«y=√x функциясы және оның қасиеттерін пайдаланып, графигі»


Омарова Гульзат Хамитовна
ЖББОМ №1 математика пәнінің мұғалімі

Сабақ мақсаты: Оқушыларға функциялардың қасиеттерін қолдана отырып, оны зерттеуді және зерттеу негізінде графигін салуды үйрету;

Сабақ міндеттері:

– ақпараттық-коммуникативтік   құзыреттіліктерін қалыптастыру;

-ойдан ой туындатуға, әр сөзді, айтылған ойды дәлелдеуге үйрету;

– шынайы бағалауға, өзара көмекке, ұжымдық ауыз біршілікке баулу.

Модульдер: Диологтік оқыту; Сыни тұрғыдан ойлау; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Талантты және дарынды балаларды оқыту, Жаңа технологияларды қолдану; Жас ерекшеліктерін ескеру;

Стратегиялар: «Топтастыру әдісі»; «ЖИГСО әдісі»; «Рефлексия»; «Топтық жұмыс»; «Жұппен жұмыс»; «Венн диаграммасы»; «Ментальды карта»; «Өзара бағалау»;

Сабақты психалогиялық ахуалды ұйымдастырып, өз көңіл күйлерін мимикамен жеткізуін айтып, орындаттым. Барлығы қызық көріп ойларын жеткізуге тырысты. Сыныпты топқа бөлу үшін әр түрлі ленталар арқылы таңдатып, түсіне қарай бөлдім. Әр топтың бағалаушылары мен топ басшыларын сайлауларын сұрадым. Әрі қарай сабақ мақсатын түсіндірдім.

Өткен тақырыпты қалай меңгергендерін білу үшін Диологтік оқыту модулі бойынша Бастама-жауап-кейінгі әрекет түрін пайдаланып сұрақтар қою. Мысалы, Көбейткішті түбір белгісінің астына қалай енгіземіз? тағы сол сияқты және үй тапсырмасының есептерін жауаптарымен тексердім. Бұл сабаққа тапсырмаларды алғанда сыныптың Жас айырмашылығын ескере отырып ұйымдастырдым.

Жаңа тақырыпты Сыни тұрғыдан ойлау модулінің «ЖИГСО» мозайкалық әдісін пайдаландым. Әр топқа тапсырмаларды бөліп тастадым. «Венн диаграмма», «Менталь карта»  арқылы тақырыпты қорғайды. Әр топ өз тапсырмаларын жақсы орындап, қорғап шықты.

Тақырыпты бекіту мақсатында әр топтағы Диологтық оқытуда жұптарға түрткі сұрақтар қою арқылы қасиеттерін толығымен аштық. Шаршағандарын басу үшін Сергіту сәтін «Серігіме сенемін» орындату. Онда жұптасып бірінің артына бірі тұрып серігіне қарай құлау. Серігі құлатпай ұстап қалу. Кезектесіп орындайды.

Білім деңгейлерін білу үшін кітаптан тапсырмаларын орындату. АКТ модулін пайдаланып әр топтан тақтаға шығып «Топтастыру» әдісі бойынша орындаған есептерінің графигін интербелсенді тақтада орындап, түсіндіреді.

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалауда топ өздерін бағалайды. Рефлексия «Үш жұлдыз, бір тілек» әр топтан оқушылар тұрып өз ойларын айтады, тілектерін де білдіреді. Үйге тапсырма беру.

Бұл сабақта сәтті өткен жері оқушылардың топ ұстанымына бағынулары, шудың азайғаны, уақытта үнемделе бастағаны. Оқушылардың қолдары тимей бәрінің қызу жұмыс жасағандары, бір-бірімен тығыз байланыста, өздерін сабырлы ұстаулары барлығы жағымды көрінді.

Ал сәтсізі әлі де оқушыларды жылдамдықтың аздығы, есепті әлі де аздау шығаратынымыз. кей оқушылар белсене қатысып, ал кейбірі үнсіз қалып қойды. Және топ басшысының бағалауына келіспеушіліктер болғанында. Өзіме келесі сабақта осы оқушыларға да бөлек тапсырмалар ұйымдастыру және бағалаушыны өзгерту керектігін ойладым.

https://youtu.be/69ZSkWBypRQ

https://youtu.be/r7cUU2b7epg

https://youtu.be/OzjsNnC7IV0

https://youtu.be/lsJYjRzGgAc

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *