Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру. Ертегілер еліндегі ғажайып математика.


Ташанова Гулжан
БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі

Құзыреттілікке жеткізетін ұйымдастырылатын оқу іс-әрекет мақсат-міндеттері:

Ақпараттық құзыреттілігі: Берілген математикалық тапсырмаларды түрлендіру арқылы балалардың алған білімдерін кеңейту.

Коммуникативтік құзыреттілігі: Логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар өз дербестігін көрсете білуге үйрету, түрлі тапсырмаларды ойлап, жауап беруге дағдыландыру.

Проблема шешу құзыреттілігі: Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте қолданылатын педагогикалық технологиялар: логикалық ойындар, ғажайып сәт.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет өтілу әдісі: түсіндермелі-иллюстративтик, жартылай ізденіс, көрнекілік.

Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, құрастыру, жапсыру.

Оқыту құралдары: Ой қозғау, логикалық ойындар, рефлексия. Сандардың, пішіндердің мазмұнды  суреттері.

Жылулық шеңбер:

Күлім қағып қолымды

1,2,3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы жүзбенен

Мандайыңнан сипайын.

Жылы-жылы жүзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.

Тәрбиеші: Қымбатты балалар, қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян»
Тәрбиеші: Олай болса, Маша мен аю ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!
Балалар, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз. Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:
Маша:О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.
Осы кезде біреу есік қағады.
Аю: Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіңнің төбесіне ұқсайды.
Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.

1-      тапсырма.

1 – ден 5 – ке дейін тура және кері санау
Екі тілде санау.

Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
Бір кезде Қасқыр келеді.

Қасқыр: Бұл сарайда кім тұрады?

Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын. Менің қолымдағы төртбұрыш,

оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.

Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.

Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
2- тапсырма.

«Кім ойлампаз».

Мақсаты: “Баланың  логикалық ойлауын арттыру”

Кемпірқосақта неше түс бар?
Бағдаршамда неше көз бар?
5 саусақты қолғапта неше  саусақ бар?
Адамның неше көзі бар?
Аспанда неше ай бар?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Бір жылда неше ай бар?
Бір аптада неше күн бар?
Адамда неше саусақ бар?
Қоян жүйрік пе,  тасбақа жүйрік пе?
Осы кезде қоян кіріп келеді.
Қоян: Мына әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?

Қоян. Мен қоянмын. Менің қолымдағы дөңгелек пішіні.
Оның бұрыштары жоқ. Ол допқа, айға ұқсайды.
Маша: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.

3-тапсырма.

Пішіндерден үй құрастыру.Сергіту сәті

Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі: Мына әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Түлкі: Мен түлкімін. Менің қолымдағы шаршы пішіні.
Оның төрт бұрышы төрт қабырғасы тең.
Маша: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.
Маша: Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.

4-тапсырма.Дидақтакалық ойын:
“Ойыншықтар қандай пішіндерден құралған?

Осымен ертегіміз аяқталды. Балалар ертегілер әлемінен келген аңдарымызды шығарып салайық. Сіздерге пішіндер туралы көп мағлұмат берді. Оларға рахметімізді айтып шығарып салайық.

Қорытынды.

Тәрбиеші:

-Жарайсындар балалар. Сіздер өте білімді тапқыр екенсіндер. “Математика әлемінде” берілген тапсырмалары мен ойындары ұнады ма?

Балалар жауабы: – Ия.

Берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап бердіңдер. Сіздерге акелген сыйлықтарым бар.

Әдемі сыйлықтар таратылады. Онда осымен оқу іс – әрекетіміз аяқталды. Барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар.  Сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *