“Сын есімнің түрленуі”
Саргожина Гулнур Нурбаевна
Қостанай облысы, Васильевка бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Сын есімнің түрлену ерекшелігін, сөйлемдегі орнын түсіндіру арқылы сын есім туралы білімдерін кеңейту.
- Дамытушылық:Алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,білім алуға ынтасын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар, флипчарттар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ:Заттың сапалық сыны ір кез бір дәрежеде бола бермейді. Сын есімнің түрленуі оның шырай формасына енуі. Яғни сапалық сын есімдерден белгілі қосымшалар арқылы шырай түрі жасалады. Мысалы:Сары деген түстің сарғыш, сарырақ, сарылау, тым сары, сап-сары сияқты бір-біріне жақын түстері бар.
Үлкен- үлкенірек, үлкендеу, үп-үлкен, өте үлкен, тым үлкен.
Сын есім
Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай
Шырайдың жасалуы:
- Сапалық сын есімнен жасалады.
- Сапалық сын есімдерге белігі бір қосымшалар жалғану арқылы және күшейткіш буын үстелуі н/е күшейткіш үстеулер тіркесу арқылы жасалады.
Салыстырмалы шырай:Мысалы: Жақсы-жақсырақ, терең-тереңірек, ащы- ащылау.
Сапалық сын есімге жалғанып,салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:
- –рақ,-рек,- ырақ,- ірек;
- –лау,-леу,- дау,-деу,- тау,-теу;
Жекелеген сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:
- –ғыл,-қыл,- ғылт,-қылт,-ғылтым,-қылтым.Мысалы: сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым т.б.
- – шыл,-шіл,-шылтым,- шілтім.Мысалы:ақшыл, ақшылтым, көкшіл, көкшілтім т.б.
- –ғыш,- ілдір. Мысалы: сарғыш, көгілдір т.б.
- –аң,-қай,- ша,-ше. Мысалы: қуаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкшк, сұрша т.б.
64-жаттығу (шығармашылық тапсырма) Тапсырма: мәтінді өзіндік диктант етіп жазып, құрамынан сапалық сын есімдерді тауып, ерекшелігін анықтау.
65-жаттығу.Тапсырма: Берілген сын есімдердің бір тектес сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазу.
67-жаттығу.Тапсырма: Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңдар.
Үлгі: толық-толықтау-толығырақ-толықша.
Толық. Биік. Көк. Сұр.Жаман. Жеңіл. Тар. Мықты. Кіші. Қатты. Жақсы.
Тапсырма.Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып, жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар.
Ақылды-от, ауырлау, сиректеу, көргіш, жинақы, сергек, қоңырқай, сарғыштау, ақшылтым, таяз, қышқылтым, тереңірек, тәуірлеу боз, тәтті, сүйкімді, тәртіпті, сылбыр, қышқыл, көкшіл, жасық, өткір, өжет, әдемі, сыпайы, мәдениетті, иманды.
69-жаттығу.Мәтінді дауыстап оқып шығыңдар.Балалардың портретін жасауға қатысып тұрған сапалық сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдырып көшіріп жазыңдар.
Үйге тапсырма.70-жаттығу. Салыстырмалы шырайды көбірек пайдаланып, бірге оқитын жолдастарыңның салыстырмалы портретін жазып келу.Ережені оқу.
Бағалау.