«Қамқор ана – қайырымды бала» қамқорлық акциясына орай ата-аналар мен оқушыларға өткізілген ашық тәрбие сағаты)

Губайдуллина Назипа Нуртаевна
Үшағаш НОМ музыка пәні мұғалімі, сынып жетекші, эстетикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі

7-сынып жетекшісі Назипа Нұртайқызының « Қамқорлық – қайырымдылық»  акциясына орай  ата-аналармен бірге өткізген каучинг  сабағы осылай аталды.  Айтқандай ұстаз үнемі ата-аналармен өте тығыз байланыста болады.Ата-аналарға арнап осындай шараларды өткізуде ерінбей еңбектенеді. І тоқсанда отбасы апталығына орай балаларымызбен бірге «мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»  атты шара өткізді . ІІ-тоқсанда  «Тәуелсіз елге тәрбиелеп берем баламды»  атты тренинг  өткізді. Тренинг ойындары барлығы да бала тәрбиесіне байланысты болды.  «Венн» диаграммасына біз бір күнімізді толтырдық, екінші жағына балаларымыз бір күніін толтырды , ал ортасына сынып жетекші ортақ сәйкестіктерді толтырды. Және «сәйкес жауап»  ойынын да  біздің берген жауаптарымыздың,  балаларымыздың жауаптарымен сәйкестігін ескере отырып, әр ата-ана баласымен қандай қарым – қатынаста екенін анықтады.   Ал осы ІІІ тоқсан басында өткізіп отырған «Қамқор ана – қайырымды бала» атты каучинг с абағы  да өте қызықты және әсерлі өтті. Кіріспе бөлімінде сынып жетекшісі:  Ата – аналармен, балалармен  шеңбер жасап «Ризамын» атты тренинг  өткізді.  «Кайырымды бол –қамқор керек адамға»  атты  аудиодыбыстарымен дайындалған  слайд арқылы баяндама тыңдадық.   Содан кейін ата-аналарды «Қамқорлар», оқушыларды  «Қайырымдылар» деп екі топқа бөліп, «Қамқорлар » тобына «Бала қадірі», «Қайырымдылар тобына» -«Ата-ана қдірі» атты бейнежазбаларды тамашалап,  көрген-түйгенімізбен  постер қорғадық.  Сабақ  «Қатігез бала мен қайырымды бала» бейнесюжетімен қортындылады.  Ата- аналармен тығыз байланыс орната  отырып, ата-аналарға арнап осындай шараларды өткізуден талмайтын балаларымыздың сынып жетекшісі   Н. Губайдуллинаға ата-аналар атынан шын жүректен рахметімізді айтамыз.   Және жұмысына шығармашылық табыстар мен еңбегіне жетістіктер тілейміз.

(Қамқорлық қайырымдылық акциясының өту барысында сынып жетекші Н.Губайдуллинаның  акциямен жұмыстану барысындағы ата-аналар мен оқушыларға өткізген ашық тәрбие сағаты)

Мақсаты:  Мектепте өтіп жатқан қақмқорлық – қайырымдылық акциясын сыныпта атап өту. Оқушыларға қамқорлық пен қайырымдылық туралы тереңірек түсіндіру. Қамқорлық пен қайырылымдықтың  ең бірінші отбасынан басталатынын ұғындыру. Мектеппен ата-ананың  тығыз байланысын нығайту.

Өту барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Тренинг:  «Ризамын»оқушылар мен ата-аналар ортаға шығып шеңбер жасап ата-анасы баласына, баласы ата-анасына не үшін риза екендігін айтып өтеді.

Кіріспе бөлімі:   (Баяндама –слайд) слайд жүріп жатқанда  «Қайырымды бол қамқор керек адамға»атты   арнайы дайындалған аудиожазбаны қосып,тыңдатады.

Баяндаманы  ашу.   «Венн» диаграммасы: Менің бір күнім. Ата-аналар тақтаға шығып бір күндігін бір шеңберге жазады, екінші шеңберге оқушылар шығып бір күндігін жазады. Екі шеңбердің ортасына сынып жетекші бір күнде болатын ата-ана мен оқушының байланысын жазады .

Негізгі бөлім:   Балаларға арналған видео «Сенде ана – жалғыз »

Ата-аналарға арналған видео (Бейнебаян )  «Бала қадірі»

Постер қорғау: Бейне жазбадан алған әсерлері бойынша өз ойларын постер арқылы қорғап шығады.

І-топ: Ата-аналар «Қамқорлар» тобы.

ІІ-топ: Балалар «Қайырымдылар» тобы.

Екі топтың жұмыстану уақыты:  (Бейнебаян)   «Сәби бақыты»

Театрландырылған әдіс арқылы екі топ бірін – бірі бағалайды.

Сергіту сәті:   «Сәйкес жауап»

Қортынды:  «Ата –ана қадірі»  бейне жазба

Leave a Reply

Your email address will not be published.