Ұлтын сүйген ұланбыз! Абай елі. Жетімдер. Ел ордасы. Қазақ қызы


Уринбекова Әсем, Жолтай Аружан, Оразова Алтынай

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы мектептен тыс білім беру орталығы МҚКК «Өлең өрнектері» үйірмесінің оқушысы

Жетекшісі: Оразова Жанат Есетқызы

Ұлтын сүйген ұланбыз!

Ұлтын сүйген ұланбыз,

Биікке самғар қыранбыз.

Отан үшін туғанбыз,

Отанға қорған боламыз!

 

Ұланның бар ойында,

Білімді ұрпақ болуға.

Өз үлесін қосуға,

Міндетті және дайын да.

 

Ата-баба дәстүрін,

Аманатын салтын да.

Сол күйінде сақтауға,

Өскелең ұрпақ қолында.

 

Ұлтымыздың белгісі,

Көрінеді тілінен.

Ана тілің тұрғанда,

Безбейсің сен дініңнен.

 

Бүкіл әлем таныған,

Ел қатарында дамығын.

Туғанмын қазақ жерінде,

Ұлтым үшін мақтанам.

 

Бар басшымыз билікте,

Елі үшін күнелткен.

Құрметке отыр бөленіп,

Жер жарады беделі.

 

Астананың көркіне,

Қызығады басқа ел.

Осындай елде туғаным,

Маған да бір мәртебе.

 

Қазақстанның байлығы,

Жер астында тұнып тұр,

Табиғаты тамаша!

Кең даланы алып тұр.

 

Айта берсем біте ме,

Махаббатым жүректе.

Ақтау ата  үмітін,

Жаңа ұрпақ біздерде.

 

Сенімдерін ақтамай,

Жүре алмаспыз бір күнде.

Қазақтың асыл тегісің,

Қазақ деп соқсын жүрегің!

 

Ұлтың қазақ болған соң,

Өзге ұлтқа қызықпа!

Ұлтын сүйген ұлан бол,

Халқыңды жерге қаратпа!

Абай елі

Абай дана, Абай дара қазақта,

Түсті талай жаны күйіп азапқа.

Абай сөзін, Абай сырын ұқпаған,

Жараспайды ұлтын сүйген қазаққа

Өзге елге Абайменен мақтанам,

Абай айтқан дұшпандардан сақтанам.

Абай айтқан асыл іспен жарқырап,

Өміріме қуат алып шаттанам.

Менің елім байлығымен көктеген,

Озып кетті небір елден көптеген.

Ел басшымыз салған ұлы сара жол,

Абай ұрпағына арналады тек деген.

Болмасам да ұқсап бағам Абайға,

Мойындатам қазағымды талайға.

Бар өмірім жарқыраған шарайна,

Ең биікке шығамын мен қалайда!

Жетімдер

Тыныштық заманы болса да,

Жетімдер саны артуда.

Әкесі кеткен жоқ соғысқа,

Анасы адасқан қалайша?

Баланың бар ме еді кінәсі,

Сәбилер жауапты не үшін?

Үмітпен мөлдіреп көздері,

Жылаумен өтеді түндері.

Көтеріп ата-ана қатесін,

Өмірі айналар көмірге.

Ананың құшағын сезінбей,

Әкенің көрмейді тірегін.

Асырап отбасы табылса,

Оған да жетімдік көндірер.

Көзіне ілінбей қалса егер,

Терезе алдында  түңілер.

Бейнесін ойша сомдайды,

«Ең сұлу, ең жақсы анам» деп.

Келмейді дегенге сенбей ме?

Нәп-нәзік жүрегі баланың.

Берсең де тәтті мен алманы,

Көңілі алаңдап тұрады.

Аңсайды тек ана құшағын,

«Балам» деп иіскеп қысқанын!

Қазақ қызы

 

Қазақтың қыздары әдемі,

Көздері қап-қара киіктей.

Бұрымы төгілген иықтан,

Мінезі биязы жібектей.

Сабыр мен салмақ бар сөзінде,

Күлгенде күн нұрын төккендей.

Қарайды күлімдеп қиылып,

Қимылы жарасад өзіне.

Қазақтың қызына сай мінез,

Ертеден бойына сіңдірген.

Әдепті, тәрбие бойында,

Арын да таза ұстаған.

Қарамас тікелей адамға,

Естілмес аяқтың басқаны.

Қыз бала жат жұрттық саналған,

Жаман сөз ертпеген артына.

Ел ордасы

 

Астана, сен жайлы өлеңдер,

Мың-мыңдап  шарықтап туады.

Менің де көркіңе бас иіп,

Жырламай қалуым мүмкін бе?

Әлемнен келеді  қонақтар,

Көзімен бір көріп кетуге.

Сен жайлы әуендер көңілді,

Орнатар мақтаныш сезімін.

Астана-елімнің ордасы,

Күн сайын құлпырып барасың.

Тамсанам қызыға сәніңе,

Дұшпанның көзінен сақтасын!

Елбасы қалауы бойынша,

Салынған болатын -Астана.

Тарихта мәңгі есімі қалады,

Ешкімнің күмәні болмасын!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *