Мақала “Көптілділік жағдайында білім мазмұнын ақпараттандыру негізінде оқу пәндерін интеграциялау-  заман талабы”


 ШҚО ББ « Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп»

                            Бимбетова А.Н.                                                         Қосақбаева Ж.Р.

                    Физика пәнінің мұғалімі                           Қазақ тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімі

      Еліміз өркениетті елдер қатарына қосыламыз деп қарыштап қадам басып жатқан тұста, білім жүйесіне де тың өзгерістер енуде. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы бағытта біз үшін, ұстаздар қауымы үшін білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі артады. Сапалы білім беру бүгінгі таңда ұстаздың  іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамыту оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.

Оқытудың  озық  технологиялары — оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Осы орайда, кіріктірілген сабақтардың  алға қойған мақсаты айқын, бағдарлы және жүйелі.

Кіріктірілу – бұл бір оқу мазмұнының  әр түрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді. Сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Оқу пәндерін біріктіру үшін төмендегі шарттарға жүгіну қажет.

– зерттеу нысандарының сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;

– кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;

– кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылықтар мен  жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.

Көптілділік жағдайда білім мазмұнын ақпараттандыру негізінде оқу пәндерін интеграциялау арқылы :
1.Ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;

  1. Сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
  2. Жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
    4.Оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;

5.Білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан  жүзеге асыруға;
6.сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
7.Оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;

8.Сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге;
9.Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға;

  1. Олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектесеміз.

Соның ішінде физика пәнін қазақ әдебиеті пәнімен  тоғыстыра отырып оқыту – өте нәтижелі және бүгінгі күннің талабынан туындап отырған мәселе. Бүгінгі  күні  педагогика  саласындағы кейбір  шешілмеген  мәселелерді бұрынғы әдіс-тәсілдермен шешу қиындық тудырады, сондықтан сабақ үдерісінде қазіргі білім беру жүйесіндегі тиімді жолдарды қолдана білу қажет.

Қазіргі  кезеңдегі  пәндерді  интеграциялау  үдерісі   жаңа  педагогикалық

технологиялардың  деңгейін   өсіруді талап  етеді.  Сонымен  бірге  пәндерді

интеграциялау мәселесі  белгілі  бір  оқу  пәндерін  үйрете  отырып,  басқа  да пәндердің  әдістерін,  теорияларын,  заңдарын  қоса  оқытудан   көрінеді.  Бұл  білімнің  жаңа  сапалы  түрінің  пайда болуына  және  жалпы ғылыми  түсініктер  мен  категориялардың,  тәсілдердің  пайда  болуына  әкеледі.  Пәнаралық интеграция  пәнішілік  интеграцияны  мейлінше  толықтырады.

Интеграцияланған  сабақтарды  өткізу

арқылы түлектерге   келешектегі  алатын  мамандығына  қарамастан жан-жақты білім беруге болады.  Ол үшін мектепте оқытылатын пәндерді өзара сабақтастыра білу қажет.

Пәндерді  өзара интеграциялай  отырып  оқыту  оқушыларға   қазақ тілі пәнінен өтілетін тақырыптарды басқа пәндегі материалдар арқылы меңгертуге жол ашады. Бұл оқушының алған білімдерін өзара сабақтастыруға, байланыстыруға мүмкіндік тудырады.  Сонымен бірге білімдерін тереңдетеді. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Мысалы,  қазақ әдебиеті мен тарих пәнін, физика мен қазақ әдебиет пәнін, физика пәнімен  тарих пәнін, қазақ тілі мен орыс, ағылшын пәндерін салыстырмалы түрде кіріктіруге болады. Оқушылардың басым көпшілігі физика пәнін тек қаптаған жалаң формулалар, заңдылықтар деп түсінеді. Осы себептен де физика сабағында халықтық педагогика негізінде ұлттық салт – дәстүрлерді уағыздап, жас ұрпақ санасына дарытуды, осы арқылы пәнге қызығушылығын арттыруды мақсат еттік

9- сыныптарда «Механикалық тербелістер» тарауын өткенде  адам баласының дүниеге әнмен тербеліп келіп , әнмен тербеліп дүниеден өтетіндігін айта отырып, тербеліс заңдылығын баланың тоғыз ай тоғыз күн ана құрсағында тербеліп, одан кейін  қазақтың бесікке салу дәстүрінің жалғасатындығын, бесіктің тербелісін көрсете отырып түсіндірсеңіз оқушылардың аталған пәндерден алған білім, білік дағдыларын жетілдіруге басымдылық береді. Мысалы, бесік  қалай болса солай тербетілмейді. Бесік  белгілі бір ритммен (ырғақпен) ғана тербетіледі. Бір қалыпты тербеліске сазды ананың әлдиі қосылғанда әдемі әуенге еліткен сәби бірден  тынышталып , тәтті ұйқыға кетеді. Бір қалыпты тербелістен баланың  жүйкесі  бір  жүйеге, тәртіпке  түседі.

Сонымен қатар, ұлттық ойынымыз «Алтыбақанның» тербелісімен, қазақтың қара домбырасының, шертпелі аспаптарында ойнағанда болатын тербеліс түрлерін айта кету жөн. Сабақ үстінде сол ұлттық дәстүрлеріміздің күнделікті тұрмыста қалай жүзеге асатынын көрсете отырып, өмірмен байланыстырсаңыз баланың әр нәрсені саралап, пайымдай алу қабілеті дамиды.                

«Ньютонның қозғалыс заңдарын» өткенде қазақтың ұлттық спорт ойындары – «Арқан тарту», «Күш сынау», «Орамал тастау», «Қаһарлы-Бану», «Атбақыл» ойындары сабақтың мазмұнын байытып, құндылығын арттырды, оқушылардың білімі молая  түсті. «Қозғалыс»  жайлы сөз қозғай отырып, Шәкәрім атамызға тоқталмау мүмкін емес. Шәкәрім дүниетанымындағы маңызды да мәнді тағы бір аспектісі, оның динамиканы, яғни қозғалысты түсінуі. Оның ойы бойынша, қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі. Құран сөзі бойынша әлемнің пайда болуы – Құдайдың ықылас, еркіне байланысты кенеттен жасалына салған, сондықтан кез келген уақытта өзгеруі , қозғалысқа түсуі немесе жоғалуы мүмкін.

Осы орайда, Шәкәрім атамыздың  шығармаларына талдау жасалады.

7-сыныпта «Диффузия құбылысы» тақырыбын өткенде тағы да әдебиет пәнімен бірлесе отырып, ұлттық тағамдарымыз жайлы  айта отырып,  ұлттық тағамдарымыздың нешеге бөлінетіндігін, айран ұйыту, құрт қайнату, нан ашыту қалай орындалатынын көрсетуге болады. Айран ұйытқанда немесе нан ашытқанда судың жылы болуы, температура жоғары сайын молекулалардың бір заттан екінші затқа өтуі шапшаң жүретінін түсіндіру. «Қысым» тақырыбын өткенде бабаларымыздың ағаш қазықтың ұшын неге үшкір етіп жасағанын түсіндірген өте тиімді.
10 – сыныпта «Броундық қозғалыс» тақырыбын  тартымды етіп өткізудің сан алуан жолы бар. Ол үшін  айранды күбіге құйып  піскенде майдың түсуі, қатты дене бөлшектерінің сұйықтағы қалықтаған қозғалысы екенін жатық тілмен әңгімелеп берсеңіз оқушы сабақтың  мәнін жақссы түсінеді. Сонымен қатар сабақта алған мәліметтері бойынша балалар  ағылшынша терминдерін қоса айтып отырады.

Қазақ әдебиеті пәнін тарихпен, жаратылыстану пәндерімен  кіріктіру тіпті ұтымды. Себебі тарих пен әдебиет – егіз пәндер. Қазақстан тарихы пәнін  әрбір тақырыпта ұлы тұлғалар өмірімен, шығармаларымен  толықтырып отыруға болады. Қарапайым мысал, Қазақстан тарихы пәнінен «1836-1838 жылдардағы Исатай мен  Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі» тақырыбын өткенде  қазақ әдебиеті пәнімен кіріктіре отырып, Махамбеттің сол жылдардағы жазған өлеңдеріне талдау жасау өте нәтижелі.

Тарих пәнін оқытуда физика пәнімен кіріктіру де ұтымды. Мысалы, Ұлы Отан соғысы және физика. Соғыс жылдарындағы стратегиялар мен қару-жарақтар. Сол арқылы физика пәніндегі  «Кинематика», «Динамика» тарауларындағы негізгі формулалар мен түсініктерді еркін қайталауға мүмкіндік туады. Танымның ғылыми тәсілдерін таныстыру: модельдеу, теориялық анализдеу және эксперименттік жолдар әдісімен қарастырылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қару жарақтардың көкжиекке бұрыш жасай  бастапқы  жылдамдықпен горизонталь бағытпен лақтыруда:1) қандай биіктікке көтерілгені2) лақтырған жерінен жер бетіне түскендегі қашықтығын, 3) оның қанша t уақыт қозғалыста болатындығын табу  жолдарын қарастыру мақсатында есептер шығарылады.

Әлемдік өркениет жолындағы үздіксіз даму кезеңінде  білім мен ғылымға баса назар аудару өзекті мәселелердің бірі болып  саналады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «Бәсекеге қабілетті экономика үшін» жолдауында: «Білім берудегі жаңалық – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -делінген. Немесе  бұл орынды пікірді Елбасымыздың тағы бір: «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» – деген пікірімен жалғауға болады. ХХІ ғасыр бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын ғасыр екендігін ескерсек, сол ғасырда  үздік  оқытудың үлгісі бола алатын көшбасшы, ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыратын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі біздің басты міндетіміз.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *