Дыбыстарға дағдыландыру; қызықсызды қалай тартымды етуге болады


Жексембаева Сая Кажмуратовна
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасының логопеді

Айтқызу барысында бірыңғай тапсырмаларды орындатып, дыбыстарды қайталата береді. Дыбыстарды қойғаннан бастап, өзіндік сөйлеу тілінде қолдану – уақытты талап ететін күрделі дағды. Оның нәтижесі тартымды ойын арқылы қызықсызды қызықты етуге байланысты. Негізгі мақсат – дыбысты дұрыс айтқызу.Ата-аналардың назарын дыбыстарды дұрыс айтқызуға арналған ойынды ұсынамыз. Бұл ойындар сөздегі дыбыстарға дағдыландыруда қолданылады. М/ы: Жұмбақтар: Балаға ішінде қажетті дыбысы бар сөздерден тұратын 6-7 сурет немесе ойыншық беріледі. Сол суреттердің немесе ойыншықтардың атауын баламен бірге атап, қажетті дыбысты дауысты көтере айтыңыз. Содан кейін олардың кез – келгенін сипаттап немесе ойыншықтың атын атауы керек. Ойын бірнеше рет қайталанады. Содан кейін балаға жүргізушінің ролін беруге болады.

Ойын «Не жоғалды?»

Сол ойыншықтар мен суреттерді қолдануға болады. Балаға ойыншықтарды немесе суреттерді қарап, айтып, есте сақтауы ұсынылады. Содан кейін көзін жұмады. Бала көзін жұмған кезде бір ойыншық алынып тасталынады. Бала көзін ашып, ненің жоқ екенін айтуы керек. Ойынды бірнеше қайтара қайталауға болады, бала мен ата-ана орындарын ауыстырып ойнауларына да болады.

«Не артық?»

Әр түрлі белгілеріне байланысты топтастыратын суреттер алынады. Балаға солардың ішінде артығын табу және түсіндіру жүктеледі. Суреттерді топтарға біріктіруді әр түрлі етіп жасауға болады. М/ы: әр топтан бірінен соң бірін алып тастау керек. Бала соңында қалған 2 суретті бір-бірімен салыстырып айырмашылығы мен ұқсастығын айтуы керек.

«Біздің айналамыздағы сөздер»

Балаға айналасына зер сала қаратып, керекті дыбысы бар сөздерді айтқызу қажет. Әрі қарай тапсырманы күрделендіруге болады. Белгілі бір тақырып қойып, керекті дыбысы бар сөздерді ататуға болады. М/ы: «Р» дыбысы жануарларды ата (зебра, шыр, жолбарыс, арыстан). Осындай ойындарды балабақшаға барар жолда, сапарда, көлікте, үйде қайда болса да ойнатуға болады. Осылайша бала бекітілген дыбысты дұрыс айтып қана қоймай, жекелеген сөздер мен сөйлемдерде де қолданады.

«Көңілді үйқастар»

Ойын балаларды ұйқастырып айтуға үйретеді. Ұйқасқа арналған сөздерде керекті дыбыстар көбірек болғаны дұрыс. Мысалы, «Бүлдіргенде бүлдірген» т.б.Әдебиеттердегі көптеген жаңылтпаштар, санамақтарды алуға болады және оларды дыбыстарды бекіту барысында қолданған жөн. Барлығын бірдей жаттатудың қажеті жоқ. Балалардың өздері таңдағаны жөн. Баланың өз таңдауы өзіне қуаныш әкеледі, жұмыстың нәтижесі осыған байланысты. Тағы да бір кеңес: Ойынды уақытында тоқтата біліңіз. Көп ойнатудың қажеті жоқ. Ойынды ертеңгі күні жалғыстыратын балада ниет болуы керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *