«Әжемнің бау бақшасы» сөйлеуді дамыту


   Ачилова Ураз Балкибаевна 
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Әжемнің бау бақшасы.

Мақсаты: Әжеге қамқоршы болып еңбекке баулу.

Көрнекіліктер: пияздың бірнеше турі бейнеленген сурет. Өсу жолы бейнеленген сурет.

Қажетті құрал-жабдыктар: Пиязды отырғызуга арналған топырақ салынған ыдыстар пияз тұқымы, тұқым себуге арналған сәл үлкенірек топырақ салынған жәшік, бос жәшік, су, балалардын колына киетін жұмыс колғабы, алжапкыш т.б.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік,практикалық.

Ұцымдастыру кезеңі

1.     Шаттық шеңбері

2.     Қонақтармен амандасу

3.     Жаңа оқу іс-әрекетімен танысу

4.     Тәжірибе бойынша жұмыс

5.     Сұрақ – жауап

6.     Жұмбақтар

7.     Сергіту жаттығулары

8.     Балалармен жұмыс

9.     Қонақтармен қоштасу

Тәрбиеші; Қайырлы таң балалар!

-Балалар, бүгін ерекше күе

-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайык.

Балалар;   Қуан шаттан, қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін,

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Үлкендерді құрметтеп,

Бас иеміз біз!

Тәрбиеші; Балалар бүгінгі жаңа оқу іс-әрекетіміз «Таным» білім саласы, жаратылыстанудан «пияз өсіру» тақырыбын өтеміз

-Балалар қазір қандай мезгіл?

Балалар; Көктем мезгілі

Тәрбиеші; Дұрыс айтасыңдар

-Қөктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар; үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр.

Тәрбиеші; жарайсыңдар балалар!

Сұрақ-Жауап

Тәрбиеші; – Балалар, мен сендерге бір ғажайып қорапшаны ала келдім. Бұл қорапшаның ішінде бір зат бар. Сендер осы қорапшаның ішіндегінің атын тапсаңдар, біздің бүгінгі әңгімеміз соған байланысты болады. Ол не екен, кім таба алады? Ол жанды табиғатқа жатадыОны адамдар көп пайдаланады. Ол көкөністер тобына жатады. Оны шикідей де жеуге болады және тамаққа қосады. Оны тамақтың барлық түріне пайдаланады. Ол өзі бірнеше киім киген. Ол туралы мынандай Жұмбақта бар.

Ұрмай- соқпай жылатады.

Әркім бірақ ұнатады. Ол не?

Әрине, ол- пияз. Ендеше біз бүгін пияз туралы әңгімелесеміз. Жұмбақта не үшін ұрмай- соқпай жылатады делінген? Кіне, пияз туралы кім айтып береді?

Картоп                                                                      Пияз

Бақшамызда өседі,                                             Болса да ащы,

Керек тамақ деседі,                                           Дәмді етер асты,

Қызыл, көк, сарысы                                           Өседі ол жерге,

Ащы тұщы бәрісі.                                                  Тығып алып басты.

Педогог балдардың жауптарын пияздың бірнеше түрі бейнеленген суреттерді көрсетіп, қосымша сұрақтар қоя отырып толықтырады.

Пияздың түсі қандай болады екен. Суретке қараңдаршы.

-Жапырақтары қандай болады?

-Пияздың бірнеше түрі болады екен. Мысалы, жыл сайын тамырланып өздігінен өсе беретін көпжылдық түрлері бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Бұндай пияздар тұқым арқылы (тұқымын көрсетуге) өседі. Сол сияқты көшеті арқылы өсетін пияздар болады. Олар домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, бірнеше- бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады.

-Пияз көкөніске жата ма, әлде жеміске жата ма?

-Ол бақшада өсе ме , әлде бақта өсе ме?

-Пиязды қалай өсіп өнетіндерін көргендерін барма? Пияз қалай өседі?

-Пиязды өсіру үшін не керек?

-Дұрыс айтасындар кез- келген өсімдіктің өсуіне қажетті топырақ, су, жарық керек екен. Пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болады.

– Кім айтады, пияздың қай  жақ бөлігін топыраққа отырғызамыз, тамыры бар жағын ба, әлде жоғарғы жағын ба?

– Қазір біз пиязды отырғызамыз. Сендер бірінші алдыларыңда тұрған пиязды алып, қараңдар, пияздың жоғарғы жағында кішкентай жасыл өскінболады, сол өскінді жоғары қаратамыз. Ал топыраққа отырғызатын жағын қалай білеміз?

Тәжірибеші пиязды қалай отырғызу керектігін көрсетеді.

-Міне, балалар, пиязды отырғыздық, еді пияз өсу үшін не истеимізЖарайсыңдар, балалар,  енді бізде тағы бір топырақ салынған жәшік пен пияздың тұқымдары қалады. Мен сендерге тұқымнан өніп шығатын пияздың түрі  бар екендігін айтқан болатынмын. Қазір сол тұқымды топыраққа себеміз.Қалай ойлайсындар, пияз тұқым арқылы тез өсіп шыға ма, әлде отырғызған пияз тез өсе ме? Тәрбиеші балалардың берген жауабына қарай толықтырулар енгізіп, түсінік береді және екі жәшіктегі пиязды да күтіп- баптап, олардың өсуіне бақылау жасайтындығын айтады.

Қорытынды

Тәрбиеші балалардың сабақтан алған әсерлерін, күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіріп суреттер қоя отырып пысықтайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болатындығын, олардың тұқым және көшет арқылы көбейетіндігін, бақшада өсетіндігін, көкеністобына жататындығын, өсу үшін су, топырақ, жарықтың қажеттілігін.

Түсінеді: пияздың әртүрлі болатындығын, сортына қарай тәтті, жартылай ащы, ащы болатындығын, пияздың тұрмыста, медицинада қолданылуын. Олардың өсіру ұшін су, топырақ, жарық және күтім керектігін, бақшада өсетіндігін.

Қолданады: өсімдікті отырғызудың және қарапайым түрін, күтіп баптауды, пиязды отырғызу барысында құралдарды ұқыпты пайдалануды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *