«Дәрумендер шеруі»


Ескалиева Рысты Кымызгалиевна

КМҚК №59 «Ақбөбек» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, көптеген ауруларға ем екенін түсіндіру, пайдасын көрсету. Ойлау қабілетін дамыту және еңбекке баулу. Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: жемістер мен көкөністердің киімдері, муляждары, ойынға қажетті материалдар, себеттер, шар, гүлдер, бақша макеті, піскен жемістер мен көкөністер.

 

Жүру барысы:

Тәрбиеші:

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

-Қазір жаз мезгілі.

Тәрбиеші:

-Жаз айларын атаңдаршы.

Балалар:

-Маусым, шілде, тамыз.

Тәрбиеші:

-Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар:

-Күн ыстық болады, жемістер мен көкөністер піседі, балалар суға, өзендерге шомылады т.б.

Тәрбиеші:

-Балалар, бүгінгі күн өте ерекше күн болмақ. Себебі, біз дәрумендерге толы көкөністер мен жемістер бағына саяхат жасаймыз. Саяхат барысында дәрумендердің пайдасы туралы толық мағұлмат білетін боламыз.

(Бау-бақшаға серуенге келеді)

Кенет, бақ ішінен ағаш түбінде жерге домалап жатқан алманы кезіктерді.

Алма:

Мен – алмамын, алмамын

Таңдай татар бал дәмім

Мына тәтті бал-дәмді

Дастарқандарыңа арнадым.

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мұнда неғып жүрсіңдер? (Балалар амандасады)

Тәрбиеші:  Біз дәрумендермен доспыз. Сол себепті дәрумендерге толы бақ ішінде саяхат жасап келеміз. Ал сенің неге көңіл-күйің жоқ?- деп сұрайды.

Алма: менің ешқандай досым жоқ. Сол себепті картопты көріп дос болайық десем, ол ж-о-о-қ, мен сенімен дос болмаймын, себебі сен ағашта , ал мен жерде өсемін сенімен дос болу үшін жерде тұрып, басымды жоғары көтеріп тұрып, сенімен сөйлескім келмейді- деді. Ал мен соған бола ағаштан домалап жерге түстім- дейді.  Тәрбиеші: Ойй, алма сен уайымдама, қазір картоппен тауып алып онымен сөйлесеміз.

(Кенет, кратоп келеді)

Картоп:

Бақшаларда өсетін,
Керек тағам десетін.
Бар қызыл, көк, сарысы
Ащы-тұщы бәрісі.

Менің атымды атап жатқандай көрінді, қате естімедім бе?

Тәрбиеші: картоп достым, біз сені сүйсініп жейміз, сені қатты жақсы көреміз, себебі сенің құрамыңда көптеген дәрумендер бар екенін білеміз. Ал сенің алма досымызды ренжіткеніңді қалай түсінбекпіз?

Картоп: я мен онымен дос болмаймын, оның түсі болса қызыл, ал менің түсім қоңыр, ол ағашта өссе, мен Жер Ананы жастанып жатамын.

Тәрбиеші: Жооқ, картоп татуласыңдар.

Картоп: ендеше мына балалар маған көкөністер мен жемістерді ажыратып айтып, берсін, сосын ғана татуласамын. Ол үшін:   «Жемістер мен көкөністерді ажырат» деген ойынды ойнаймыз. Ойынның шарты: «Көкөністер мен жемістерді ажыратып 2 түрлі себетке салады. (Ойын соңынан алма мен картоп достасады)

Тәрбиеші:

-Балалар бүгін біз жеміс, көкөністермен жақынырақ танысатын боламыз. Көкөністер мен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы білетін боламыз. Жемістер мен көкөністерде біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет дәрумендер көп. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кезіктіреміз. Олар қырыққабат, сәбіз, қызанақ, қияр, алма, пияз, алмұрт, қызылша т.б. осы дәрумендерді көп жесеңдерсүйектерің қатаяды, күштерің көп болады, көп ауырмайтын боласыңдар. Себебі олардың құрамында А, В, С, Д, Е дәрумендері бар. Көкөністерден салат жасап жеуге болады, ол денсаулыққа пайдалы. Жеміс-жидектерді жуып жесек, ауырмай үлкен болып өсеміз.

Тәрбиеші көкөністер мен жемістердің дәрумендерін топтастырып көрсетеді:

«А» дәрумені: қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.

«В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.

«С» дәрумені: қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.

«Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде болады.

-Балалар, жеміс-жидектер, көкөністер әрине ол үлкен еңбекпен келеді.

Әуелі дәнін егеміз, суарамыз, арамшөптерін тазартып тұрамыз, яғни баптап күтеміз.

Ендеше қонаққа жемістер мен көкөністерді шақырайық.

(Атрибуттар тағып, көкөністер мен жемістердің киімін киген балалар шығады).

Балалар тақпақтары:

1.     Мен қызанақ,қызанақ.

Қызарып ақ пісемін

Дәмім тәтті болғасын.

Мені халық көп жейді (Айым)

 

2.     Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз       (Дәулет)
3.     Мен қиярмын,қиармын

Жесең есті жиармын

Кетіруге безеуді

Шырынменен жуармын. (Алихан)
4.     С – апельсин, алмұртта,
Д – балық майында,
Е – қарақаттан табылар. (Жүсіп)

 

5.     Мен алмамын, алмамын,
Денсаулыққа пайдамын.
Сусынымды ішсеңіз,
Көп ауруды жазамын.          (Айару)

6.     Мен сәбізбін, сәбізбін,
Емдік қасиет беремін.
Көп ауруды жазамын,
Емделем десең әзірмін.        (Шынтас)

 

7.     Мен қарбызбын, қарбызбын,
Күннің көзін сүйемін.
Ауырса бүйрек, бауырың,
Көмегімді беремін.            (Бекбол)

Тәрбиеші:

Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер!

-Ендеше біз осы балабақшамыздың бау-бақшасындағы жемістер мен көкөністерге арнап ән шырқап берейік.

Ән: «Дәрумендер»

Кенет ортаға қонақ келеді.

Тұмау: Ап-чи-ап-чи. Ой мен қайда келдім?

Тәрбиеші: Ой сен тұмаусың ғой, балаларға тұмауыңды жұқтырасыңғой. Балалар қараңдаршы бұл ешқандай дәруменді тағамдар жемегесін, әлсіз аурып қала береді.

Дәрумендер тірегің,
АВСДЕ деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
– Балалар, сондықтан да жеміс-жидек, көкөністерді үнемі жуып жеп жүру керек.

-Кәне ортаға кішкентай биші дәрумендерді шақырайын.

Би: «Дәрумендер тобы»

Тұмау: Ой балалар енді менде дәруменді тағамдарды үнемі жейтін және жуып жейтін боламын. Сендердің арқаларыңда көп мағұлмат білдім рахмет сендерге. Тәрбиеші:

-Балалар, ендеше тұмаумен бірге ойын ойнайық.

Музыкалық ойын:  «Жұбынды тап»

Балалар әндетіп жүреді:

Көкөністер жемістер

ойнайықта билейік – 2 рет

Содан кейін тездетіп

жұпты тауып көрейік – 2 рет

Балалар музыкамен билейді, тоқтап қалғанда балалар жұптарын тауып,қол ұстасып басқа музыкамен билейді.

Тәрбиеші:

Денсаулықты сақтауға,

Денсаулықты жақтауға.

Дәрумендер пайдалы,

Түрлі тағам құралы, – дей келе, біздің денсаулығымызды сақтауға дәруменнің маңызы зор екенін білдік. Осымен «Дәрумендер шеруі» атты ойын-сауығымыз аяқталды. Кішкентай дәрумендер сендерге көп рахмет, ешқашан ауырмай жүріңіздер! Сау болыңыздар!

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *