Дидактикалық ойындар және құралдар тіл дамыту барысында


Жексембаева Сая Кажмуратовна
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасының логопеді

      Бес жасқа қараған баланың тілін дамытуда ауызша сөйлеуге үйретуде сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға, тілдің фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерін, яғни үйренген сөздерін жекеше, көпше заттың атына байланысты септеп, жіктеп, тәуелдеп айтудың қарапайым тәсілдерін, тілдің дыбыстық мәдениетіне, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорды байыту, тілін дамыту, айналадағы қоршаған ортадан көрген, күнделікті өмірден түйгенін, өз ойын жүйелі, әңгімелеп айта білуге үйретіледі. Логопедтің сабақтада  көрсеткен дидактикалық ойындарсаба шығарманың желісін бұзбай байланыстырып әңгімелеуге, баланың ой-өрісін, дүниетанымын, сөйлеу тілін дамыу керек, тірек сөздерден сөйлем, әңгіме кұрастыру сөздің дыбыстық құрамы ауызша игеруге, өз ойын жүйелі жеткізе білуге шығармашылық шеберлігін шыңдау, дамыту көзделеді. Мен өз логопедиялық жұмысымда дидактикалық ойындарды және дидактикалық құралдарды жиі қолданамын.

Бес жастағы балалар ана тілінде еркін сөйлей алады. Қоршау ортадағы адамдармен, жолдастармен, тұрмыстық жағдайда қарым-катынасқа түсе алады. Өмірде көргендерін, ойыңда іс-әрекеттерді бейнелеп, одан өзіндік қорытынды жасайды. Тіл дамытуда логопедия кызметінің түрлері-тындау, әңгімелеу, грамматикалық жағынан дұрыс сөйлеуді сөздік қорды байытуды, тілдің дыбысталу мәдениетін байланыстырып сөйлеуді меңгереді. Сондықтан мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында тәрбиешілер мен мұғалімдер мысал-мәселелер, тақпақтарға назар аударуы тиіс. Мысалы:

Шырша 
Есентай Ерботин 
Жасыл шырша төрдегі
Дейді: «Бәрің көр мені!»
Кеткен әсем құлпырып,
Ойыншықтар тұр тұнып.
Түрлі түсті шамдары –
Түнде ғажап жанғаны.
Көргендерді елітеді
Керемет бip epтeгi.
 
Жемістер жыры 
Рза Қунақова 
Алма: Нарттай қызыл алмам бар,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Өpiк: Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Піспей тұрған кезімде,
«Менен аулақ жүр», – деймін.
Уылжыған өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.
Қapa өрік: Қара деген атым бар,
Менен де дәм татыңдар.
Дәрі орнына жүруге
Кейде менің хақым бар.
Алыңдар баққа ектіріп,
Сақтаңдар ұзақ кeптipiп.
Шаймен iшкен сусындар,
«Па, шіркін-ай!» – деп тұрып.
 
 
Жақсы мен жаман 
Р.Тышқанбаев 
Жақсы бала құлақ сап
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап
Таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық,
Істемейді шалалық.
Тап-таза боп жуынып,
Алады ол таранып.
Жаман бала құрысып,
Өз-өзінен тырысып,
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып.
 
 

 

Не деу керек? 
Әнуарбек Дүйсенбиев 
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді,
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді,
Не деп барып жеу керек?

Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айғай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай,

Сен не деуді ұмыттың?
  Әжен, түскі тамаққа
Қант-кәмпитті салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа
Әй-шәйі жоқ салдың қол,
Жөн еді не айтқаның?
Добын апар Назардың, –
Деді ағаң, бармадың,
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың,
Сен қай сөзді айтпадың?

Ойыншықтар 
Қадыр Мырза Әли 
Асыққанда,
Сасқанда
Tүciп қалған дорбаңдай.
Екі аяғы аспанда
Құлап жатыр қорбаңбай.
Ойыншық ит қарап тұр,
Жаны жоқ қой – үрмейді.
Моторы жоқ трактор
Сүйремесең – жүрмейді.
Көзі қайда қыранның?
Мүйізі сынған бұғылар …
Жүк көтерген кранның
Күші жоқ та, жүгі бар.
Үйреншікті ізбенен
Келеміз біз сәріде.
Ойнағанда бізбенен
Жан кіреді бәріне!

 
Мен тәртіпті баламын 
Өтебай Тұрманжанов 
Моншадан келгенде
Суық суды ішпеймін.
Шалшық суды көргенде
Бәтеңкемен кешпеймін.
Тұрысымен төсектен
Сұрамаймын нанды да.
Үйге қонақ келгенде

Көп мазаламаймын да.
Мен тілалғыш баламын,
Мен тәртіпті боламын.
 
Мектеп 
Несіпбек Айтов 
Сарғыш тартып күллі алап,
Жеміс пicтi,
Күз келді.
Шақырады мұндалап
Мектебіміз біздерді.
Көзінен нұр төгілерер,
Балалық шақ – алтын күн.
Өз үйіңдей көрінер
Өз мектебі әркімнің.
Саяхаттап мектепке,
Таныстық жер сәнімен.
Мектебіміз бipaқ та
Әсем екен бәрінен.
Кім күшті? 
Күресе де білетін,
Тіресе де білетін
Алтай бала бәрінен
Күштімін деп жүретін.
Қызарса да құлағы,
Тарқамайтын құмары.
Абайсызда бір күні
Мұзға тайып құлады.
Көз алдына бұлт қонып,
Кірпігіне шық толып,
Ісіп кетті шекесі,
Күдірейіп, күп болып.
Мұз дегенің мықты екен,
Қалай ұрып жықты екен,
Білейінші – мұндай күш
Бұған қайдан бітті екен!
Әй, мұз, дейім, мұз, дейім,
Бәрін айтып тізбейін.
Сенен күшті бар ма осы?
Бар болса, мен – іздейін.

Не дегенің, шырақ-ау,
Менен күшті Күн – анау.
Тастаса бір сәулесін,
Тас-талқаным шығар-ау…

Теңізді де кешеді,
Таудан тауға көшеді,
Алтай бала, ақыры,
Күнге барды, деседі.

Қандай өзің көрікті ең,
Тұрмын Жерден келіп мен.
Сенен күшті бар ма осы,
Тастай мұзды еріткен?

Соған, балам, сендің бе?
Анау бұлтты көрдің бе,
Сол күштірек, бөгесе,
Өте алмаймын мен мүлде…
Тарқамайды құмары,
Тау басына шығады.
Будақ-будақ бұлттардың
Бала жөнін сұрады.
Бұлттар келіп топталып,
Айтуға енді оқталып
Жатқанда, жел кенеттен
Қуып-айдап, кетті алып.

Жел, әкеттің бұлтты айдап,
Күн сәулесі шықты ойнап.
Сен екенсің ең күшті,
Таба алмап ем қатты ойлап.
Ортекедей орғыған
Масаттанды жел бұған.

Қозғалтшы енді, батырым,
Мына тауды орнынан!
Жел олай бір жүгірді,
Жел былай бір жүгірді.
Қозғалмасын білді де,
Құзға барып жығылды.

Деген біреу Жел күшті,
Желдің өзі жер құшты.
Бәрінен де, Асқар тау,
Сен екенсің ең күшті.

Жоқ! – деді тау,

Менен де
Күшті мынау Емендер.
Тұрса дағы денемде,
Тамыры оның тереңде!

Мұз да қалды далада,
Құз да қалды далада.
Күн де қалды көгінде,

Түк болмады Желің де,
Ең күштісі, Еменім,
Сен екенсің, тегінде.

Әлі сен жас баласың,
Әрнеге таң қаласың.
Қажет етсең менен сен
Қағаз жасай саласың.
Мұз, күн, бұлт, жел, қара орман
Адам үшін жаралған.
Бәрін соның қорғайтын –
Күшті ешкім жоқ адамнан!
 
  Көктем өрнегі 
Ермек Өтетілеуұлы 
Қap eрідi, су ақты,
Күндер келді шуақты.
Байтақ дала келбеті
Tүктi кілем сияқты.
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда
Құстар әні төгілді.
Жаңбыр жауып басылды,
Күлімдейді көкте күн.
Кемпірқосақ асылды
Өрнегіндей көктемнің.
Жазда 
Сағи Жиенбаев   
Көлім, көлім, көлім деп,
Қаз да келді маймаңдап.
«Шомыл, шомыл, шомыл» деп,
Жаз да келді жайраңдап.
«Тыру, тыру, тыру» деп,
Келді ұшып тырналар.
«Құру, құру, құру» деп,
Жүр жылқышы ағалар.
Өзен-көлдің жағасы
Гүлмен ою ойғандай.
Тырналарға қарашы
Жіпке тізіп қойғандай.
Ал, жүріңдер, балалар,
Қырға шығып көрейік.
Қызғалдақты терейік,

Құшақтап ап келейік.
 
Қыста 
Сағи Жиенбаев   
Тағы да қыс түсті де,
Тон жамылды қырқалар.
Қайың, терек үстіне
Қона қалды ұлпа қар.
Адырға бар, жарға бар,
Алыпты қар бүркеніп.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жүр тоңып.
Көрінбейді бетеге,
Көрінбейді ай тегі.
Үйге кіріп кете ме,
Мына боран қайтеді.
Ауланы тез күрейік,
Аққаланы үйейік,
Есігінен кораның
Кіре алмасын бораның.
 
Жаңа жыл келді 
Сағи Жиенбаев 
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі де әзір.
Кел, Жаңа жыл біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
 

Қиял 
Қадыр Мырза Әли 
Барар едім бақшаға,
Жаяу жүрер жоқ шама.
Meнi мұнда, көке, сен
Ұшақпенен әкелсең!
Нең кетеді, немене
Алып келсең кемемен!
Көңіл үшін желікпе
Машина да көлік пе?!

 
Қыс 
Қадыр Мырза Әли 
Көктемде әнші құстар кеп қонатын,
Колхоздың айналасы бақ болатын.
Конақ қыс ала келіп базарлығын
Кигізді ұлпа қардан ақ халатын.
Түтеген бораны да ере келіп,
Тулайды алай-дүлей дөнгеленіп.
Таң ата саябырлап тыным алып,
Тұрады таңғажайып түрге еніп.
Айнала бір де қара дақ көрінбей,
Қанатын ызғарлы жел қақты ерінбей.
Кіршіксіз күміс қарға көз тұнады
Басталмаған оқушы дәптеріндей.
 
 
Ата 
Сырбай Мәуленов 
Айтады ертек жан атам
Ақ сақалын салалап.
Құмарымды таратам,
Жер мен көктi аралап.
 
 
Балбұлақ 
Нұрхан Жанаев 
Балбұлақ ағады,
Таңдайын қағады.
Сөйлейді сылдырлап,
Бөпемдей былдырлап.
 
Шырша 
Есентай Ерботин 
Жасыл шырша төрдегі,
Дейді: «Бәрің көр мені!»
Кеткен әсем құлпырып,
Ойыншықтар тұр тұнып.

Түрлі түсті шамдары –
Түнде ғажап жанғаны.
Көргендерді елітеді
Керемет бір ертегі.
 

Наурыз 
Бауыржан Жақып 
Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамында халықтың.
Бата беріп атамыз,
Бата беріп анамыз.
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз.

 
Көктемде 
Қасым Аманжолов 
Көктем, көктем, көктем де,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
 
 
Жаз келді 
Жұбан Молдағалиев 
Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді, күн шуақ.

 
Өрік гүлдеп 
Тұманбай Молдағалиев 
Әкеледі бағымызға көріктi,
Көктем шыға гүлдегені өріктің.
Аппақ гүлдер жауып өткен ақ қардай
Сәл маужырап күн көзіне epiп тұр.
Ақ гүл басып кеткендей бip қала iшін,
Беріледі қуанышқа дала шын.
Сол гүлдepдi жел сілкілеп түcipce,
Мен аяймын нәзік өрік ағашын.
 

Жеміс тойы 
Әдібай Табылды 
Күзгі шақта   Алша, жаңғақ…
Біздің бақта  Ал, үз таңдап.
Түрлі түсті  Енді көп ic:
Жеміс пicтi: Жина жеміс.
Анар, алма,  Қойма толсын,
Алмұрт, алуа.  Тойлар болсын.
 
 
Апорт 
Оразақын Асқар 
Апорт деген алманың
Таттың ба, сен, бал дәмін?
Апорт деген тәтті алма,
Өседі ол бақтарда.
Алатауда өседі ол,
Оған тең жоқ деседі ел.
 
Шие 
Әнуарбек Дүйсенбиев 
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзің сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
 
Алма 
Рза Қунақова 
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
 
 
Алмұрт 
Рза Қунақова 
Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер салғырт кім.
 
Өрік 
Рза Қунақова 
Көктем келе бүрлеймін,
Ең алдымен гүлдеймін.
Шілде болмай пісемін,
Дастарқанға түсемін.
 
Бақшада 
Әдібай Табылды 
Ала шапан киініп,
Теңкиіпті қарбыздар.
Жесең, тілді үйіріп,
Сусыныңды қандырар.
«Еңбек түбі – зейнет» қой,
Мен де қарбыз жинадым,
Атам сыйға береді,
Құшағыма сыйғанын.
 
Бір апта 
 
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.

 

Тақырыптық жүйеде берілген заттардың аттарын атауда ондағы дыбыстарды әдеби тіл нормасында сөйлеуге бағыштап, үирету қажет. Бұл үшін тіл дамыту сабағында санамақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел оқыттырып, дидактикалық ойындарды пайдалану керек. Мысалы: Күз көрінісі” – деген тақырыпты өткенде «Бұл қай кезде болады?», «Зообаққа саяхат», тақырыбын өткенде «Зообакқа орналастыр», «Қыскы еңбек» тақырыбында: “Қайсысы не жейді?” т.б. ойындар пайдаланылса, баланың білімі кеңейіп, бекітуге мүмкіңдік туады.

 

Сөздің грамматикалық формасын қалыптастыруда қолданылатын ойындарды және дидактикалық құралдарды қолдануы.

 

Бес жастағы баланың тіліне тән касиеті әртүрлі  мәтіндерді құрауды үйрене бастайды. Тілдің грамматикалық құрылымын бала тезірек меңгереді. Ауызекі сөйлеу де сөздерді әртүрлі формада (септеп, жіктеп, жекеше, көпше) түрлендіре қолдануға үйретшеді. Мысалы: «Отбасы» тақырыбын өткенде “Менің атам бар. Менің әжем бар. Мынау-ана Мынау – әке”, сондай-ақ“Оку құралы” – тақырыбын өткенде қарындаш-қарындаштар, сызғыш-сызғыштар, бояу-бояулар, дәптер- дәптерлер сонымен катар “Малдың төлі” – тақырыбында: Мынау бұзау, бұл – сиырдың төлі. Мынау – құлын. Ол – жылқының төлі. Мынау қозы. Ол – қойдың төлі”-деген сияқты сөздер мен сөйлемдерді сөйлеуде пайдаланады. Балалар монологты жене диалогты, сөйлеуді меңгереді, грамматикалық құрылымы байланыстырып сөйлеу арқылы жетіледі.

Балаларды сөз кұраудың амалдарымен таныстыру тілдің грамматикалық құрылымын дамытуда да маңызды роль атқарады. Мысалы: құстардың, ойыншықтардьң, жеміс- жидектердің түрлерін, аттарын атап үйренеді. Белсенді сөздік қорға енген жаңа сөздерді грамматикалық формада дұрыс пайдалана білуге үйренеді. Мағынасы қарама-қарсы антоним сөздерді (үлкен-кіші, ақ-қара, биік- аласа, жуан-жіңішке т.б.) немесе айтылуы басқа мағынасы ұқсас сөздерді әдемі, көркем, жақсы т.б. ажырата білуге, біріккен сөздерді (ақ-қу, тас- бақа) қолдануға үйретіледі. Сөз тудыру, жаңа сөз үйрету ойын жаттығуларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Грамматикалық ұғымдарды меңгерту жұмыстары дидактикалық ойын-жаттығулармен бекітіледі. Тіл дамытуға арналған әліппе-дәптерде берілген тапсырмалар мен логикалық жаттығулар, дидактикалық материалдарды сөздің грамматикалық формасын қалыптастыруда пайдалану. Мысалы: “Қайсысы артық?”, “Жеке атауын ата”, “Кімге не керек?”, “Мамандықтың бәрі жақсы” тақырыбын өткенде “Кімге не керек?” ойынында әр мамандық иесіне қажетті құралдарды дұрыс атап, оларды қатыстырып сөйлем кұрау сияқты тапсырмаларды орындатуда сөздің грамматикалық формасын қалыптастыруға жаттығады. Оқылған шығармалардан бейнелі, көркем сөздерді ажырата білуге жаттығады.

Бес жастағы баланың сөздік қорын байытуды өзін қоршаған дүниемен таныстырудан бастап, ол сөздің мағынасын түсіндіріп белсенді сөздік қорға енгізу қажет. Бала мәтіндегі заттың атын, белгісін білдіретін сөздерді ажыратып, зат есім, сын есім, етістік, антоним, синоним сөздерді қажетіне қарай қолдана білу арқылы сөздік қорын байытуға болады. Әрбір сабақ сайын бала кем дегенде екі-үш сөзді меңгереді. Осы меңгерген жаңа сөздерді күнделікті өмірде пайдаланады. Мысалы: “Отбасы” тақырыбында аға, қарыңдас, іні сөздерін, “Үй құстары” тақырыбында балапан, шөже, күркетауык, сөздерін, “Жабайы аңдарда” қонжық, арыстан, тиін т.б. сөздерді меңгеріп, оларды ажырататын болады.

Баланың сөздік қорын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері: мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегілердің маңызы зор. Сондықтан,  логопедтің қорында көпдидактикалық құралдар болу керек.

Тіл дамыту материалдары тақырыптық жүйеде берілгендіктен әрбір тақырып мазмұнына сәйкес ауыз әдебиеті үлгілері сұрыпталып берілді. Ондағы мақсатымыз балалардың білімін бекітуде сөздік қорын байытуды көздей отырып, жаңа сөздерді талдатып, мағынасын түсіндіру. Ертегі мазмұнына сәйкес мультфильм, диафильмдерді, сюжетті суретгерді пайдалана отырып, сөйлем құрату, сөз тіркестері сөйлем құрылымын талдатуда бала үшін жаңа болып табылатын сөзді меңгерту. Жүмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел — бала тілінің мәнерлігін дамытудың кайнар көзі. Сурет сериялары, яғни сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру, рольдер бойынша (ертегіні, шығарманы) сахналайды. Ертегі мазмұны салынған сюжетті суреттер арқылы әңгімелеу де балаларды қиялдап, өз ойынан қосып айтуға, болатын оқиға туралы білетінін, аңғарғанын жеткізе білуге үйретеді. Жыл мезгілдері, табиғат құбылыстары туралы әңгімелеуде бала өзінің бақылағанын, оқылған шығармадан есінде қалғанын байланыстыра білуге машықтандырған жөн. Сонымен қатар балалардың сөздік қорын антоним, синоним сөздермен байыту жұмысы жүргізіледі. Мысалы: қалың кітап, жұқа дәптер, биік ағаш, аласа ағаш, биік үй, аласа үй т.б. Жалпы және жеке үғым туралы түсініктермен баланың сөздік қоры дамытылады. Мысалы: қияр, сәбіз, баклажан, қызанақ, орамжапырақ — бұлар көкөністер. Көкөністер — бұл жалпы атау. Ал, керісінше көкөністерге жататындар: қияр, сөбіз, баклажан, қызанақ, орамжапырақ. Бұл олардың жеке атауы екені түсіндіріледі. Сондай-ақ жемістер, оқу құралдары, үй жиһаздары, ыдыстар т.б. атауға болады. Жоғарыда аталған жалпы және жеке ұғымдарды бекітуге арналған дидактикалық ойындарды пайдалануға болады. Мысалы: “Ыдыс-аяқтар” тақырыбын өткенде “Ыдыстарды толықтыр”, “Біздің үй” тақырыбында “Орнын тап” сияқты ойындарды ойнату арқылы балалардың жалпы және жеке үғым түсініктерін бекітіп, сөздік қорын байытуға болады. Баланың сөздік қорын дамытуда сабақтың мақсатына сәйкес жаттығу жұмыстарын дайындап, өздіктерінен жүмыс істеуге жағдай жасалуы тиіс. Тіл дамыту сабағында және сабақтан тыс уақытта серуен, саяхат бақылау т.б. күнделікті өмірде, қоршаған ортада қарым-қатынас жасауда, жаңадан меңгерген сөздерді орынды, қажетіне қарай қолдана білуге тапсырмалар беріледі.

Бұл жастағы баланың сөздік қорын байытуда сөздің грамматикалық формасын қалыптастыру жетілдіріледі. Диалогты сөйлеуге үйрету жалғастырылады. Мысалы:

– Сенің атың кім?

– Менің атым Еламан

– Сенің жасың нешеде?

– Мен бес жастамын.

– Сенің анаңның аты кім?

– Анамның аты Куляш.

Соңдай-ақ “Менің отбасым” тақырыбына әңгіме кұрауда сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Бұл жастағы баланың сөздік қорын байытуда логикалық тапсырмаларды орындатудың маңызы зор.

 

Мен логопедиялық сабақтарында қолданылатын дидактикалық ойындар тізімі:

  1. Д/ойын : «Көкөністер»
  2. Дыбыс қоюға арналған қүралдар.
  3. Дыбысты  машықтандыруға арналған құралдар.
  4. Оқу- тәрбие жоспары.
  5. Логопедияның орысша – қазақша терминдік сөздігі.
  6. Балалардың сөйлеу картасы.
  7. Тіл дамыту сабақтарына арналған дидактикалық құралдар №1.
  8. Тіл дамыту сабақтарына арналған дидактикалық құралдар №2.
  9. Тіл дамыту сабақтарына арналған дидактикалық құралдар №3.
  10. Д/ойын: «Ыдыстар».
  11. Д/ойын: «Ыдыстар».
  12. Д/ойын : «Көліктер».
  13. Д/ойын : «Өлшеулер».
  14. Д/ойын : «Жидектер».
  15. Д/ойын : «Жемістер».
  16. Д/ойын : «Апта ананың жеті баласы» .
  17. Д/ойын : «Жанұядағы жақындық атаулар».
  18. Д/ойын : «Мамандықтар».
  19. Д/ойын : «Мамандықтар».
  20. Д/ойын: «Мамандықтарды атап, әрқайсысына дұрыс сипаттама бер».
  21. Геометриялық пішіндер.
  22. Д/ойын: «Кім осы суреттер арқылы жақсы әңгіме айтып береді?».
  23. Д/ойын: «Не қайда тұрады?»
  24.  Қимыл – әрекет етістіктері.
  25. Д/ойын: «Жиһазды қалай істейді?».
  26. Д/ойын: «Жиһазды неден істейді?».
  27. Д/ойын : «Жиһазды жинайық».
  28. Д/ойын: «Несіз не?».
  29. Д/ойын : «Үй техникасы бізге не үшін керек?.
  30. Сурет арқылы сөйлем құрастыру.
  31. Ұсақ моториканы дамыту құралдары.
  32.  Сериалды суреттер.
  33. Сериалды суреттер.
  34. Д/ойын: «Аз –көп»
  35. Д/ойын: «Аз –көп»
  36.  Д/ойын: «Үлкен – кіші».
  37. Д/ойын: «Ғажайып гүлдер».
  38. Сурет арқылы сөйлем құрастыру.
  39. Сурет арқылы сөйлем құру.
  40. Д/ойын: «Менің күн тәртібім».
  41. Д/ойын: «Қалай суреттелген?».
  42. Д/ойын: «Түстерді тап, дұрыс ата».
  43. Д/ойын: «Қай ертегіден?»
  44. Д/ойын: «Біз дүкенге барамыз».
  45. Д/ойын: «Жануарлар әлемі».
  46. Орыс ертегі: «Баүырсақ».
  47. Д/ойын: «Жыл мезгілдерін дұрыс атап бер».
  48. Д/ойын: «Кел ойнаймыз».
  49. Д/ойын: «Үйдің жұмысы».
  50. Д/ойын: «Үй жануарлары».
  51. Д/ойын: «Үй құстары мен балапандары».
  52. Д/ойын: «Мына суретте не жетпейді?»
  53. Д/ойын: «Консерв заутты».
  54. Д/ойын: «Қалай аталады?»
  55. Д/ойын: «Сурет құрастыр».
  56. Д/ойын: «Сөйлем құрастырып берші».
  57. Д/ойын: «Не қайда жылжиды?»
  58. Д/ойын: «Жеміс науқаны».
  59. Д/ойын: «Киімдерді дұрыс ата».
  60. Д/ойын: «Көкөністерді жинап ал».
  61. Д/ойын: «Жидектерді дұрыс ата».
  62. Д/ойын: «Дәулетті киіндір».
  63. Д/ойын: «Әселді киіндір».
  64. Д/ойын: «Жемістерді жинап ал».
  65. Д/ойын: «Сюжеттік сурет арқылы сөйлем құрастыру».
  66. Д/ойын: «Орамалдағы белгіні тап».
  67. Д/ойын: «Әдемі сөзбен айт. Қандай?»
  68. Көлеңкелі театр «Баүырсақ»».
  69. Д/ойын: «Түс-түспен біріктір де, дұрыс айт».
  70. Д/ойын: «Суретшілер».
  71. Д/ойын: «Поезд вагонында нелер келе жатыр»?
  72. Д/ойын: «Заттарды топтастырып айтып бер».
  73. Д/ойын: «Кім тез сөз құрастырады?».
  74. Д/ойын: «Бір Түсті гүлдермен гүлшоқты жинап ал».
  75. Д/ойын: «Жасыл жолдастарымызды атап берші!»
  76. Д/ойын: «Аяқ киімдерді дұрыс ата».
  77. Д/ойын: «Не артық».
  78. Д/ойын: «Көкөністерді дұрыс жинап ал».
  79. Д/ойын: «Не жетпейді?».
  80. Д/ойын: «Жеміс науқаны қандай?».
  81. Д/ойын: «Жанұя мүшелер».
  82. Д/ойын: «Біз қай ертегіденбіз?»
  83. Д/ойын: «Құстар мен аңдар».
  84. Д/ойын: «Уақыт әлемінде».
  85. Д/ойын: «Уй құстары».
  86. Сериалды суреттермен жұмыс: «Күшік қалай достарын тапты»».
  87. Тіл дамыту сабақтарына арналған дидактикалық құралдар.
  88. Рольдік ойын: «Мақта қыз бен мысық».
  89. Конус театры: «Жыл басына таласқан хайуанаттар».
  90. Көлеңке театры «Торғай мен түлкі».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *