Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Келіңіз танысайық!» сайыс сабағы


Ақмола облысы

                                                                         Степногорск қаласы

                                                                             №3 «Иван – Царевич»

                                               балабақшасының қазақ тілі мұғалімі

                                                  Бештаева Құралай Нұрболатқызы

Сабақтың мақсаты:

  1. Отанын сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,

балалар өміріне халқымыздың әдеп-ғұрпын, дәстүрін енгізе отырып, әдептілікке, инабаттылыққа,имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:  Қазір балалар шеңбер құрып бір-бірімізге деген жылы тілектерімізді білдіріп қояйықшы.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы болсын күніміз

Шаттық болсын күніміз.

Мұғалім: Балалар менің қолымда екі түсті жұлдызшалар.

Мынау қандай түсті жұлдызша?

Балалар: Алтын түсті

Мұғалім: Ал мынау қандай түсті?

Балалар: Күміс түсті.

Мұғалім: Қазір сендер менің қолымдағы жұлдызшаларды аласыңдар, кімге алтын түсті жұлдызша түссе олар оң жаққа, кімге күміс түсті жұлдызша түссе олар сол жаққа отырады, сөйтіп екі топ болып бүгін сайыс сабақ өткіземіз.

(Балалар жұлдызшаларды алып орындарына отырады)

Залдың шамы өшіп мултимедиеден ұшатын тарелканың көрінісі, сол мезетте өзге планеталық адам келеді.

1

Мұғалім:(таң қалып) Сіз кімсіз? Балалар мынау кім?

Балалар: Өзге планеталық.

Мұғалім: Балалар қонақпен сәлемдесіңдер.

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Планеталық: Здравствуйте! Я путешествовал по планете и программа сбой дала и вот поэтому я здесь и окозалось. Поможете мне определиться куда я попал и что это за планета,  учить язык этой планеты.

Мұғалім: Көмектесеміз бе балалар?

Балалар: Иә, көмектесеміз!

Мұғалім: Балалар,қазір бізде қай топ көп сұрақтарға жауап береді сол топ жеңімпаз атанады. Біз оны мына пішіндерді тарату арқылы білетін боламыз.

Планеталық: Нажимая эти кнопки, я буду узновать многое об этой стране.

2

1 түйме: Бұл қандай Мемлекет?  (Мұғалім сұрақтарды оқып отырады).

Мұғалім:

  • Сенің Отаның қалай аталады?

Бала:

  • Менің Отаным Қазақстан.

Мұғалім:

  • ҚР елбасы кім?

Бала:

  • ҚР елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мұғалім:

  • ҚР бас қаласы қалай аталады?

Бала:

  • ҚР бас қаласы Астана қаласы.

Мұғалім:

  • ҚР рәміздерін атаңдар.

Бала:

  • ҚР туы, ҚР елтаңбасы, ҚР әнұраны.

Мұғалім:

  • ҚР  әнұранының ережесін айтып беріңдерші.

Бала:

  • Орнымыздан тұрамыз
  • Оң қолды жүрекке қоямыз
  • Әнұран айтамыз.

Мұғалім:

  • ҚР рәміздері туралы кім маған өлең оқып береді?

Мемлекеттік рәміздер

Ө.Ақыпбекұлы

Сәнді айшығы, бедері,

Рәміздер – ел беделі:

Бойға таққан тұмардай,

Қастерлеймін мен оны!

Онда қуат, жалын бар,

Жалыннан от жалындар!

Рәміздерден

Елімнің,

Бет-бейнесі танылар!…

Мұғалім: Мынау не? Ненің белгісі?

Бала: Бұл «Ирби» Бұл жетінші Азиада ойындарының белгісі.

Мұғалім: Спортцмен, жанкүйерлердің ұраны қандай болды?

Балалар хормен: «Менің Азиадам! Алға Қазақстан!

2 түйме: (мултимедиеде балабақшаның суреті)

Мұғалім: Бұл қандай мекеме?

Бала: Менің балабақшам.

Мұғалім: (мұғ.өзі қосымша сұрақтар қояды)

Балабақшадағы қызметкерлерді ата.

Балалар: меңгеруші, тәрбиеші, мұғалім, әдіскер, күтуші, аспазшы, дәрігер.

Мұғалім: Балалар сендердің өздеріңнің топтарың бар, иә, кәне өз топтарыңды мақтаңдаршы.

Бала: Менің тобым кең, жарық әдемі.

Мұғалім: Балабақша туралы кім маған өлең оқып береді?

Бала:

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз

Ол екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз – осы үйдің гүліміз

Біз – осы үйдің сәніміз.

3 түйме: (мултимедиеде жануарлардың суреті)

Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ата.

Балалар мултимедиедегі жануарлардың атын атайды.

Мұғалім: Бізге ойын де жіберген екен, ойнайық.

Ойын: «Не артық?»

3

Мұғалім: Аю туралы кім маған өлең оқып береді?

Бала:

Аю шықты орманнан

Жан – жағына қарады

Отырды, тұрды

Орманына кірді.

Сергіту сәті: «Қара жорға» әніне салып денелерін қозғалтады, мұғалім қимылдардың аттарын атап отырады, балалар сол қимылдарды жасайды.

Қимылдар: иық (алға,артқа,жоғары төмен) жорға,домбыра, толқын, самал жел, қызғалдақ.

5 түйме: Ребустарды шеш.Мұнда суреттер берілген, суреттердің аттарын атап, бірінші әріптерін қосып оқығанда бір сөз шығады.(қасқыр,аю, радио. (Қар сөзі); балық, алма, сиыр. (Бас сөзі); қоян, арыстан, нар, тауық. (Қант) сөзі; нан, алмұрт, наубайхана. (Нан) сөзі; көз, үй, нан. (Күн) сөзі,т.б.)

4

6 түйме: (мултимедиеде 7 үйдің  суреті)

Апта күндерін атаңдар.

Бала:

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Жексенбі

Мұғалім: Бүгін аптаның қандай күні?

Ертең аптаның қандай күні?

Кеше аптаның қандай күні болды?

Сәрсенбі нешінші үйде орналасқан?

Жексенбі нешінші үйде орналасқан?

Бейсенбі  нешінші үйде орналасқан?

5

Апта күндері жайлы кім өлең оқып береді?

Бала:

Мен әдепті баламын

Дүйсенбі, бақшаға барамын,

Сейсенбі, тіл дамытамын,

Сәрсенбі, есеп шығарамын,

Бейсенбі, қазақ тілін оқимын,

Жұма, ән саламын,

Сенбі, шаңғы тебемін,

Жексенбі, бақшаға дайындалып

Әр күнін аптаның

Зая жібермеуге тырысамын.

Мұғалім:  Қазір балалар өзге планеталық бізге ойын ойнайық дейді.

Ойын: «Сыйқырлы ай» (пластинкаға желімденген көкөністер мен жемістердің суреті, балалар аяқтарына киіп көтере басып жүрген кезде арттағы басқа топтың сайыскері атап отыру керек. Қай топ бірінші дұрыс атап отырып мәреге келеді сол топ жеңімпаз атанады.)

7 түйме: (мултимедиеде ұлттық аспаптардың суреті)

Мұғалім: Аспаптарды ата.

Балалар: домбыра, қобыз, қоңырау.

 6

Біздің балалар қазақтың ұлттық домбырасымен айтыс орындап берсін.

Кәне балалар қазір біз Саша мен Катяның айтысын тамашалайық.

Саша:

О,Катяжан қош келдің,

Неткен сұлу арусың.

Не айтқалы тұрсың,

Құтты болсын тойың!

Катя:

О, Саша жасымыз бір, бойымыз да,

Ғарыштан асар біздің ойымыз да,

Не айтсаң да адамның тірлігін айт

Әкелдің қандай шашу тойымызға.

Саша:

Гүл жайнаған көктемде

Гүлден сыйлық көп менде

Соның бірін сыйлайын

Мына тұрған өзіңе.

(гүл сыйлайды)

Катя:

Ашық болсын күніміз

Ашылады нұрымыз

Бай тұлғалы өңірде

Айтылады жырымыз.

Саша:

Дәстүр тойы әніміз

Көркем өнер сәніміз

Өлең,ән мен той сәнін

Өрнектейміз бәріміз.

Катя:

Арайы бар даланың

Амансың ба, жаңа күн!

Сәлем,халқым, тірегім!

Сендермен бір жүрегім!

Саша:

Тартады көп сый бізге мерекеміз

Катя:

Артады еңбек етсек берекеміз

Екеуі бірге:

Бірлікті мақсат етіп ұлы тойда

Тірлікті қыздырайық кел екеуіміз!

Мұғалім: Бәрекелді. Отырыңдар балалар.

Мұғалім: Балалар қазір алдарыңдағы жиналған пішіндерден өзгепланеталықтың мүсінін жинап көріңдерші, егер қай топта мүсін шықса сол топ жеңімпаз атанады.

Екі топта да мүсін дұрыс орындалды , енді осы пішіндерді атап беріңдер.

Балалар: Үшбұрыш. шеңбер, тікбұрыш .

7

Планеталық: Тамаша! Сендер маған көп көмек көрсеттіңдер, осы планета жайлы көп нәрсе білдім. Көп,көп Рахмет! Менің кетуім керек.Это от меня память от Азиады. (значки с изображ. «Ирби»)

А мне пора прощаться свами. Сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау болыңыз!

(Осы кезде шам өшіріліп Планеталық шығып кетеді)

Мұғалім: Осыменен балалар сабағымыз аяқталды, қош сау болыңдар!

Көрнекіліктер:

Залда мултимедме,жартылай шеңбер тәріздесқойылған балалар отыратын үстел, планеталық шар, терезелер жабық, онда герляндалар ілінген, Көрнекіліктер: 12 жұлдыз (6күміс,6 алтын түсті), тік бұрыш-4, үлкен үшбұрыш-2, кішкентай үшбұрыш -4, пластинка -12, шеңбер-2.

(Балалармен залға кіріп қонақтармен амандасады)

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *