Топтық оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту


Саргожина Гулнур Нурбаевна

Қостанай облысы, Васильевка бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

XXI –  ғасыр мектебі  жедел өзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі өзгерістер енгізуді,  өз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды талап етеді. Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы – бастауыш саты. Осы орайда ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға  тәрбиелеу бастауыш сыныптан бастап қалыптасады.

Жаңартылған  білім берудің қазіргі парадигмасы оқытудың нәтижеге бағдарлануы, оқушының жеке тұлғасына бағытталуы, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне қатыса отырып, өз болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, мақсат қояды, нәтижелерін қадағалайды, эксперимент жасайды және бала топтық жұмыста өзінің пікірі немесе ұсынысы қате болса, түзетуге мүмкіндік алады.Осы әрекеттер топтық жұмыста жүзеге асады.

Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық “жаңалық” ашуы,  шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша  оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады.

Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Осы орайда  таңдап алған әдістемелік тақырыбым “Топтық оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту” бағытында жұмыстар жүргізудемін. Алдымен  оқушыларды топтарға бөлуде  суреттер, сандар, түстер арқылы, бойларымен тұрғызып, туған күндері бойынша, есімдерінің әріптері арқылы, мозайка т.б. әдіс – тәсілдер қолданамын. Сонымен қатар оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс – қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс – қимылға «оқушы – оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болуын назарда ұстанамын. Топтық жұмыс тиімді және ұтымды болуы  қажет. Яғни, оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек.

Топтық және жұптық  жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық   жұмыста оқушылар Оқушылардың топпен жұмыста басқаларды тыңдау, бірін-бірі сыйлау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу дағдысы қалыптаса түсетінін байқадым. Топтастыру, эссе, Венн диаграммасы, кубизм, семантикалық карта, дәстүрлі емес жолды өлең, еркін жазу, түртіп алу жүйесі, ойлан, жұптас, бөліс сияқты сабақ мақсатына қызмет ететін, оқушының әр кезеңде өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін элементтерін оқушы деңгейіне қарай  топтық сабақ  жоспарына енгізіп, қолданамын.

Сабақтың мақсатын қоя отырып,» мен осы сабақтан не күтемін; менің оқушыларым сабақ соңында қандай жетістікке жетеді; осы мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерді қалай қолданамын; нәтижесінде өз мақсатыма жеттім бе, менің оқушылардан күткеніме олар жетті ме?» деген мәселеріне көңіл аударамын. Тәжірибе жылдап жиналады. Топтық  жұмысты жиі ұйымдастыру барысында  оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретіні, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігіне көзім анық жетті. Қорыта келе, білім берудің бұл тиімді түрін тәжірибемізде ұтымды пайдалана алсақ, терең білімді шәкір тәрбиелейтініміз сөзсіз дегім келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *