Менің арманым


Адилхан Айнұр
Павлодар облысы, Ақсу қаласы,  №1 қазақ орта мектебі КММ 1 «б» сынып оқушысы

                                                                            Мен ақылды баламын,

                                                                            Тез үйреніп аламын.

                                                                            Ықыласынды білдіріп,

                                                                            Көрсетемін десен ғой.

Менің атым Айнұр. Мен 7 жастамын. Менің арманым бар. Мен өскенде сиқыршы болғым келеді. Жазда біздің қалаға цирк келгенде ағаммен мен де бардым. Онда сайқымазақтар мен аңдардың өнерлерін тамашаладым. Одан кейін бір сиқыршы шығып балалар мен үлкендерді таңғалдырды. Неше түрлі ғажайып өнерлер көрсетті. Бас киімнің ішінен қоян одан кейін ақ көгершін шығарды. Балаларды алдына шақырып, олардың құлақтарының артынан тиын алды. Маталарды жеке-жеке көрсетіп, одан оны да салды. Ақырын бір шетінен шығара бастағанда олар бір-біріне байланған болып шықты. Сонда ішінде біреу бар ма екен, маталарды  бір-біріне байлап қоятындай. Осыдан бастап мен де сиқыршы болсам деп армандай бастадым. Жоқ жерден әртүрлі заттар шығару. Барлығы маған қарап, менің өнерлерімді тамашаласа қандай жақсы! Ой, қандай керемет, мен де солай жасай алсам ғой,- деп олар да ойлайтын шығар.

Білемін олай жасау өте қиын шығар. Бірақ мен қиындықтан қорықпаймын. Қандай қиын болса да төземін, көнемін. Оны үйренбей қоймаймын. Ақырындап, біртіндеп олардың жасаған қимылдарын қайталай отырып, олар сияқты мен де жасап үйренемін. Содан кейін мен де сиқыршы боламын.  Өскенде өзім үйренген соң, мен де бір баланы дайындап оған да үйретемін. Менің ұстаздарым мені үйреткендей. Сөйтіп сиқырлықтың қыр-сырын, әдіс-тәсілдерін ары қарай жалғастырушы боламын.

Шіркін, мені қазірден бастап үйретсе ғой, енді не істеймін, шыдамдылықпен тосамын. Бірақ тағы да цирктер келген кезде олардан сұрамаймын, біз сияқты балаларға кімдер сиқырлықты үйретеді екен деп. Өзім көріп, білгім келеді. Сіздер сияқты сиқыршы болғанды армандаймын,- деп өз қалауымды білдірер едім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *