Тұрақты тіркестер. Кейінді ықпалды қайталау. 9 сынып

Дощанова Сабира Есентаевна

Таран ауданы Юбилейное орта мектебі қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік  қорын  дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма.   Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.

… — елдің, отбасының ең сыйлы адамы. Ол отбасының, елдің бірлігін сақтайтын, халықтың болашағын байыптайтын, көпті көрген дана қария.

… — әкеңнің, шешеңнің анасы. Отбасының, елдің сыйлы анасы. Балалардың тәрбиешісі, ақылшысы.

… — үйдің басшысы, асыраушысы. Отбасындағы балалардың қамқоршысы.

… — өмірге бала әкелген, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін берген ең аяұлы жан. Ол — отбасының берекесі, ырысы, ақылшысы, негізгі тұтқасы.

2-тапсырма.   Өленді сөздіктің көмегімен түсініп оқып, жаттап алыңдар.

Анаңды құрметтемесең,

Анадан несін туасың?

Адамды құрметтемесең,

Адамнан несін туасың?

Далаңды құрметтемесең,

Далада несін тұрасың?

Қалаңды құрметтемесең,

Қалада несін тұрасың?

Адам! Атың қандай зор!

Адамсыз әлем әлем бе?

Адамды сыйлап, адал боп,

Адам боп өт әлемде!            (Д. Әбілов)

 

Сөздік

құрметтеу — уважение, почитание

туу — роқиться

әлем — мир

адал — честный

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

3-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқындар. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

Есте сақта!

Тұрақты тіркеске тән ерекшеліктер:

Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздікердің орны еркін тіркестің құрамындағы сөздікердің орнына қарағанда тұрақты, орнықты болады. Еркін тіркестерде сөздікер ыңғайына қарай әр түрлі сөздікермен тіркесе береді. Еркін тіркестің құрамындағы бір сөздіктің орнына сәйкес келетін басқа бір сөздіктіқолданып айтуға болады. Мысалы, дәмді ас деген еркін тіркестің құрамындағы соңғы сөздікті тамақ дегенмен ауыстырып, дәмді тамақ деп айтуға болады. Ал ас иесімен тәтті немесе ас — адамның арқауы тәрізді қалыптасып орныққан тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы ас деген сөздіктің орнына оның синонимі болса да, тамақ деген сөзді қолданып, тамақ иесімен тәтті немесе тамақ адамның арқауы деп айтуға болмайды.

Тұрақты сөз тіркестерінің бәріне бірдей ортақ, бәріне бірдей тән белгілерінің бірі — олар тұтасып келіп, белгілі бір ұғымды бшдіреді. Оларға тән белгі — тұтастық пен мағына бірлігі. Мысалы: қырғиқабақ болу — «араздасу», қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман — «тыныштық».

Тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші тілге аударылуға икемсіз келеді, әсіресе оларды тікелей сөзбе-сөз аударуға болмайды. Орыс тіліндегіп «на седьмом небе» («шексіз бақытты, өте бақытты» деген мағынада), «медвежья услуга» («пайда келтірем деп зиян келтіру» деген мағынада) дегендерді сөзбе-сөз қазақшаға аударуға немесе керісінше, қазақ тіліндегі «қырғиқабақ болу»; «ит өлген жер»; «үріп ауызға салғандай» деген тұрақты сөз тіркестерін сөзбе-сөз орыс тіліне аударуға келмейді.

Қорытындылау

Leave a Reply

Your email address will not be published.