Жалпы тіл кемістігі бар балалар топтарында қолданылатын дидактикалық құралдар


Жексембаева Сая Кажмуратовна
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасының логопеді

Баланың ана тілінде дұрыс сөйлеу, оқу, жазу машықтарын меңгеруі үшін тіл дыбыстарын дұрыс айта білуінің маңызы зор. Сондықтан да балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасында сәбилер тобынан бастап балаларға сөзді дыбыстық жағынан дұрыс айтқызып, үйрету мәселесі қарастырылған. Балабақшалардың қазақ тіліндегі жалпы тіл кемістігі бар балалар топтарында осы бағдарламалық талаптарға сай құрастырылған дидактикалық материалдардың тапшылығы логопедтердің жұмысын қиындатып отыр. Бұл құралдары құрастырғандағы мақсатта логопедтерге баланың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерін түзетіп, сөзді дыбыстық жағынан дұрыс айтқызып үйретуге пайдаланатын құралдарды ұсыну еді.

Дидактикалық құралмен қазақ тіліндегі жалпы тіл кемістігі бар балалар топтарында эрбір дыбыстың жасалу жолдары жайында жеке-жеке тоқталып, онан соң олардың әрқайсысын сөздердің әртүрлі позициясында дұрыс айтып меңгеруге арналған материалдар көбінесе көркем әдебиеттен мәтіндер, қысқа-қысқа өлең шумақтары, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар,т.б беріледі.

Оларды жеке бір дыбыстың ерекшелігін танытып, дұрыс айтқызып, үйрету үшін де, сөз екпінін, сөйлеу интонациясын, ырғағын меңгеру үшін де пайдалануға болады. Материалдарды қолданудың мысалдары құралда да аз емес.

Бірақ бұл құралдың негізін сөздік материал емес, суреттер құрайды. Сондықтар логопедтер суреттермен жұмыс істеу жөніндегі методикалық нұсқауларды мұқият басшылыққа ала отырып, өзі де шығармашылық ізденіс танытуы қажет.

Әрине, балалардың тіл мүкістігін жоюдың, сөзді дұрыс дыбыстап үйретудің өз әдіс – тәсіл жүйесі болады. Осыған қатысты кейбір жайларға көңіл аударған жөн. Соның бірі – ең алдымен баланың тілі келмейтін дыбыстарын анықтау. Содан кейін барып әлгі дыбыстарға тікелей қатысты жаттығу жұмыстарын орындауға кірісу керек. Ондай жұмыстар дидактикалық құралда әр дыбысқа арнайы үсынылып отырған суреттерге байланысты жүргізіледі. Олар негізінен суреттер бойынша сөйлем құратып айтқызудан, суреттерді танып, атын атаудан, түр – түсін, ерекшеліктерін сипаттап айтып беруден тұрады. Мұның көпшілігі логопедтің балаларға сұрақ қоя отырып жүргізеді. Өйткені барлық назар объект болып отырған дыбысқа аударылып, барлық әдіс – тәсіл соны дұрыс меңгертуге қызмет етуге тиіс. Әрине, бұл үшін тиімді әдіс, шеберлікке қоса, ең алдымен логопедтің өзі әр дыбыстың касиетін, жасалу жолын, басқа дыбыстармен келгендегі ерекшелік сипатын жете білуі, әрі өзі мүлтіксіз дұрыс айта да қолдана білуі керек екені өзінен – өзі түсінікті.

Балалармен жұмыс барысында, әсіресі дыбыс ерекшеліктерін практика жүзінде көрсету кезінде, ептігі болар деген оймен, енді әр дыбыстың артикуляциялық  сипаты жөнінде қысқаша сипаттама беру керек;

«А» – дауысты дыбысын айтқанда: ауыз кең ашылып, тіл ауыз куысында еркін жатады. Дауыс шымылдығы ашық болады.

«О» – дыбысын айтқанда: ерін дөңгеленіп, тілдің ұшы астыңғы тістен алыстап, арты сәл жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.

«У» – дыбысын айтқанда: ерін сүйірленіп, алға созылады. Тілдің ұшы жиырылып, арт жағы жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық.

«Э» – дыбысын айтқанда: тіс сәл ашылып, тіл ұшы астынғы тістің түбіне тиіп, ортасы сәл көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық.

«И» – дыбысын айтқанда: ерін күлгендей екі езуге қарай керіліп, барлық тіс түгел көрінеді. Тіл ұшы астынғы тістің түбіне жанасады, ал тілдің ортасы көтеріліп, ауыз куысының артына қарай лықсиды. Дауыс шымылдығы ашық болады.

«Ы» – дыбысын айтқанда: ерін ашылып, тістер түгел көрінеді. Тілдің ұшы сүйірленіп, арты жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.

«Ү» – дыбысын айтқанда: ерін түтікшеге ұқсап алға қарай созылып, тіл ауыз куысының түбінде жатады тілдің ұшы сәл сүйірленіп, жоғары көтеріңкірейді. Дауыс шымылдығы ашық болады.

«Ұ» – дыбысын айтқанда: ерін сүйірленіп, алға қарай жиырылады. Тіл ұшы астыңғы тістен алыстап, артқы жағы жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.

«Ө» – дыбысын айтқанда: ерін дөңгеленеді, тіл ұшы астыңғы тістерге тиеді де, ортасы көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.

«Ә» – дыбысын айтқанда: тіл алға қарай қозғалып, тіл ұшы астыңғы тістердің түбіне тиіп, ортасы таңдайға қарай көтеріледі. Ауыз кеңінен ашылады («А» – дыбысын айтқандай).

«Е» – дыбысын айтқанда: ауыз, тіс ашық болады да, тілдің алдыңғы екі шеті астыңғы тістердің түбіне тиіп, тілдің ортасы жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.

і

«С-З-Ц» – дыбысын айтқанда: ерін, езу тартып, күлген кездегідей керіпіп, тістер көрінеді. Тілдің ұшы төмеңгі тістердің түбіне тиеді, тіл ортасы сәл дөңестеніп, екі жағы астыңғы тістерге жанасады. Дем тіл ортасынан шығады. Жабық дауыс шымылдығының дірілінен «3» дыбысы жасалады.

Жалғасы келесі нөмірлерде шығады.

Логопед: Жексембаева Сая Қажымүрат қызы  «Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *