Жаңартылған білім беру мазмұны: мәселелері мен перспективалары


Жантлесова Марал Уразылевна

Солтүcтік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка селосы “Власовка орта мектебі” КММ мұғалімі

Бүгінгі күні оқушыға жаңа сатыда білім беру – заман талабы. Осыған орай, мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайы, білім мазмұнын негізгі мәселелері мен перспективалары,  сондай-ақ қазақ тілін оқытуда жаңа педагогикалық әдістердің қолдану тиімділігі мен қажеттілігі қарастырылады.

Аннотация

Сегодня современное образование – это  качественное преподавание. Цель статьи – рассмотрение  новых педагогических подходов в условиях обновленного содержания среднего образования в Республике Казахстан, так же анализируются проблемы и перспективы в преподавания казахкого языка.

Жалпы білім беру мазмұнын жаңартудың қажетілігі неде? Оның негізгі мақсаты мен перспектикалары қандай, білім мазмұнын өзгешілігі мен ерекшелігі жайында бүгінгі күннің басты тақырыбы. Ендеше, оны қарастырып талдайық.

Ең біріншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Ел экономикасының қарқынды дамуы ол білім беру жүйесіне тікелей байланысты.

Екіншіден, бүгінде  біздің қоғамда білім алу ғана емес, сондай – ақ алған білім-біліктілігінді қоғамдық өмірде пайдалана алуды көздейді. Сол себептен оқушының функционалдық сауаттылығына басты назар аударылады. Бүгінгі күні экономикалық ынтықмақтастық елдер осыдан бірнеше жыл бұрын білім берудің жаңартылған үрдесіне көшті. 1997 жылдан PISA білім жүйесін бағалаудың бірыңғай стандарды бойынша балалардың білім сауаттылығы анықталып келеді.

Үшіншіден, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76,79, 89-қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында білім мазмұнын кезең-кезеңмен жаңа форматка көшу жұмыстары басталды. Елбасы Н.Назарбаев «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз»,-деген болатын өз сөзінде. Сондықтан бүгінгі күні білім беру жүйесін жаңа сатыға көтеріп, сапалы білім беру ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Өткен жылдан бастап еліміздің барлық мектептің 1-ші сынып оқушылары жаңа жүйе бойынша білім алды. Білім алумен қоса жаңа жүйеде бағаланды. Сабақ барысында баланың білім деңгейін бағалап, әрі жетілдіруіне мүмкіндік беретін қалыптастырушы мен жиынтық бағалау түрлері қолданды. Әр сабақтың соңында тиімді тандап алынған кері байланыс пен рефлексия  баланың әрі қарай жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Жаңартылған білім бағдарламасы негізінен үш құжаттан тұрады, ол оқу бағдарламасы, оқу жоспары және бағалаудың түрлері. Бағдарламаның ерекшелігі жиырма бірінші ғасыр дағдыларын дамытуға бағыттылаған, ақпаратты іздеу, талдау және қорытынды жасау. Негізінен қазақ тілі сабағында оқушының бойында негізгі төрт дағдыны жетідіру қажет. Яғни, тыңдалым, оқылым, жазылым мен айтылым. Оқушыны қазақ тілінде тек оқытпай, жазғызбай, сондай-ақ тыңдалған ақпаратты өз білім деңгейіне сай қолдана алатын деңгейге жеткізу қажет. Сондықтан сабақ барысында әр дағдыны жетілдіруде қазіргі заманға сай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданамын. Мысалы үшін «Шығыс базары», «Білім қабырғасы», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Сана саяжолы», «9 ромб», «5 қадам», «Драма әдісі», «Әдебиеттік үйірме», графикалық органайзерлер – «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Оқиға тауы», «Хикая картасы», «Эмоция кестесі», т.б. Сабақта тиімді әдісті қолданудың нәтижесінде бірнеше жұмыс формаларын ұйымдастыруға болады.

Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес жаңа оқулықтар заман талабына сай құралған. Оқу мақсататтарына сәйкес тапсырмалары мен мәтіні алынған. Бүгінгі күні үш тіл білу – заман талабы. Осыған сәйкес оқушыны тілге үйретуде жаңа сөз үш тілде берілген. Бұл сөздік миниумды жетілдіру мен байыту, сондай-ақ жаңа сөзбен оқушы сөз тіркес, сөйлем(сұраулы сөйлем) сұраққа жауап құрай алуды үйренеді.  Қорыта айтқанда, заманауи қоғамның зиялы азаматына білім берудің басты мақсаты – санасы жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу.

Қолданылған әдебиет тізімі

1. “100 нақты қадам” Ұлттық жоспар.

2. Жаңартылған білім беру бағдарламасы, 2016.

3. Оқытудың тиімді әдістері, 2016.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *