламасын жасап шыққан программашылардың кемшіліктерін көрсетіп берді. Дәл осы тұста “CourseMatch” деген атпен оқу пәндерін таңдауға арналған ерекше құрал жасап шықты. Өзі “Facemash” деп атаған бағдарлама туралы Марктың өмірін бейнелейтін “Әлеуметтік желі” фильмінен көрген де боларсыздар. Екі қыздың арасынан біреуін таңдауға мүмкіндік берген бұл программа бүкіл университетті шулатқан еді.

Университетте оқу оқып жүргенде Маркті Дивья Нарендра және ағайынды Камерон мен Тайлер атты курстастары жаңа жобаны бірігіп іске асыруға шақырады. Қарапайым тілмен айтқанда Гарвард университетінің базасын пайдалана отырып, танысу сайтын жасап шығу керек болды. Марк алғашқы кезде келісім берсе де, кейін өз желісін құруға ден қойып, олардан бөлінді.

Осылайша Марк Цукерберг өзінің жақын достарымен қосылып, ең алғышқы әлеуметтік желіні жасауға кірісті. Жобаны Facebook деп атап, ерекше қарқынмен жұмысқа кірісіп кетті. Марктің өзіне деген сенімділігі сонша, 2004 жылы екінші курстың соңында университеттегі оқуын тастап, басын толығымен facebook-ке салады.

Алғаш кезде жоба авторлары университет жатақханасында жұмыс жасады. Кейінірек Калифорния штатындағы Пало-Альто қаласына ауысты. Жобаның сәтті болғаны соншалық, 2004 жылдың аяғында сайттағы қолданушылар саны 1 миллионға жетті. Сайт авторлары қолданушылар санын бұдан да арттыру мақсатында штаттағы түрлі университеттермен жұмыс істеді. Қомақты инвестиция іздеді.

Алғаш кезде сайтты сатып алуға құлық танытқан компаниялар өте көп болды. Yahoo-дан бастап, MTV Networks-қа дейін қызығушылық танытып, жобаны сатып алуға дайын болды. Бірақ Марк бұл ұсыныстардың барлығынан бас тартып, сайтты жан-жақты дамытуға ден қоя берді.

2005 жылы facebook-ке Accel компаниясы 2,7 млн доллар инвестиция құйды. Осылайша 2005 жылдың аяғында сайттағы қолданушылар саны 5,5 миллионға жетті.

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *