«Балалар ғаламшары»


 

Кожагалиева Гульдана Женисовна

учитель  английского языка Москалевской средней школы

отдела образования акимата Аулиекольского района

     Балалар үшін жазғы демалыстың орны қандай ерек екені баршамызға мәлім. Ал осы демалысты пайдалы әрі қызықты ету – жазғы сауықтыру лагері тәрбиешілерінің қаперінде. Осындай маңызды әрі жауапты жұмыс кезеңі біздің мектебімізде де 1 маусым күні – балаларды қорғау күнімен басталып кетті. Лагердің атауы 1 және 4 сынып оқушыларымен бірлесе отырып шешіп, «Ғаламшар» деп ұйғарылды. Тәрбиешілер лагердің әр күнін қызықты етіп ойластырып, жаз уақытында балаларлың тек ұана демалып қана қоймай, жан жақты дамып, денсаулықтарын молайтып, білімдері мен біліктіліктерін де арттыруды мақсат еткен. Балалар 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған салатанатты концерке қатысып, «Москалевское» ЖШС ұсынған тәттілер мен базарлықтарды қабыл алды. Әр күн сайын балалар «Жайдарман», сұрақ викториналарына, спорттық ойындарға, іс-шараларға белсене қатысты. 4 маусым күні «Мемлекеттік символдар күніне» орай ұйымдастырылған жарнаға аса қызығушылық танытты. Қостанай қаласынан арнайы шақыртылған «Фокус» цирк бағдарламасы балғын балаларды өзінің ерекше нөмірлерімен тәнті етті. Әр күн ерекше бағыт алып, балалар Денсаулық күні, Күлкі күні, Шығармашылық істер күні сияқты бағдарламалармен қамтылды. Сонымен қатар балалар ойын-сауыққа ғана назар салмай, білімдерін де кеңейтті. Осыған орай олар Москалв ауылының ауылдық моделді кітапханасына барып, кітапханашы Т.И.Пиманованың көмегімен әлем ертегілері, керемет туындыларымен етене танысты. Тәрбиешілер ұйымдастырылған суреттер сайыстарына да белесен қатысып, өз өнерлерін көрсеткен балалар мадақтамалармен марапатталды. Лагердің жабылу салтанатын балалар табиғат аясындағы Демалыс үйіне шығып, керемет әсер мен есте қаларлық қуанышқа бөленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *